Әбдіғалиев Мыңжас

Рейтинг:

Өмірі өнегеге толы азамат

      Жаны жомарт, пейілі дархан, сабырлы да парасатты, келісті де келбетті, қажырлы да қайратты қалпымен үлкен-кішіні баурап тұратын көркем мінезді азамат жайлы жазудың өзі бір ғанибет қой. «Бидайдың басында дәні неғұрлым көп болса, ол соғұрлым иіліп тұрады, ал ол аш болса соғұрлым басын тіктеп тұрады» деген тәмсіл Мыңжас Мерғалиұлына арналғандай-ақ. Қашанда қарапайым қалпынан танбаған, адамгершілігі мол, көзі ашық, көкірегі ояу, тіршіліктегі тірлігі, жүріп өткен жолы көпке үлгі боларлық азаматтың жүріп өткен жолы талайларға үлгі.
      Әбдіғалиев Мыңжас Мерғалиұлы 1938 жылы 10 ақпанда Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба селосында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Мерғалиев Әбдіхалық 1910 жылы дүниеге келген. 1945 жылдан бастап Қосшағыл мұнай өндіру цехының жер асты жөндеу жұмыстарының шебері болып, өмірінің соңына дейін адал жұмыс жасады. Ұлы Отан соғысының кезінде «Отанға жанар-жағар майды молайту» жөніндегі партияның үндеуін шеберлікпен атқарғаны үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Анасы МерғалиеваЖәмиля 1910 жылы дүниеге келген. Көпбалалы ана бала тәрбиесімен, үй шаруасымен айналысты.      Мыңжас Әбдіғалиев 1945 жылдан 1955 жылға дейін Қосшағыл поселкесінде Лермонтов атындағы орта мектепте оқыды. Мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін 1955 жылы Қаратон поселкесінде газо-каратаж партиясында оператор болып еңбек жолын бастады. Жас та болса өзінің алғашқы жұмыс орнында тиянақты тірлігімен көзге түсіп, мақтаулы маман атанды. Жас талаптың мақсаты білім алып, өзінің қалауы бойынша жұмыс жасау болды. Сол мақсатпен ол 1956 жылы Гурьев мұнай техникумына оқуға түсіп, 1959 жылдың басында бұрғылаушы-техник мамандығын алып шықты. Сол 1959 жылы әскер қатарына кеткенге дейін Құлсары ірілендірілген промысылында көмекші-бұрғылаушы болып жұмысын жасады. 1959-1962 жылдары арасында Калининград (Кенисберг) қаласында Кеңес әскері қатарында борышын өтеді. Әскерден келгеннен кейін 1962-1963 жылдары Қосшағыл промысылында оператор болып жұмысын жалғастырды.       Білімін шыңдап, әрі қарай мықты маман болуға ұмтылған Мыңжас Мерғалиұлы 1963-1967 жылдары Алматы қаласының Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін бітіріп, тау-кен инженер мамандығын алды. 1967 жылдан бастап Қошағыл, Кеңқияқ, Қаратон, Терең-Өзек, Қара-Арна промысылында оператор, шебер, мұнай газ өндіру цехының бастығы жұмыстарын атқарды. Мыңжас Мерғалиұлы 1974 жылдан бастап Құлсары мұнай газ өндіру басқармасында Орталық технологиялық қызметінің басшысы болып 1994 жылға дейін жасаған кезінде Терең-Өзек, Қара-Арна, Қаратон, Қосшағыл, Қисымбай, Құлсары промсылдарын технологиялық жұмыстарын ұйымдастыруға белсенді ат салысты. 1974-1990 жылдары аралығында Құлсары мұнай газ басқармасының орталық технологиялық жүйені басқарып отырғанда Құлсары қаласын су-бумен жабдықтау цехы мен халыққа коммуналды жұмыс көрсететін контордың жұмыстарын ұйымдастыруға үлесін қосты. 1994 жылдан 2003 жылдың аяғына дейін жер асты жөндеу цехының бастығы болып жұмыс жасады. 2004 жылы құрметті зейнет демалысына шықты.       Өмірден мол тәжірибе жинақтаған, қандай ортада да өзінің азаматтығымен дараланған Мыңжас Мерғалиұлы абыройлы қызмет атқара жүріп, түрлі түйінді мәселелерді шешуге араласты. Сонымен қатар шебер ұйымдастырушы, беделді басшы ретінде ұжым ортасында сыйлы да қадірлі болды. Ұлы Абайдың «Адамның адамшылығы істі қалай бастағанынан белгілі болады. Қалай аяқтағанынан емес...» деген сөзі бар. Кейіпкеріміз қандай дәрежедегі қызметте болмасын, қандай ауқымды істі де жақсы бастап, жақсы жалғастырып, тамаша нәтижелермен аяқтады. Соның жемісін көріп, марапаттарын да алды. Атап айтатын болсақ, ол Құлсары мұнай газ кен орындарын дамытуға қосқан үлесі үшін еңбегі жоғары бағаланды. Ол «Отличник нефтяной промышленности», Қазақстан мұнайының 100 жылдығына байланысты «100 жыл» белгісі, ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Алғыс хат», 100 жылдыққа байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Жылыой аудандық мәслихатының кезекті сессиясында «Жылыой ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Ардақты азамат көптеген Мақтау Грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, басқарма бірлестік тарапынан әр жылдары марапатталды. 
      Еңбек етіп жүрген кезінде көптеген басқарма, аудан көлемінде әртүрлі қоғамдық жұмыстарды шебер ұйымдастырды. Басқарма намысын қорғап аудандық, облыстық жарыстарға шахматтан, спорттың басқа түрлеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Кейіпкеріміз атқарған еселі еңбектің жемісіндей болған игі істері аз емес. Осының бәрі де оның қоғамдағы орнын айшықтап тұр және сол өнегелі істері бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі болып отыр. Халықта «Жаныңда жүр жақсы адам» деген әдемі сөз бар. Біз әңгіме етіп, қалам тербеуге себеп болып отырған тұлға ақыл-ойы, парасат-пайымы, қарым-қабілеті, қысқасы бар болмысы мақтан тұтарлықтай. Көрсе көз тоятын, мәнді-мағыналы тіршілігі бар Мыңжас Мерғалиұлының марқұм жұбайы Құрманова Ханшайым Әділбайқызы ұлағатты ұстаз болған жан. Өнегелі ғұмыр жолында қаншама шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, бойларына ізгілікті дарыта білген ардақты ұстаз отбасының берекесі болды.       «Адамзаттың ежелгі арманы – бақытты өмір. Мұның мағынасы кең де терең. Ол «тамақтың тоқтығымен, көйлектің көктігімен» әсте шектелмейді. Әдемілікке қызықпайтын, сүйсінбейтін адам жоқ. Бірақ осы қызығу мен сүйсінудің мөлшері бірдей емес. Әдемілікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі әртүрлі. Мұның себебі отбасылық үйлесімділікте. Әдемі өмір сүрудің сапасын көрсете білген өнегелі отбасы ретінде де сыйлы Мыңжас Мерғалиұлы жұбайы Ханшайым Әділбайқызымен бірге ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, оларды үлкен өмірге қанаттандырды. Білім алып, өз саласының мықты мамандары болуға еңбектенді. Ұлы Бауыржан, қыздары Майра, Гүлмира, Шолпан бәрі де жоғары білімді, мұнайшылар, Атырау облысында мұнай саласында абыройлы еңбек етуде. 
      Әрбір жақсы адам – өзі өмір сүрген орта үшін рухани байлықтың бірі де бірегейі емес пе?! Өйткені, ондай адамдар жан-жағына жақсылықтың нұрын шашып, көптің ұйытқысы, тілекшісі болады. Кісілігі мен кішілігі, ақкөңілділігі мен елгезектігі, жаны мен тәнінің үндестігі, адалдығы мен әділдігі, ойының биіктігімен дараланып тұратын Әбдіғалиев Мыңжас Мерғалиұлы тума-туыс, дос-жаранның арасында ойып тұрып орын алған қадірлі жан. Әрдайым деніңіз сау болып, ұрпақ қызығына бөлене беріңіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....