Жақсылық жасап, қайтарымын күтпейтін жан!
Адам баласын игі істерге бастайтын нәрсе – жақсылық. Өйткені, ол күллі тіршіліктің тұтқасы десек, артық айтқандығымыз емес. Әрине, бұл ұғымды әркім әрқалай түсінеді. Игі істердің басы-қасында жүріп, қоғам үшін талай тындырымды тірліктер жасайтын жандар аз
![]()
болса да, бар екені рас. Сондай жандардың бірі де бірегейі – Тулеева Фатима Набидуллақызы.
Ол 1971 жылғы 27 қазанда Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келген. Балаларын ешкімнен кем қылмай өсіремін деп, тыраштанып еңбектенген ата-анасына сол жылдары тұрмыс тауқыметін тартқанына қарамастан, үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді.
Фатиманың әкесі Тулеев Набидулла – халықаралық көлік жүргізушісі болып, ал анасы Мұқанова Дәметай – балық зауытында қарапайым жұмысшы болып еңбек етеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қанша жерден тағдырдың соқтықпалы жолдарын көрсе де, «бұл да өтеді де кетеді» деп өмірге әкелген балаларының аман-сау, қарны тоқ болуы үшін тапқан нәпақасының бір бөлігін садақаға жұмсап, әр істе шүкір ете біледі. Әкесі көлік жүргізушісі болып, екі ортада ары-бері қатынап, суық та ызғарлы күндерде тынымсыз жұмыс істегендіктен, денсаулығынан кінәрат табылып, асқына бастайды. Ауыр астма дертіне шалдығып, көп уақытын емханада өткізеді.
Бұл ретте жан жары Дәметай осындай сынаққа толы нәубет күндерде нәзіктігін ұмытып, жан бағу үшін екі жұмыс істеуіне тура келеді. «Әйел – қырық шырақты» деген ұғым Фатиманың анасына қатысты айтылғандай... Себебі, таңның атысы, күннің батысы дамылсыз жұмыс істеп, шаршау дегенді білмеген жан. Одан қалды емханаға барып, жолдасы Набидуллаға ас әзірлеп қасында болса, одан шығып, екі балапандарына да жағдай жасап, оларға да көңіл бөледі.
Дәметай 1971 жылы Фатиманы, 1974 жылы Руслан есімді баланы өмірге алып келеді. Осы қос қанатының ертеңгі күні үлкен азамат пен азаматша боп, елге, қоғамға қызмет етулері үшін қолдан келгенше жағдай жасап, «балаларым», «балаларым үшін» деп өмір сүріп, өткінші қиындықтарға осы сөздерді айтумен жеңілдік табатын болған.
Ата-анасының барын салып, тірлікте тынымсыз күн кешіп жүргенін көрген балалары Фатима мен Руслан да есті болып өседі, ерте
![]()
есейеді. Фатима үйдің тұңғышы болғандықтан, қыз баланың анаға жақын болатыны айтпаса да түсінікті. Шешесінің ертелі-кеш жұмыс істеп жүрген кезінде, кішкентай қолғанаты болып, үй тіршілігін өзі жасай беретін. Тамақ пісіріп, үй жинауды титтейінен анасының қасында жүріп көргендіктен, тез үйреніп, қолын ұзартады.
Бар ауыртпалық анасына түссе де, сыр бермей, жұмыстан келгенде жадырап, балаларына ерекше мейіріммен қарайды. Оның жүзіндегі жылылық пен махаббат кез келген адамның қайғы-мұңын жоғалтатындай еді...
Асылында, қай-қайсымызда жолымызда кездескен сынақтарда сабыр етіп, шыдам деген нәрсені ұмытып кетіп жататынымыз, шүкіршіліктен гөрі күпірлікті көп айтатынымыз, тіпті өмір сүруді үлкен проблема көріп, өмірден баз кешіп кететін кездеріміз де жасырын емес. Өйткені, Құдайдың жаратқан әлсіз пенделері болғандықтан, осындай сәттерде сабыр сақтап, артындағы жақсылықты ойлауға да шамамыз келмей жатады.
Ал бұл ретте, Фатиманың анасы Дәметай – көркем мінезді, байыпты да байсалды жан еді.
Осы бір жайсаң мінезді, бойындағы ізгі де асыл қасиеттерді, ерінбейтін еңбекшілдігін балаларының бойына сіңіруге тырысты. Одан бұрын есті балалары мұны өздері анасына қарап-ақ бірден ұғатын түсінігі мол, парасаты терең жандар болып ер жетеді.
1978 жылы Фатима Гурьев қаласы, Балықшы кентіндегі Жангелдин атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданады. Анасының «қызым, сабағыңды тек бестікпен оқып, еліңе пайдаң тиетін үлкен азаматша бол!», - деген сөзі оны тек алға жетелейді.
Мектеп табалдырығын аттаған жылдан бастап, оның оқуға деген ынтасы, бір нәрсені үйренемін деген құлшынысы тым ерекше болды. Ұстаздарының үйге берген тапсырмасын бұлжытпай уақытылы орындап, ертесі сабаққа асығып тұратын.
Анасының «Үлкен азаматша бол!» - деген сөзін бала болса да, қаперіне сақтап, жадында жаттап, ойынан шығармаған Фатима осы бір мақсаттың орындалуы жолында күнделікті өзін жетілдірумен болады.
Сыныптас достарының қасында оқ бойы озық тұратын ол, қай кезде де, өзгеше ойлайтын қасиетімен де даралана білді. Мұны
![]()
байқаған ұстаздарының да Фатимаға деген көзқарастары тым бөлек болатын. Оқуда озат болып, жыл соңында бестік бағамен бітіргенін растайтын мақтау грамотасымен ата-анасын қуантатын ол, үкілеген ақ үміттердің ақталуы үшін барын салады.
Мектептегі түрлі іс-шаралар мен олимпиадалардың қатысушысы болып, белсенді де үздік оқушы екенін сан мәрте дәлелдей білген де еді. Аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді.
Анасының қолғанаты болған Фатима, сабағы біте сала, бірден үй шаруасына кірісетін. Кешке анасы жұмыстан келгенше ас әзірлеп, үй-ішін тап-тұйнақтап етіп жинап қоятын. Ана жүрегі қашан да «балаларым» деп соғады ғой және тұрмыстың бар қиындығын балалары үшін деп көтере білген ата-анасының көңілінен шығуға тырысып, өзінің шаршағанын да ұмытып кететін.
Жастайынан еңбекке ерте араласып, үйдің тұңғышы ретінде жауапкершілікті ерте бастан сезіне білген Фатима інісі Русланға да қамқорлық танытуды, оның жағдайын жасауды бауырлық міндеті санайтын. Көрген жұрт Фатиманың пысықтығына таң-тамаша болып, қайран қалатын. Өйткені, расында да оқу мен үй тірлігін қоса алып жүріп, ата-анасының, одан қалды бауырының көңілін табуға тырысатыны көз сүйсінерліктей еді.
Еңбекқорлық пен табандылықты, өжеттілік пен қайсарлықты, батылдық пен ықтиятты-лықты, жауапкершілік пен ізденімпаздықты, шыдамдылық пен байқампаздықты өн бойына
![]()
қалыптастыра білген Фатима, алтын ұясын 1988 жылы үздік аяқтап шығады.
Сол жылы Атырау Мұнай және Газ институтының «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша оқуға тапсырып, білім грантын жеңіп алады.
Алдына үлкен мақсаттар қойып, биік белестер мен асуларды бағындырғысы келетін оның білімге деген құлшынысы ерекше еді. Өйткені, мектеп қабырғасында жүрген кезінде қалыптастыра білген ізденгіштік пен жауапкершілік сынды қасиеттер бойжетіп, студент атанғанда, екі есе керек болды.
Фатиманың сабақ барысында оқытушылары айтқан дүниені мұқият тыңдап, түсінбеген жері болса, бірден салмақты сауалдарын қоя отырып, өзінің білімділігі мен ерекше ойлай білетін қасиеті арқылы таным-көкжиегінің кеңдігін байқата білетін жан еді.
1994 жылы өмірдегі ең қымбат кезі болған – студенттік шағын үздік аяқтап, қолына білікті маман деген дипломын алып шығады. Оқуын тәмамдай сала, өмірдегі қателесуге болмайтын тағы бір маңызды да жауапкершілігі мол үлкен қадамға тәуекел етіп, сәтті тұрмысқа шығады.
Шаңырақ көтеріп, өмір баспалдағының келесі сатысына көтерілген Фатима мен оның жолдасы қай кезде де өмірдің қиындығы мен қызығын бірге көріп, ауыртпалықты бірге көтеріп, үлгілі отбасы болуға қадам басады.
Сәби сүйіп, ана бақытын сезінген оның бұдан кейін өмірге деген көзқарасы да өзгереді. Серігімен бірге көрінген балаларының қызығын көріп, оларға жағдай жасауды мақсат етіп, кәсіп ашуға бел буады.
Қиын-қыстау кезең орнаған қысылтаяң уақыт 90-жылдары бір істің көзін білсең, кәсіп бастап, тығырықтан шығу – ең басты да бірден-бір шешім болатын.
Қорқыныштарын жеңіп, жинаған қаражаттарымен үлкен тәуекелге барған Фатима мен оның жолдасы 1996 жылы «Тулеева Ф.Н.» деп жеке мекеме ашып, көршілес Ресей, Белоруссия, Украина, Польша сынды тағы да көптеген елдерден әкелген сапалы жиһаздармен қатар, шкаф жиһаздарын да сатумен айналыса бастайды.
Кәсіпкерлік жолда тәжірибесі болмаса да, ойға алған ісін орындауға тырысқандықтан, кездескен әрбір қиындықтарды бірге еңсеріп, әр сынақтарда қасқайып қарсы тұруға тура келеді.
Жиһаз – табысты бизнес көзіне жатқанымен, оның халыққа өтімді әрі қолжетімді, сонымен қатар сапалы түрі керек болды. Кейіннен
![]()
осы нәрсеге басты назар аударып, қателіктерімен жұмыс істегеннен кейін, Фатиманың бастаған жұмысы жүріп, айы оңынан туа бастайды.
Нарықты зерттеп, жаңашылдық пен тиімділік әкелетін жолды іздеген оған бұл салада көп нәрсені меңгеруіне тура келеді. Жеке ісін бастауды жоспарлап, жобасын сызып, еңбекке құштар, озық ойлы адамдардың қатарындағы Фатима қай істе болмасын, өзін алдымен жетілдіру арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізетін жан.
Бұл ретте, ол уақытты тиімді пайдалану, кездесулерге кешікпей бару, қарызға кірмеу, алаяқтарға алданып қалмау, құжаттарды заңдастыру, әдеттен тыс ерте оянып, бастаған ісін тұрақты жүргізу, өз ісін сүйіп, бар ынтасымен жасау, айқын мақсаттар қою сынды шебер кәсіпкерге тән қасиеттердің бәрін бойына сіңірген, өзін өзгерткен жан.
Тәжірибе жинап, нәтижелі жұмыс істеу үшін ол әр басқан қадамын зерделеп, ойланып барып келетін мықты аналитикке де айналады. Бұдан соң, ол «Ақбота и К» компаниясында бірнеше жыл абыройлы қызмет етіп, біліктілігі мен ізденісінің арқасында компанияны Батыс Қазақстан өңіріндегі жиһаз сату бизнесімен айналысатын, ең ірі мекемелердің біріне айналдырады.
Аз уақытта осындай сапалы еңбек етіп, нәтиже көрсету – өз ісінің майталман мамандарының қолынан ғана келетін іс. Бар жан-тәнімен құлшына кірісіп, ойға алғанын уақыт пен қаражат пайдасына тиімді жұмсай біліп, биік мақсаттар мен белестерді бағындыру әрине, сәтті құрылған бизнестің жемісі. Кәсіпті сүйіп, оны жүйелі дамытуға, нарық сұранысы мен талаптарына сай болуға тер төккен Фатима Набидуллақызына «бәрекелді» дегеннен асқан сөз таппаймыз.
Үлкен тәжірибесінің арқасында кейіннен ол «Фатима ГРУПП» ЖШС компаниясын ашып, жиһазға қосымша қонақ үй және мейрамхана бизнестері бойынша да орын алады. Бұдан бөлек тағы 50-ден астам адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Жастайынан қайтсем де ел игілігі жолында қызмет етемін дегенді мақсат еткендіктен әрі бала кездегі анасының «қоғамда өзгеге пайдаң тиетін үлкен азаматша бол!», - деген сөзі оның өсуіне, дамуына түрткі болып, қолынан іс келетінін көрсетуге барын салатыны содан болса керек.
Қандай істе болмасын, табысты еңбек етсе де, кезіндегі тұрмыс тауқыметін көрген анасы мен әкесінің «балалары
![]()
м үшін» деп тыраштанып, бар жақсыны қос балапандарына беріп, бар тәттіні аузыНа тосқандықтан да, ерте есейіп осындай жетістікке жетті. Сөйте тұра, адамгершілік биігінен аласармай, ақ жолынан айнымай, адамдық міндетті бір кісідей қатар алып жүрген жан.
Бұлай дейтініміз, Фатима Набидуллақызы басқаратын компания бүгінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға, мүгедек балаларға арналған балабақша және мектептерге қайырымдылық пен демеушілік көрсетумен айналысып, елдің ықыласына бөленіп келеді.
Осынау жауапкершілігі зіл батпан жұмысты өз міндетіне алып, елінің қарыштап дамуы жолында аянбай тер төгіп жүрген Фатиманың еңбегі де елеусіз қалып жатқан жоқ. Айталық, бүгінде ол «Атырау Іскер Әйелдер Қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып тағайындалып, көптің ыстық ықыласымен ілтипатына бөленіп жүр.
2019 жылы үш науқас жасөспірімдерге (екі онкологиялық және бір бүйрек трансплантациясы бойынша) ота жасауға қаражат бөлсе, 2020 жылы пандемия өршіп, халықтың тұрмысы төмендеген кезде Облыстық аурухананың медицина қызметкерлерін ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етіп, карантинге байланысты шарасыз күйде қалған отбасыларды азық-түлікпен, медициналық өнімдермен тұрақты түрде қол ұшын созып, қиын кезде халыққа демеу көрсетіп, ел үшін туған азаматша екенін ісімен дәлелдей білді.
Сонымен қатар, таяуда ғана эпилепсия ауруына шалдыққан бес жасар Әмір Бадан есімді балаға ақшалай көмек көрсетіп, дертінен айығуына қолдан келгеннің барын жасайды.
Бес күндік жалғанда пенде баласын игі істерге бастайтын қасиеті – ізгі жүрек пен жан тазалығы. Тұла бойы тек жақсылықты көріп, әлемге мейірімін шашып, тек жылуына бөлегісі келетін үлкен жүректі – Фатима Набидуллақызының атқарып жүрген тынымсыз тірлігінен күллі адамзат үлгі-өнеге алатын дүние.
Осынау абыройлы істе игілікті іс пен отбасын да қатар алып жүрген төрт баланың бақытты анасына әйел-ана бақытын тілей отырып, нарық талаптарына сай өнімдері шетелдік сату алаңына шығып, сүбелі орындарды еншілей берсін деп тілейміз!