Жалдыбаев Оразғали

Рейтинг:

Еңбек ер атандырады

      Өмірге келген əрбір ер азамат үш нəрсені орындауға міндетті дейді қазақ халқы. Біріншісі – үй салу, екіншісі – ағаш отырғызу, үшіншісі – саналы ұрпақ тəрбиелеу. Біз əңгіме еткелі отырған азамат осының үшеуін де, халық алдында өз міндетін де орындаған, ел ішінде беделді адам десек еш қателеспейміз. Жалдыбаев Оразғали Абақұлы 1949 жылы 14 шілдеде Үштөбе қаласында дүниеге келді. 1956 жылы Үштөбе қаласындағы №16 мектептің 1 класына барып, 1966 жылы орта мектепті ойдағыдай аяқтайды. Сол кездегі заман талабына сай мектеп бітірісімен 1966 жылдың тамыз айынан бастап Үштөбе қаласындағы ет комбинатына қасапшы болып жұмысқа орналасады. 
      1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында Отан алдындағы борышын атқарды. Əскери борышын атқарып келгеннен кейін арман арқалаған жас жігіт Қаратал аудандық милиция бөліміне жұмысқа тұрды. Ел арасында тəртіп сақшысы болып халық тыныштығын сақтау мақсатында 1977 жылға дейін қызмет етті. 1977-1988 жылдары Қаратал аудандық тұтынушылар одағында шалғайда орналасқан мал фермаларына қатынайтын автодүкеннің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Тұтынушыларға еткен адал қызметі үшін 1988 жылы «Кеңес Одағының үздік қызметкері» атағын иеленді. 1988 жылы ауылшаруашылық өндірістік «Анар» кооперативін ашып, 1990 жылы «Жалдыбай» шаруа қожалығы етіп қайта құрды. Заман талабына сай өз білімін жетілдіру мақсатында 1992 жылы ауылшаруашылығы Бизнес академиясын оқып бітірді. Ел экономикасын көтеру мақсатында елге еткен еңбегі еленіп 2003 жылы «Ауданның үздік фермері» атағын иемденді. 2005 жылы есімі «Аграрлы Қазақстан» Алтын кітабына енді. 2007 жылы Алматы облысының «Алтын сапа» номинациясы бойынша «Ауыл шаруашылығы өндірісінің үздік қызметкері» атағы мен 1 орын иегері атанды. 2010 жылы Қазақстан фермерлері Одағының қоғамдық бірлестігінің мүшесі болды. Еңбек жолында жемісті қызмет еткендігінің нәтижесі болар 2017 жылы «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері құрметті ардагері» медалімен марапатталды. 2018 жылы «Қаратал ауданының Құрметті Азаматы» атанды. Міне, бүгінгі кейіпкеріміз ер азамат атанумен қатар, ел азаматы атағын иемдене білді.
      Оразғали мырза отбасында да жарына тірек боларлық отағасы, балаларының асқар тау, жанашыр әкесі. Жұбайы – Жалдыбаева Раушан Жарқымбайқызы Ұштөбе қаласындағы «Абақ» сауда үйінің директоры. Білімі жоғары. Қарағанды қаласындағы Кооперативті институттың өндіріс тауарлары товароведі факультетін бітірген. Жанұясында төрт бала тəрбиелеп өсірді. Бəрі жоғары білімді. 1974 жылы туылған қызы – Жалдыбаева Анар Оразғалиқызы Техникалық институт түлегі. Мансабы экономист. 1978 жылы туылған қызы – Жалдыбаева Шынар Оразғалиқызы Әл-Фараби атындағы университет түлегі, магистр-юрист, Алматы қаласында нотариус қызметін атқарады. 1994 жылы туылған ұлы – Абылай Заң университетінің түлегі, мамандығы – заңгер. 1995 жылы туылған ұлы – Айбек І.Жансүгіров атындағы университетті тəмамдаған, юрист. Төрт баласының үшеуі жас кезіндегі əке арманын орындап заң саласында білім алған. Мамандықтары бойынша қызмет етуде. Үлгілі жанұя. Алла берген бес немеренің сүйікті ата-əжесі атанған Оразғали мен Раушанға бақытты жанұяның бастауы болып еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар болып жүре берулеріне тілектеспіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...