Бес саусағынан өнері тамған тігінші
Жас та болса көпке өзінің іскерлігімен танылып жүрген Әсем атына көркі сай мерейлі отбасының ұйытқысы, адал жар, екі бүлдіршін қыздың анасы, Алла қаласа үшінші перзентін күтіп отырған бақытты жан. Әже тәрбиесінде өскен ата-анасының Алладан сұрап алған
![]()
жалғыз перзенті Әсем кішкентайынан ақылды ғана емес, өте талғампаз, кірпияз қыз болып өсті. Әр нәрсенің парқын білетін, ойы ұшқыр, жан-жақты жаңалыққа құмар, оқу-білімге құштар қыз Пердешова Әсем 1996 жылы қыркүйек айының 3-ші күні дүниеге келген. Мектепте бастауыш сыныптан бастап, колледж қабырғаларында да көшбасшы, белсенді, үздіктер қатарынан табылып, оқуды ойдағыдай өте жақсыға бітірді. Ол Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетіне ағылшын пәнінен мұғалімдікті таңдап, сырттай оқуға түсті. Алайда, орта білім бойынша жұмыс таппаған соң, тігіншілікке келді. Оған тігіншілік қасиеті анасынан дарыған. Өзі кішкентайынан өзгеше киінгенді ұнатып, дүкеннен сатып алынған киімдерді кимейтін. Анасы болса жалғыз қызы үшін таңдаулы деген маталарды іздеп жүріп сатып алып, сән үлгісін де өзі өзгеше қылып, Әсемге ерекше киімдер тігіп беретін. Сүп-сүйкімді қызға анасының пішіп, тіккен киімдері керемет ұнайтын және ол киімнің ешкімде жоқ екенін айтып мақтанып та жүретін. Өзгелерден дара киінгенді ұнататын Әсемнің де өсе келе осы тігіншілік өнеріне деген қызығушылығы арта түсті. Ә дегеннен-ақ, анасының жасағандарын үйреніп алып, заманауи тұрғыда жан-жақты ізденуінің арқасында зор жетістіктерге қол жеткізе бастады. Ойдан ой туып, қиялы биікке шарықтап, көптің сұранысын қанағаттандыра бастады.
Әсем ата-анасын, отбасын ерекше құрметтеп, бірінші орынға қояды. Әсіресе, анасына деген алғысы алғаусыз. Анасының өмірмен арпалысы, 20 жыл перзент күтуі, Алладан сұрап алған жалғызы екенін жан жүрегімен түйсініп, бүгінде өзі де ана болғалы анасын одан бетер қатты түсіне түскенін ерекше толқыныспен айтады. Жалпы Әсем өз қатарластарына қарағанда өресі биік, тұлғалық қасиетке де ерте жастан өз еңбегімен ие болған жан. Әсемнің анасы өте шебер тігінші. Адамды бір көрсе болғаны, көзбен пішіп, тіге беретін қасиеті бар. Әлі күнге дейін неше түрлі шетелдік дизайнерлік оқуларда оқып
![]()
келсе де Әсемнің анасынан алатын сабағы көп-ақ. Отбасымның тұңғышы, жалғызы әрі еркесі болып өскен ол ата-анасының мейірімі мен маxаббатына бөленіп, ең бақытты балалық шақ иесі болды. Өзі отбасында жалғыз өскендіктен әкесін өзге балалардан қатты қызғанатын. Ақылды ерке қыздың бір бойынан 10 балаға татырлық өнердің барлығы табылады. Кішкентайынан-ақ кез келген іске қабілетті болды. Айтқанды ұғып ала қоятын ұғымтал, зерек қыз қай жерде болмасын мақтауға ие болып, ата-анасын қуантумен келеді. Нәзіктігіне қарамастан өте табанды талапшыл Әсем бір нәрсені ойлаған болса, оны аяғына дейін жеткізбей тынбайтын қайсар да өжет мінезді. Шаршауды, қиындықтан сынып қалу деген ұғымды білмейді. Қай уақытта болмасын өзінің сүйікті ісін бір сәтке де назарынан тыс қалдырмай, ондағы жаңалықтарды қарап, өзінің тәжірибесіне ендіріп отырады. Жалпы сән үлгісі мезгілімен бөлінеді. Әр мезгілдің өзіндік бояуы мен сипаты да болады. Заман ауысқан сайын адамдардың да талғамы өзгеріп, сұраныс та соған орай болатыны рас. Бұл ретте Әсемнің еңбегі ұшан-теңіз. Басқаларға ұқсамауға, барды қайталамауға тырысады. Әрі көбінесе анасының ақыл-кеңесіне жүгініп отырады. Жан жүрегі таза, басқаларға қамқорлық ниетпен қарай білетін, үнемі қолынан келген көмегін де аянып қалмайтын, кеңпейілді, жомарт жүректі жанның өмірлік жары Жәнібек те өте еңбекқор, жарының қолдаушысы да қорғаушысы болып келеді.
Иә, қазақта: «Балалы үй базар», «Әр бала өз несібесімен туылады» деген әдемі сөз бар. Әсем Айшасын дүниеге әкелген уақытта көп
![]()
ұзамай баспаналы болса, ол бір жасқа толамын дегенше үйіне толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп үлгереді. Ол уақытта өздері нықтап қолға алған тігін цехы болғанымен сән үйлері жоқ болатын. Алғаш бастап жатқан жұмыстарын өркендету мақсатында бір орынды жалға алған еді. Сол кездегі арманы да орындалып, сән үйін алып, ішінде заманауи жөндеу жұмыстарын жасап, ішін қажетті жиһаздармен толтырып, ашылу салтанатын жасады. Қандай қиын уақыт болмасын, сән үйінің жұмысын шатқаяқтатпады. Жолдасы Жәнібек осы сән үйінің қаржы директоры және де компьютерлік клубтың иесі, көліктерді жалға берумен де айналысады.
- «Көпшілік таңқалып «Қалайша осылай жап-жас болып, бірнеше адамға жұмыс беріп, сұранысқа ие бизнестің тізгінін ұстау қолынан келді?» дегенді айтады. Жалпы адамды досына қарап танисың деп жатады ғой. Сол рас! Көпшілік мені «D&A collection» атауымен таниды яғни, «Daulet & Assem collection». Бұл атауды құрбым екеуіміздің атымыздың бас әріптерінен құрап қойған болатынбыз. Колледжді бір группада оқып аяқтаған құрбыммен, мамандығымыз бойынша жұмыс таба алмаған соң, тігіншілікке аяқ асты келдік. Басында шәкіртақымыздан жиналған 100 мың теңгемен ауылдағы үйімнің бір бөлмесінде, жер үстелде анамның машинасымен тігіп бастадық. Тігінді енді бастап жатқанда мен тұрмыс құрмаған едім, сол кезден жанымыздан табылып, қай жағынан да көмектесуге, қолдауға дайын болған менің жолдасым Жәнібек еді. Екеуіміз үйленіп шаңырақ көтерген соң, бар жиған-тергенімізді осы тігін саласына сала бердік. Күні-түні тынбай жүгіруіміздің арқасында бізде қазір аты қалыптасқан үлкен сән үйіміз бар. ТМД бойынша тапсырыс түсетін, бүкіл қазаққа танымал болған хит халаттың авторы болғанымызды мақтан
![]()