Илимисов Ескендір

Рейтинг:

Берекелі кәсіп иесі

     Ғасыр аунап түсіп, айлар жылжыса да ата кәсіптің ноқтасы баспағының басынан сыпырылып түскен емес. Нарықтық жүйе шалғайда шашырап орналасқан елді, қала төңірегіне жинаса да құм арасында, бел астында, жайлау ортасында төрт түлігін өргізіп отырған шаруашылықтар бар. Олар ата кәсіптің ізін жалғап қана қойған жоқ, берекелі кәсіптің маздаған отын жалындатып, ауыл шаруашылығының, ел экономикасының жоғарғы өрлеуіне сеп болып, жергілікті тұрғындарды сапалы да құнарлы ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Міне, шаруа қожалықтарының бүгінгі таңда экономикадағы атқарар рөлі осындай.
     Кәсіпкерлік саласында жетістіктер мен табыстарға жетіп жүрген, облыстық мәслихаттың ІІІ шақырылымының депутаты, «Әлем» шаруа қожалығының басшысы Ескендір Кафарұлы 1958 жылдың шілде айының 9-жұлдызында дүниеге келді. Атаның есті сөзін құлағына құйып, дархандық пен даналықты бойына сіңіріп өскен жас кіндік қаны тамған Жәнібек ауылындағы орта мектепті бітірген соң Отан алдындағы парызын әскери-теңіз флотында өтеп келеді.      Қолы тиген қандай істі де жандандырып жіберетін жас, елге келген соң облыстық дайындау охотинспектор (өзі түсіндіріп жазып жіберер) жұмысын бастайды. Еңбек ете жүріп, алдына үлкен мақсаттар қоя білген, талабы тасты да жарып жіберетін қайратты жас білімін жетілдіру мақсатында Техникумнан «Товаровед пушно-мехового сырья» мамандығын 1985 жылы игеріп шығады. 1987 жылдан бастап ауданаралық «охотиснпектор» қызмет ете жүріп, 1994 жылы Саратов политехникалық институтын инженер-экономист мамандығы бойынша білім алады.      Ел экономикасының негізгі тірегі – мал шаруашылығы болған сол жылдары ауылдағы негізгі, жас маманды талап ететін мамандықтар да мал шаруашылығына қатысты еді. Әкесінен адалдық пен әділдікті бойына сіңіріп, әке тапсырмасымен қамшысын қолына алып төл айдаған бала Ескендір Қафарұлы болашақ арманының да мал шаруашылығына байланысты екенін ұғынып келе жатты.     Осылай қызмет сатысымен өрлей келіп, мол тәжірибе жинақтап, 2001 жылы құрылыс және газдандырумен айналысатын «Символ» ЖШС-нің басшылығына келеді. Сонымен бірге, өзі де жеке кәсіпкерлікке бет бұрып, 2001 жылы «Әлем» шаруа қожалығын құрып, ісіне леп береді. Облыс орталығы Орал қаласынан 500 шақырым қашықтықта жатқан шаруа қожалығының ұстанған бағыттары да айқын еді. Ірі қара малдың өсімі – қазақтың ақбас тұқымын өсіру, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу, сонымен қатар нан және нан өнімдерін өндіру және сату, қымыз өндірісі болған шаруа қожалығында қазіргі таңда 80-нен астам адам еңбек етеді. 
     Заман талабына сай келетін, сыртқы экспорттың сапасына жауап беретін міндеттемелердің жүгін көтере алатын шаруашылық мамандарының штаты толық. Малшы, мал дәрігерлері, мал бригадирлері және сауыншылармен қамтылған. «Мал басын қалпына келтіру және жақсарту, ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағын ұлғайту, абаттандыру, материалдық-техникалық база, әріптестік байланыстарды кеңейту және нығайту мақсатында жұмыс жасап келе жатқан шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 30 050 гектар. Оның ішінде шабындық – 5 000 га, жайылым 25 000 га. Шаруашылықта 1125 бас мүйізді ірі қара, оның ішінде қазақтың ақбас тұқымды сиыры 460 бас, Еділбай тұқымынан 1250 бас қой, аналық 800 бас, Көшім тұқымды жылқы 1079 бас (оның 400-і бие), түйе - 62 бас, 38 бас атан түйе бар.     Ресейге ет экспортын жүйелі түрде жүзеге асыратын «Әлем» шаруа қожалығы асыл тұқымды малды басқа шаруа қожалықтарына бөліп-бөліп сатуға шығарады. Шаруашылықта өсірілетін қазақтың ақбас тұқымды ірі қарасын өсіру үшін Батыс Қазақстан облысының көптеген облыстарынан, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Ақтүйін, Атырау, Қызылорда облыстарынан сатып алушылар үздіксіз келіп жатады. 
     Қазір облыс әкімдігінің тапсырмасымен кәсіпорын бордақылау алаңын 3000 бас ірі қараға дейін кеңейту жұмыстарын жүргізуде. 2000 тонналық астық қоймасы салынды. Сонымен қатар, шаруашылық сағалардың суару жүйесін қайта құруды көздеп отыр. Қазіргі уақытта шлюзді де, бөгетті де салуға және жаңғыртуға жоспарлар әзірленуде. Ескендір Қафарұлының айтуынша, мал шаруашылығы Қазақстанның экономикалық дамуына септігін тигізеді. Мәселен, «Әлем» ҚХ Индустрияландыру картасы аясында 2012 жылдың желтоқсан айында 150 млн теңге тұратын мың бас ірі қараны бордақылау кешенін іске қосты.
     «Әлем» шаруа қожалығы 2007 жылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесін алды. Ірі қара малдың генетикалық потенциалын жақсарту - отандық және шетелдік бұқалардың ұрықтарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Мал басының асыл тұқымдық құндылығын арттыру, сонымен қатар қазақтың ақбас тұқымының шағатай зауыттық түрін сақтау бағытында селекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта Жәңгір хан атындағы ауыл шаруашылығы агротехникалық университетімен тығыз байланыс орнатылған.
«Әлем» шаруа қожалығы мал өсіру, мал өнімдерін, нан өнімдерін өндіру және өткізумен қатар, қымыз өндіріп, сатумен айналысады. Қымыздың емдік қасиеті сонау 1858 жылы Самара маңында Н.В.Постников «Туберкулез және басқа да әлсірететін ауруларды емдеу» үшін алғашқы қымыз емханасын ашқаннан кейін ұзақ уақыт бойы зерттелді. Көп ұзамай дәрігерлер қымызды туберкулезге қарсы сол кездегі белгілі дәрілердің ішіндегі ең жақсысы деп таныды. «Әлем» шаруа қожалығы жергілікті халықты ғана емес, Жәнібек, Казталовка аудандарының туберкулезге қарсы ауруханаларын да қымызбен қамтамасыз етіп келеді.      Ескендір Қафарұлы тәжірибелі басшы ретінде де, осы жерде өскен адам ретінде де ауылдастарының мәселесін жақсы біледі, олардың мұң-мұқтажынан тыс қалдыра алмайды. Сондықтан «Әлем» шаруа қожалығының төрағасы Ескендір Кафарұлы туған ауылының өміріне белсене араласып, мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсететін әлеуметтік жауапты кәсіпорын.
     Ескендір Қафарұлы басшылық ететін «Әлем» шаруа қожалығы өндірістік қуатын ұлғайтып, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде дамуын жалғастырып келеді. Ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс, аудан әкімдіктерінің, «Нұр Отан» ХДП-ның, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
     Ескендір Қафарұлының адал еңбегін бағалаған басшылық та кәсібіне сенім білдіріп, әрдайым қолдау танытып келеді. Барлық талапқа сай әрекет ететін, әр ісіне мұқият әрі тиянақты кәсіпкер бүгінгі таңда осы кәсібінің арқасында көптеген ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, екі қолға бір күрек тауып беріп отырған жайы бар. Айналасындағы қарапайым халықтың ризашылығына бөленіп, ата-анасының үкілеген ақ үмітін ақтап, аянбай тер төгіп келе жатқан Ескендір Қафарұлы болашақта кәсібінің керегесін кеңейтіп, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өз тарапынан айрықша үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлайды.     «Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» деген тәмсіл бар емес пе?! Шаруа жайын терең білетін Ескендір Қафарұлы еңбектің көзін табу арқылы табысқа да, байлыққа да жеткен азамат. Расында, адал тапқан дүние берекелі болатынына кейіпкеріміз арқылы тағы бір көз жеткізгендейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....