Әбілдинова Алмагүл

Рейтинг:

Іргелі істің басындағы іскер әйел

      «Әйел – қырық шырақты» дейді халқымыз. Отбасының берекесін ұйытып, бала өсіріп, жар күтетін әйел – ел экономикасына үлес қосу бағытындағы ауқымды жұмыстарда да өте белсенді. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік жұмыстарда бақтары мен іскерлігін ұштауда қыз-келіншектеріміз тартынып қалып жатқан жоқ. Нарық барысында нәтижеге қол жеткізіп жатқан әйелдер қауымын да жиі көріп жүрміз. Ер азаматқа бергісіз істердің басы-қасында жүріп, келелі істердің жүйелі орын алуына сеп болып отырған бүгінгі кейіпкеріміз тектілік тұнған тұла бойынан қазақ әйелдеріне тән ерекше леп пен нәзіктікке тола дүниелерді жүзеге асырып жүрген жан Әбілдинова Алмагүл Сейітжапарқызы.
      Алмагүл Сейітжапарқызы 1966 жылы наурыз айының 23-жұлдызында Жезқазған ауданы, Қарсақпай ауылында дүниеге келген. Өзінің отбасын, тарихын, өзінің шыққан тегін әрдайым мақтан тұтып, сол жандардың атына ұят келтірмейін деген ниетте жүретін Алмагүл Сейітжапарқызы өзінің бір сөзінде:
      - Мен – Қарсақбай атаның тікелей ұрпағымын. Әкем Әбілдинов Сейітжапар Қарсақбайдың немересі – 13 жасынан соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жан. Өз өмірінің 33 жылын мыс балқыту зауытында ыстық цехта өткізген. Бала кезімізден әкем бізді жақсы оқуға, еңбектенуге баулыды. Ата-анам бізді адалдыққа, әділдікке, ауызбіршілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелей білді. Бала кезімнен, 13 жасымнан сиыр саууды, мал бағуды, әкеме отын жаруға көмектесуді білдім, бірақ сонымен бірге ең басты орынға білім саласын қойып, әрдайым білімім мен біліктілігімді жетілдіруді мақсат тұттым,-деп тарқатты. Бұл жолда кейіпкеріміздің бұл сөзі зая кеткен емес-ті. Бүгінгі күнге дейін жетістігінің барлығы дерлік кейіпкеріміздің ерен еңбегі мен білімінің нәтижесі.
      Ата-ана дарытқан тәлім-тәрбиеден бөлек кейіпкеріміз мектеп табалдырығын аттап, қатарластарының арасында білімімен дараланып, Қарсақпайдағы орта мектепті бітіріп шығады. Болашақ мамандығын қазіргі таңда да, сол тұста да маңызды деп танылған медицина саласымен ұштастыруды жөн санайды. 1983 жылы Алмагүл ханым ҚММИ Қарағанды медицина институтының стоматология факультетіне оқуға түсіп, 1988 жылы бітіріп шығады. 
      Жас маман ретінде Жезқазған қаласына жол тартып алғашқы қызметтік жолын сол жақтан бастауды негізге алады. Интернатуралық білім-тәжірибесін шыңдай түскен жан әрбір қыз баласы арман ететін бақыт – шаңырақ құру шаттығына қол жеткізеді. 1990 жылы өмірге Мақпал есімді қызды дүниеге әкелді. 
      Приозерск қаласына көшкенге дейін 1995 жылдары Алмагүл ханым Облыстық стоматологиялық емханада балалар тіс дәрігері болып жұмыс атқарады. Өз ісіне мығым нәтижелі әрі сапаға жұмыс жасайтын маман Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып та ұтымды жұмыстар тізбегін орындай білді.
      1995 жылы Алмагүл Сейітжапарқызы отбасымен Приозерск қаласына көшіп келеді. Балқаш көлінің жанында орналасқан қаланың өзіндік табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жас отбасы бұл өңірден көшіп, қалаға барып қоныс аударамыз дегенімен, Балқаш көлінің өзіндік аурасы ерекше әсер етіп, кейіпкерлеріміз сол аймақта әлі де ғұмыр кешіп келеді. Приозерск қаласына қоныс аударған тұста Алмагүл ханым 1997 жылға дейін қалалық ауруханада тіс дәрігері болып та жұмыс атқарады. Өз ісінің кәсіби маманы ФОМС (денсаулықты сақтандыру қоры) құрылған кезде Приозерск филиалының директоры болып тағайындалады.
      1999 жылы Алмагүл Сейітжапарқызы «Дента» ЖШС өзінің жеке стоматологиялық кабинетін ашып, бүкіл қалаға және жақын маңдағы ауылдарға стоматологиялық қызмет көрсетуді қолға алады. Заман тынысына орай, қаражаттың тапшылығына орай кейіпкеріміз тапжылмай 12-15 сағат қызмет атқарып та жүрді. 
      2006 жылы «Дента» ЖШС жабылып, «МАКОСЯ» ЖШС және «Абилдинова» ЖК құрылды. Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің құрылуына сеп болған кейіпкеріміз нәтижелі жұмыстардың тізбегін көрсете білді. 
      Кеңестік дәуірде қала ішінара қирағандықтан, қираған ғимараттардың көп болғандығы Алмагүл ханымға жаңа бастамаларды жүзеге асыруына негіз болды. Құрылыс материалдарының тапшылығы орын алғандықтан, Алмагүл ханым қатарлас шағын құрылыс материалдары дүкенін ашуды жөн көреді. Басында бұл жоба қаладағы жалғыз дүкен болды, кейін сауда үйіне айналды. Кеңейтуді қажет еткендіктен кейіпкеріміз үшін жаңа идеялар туды. 2000 жылдан бастап Алмагүл ханым отбасымен саяхаттай бастайды. Өз естеліктерінде Алмагүл ханым:
      … біз жыл сайын әртүрлі елдерге саяхаттадық. Жолдасым екеуміз қаламызда туризмді дамытуды армандадық. Балқаш көлінің қандай керемет табиғи көрініске ие екендігін баршаға танытқысы келеді. Сондықтан ғимараттарды сатып алу және қонақ үйлерді ашу идеясы пайда болды,-деп тұжырымдайды.
      Кейіпкеріміз 2008 жылы көне бір ғимаратты сатып алып, оны қалпына келтіріп, шағын қонақ үй ашты. Алмагүл ханымның жұбайы құрылысшы болғандықтан, барлық жөндеу жұмыстары толықтай сол жанға жүктелді. Сөйтіп, жолдасы екеуі Приозерск қаласындағы көне бес ғимаратты қалпына келтіреді. Инфрақұрылымға инвестиция құйып, қаланың көркін қалпына келтіріп, қазіргі уақытта олар әртүрлі бизнес салаларында жұмыс істеп жатқандығының өзі - өзінше бір бағындырылған белес. Алмагүл ханым стоматология, құрылыс материалдары және қонақ үй бизнесін қатар жүргізеді. Бірақ 2015 жылы ол 27 жылдық тәжірибесінен кейін қонақ үй бизнесіне және жабық стоматологияға толығымен ауысуды шешті. 2017 жылы алматылық үй иесінен 4 қабатты үй сатып алып, жолдасы екеуі қайта жөндеуден өткізіп, тағы бір қонақ үй ашуды қолға алады.
      Алмагүл ханым «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, терезесі, есігі жоқ ғимаратты толық қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Нәтижесінде, Алмагүл ханым 90 адамға, 38 нөмірге арналған қонақ үй бизнесін ұйымдастырды. Қосымша жұмыс орындары ашылды. Қазіргі таңда жаз айларында халық Балқаш көліне демалуға, суға түсу мүмкіндігіне ие болды.
       Қала өзгеруде және Алмагүл ханымның өзі ұтымды үлесін қосып жатқандығын біз де мақтанышпен сөз ете аламыз. Өз ісін дөңгелентіп әкеткен медицина қызметкері бүгінгі таңда қоғамдық жұмыстардан Приозерск қаласының іскер әйелдерінің төрайымы атанды. Қазір Алмагүл Сейітжапарқызы қалалық кәсіпкерлік кеңесінің мүшесі, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі.
      Әрбір нәтижелі біткен істің артында Алмагүл ханымның өнегелі отбасы мүшелері тұратындығы да жасырын емес-ті. Әр ісінде жолдасы Кентаев Ғабит Сапарғалиұлы қамқорлығы мен қолдауы, қызғалдақтары Мақпалдың демеуі тұрғандығының өзі Алмагүл ханым үшін өзінше бір жетістік. Бүгінде қызғалдақтары Мақпал өз теңін тауып, Нұрсұлтан есімді азаматтың жан жары атанды. 
      Қашан көрсек те жан-жағын бойындағы әдебімен, жібектей мінезімен баурап, жылы сөзін тастамай айтып жүретін абзал азаматшаның айналасына таусылмайтын мейірім шуағын төгіп келеді. Ол – өмір жолы өнеге, кісілігі мен кішілігінен айнымайтын тұлға ретінде көптің көңілінде қалатындығы ақиқат. Осы ретте, кейіпкеріміз Алмагүл Сейітжапарқызының кәсібіне береке, шығармашылық шабыт, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
16 мая 2023 08:14
Жанна

Өте керемет! 
16 мая 2023 00:39
Шатенова Сауле Ералиевна

Алмагүл Сейітжапарқызы, ісіңізге береке тілеймін.  Алла сол істі "дөңгелететіндей" денсаулық берсін! Отбасыңыз аман болып, күш-жігеріңіз таси берсін! 
15 мая 2023 23:46
Сагимбай

Сәттілік !👍👍👍

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....