Сыздықов Закир

Рейтинг:

Кәсіп бастау тетігі

      Қазіргі таңда еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұратын қызмет саласының бірі – кәсіпкерлік. Кәсіпкерлік – бұл шаруашылықты жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық әрекеттің ерекше типі. Бүгінгі таңда жаңа кәсіптің негізін қалап, азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастаманы қолға алып жүрген ел азаматтарының бірі – Сыздықов Закир Анарбайұлы.
      Сыздықов Закир Анарбайұлы 1977 жылы қаңтар айының 10-жұлдызында Созақ ауданы, Шолаққорған елді мекенінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында дүниеге келген жан ата-анасының сүйіспеншілігіне, бауырларының мейіріміне бөленіп өскен жан. Закир мырзаның асқар тау әкесі – С.Ү.Анарбай, ақ жаулықты анасы – А.Б.Ырысты. Көпбалалы отбасында яғни, үш ұл, екі қыздың арасында тәрбиеленеді.
      Балалық шағын аталмыш өлкеде өткізген жан 1983-1992 жылдары Ы. Алтынсарин мектебінде білім алып, қоғамдық іс-шараларға белсене араласып, 1992-2000 жылдары аралығында жеке кәсіптің тізгінін ұстамақ ниетте сауда саласына дендей түседі. Қызметтік ортада тәжірибе жинақтап, өз ортасында сыйластыққа ие болған жан 2001-2003 жылдары «Вимпекс» фирмасында, 2003-2010 жылдары «Тау» фирмасында қызмет атқарады.
      Закир мырза өзінің еңбек жолын 2010-2017 жылдары Алматы шаһарында орналасқан «АВЕХІМ» құрылыс компаниясында бригадир болып жалғастырады.
      Тәуекелге бел буып, табысқа қол жеткізіп, айналасына жиі көмектесуді ниет еткен жан 2017 жылдан бастап жеке кәсіппен айналыса бастайды. 
      Аталған әрбір істің астарында қаншама жүректілік, қаншама ер азаматқа тән күш жатқандығы кімді болмасын ойландырады. Кәсіптің көзін тауып, жұмыстың нәтижесін көру – адам өміріндегі өзінше бір бақыт. Ал еңбектің бағалануы – өзгеше бір бақыт демекпіз. Өзіндік қызмет барысында кейіпкеріміз 2019-2021 жылдары Түркістан облысы бойынша «Жемқорлықпен күрес» құқықтық газетінің директоры болып қызмет атқарады.
      Закир Анарбайұлы қандай қызметке ден қоймасын өзінің іскерлігінің арқасында ортасында сыйластыққа ие болып, әріптестеріне білікті басшы, өмірде жинақтаған білім нәрін барынша өз мүддесіне лайық етіп қолдана білуімен дараланып жүрген жан. Закир мырза қызметтік жолын одан әрі 2021-2022 жылдары «КАНО» ұйымының Түркістан қаласы бойынша директоры атанады.
      Адам мен еңбек – ажырамас ұғым. Қазақ халқы қашан да еңбекке үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде бүгінгі кейіпкеріміз Закир мырза үш балабақшаның іргетасын қалап, елдің еңсесін көтеретін игі бастамаларды жүзеге асырып жүруінде демекпіз. Қазіргі таңда өзі таңдаған істің басы-қасында жүріп, қайырымдылық шараларын да жүзеге асырып отыр. 
      Өз саласының үздігі атанып отырған жан қазіргі таңда өз отбасында да перзенттерінің игі істерінің жалғасын табуын қадағалап отырған ардақты әке демекпіз. Закир мырза 2003 жылы Байтенова Мөлдір Қадырбайқызымен отбасын құрып, шаңырақ шаттығына ие болды. Мөлдір ханым жолдасы Закир мырзаның кәсібінің жандануына ат салысып, қолдау білдіріп отырған жан. Яғни, балабақшада меңгеруші болып қызмет етеді. Қазіргі таңда кейіпкерлеріміз бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған ата-ана, ұстанымы жоғары, еңбегі адал, ар-ожданы биік, көптің көңілін тауып, білім мен білікті ұштастырып отырған білікті мамандар демекпіз.
      Кәсібінің кілтін тауып, мамандығының майталманы атанған азаматтың алар асуы мен бағындырар белесі алда дей келе Закир Анарбайұлының еңбек жолына сәттілік, кәсібіне табыс, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
25 января 2023 22:38
Бакова Гульзат Амантаевна

Зәкір мырза ісіңіз алға баса берсін үлкен шыңдардан көріне беріңіз жан ұяңызға бақыт тілейімін 
25 января 2023 22:34
Бакова Гульзат Амантаевна

Зәкір мырза ісіңіз алға баса берсін үлкен шыңдардан көріне беріңіз жан ұяңызға  бақыт тілейімін өніп өсе беріңіздер 👏👏👏 алға қойған мақсаттарға жете беріңіз 
17 января 2023 22:19
Акмарал

Керемет!!! Осындай елге калаулы, адал,  азаматтар көп болса димыз. Закыр, Молдыр жүмыстарын алға басаберсын, биык шыңдардан көрынеберындер. Сыздерды тыл көзден сақтасын, ата аналарыныз аман болсын, бала шагаларыныздын рахатын корындер. Сыздер супер пара, 
12 января 2023 21:29
Марат

Сәттілік тілеймін 
12 января 2023 16:37
Мөлдір

]Закір мырза! сізге  тілерім барлық істеріңізге сәттілік, осы қалпыңыздан айнымай алға ұмтыла беріңіз. Бұданда биік шыңдарды бағындыра беріңіз.

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....