Теміржолшылар династиясы
![]()
Ғасыр өтсе де ғұмырлығын жоймаған ел билеу ісін әділ атқарып, көптің көңілінен шығып, қошеметіне бөленіп жүрген ел ағалары аз емес. Атқарған кейбір ерлік істеріне орныңнан тұрып құрмет көрсетуге лайықты сол бір азаматтар халық бағына туған ардақты ұлдар. Қиындығы мен қалтарысы мол, тәуекелшілдік пен табандылықты талап ететін аса жауапты жұмыс шойын жолда еңбек етіп, Мақат темір жол бекетінің бастығы қызметін абыроймен атқарған, жауапкершілік дейтін ауыр шоқпарды беліне байлаған азаматтардың бірі Ерғазы Оспанұлы 1947 жылдың 18 мамырында Атырау облысы, Мақат кентінің, Бәйгетөбе ауылында жұмысшылар отбасында дүниеге келді. Ембінің «қара алтынын» еліміздің орталық аудандарындағы мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мақсатында бой көтерген Мақат теміржол бекетінде еңбек еткен әкесі Жоламанов Оспан темір жол саласының ардагері, «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері. Ал мейірім гүлі жұпар шашқан анасы Қоңырша Айдосқызы 17 перзент өсіріп тәрбиелеген алтын құрсақты «Батыр Ана». Ұлдары: Амангелді, Ерғазы, Нұрберген, Сайын, Сейтжан, Нұрпейіс, Тасболат, қыздары: Нұрсұлу, Айсұлу, Күнсұлудың да өмір жолдары темір жол саласында өріліп, әр саланың
![]()
қызметкерлері атанды. Айсұлу Оспанқызы - Мақат ауданына аты белгілі құрметті теміржолшы. "Құрмет" орденімен марапатталып, еңбегі еленген білікті маман. Ал отбасының кенже қызы Гүлсім Оспанқызы Целиноград құрылыс институтын тәмамдап, құрылыс саласының маманы болды.
Мектепті бітірген жастың алғашқы еңбек жолы 1964 жылы Мақат темір жол бекетінде үйренуші бағыттағы посттағы сөндіруші болып, әкесінің көмекшісі болуымен басталады. Одан әрі Шұбар-Құдық бекетіндегі ТЧ-36 Локомотив депосына ауысып, осы жұмыс орнында жұмыс атқарып, алдына қойған мақсатына жету жолында уақыт тауып адал әрі тынымсыз еңбек ете білген жас «Қазақ Темір жол» басшысының орынбасары (НЗ) Байжановтың бұйрығымен Қазалы қаласындағы машинистің көмекшісін дайындайтын техникалық мектепте білім алды. Оқу-білімге ынталы, әрбір ісіне мұқият, алғырлығы жағынан қатарластарының алды болған кейіпкеріміздің білімі күннен-күнге толығып, кәсіби қызметінде қажетіне жаратар дағдыларға да машықтана түсіп ашық-жарқын, кез-келген адаммен тіл табысып кете беретін жан білім ордасында өткізілетін әрбір іс-шарадан да қалыспай, ұйымдастырушылық қабілетін де көрсете білді.
![]()
Осы үйрену депосында Қамысбаев Жаңабай, Бозжігітов Орынғали, Қалдығарин Сәбит, Өтемішов Құсайын, Шамшырақов Жолдасқали, Бекмұқанов Аққуат, Дәрібаев Қуаныш, Махмутов Сатыбалды, Қартқужанов Райс, Бақтияров Хамит, Темірғалиев Орынбасарлардан тәлім алып, оларға көмекші болып бір жыл жұмыс жасайды.
«Отбасының өнегесі - Отан өнегесі» деп Бауыржан Момышұлы айтпақшы, бала кезінен әкесінен әділдік пен адалдық, еңбексүйгіштік пен отанға деген сүйіспеншілікті тәрбие арқылы бойына сіңірген Ерғазы Оспанұлы әскерге аттанады. Ер азамат үшін Отан алдында борышын өтеу ең бірінші орында тұратыны секілді, білім алып жүрген кейіпкеріміз Азаматтық борышын Кеңес әскері қатарында Қиыр шығыста өтеп келген соң, Мақат Локомотив депосында 1969 жылы машинистінің көмекшісі болып орналасады. Одан арғы қызметінде 1971 жылдан бастап, Мақат локомотив депосында 1,2,3 сыныпты машинист-маман, 1978 жылы Мақат Локомотив депосында локомотивтерді реостатты сынау машинисті, 1981 жылы локомотив бригадаларының нұсқаушы-машинисті қызметтерін атқарды.
![]()
- «Біз жасаған кездері жұмыс өте күрделі, сұранысы жоғары болатын. Тынымсыз таусылмай жүретін ауыр салмақты жүк поездары, сонымен қатар жолаушылар тасымалы да өте көп болатын. Локомотив шаруашылығының маңызы өте зор еді. Себебі тепловоздар өте ескі, техникалық жағдайы төмен болғандықтан жолда көптеген ақаулар орын алып, тетіктері істен шығып, машинистер өз тәжірибе-біліктілігі арқылы әртүрлі іс-әрекеттерді қолданып, ақауларын ретке келтіретін. Ол кезде Локомотивтік бригадалар жолға шыққанда бір жағына 12-14 сағат жол жүретін. Жұмысқа 12 сағаттан шақырылым алатындықтан, тиісінше демалыс күндері өте сирек орын алатын. Соған қарамастан машинистер және олдардың көмекшілері жол жүру қауіпсіздігін мүлтіксіз сақтайтын. Ол уақыттағы қызметкерлерде жұмыстан кешігу немесе жұмыстан орынсыз қалу деген атымен жоқ болған. Басты мақсат – қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, тасымал жұмысын мүлтіксіз орындау болатын. «Дивизіміз – Безопасность прежде всего!».
Біздің заманымыздағы өкілдердің міндеті еңбек ету, басқа ешқандай мақсат болған жоқ. Жұмыс және үй, демалыс. Күні-түні
![]()
жолда болатынбыз. Демалыс алу деген үлкен бір мәселе, бір айда екі немесе үш рет 48 сағатқа демалыс берілетін. Айына 260-280 сағатқа дейін жұмыс атқаратынбыз. Ол кездері жергілікті мамандар өте аз болатын, көпшілігі басқа елді мекендерден келген мамандар еді. «Елу жылда - ел жаңа» дегендей, көптеген жағдайлар өзгерді, теміржол саласы жаңа техникалармен қамтамасыз етілуде. Жұмыс жасау стилі де өзгеріп жатыр, бұл еліміздің тәуелсіздігінің арқасы деп білемін» - деп сол бір кездердегі қиыншылықтарға тоқталған Ерғазы Оспанұлы 1981 жылдан бастап, аталмыш депоның пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқара жүріп үш мәрте Пермь (Ресей), Ақтөбе, Ақтау, Қазалы деполарында болып, тәжірибе алмасты.
1984 жылы Ақтөбе теміржол техникумын бітіріп, механик-техник мамандығын игерді. 1985-1988 жылдары Мақат Локомотив депосының бастауыш партия ұйымның хатшысы, 1986 жылы Мақат Локомотив депосының пайдалану жөніндегі орынбасары, 1989 жылы Локомотив депосының бастауыш партия ұйымының босатылған (осовожденный) хатшысы, 1990 жылдан Мақат Локомотив депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, 1993 жылдан бастап Депо бастығының күрделі құрылыс жөніндегі бірінші орынбасарымен қатар Мақат азаматтық құрылыс дистанциясының (НГЧ) бастығы, ал 1995 жылы Мақат кенті әкімі қызметтерін атқарды. Одан кейінгі
![]()
жылдарында да бір орында тұрақтап қалған жоқ, тек ілгері жүріп, қадамын еңбекке басып, білімін де жетілдіріп, 1996 жылы Алматы темір жол транспорт инженерлері институтын тәмамдап, локомотив мамандығы бойынша «инженер-механик» квалификациясын алып шығады. Одан кейінгі еңбек жолы лауазымды қызметпен жалғасын тауып кете барады. 1997 жылы Мақат Локомотив депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, 1998 жылы Атырау қаласындағы құрылыс құрастыру поездінің шебері, 1999 жылы Мақат кентінің әкімі, 2000-2006 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары, 2006 жылы үшінші мәрте Мақат кентінің әкімі және аудан әкімінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 2007 жылы «Мақат – су арнасы» КМК-ның директоры, 2012 жылы «Атырау су арнасы» КМК-нің директорының орынбасары қызметтерін атқарады. Ерғазы Оспанұлы 55 жылдық еңбек өтілінде Мақат кентінде, аудандық мемлекеттік және аудандық коммуналдық шаруашылық мекемелерінде қызмет еткен жылдары көптеген игі істердің бастамашысы болумен қатар, ауданның әлеуетін көтеруіне өзінің оқығаны мен тоқығанын, білімі мен біліктілігін жұмсады. Сонымен қатар Мақат ауданы мәслихатының бірінші шақырылымының депутаты болып сайланып, халық пен билік арасындағы алтын көпір бола білді. Сонымен қатар қоғамдық өмірге де белсене араласа білген Ерғазы Оспанұлы 2017 жылы Мақат ауданы
![]()
қоғамдық келісімінің төрағасы, 2018 жылы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Бәйгетөбе округі ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін де атқарып келеді. Аудандық мемлекеттік марапаттау, жер қатынасы, мерекелік шараларды өткізу комиссиясының мүшесі, Аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі. Ел-жер үшін еңбек күшін сарқа жұмсаған кейіпкеріміз ауылдың қоғамдық тыныс тіршілігіне етене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалысуымен қатар, өзінің туған жері Бәйгетөбе ауылына 1995-1997 жылдары өзі күшімен, ешқандай бюджеттен қаражат көзін алмай, тұрғындармен бірігіп, газ жүйесін тартқан болатын.
Сондай-ақ, ауыз су, жол, мектеп секілді ғимараттарды тұрғызуда ауданның әлеуметтік-коммуналдық шаруашылығының көркеюіне және үздіксіз қызмет жасауына үлкен үлесін қосқан.
Локомотив депосында отыз жылдан астам уақыт еңбек еткен кезінде, осы аталмыш мекеменің техникалық, сауықтандыру, шаруашылық, құрылыс мәселелеріне тікелей араласып, түрлі түйінді мәселелердің түйінін тарқатты. Мақат кентіндегі Азаматтық құрылыс дистанциясында қызмет еткен жылдары Жылыой, Қызылқоға, Бейнеу және Мақат аудандарының елді-мекендеріне жылу тарту мен
![]()
коммуналдық мәселелерін шешіп беруде игі істер атқарды. Нәтижесі де жоқ емес, жергілікті тұрғындар әлі де игілігін көріп келеді.
Мақат кентінде әкім және аудан әкімінің орынбасары міндетін атқарған кезде, көптеген қиыншылықтардың жолын кесті. Атап айтар болсақ, шалғай орналасқан Байшонас, Ескене, Комсомол, Қошқар және Доссор, Мақат елді мекендерінде коммуналдық шаруашылықтар өте нашар күйде болатын, себебі шалғай елді мекендерді ауыз суымен және жылумен қамту мәселесі күрделі болатын. Әр таудың өз ұлары, әр шыңның өз қыраны болатыны секілді, әр заманның да өз батыры болады. Ел үшін жасалған игі істер мен орын алған еңбектерді халық жадынан шығармайды, олар мың жасайды. Сол үшін елге пайдасы тиер азаматты халықтың ұлы деп дәріптейді. Еңбектері халық атынан бағаланып, түрлі марапаттармен мадақталды.
Атап айтар болсақ:
1966 жылы Отан алдындағы қызметін мінсіз атқарғаны үшін Грамота;
1968 жылы №92775 бөлімі командирінің «Отличник военного
![]()
стройтелство» төсбелгісі;
Хабаровск кірпіш зауытында өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Грамота; 1977 жылы «Ұлы Қазақ Революциясына 60 жыл» қарсаңында Құрмет Грамотасы;
1982 жылы Жұмыс барысындағы үздік көрсеткіштері мен толағай табыстары үшін Құрмет Грамотасы (жол бөлім басшысы: А.Селбаев);
Мақат ауданының мәслихатының бірінші шақырылымының депутаты болып сайланды.( И.Әбілғазиев);
1997 жылы «Кеңес Одағы теміржолының 150 жылдығы (1837 - 1987)» мерекелік медалі;
1997 жылы Темір жол саласына қосқан үлесі, сіңірген еңбегі және көпжылдық адал қызметі үшін Құрмет Грамотасы;
2000 жылы Атырау қаласында өткізілген «Ақ ерке Ақжайық» фестивалінің өз дәрежесінде өтуіне ат салысқаны үшін Мақат ауданы әкімі С.Нақпаевтың Алғыс хаты; 2000/2002/2003 жылдары Мақат ауданы әкімі С.Нақпаевтың Алғыс хаты;
2002 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл марапаты;
![]()
2004 жылы Мұнайшылар күніне байланысты аудан әкімі Н.Жантоқовтың Алғыс хаты (екі мәрте);
2005 жылы Құрылысшылар күніне байланысты Атырау облысының әкімі С.К.Нокиннің Құрмет Грамотасы;
2005 жылы Мақат ауданының мұнай кен орнына 90 жыл медалі (министр Школьник);
2005 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі;
«Қазақстан теміржолына 100 жыл» мерекелік медалі;
2006 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығы мерекесі қарсаңында аудан әкімі Н.Жантоқовтың Құрмет Грамотасы;
Кеңес одағының теміржолына 150 жылдығы мерекелік медалі (1837-1987ж.ж.);
«Мақат ауданының 80 жылдығы» мерекелік медалі;
«Гурьев теміржол бөлімшесіне 50 жыл» мерекелік төсбелгісі;
«Мақат ауданы мұнай кен орнына 100 жыл» мерекелік медалі;
2010 жылы «Тастүлек - Бақай» қоғамдық қорының Алғыс хаты;
2014 жылы ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Құрмет Грамотасы;
![]()
2014 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Құрмет Грамотасы;
2014 жылы ҚР Қазақстан экономикасына қосқан үлесі үшін «Даңқ жұлдызы» ордені;
2016 жылы Жоламанов Ерғазының отбасы «Мерейлі отбасы» сайысынан «Өнегелі отбасы» аталымының Иегері;
2016 жылы Атырау облысы, «Мақат ауданы Локомотивнің 50 жылдығы» медальі (1966-2016) және «Тасымалдағы – жарты ғасыр» кітабына енді. «Атырау облысы ардагерлерінің 100 есіміне» кірді;
Мақат ауданының «Құрметті Азаматы» атағы;
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Мақат ауданының әкімі Б.Сәрсенғалиевтың Құттықтау хаты;
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевтың Алғыс хаты;
![]()
2019 жылы «Нұрын шашқан - Наурыз» мерекесіне орай Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Д.Тастаевтың Алғыс хаты;
Атырау облысының әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Атырау облысы мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі;
Мақат ауданының 95 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясындағы «белсенді өмір сүру» орталығының ашылу салтанатынан Алғыс хат;
Нұр Отан партиясы Мақат аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Е.Ермағамбетовтың Алғыс хаты;
Мақат ауданының 95 жылдығы» мерекелік медалі;
Мақат ауданның 2004 жылы жарық көрген шежіресінде Жоламанов Ерғазы Оспанұлының өмірбаяны баяндалды;
2021 жылы ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалі; ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет Грамотасы; Аудандағы ардагерлер ұйымындағы белсенділігі үшін Мақат ауданының әкімі Ш.Кейкіннің Алғыс хаты;
Аудандағы ардагер ретінде Қарттар күні мерекесі қарсаңында Мақат ауданының әкімі Ш.Кейкіннің Алғыс хаты;
Аудандағы батагөй қариялар байқауына белсенді қатысқаны үшін Мақат кентінің әкімі Ж.Сарбасовтың Алғыс хаты;
2022 жылы 1 Наурыз «Алғыс айту күні» мерекесі қарсаңында Мақат аудандық сотының төрағасы Г.А.Чингисовтың Алғыс хаты;
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көпжылдық қажырлы еңбегі, шыңдалған кәсіби шеберлігі үшін азаматтық қоғам институттарының бірі қоғамдық кеңестің қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Айда Балиеваның Алғыс хаты;
1 Қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Мақат тарихи-өлкелік музейінің басшысы Қ.Айдарәлиевтың Құттықтау хаты;
1 Қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында «Атадан өсиет – анадан ұлағат» Мақат аудандық мәдениет үйінде өткізілген байқауынан II дәрежелі Диплом;
Атырау облысының «Ардақты ардагер» алтын белгісі;
Республикалық ардагерлер ұйымының 35 жылдығы қарсаңында өткізілген «Ата-баба аманаты» облыстық байқауынан Алғыс хат;
Тарихи таңдау жасалатын тұста әділетті, қуатты Қазақстанды құру жолын таңдап, айқын азаматтық ұстанымын ұстанғаны үшін ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлының Алғыс хаты;
Кейіпкеріміз туралы жергілікті «Мақат» газетінің 2004 жылдың 20 тамызындағы басылымында «Әулетімен теміржолшы», 2016 жылдың 14 шілдесінде «Теміржолшылар әулетіненмін», «Мақат тынысы» газетінің 2021 жылдың 10 желтоқсанындағы тиражында «Маңдай тердің өтеуі ғой өткен шақ...» атты мақалалары жарық көрді.
Елдің қадір тұтар тұлғасына айналған бүгінгі кейіпкеріміз Ерғазы Оспанұлы өмірінен түйгені мен көргені, санасына тоқығаны, ұлағатты өмірден ұғынғанын қағаз бетіне түсіріп, кейінгі ұрпаққа өнеге етіп келеді. Арасында қағаз бетіне өлең жолдарын түсіретін қасиеті де жоқ емес. Әрине, Мұқағалидай болмағанымен, туған жерге, туған елге деген өлең, Бәйгетөбенің жусанын иіскеп, самалымен жарасып өскен әр қыз бен жігіттің жүрегіне жетері даусыз. Ұлы тұлғаның ұғымынан туындағын жыр жолдарын оқырманға ұсынғанды жөн көрдік.
Бәйге төбе - кіндік қаным тамған жерім!
Биік еді, боз төбе, Бәйге Төбе
Ата-бабам ат шаптырып, думан қылған.
Бөлек мекен, туған жер, қымбатсың-ау
Көкпар тартып, жүйрікке қыз қудырған.
Ұшырдың сен белеске дарындарды,
Тұмсықтыға қамалың алынбады.
Берекет, бірлігі мол ел-жұртымның,
Сенен шыққан жас өрен жалындады.
Тойланады төріңде әз-Наурызың,
Ақсақалдар дәріптеген өз борышын.
Ел ертеңі - ұрпағына бата арнап
Дәстүр-салт пен қазынаның мол қорысың.
Тамсандырған таланттың ордасы - сен,
Өнерпаздың сан түрін құраушы ең.
Дана, дара арулар, ізгі ұлдар
Шабыт алар қасиет қонған жерден.
Гүлденіп, жапырағың жайыл, елім
Биігіңде жұлдызың жансын сенің!
Алтын діңгек ауылым, ырысты бол
Бәйге төбе - кіндік қаным тамған жерім!
Жарты ғасыр отасқан өмірлік жары Жоламанова Баян Ағрапқызымен 1972 жылы ата-бабаның ақ батасын алып керегесі кең, шаңырағы биік отау құрды.
Ғұмырының жалғасы алтын тұяқ ұрпақтарым дүние есігін ашты. Ұлдарым: 1973 жылы Жанболат Ерғазыұлы және 1983 жылы Айдос Ерғазыұлы, қызым 1978 жылы Гауһар Ерғазықызы ғұмыр қақпасын ашты.
Тағдырыма тұмар болып туған тұла бойым тұңғыш ұлым Жанболат Ерғазыұлы 1993 жылы үйленіп, келініміз Қарлығаш Бесбайқызы екеуі жұбы білгенге жан сүйсінерлік отбасы болды. Алғаш “ата” атанып, балдай сезімді таттырған немеремнің алды Айдана Жанболатқызы болатын. Тумысынан тік жүретін өжет қызым Химия-технология мамандығы бойынша білім алып, мықты маман иесі атанды. Қазірде маңғаз Маңғыстау өлкесінде адай елінің келіні, Ғалым Бауыржанұлымен отау құрды. Заңғардай батырдың анасы.
Жаңа ғасыр замандасы Арайлым Жанболатқызы таңдайы таға тестірген талантты немерем Дарын түлегі. Алматыдағы Сүлеймен Демирел университетінде филология мамандығын игеріп, Ақтау қыздар лицейінде қызмет атқарды. Жаңаөзен қаласына ұзатылып, құтты ұясына қонды. Қалдыбай Нұрхан күйеу баламыз екеуі қазірде Зере атты балапанның ата-анасы.
Арайлымның жалғасы - асыл мінез аруымыз Ұлбибіханым. Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің екінші курс студенті.
Үш қызғалдақтан соң Жанболаттың тайсалмас табанды ұлы Мекке. Ата-әке жолын жалғастыру мақсатында өз бағытын мекенге медет болған темір жолдың тамырлы торабымен ұштастыруда.
Жанболаттың ізінен ерген ортаншы перзентім - Гаухар Ерғазықызы. Атырау қаласында Нұрлан Сайынұлымен отасып, дүниеге ерке жиенім Дильназ келді. Анасының шеберлігін бүлдіршін шақтан көріп өскен жиенім Дильназ да өнер-білімге құмар, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Алматыдағы мемлекеттік Тұран университетінде білім алып, бірнеше шет тілін меңгеріп шықты. Сана нұрландырар жиенім Әділхан Есентайұлымен шаңырақ көтеріп, Мырза-Ахмет атты жиеншарға жарық сыйлап, өресі өсуде.
Әлемдердің Раббысы маңдайыма қос ұл жазыпты: жанардан жайыңды жасыруға жол бермейтін Жанболатым мен амалын адалынан ақтайтын Айдосым. Артымнан қалған тұяқ Айдостың салмақтылығын, сабырлығын тілге лайым тиек етемін. 2004 жылы келініміз Мейрамгүл Зейнуллақызымен шаңырағы биік отау құрды. Айдосымнан: Таңның шолпан жұлдызы іспеттес Таңшолпан және отбасымызға нұрын шашқан Нұрдәулет дүниеге келді. Еңбекқорлық болмысына біте туған кенже ұлым үшінші разрядты мұнай және газды барлау және пайдалану ұңғаларының бұрғышысы және жоғарғы санаттағы жүргізушісі мамандығының иесі болса, келініміз Мейрамгүл «Атырау Мұнай және Газ институтында» тау кен инженер мамандығын игеріп, бүгінгі күні «Атырау облысы Су Арнасы» КМК Мақат бөлімшесінің бас маманы қызметінде еңбек атқаруда. Таң шуақпен тартыса таласқан, тапқанына табаны тұрақты Таңшолпан мектепте үздіктер қатарын оза шауып, білім ордасын «Алтын белгімен» тәмамдай Атырау облысының үздік оқушылар қатарынан еленіп, елордамыз Астана қаласының төрінде орналасқан «Астана Халықаралық университетінде» болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатар ұстаз тұлғасында білімін шыңдап, тәлім алуда.
Тұғыры биік тұлға болар Нұрдәулетімнің алар асуы, бағындырар белесі өзек болатыны анық. Кішкентайынан зейіні ерекше немерем жан-жақты дара қасиеттерді бойына сіңіре тәрбие алды. Ата-Әкесінен дарыған еңбекқор, табанды ұлымыз «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының» 11-сынып шәкірті.
Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады демекші атадан тағылым алған ұрпақтарым діттеген мақсаттарына қанат сермеуде.
Кездескен қиыншылықтардан қайтпай, тауқыметтерде табандылық танытып, Қазақ елі дейтін алып ғимараттың қабырғасының берік болуына бір кірпіш болып қаланып кеткен ел ағалары, арда азаматтар, текті ағаларымыз ортамызда ақылын айтып, аман-есен жүре бергей!