![]()
Қазақтың қайсар қызы
Қазақ тарихына бойлайтын болсақ ерлік пен даналық, отансүйгіштік қасиеттері қазақтың ер-азаматтарына ғана емес, қыздарына да тән қасиет екенін байқайтынымыз жасырын емес-ті. Қазақ арулары қашанда сұлулығымен, ибасымен, ісмерлігімен, ержүректігімен,
![]()
батырлығымен де аты шыққан. Бүгін сөз еткелі отырған кейіпкеріміз де заты нәзік болғанымен өмір атты алып көкжиекте басына түскен қандай да бір қиыншылық болмасын қарсы тұрып, бүгінде бақытты ана, аяулы жар атанған – Оразымбетова Лариса Айжарыққызы.
Лариса Айжарыққызы 1989 жылы Сыр өңіріне қарасты киелі мекен Арал ауданында қыркүйек айының 1-ші жұлдызында дүниеге келеді. Отбасында ата-анасы білікті де білімді, ел игілігі үшін қызмет атқарған жандар болып, кейіпкеріміз көпбалалы отбасында тәрбиеленеді. Атап айтсақ ағалары Болат, Марат, Апсамат, кіші ағасы Алматбек апасы Роза және кіші інісі Қуаныш. Отбасында орын алған кейбір кикілжіндер салдарынан Лариса балалық шағын кіші інісі Қуанышпен бірге өткізіп, ата-әжесінің тәрбиесін алғанын жасырмайды. Әжесін нағыз «Ана» тұтып, бүгінгі таңда тұлға болып қалыптасып, ел игілігі тұсында адал қызмет етуді жадына сіңіре білген нақ осы жандар екендігін мақтанышпен еске алады.
Кейіпкеріміз Лариса Айжарыққызы аталмыш елді мекенде орналасқан №62 орта мектепте білім алып, 9-сыныпты тәмамдаған соң үлкен арманға қадам басып, Қызылорда қаласында орналасқан заң колледжіне оқуға қабылданады. Жас бойжеткен 19 жасында тұрмысқа шығып, тұрмыс тіршілігіне ерте араласып, 20 жасында жас ана атанады. Өмірге Дамир есімді балапан келеді. Ана бақытын сыйлаған сезімді Лариса еш уақытта ұмытпайтындығын жасырмайды. Тағдыр атты талқылауды қажет етпейтін кітап желісі әркімде әрқалай жазылатындығы белгілі. Кейіпкеріміздің де өмір кітабына үңіліп, кей сәттерде нағыз бақытқа кенелгеніне көзіміз жетсе, енді бірде қиыншылықпен сынап шыңдай түскендігіне қайран қалғандай болдық.
Қыз баланың ғұмырында әкенің ор-ны тым ерекше болары хақ дүние. Кейіпкеріміз Лариса Айжарыққызы өз өмір жолында әке атына кір келтірмес үшін анасы сіңірген бар тәлім-тәрбиені жадында ұстауға тырысты. Бүгінде есейе келе Лариса әкесін қимастық сезіммен еске алып, алдағы қызықшылықты анасымен бірге өткізетініне сенім артады. Дей келе, өзі кетсе де көзін көргендер кетпесін дегендей тектінің ұрпағы екенін еске салып отыратын Роза апасының жары, Ларисаның жездесі Ақнияз мырзаға айтар алғысым шексіз дейді. Бүгінде Роза ханым мен Ақнияз мырза екеуі бақытты жанұя ретінде 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған жандар.
Лариса ханымның бауырларының ішіндегі ең жақыны, арқа сүйер тірегі Қуаныш мырза. Кейіпкеріміздің жадында Қуаныш мырза жанашыр жақсы жан ретінде қалыптасқан. Естеліктерінің бірінде заман өзгеріп, сауда-саттық қарқынды дамыған сәтте Лариса ханымның
![]()
осы салаға етене араласуына Қуаныш мырза ықпалын тигізіп, өз кезегінде қаржылай көмек көрсетеді. Сол тұстағы бауырмалдық қолдауды еш уақытта ұмытпайтындығын еске алады. Қуаныш мырза бүгінде жеке кәсіппен шұғылдануда. Отбасы жары, балалары әрі анасымен бірге тату-тәтті өмір сүруде.
Өмір жолында қиыншылығымен қатар қызықшылығы қатар жүретін сәттер кезігетіні ақиқат. Кейіпкеріміз де заман тынысына қарай суық күндері күнкөріс негізінде базарларда сауда-саттықпен шұғылданып, бірінің бос орнына бірінің таласқан күндерді бастан өткізген сәттердің өткендігін тәтті естелік ретінде ойына алады. Киім-кешек, жейде кейде көйлек сатылған күндері үйге кейіпкеріміз бақыттан басып айналып, олжаға кенеле түскендей қайтқан уақыттары болғандығын қазір сағынышпен еске алады. Сол тұстағы аядай ғана пәтер әлі күнге баға жетпес кең сараймен пара-пар екендігінде ұмытпайды. Сол тұстағы кейбір кісілердің сөздері кейіпкеріміздің өмірін жақсартпақ ниетте ынталандыра түспесе, ынжығасын түсірген емес-ті. Кейіпкеріміздің қайсар мінезді жан екендігіне көз жеткізгендейміз.
Соңғы жылдары елімізде әлеуметтік желі қарқын алып, көптеген жанның отау құруына өз септігін тигізе кетті десек те болады. Осындай оң өзгерістер кейіпкеріміздің өмірінде де орын алып өмірлік жары Алдияр мырзамен танысып, жолығуымен орын алады.
Бүгінде Алдияр мырза Лариса Айжарыққызының терегі, тілегіне айналып отырған жайы бар. Қос тұлға бүгінде отау құрып, балаларына ата-ана үлгісін көрсетіп, еңбек жолында да әріптес. Алдияр мырза мен Лариса ханымның бүгінгі таңда бір киім дүкені және жеке кәсіптері ел игілігі үшін қызмет атқаруда.
Қорыта келе, тағдырдың қандай да болмасын қиыншылығына қарсы тұрып, өз болашағын жақсы жаққа құрмаққа талпынған қандай жанның болмасын мақсаты айқын, арманы биік болғанда қапы қалмайтындығына бүгін көз жеткізгендейміз. Отбасының шамшырағы, отағасының сүйікті жары, бастысы балаларының аяулы алақанының иесі болып отырған Лариса Айжарыққызының жеке өміріне бақыт пен шаттық, деніне саулық, еңбек жолына толағай табыстар тілейміз.
Сіздей қайсар тұлғалар әлі талай жанның алға ұмтылуына себеп боларына сенім білдіреміз!
![]()
![]()
![]()