Ата кәсіпті жалғаған... ![]()
Белі бүгіліп еңбек еткен жанның несібесін арттырып, шырайын шығаратын Табиғат-ананың мейірімділігінде шек бар ма? Жерін өңдей білсең, жемісін молынан беретін егіншілік қай заманда да берекелі кәсіптің тұғырынан түскен емес. Түздегі жалды жылқысына құрығын салып, қыста қорасын жайлап, жазда жайлауында құдығын қазып қауғасын түсірген аталарымыз мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де айналысқан. Сәуір туа таңғы ауаны тілгілеп шырылдайтын шегірткемен қатар тұрып, соқа-сайманын майлап, дала төсіне жүгіретін жұрттың несібесі, қабағы суық келетін күз айларында мол болып жатады.Бір қазаннан ас ішіп, бір жеңінен қол шығарған, біріге қимылдаған шаруашылықтардың ісі өткеннің еншісінде қалып бара жатқанын, жаңа заман талабына сай жаңаша кәсіп бастау керек екенін дүйім елдің санасына сіңдіре білген сол жылдары көкірегі ояу, көзі ашық кәсіптің көзін таба білетін ат төбеліндей бір топ бөлініп шыққан еді. Әрқайсысы қолынан келетін салаға ой түйіндеп, көз жүгіртіп, «Бисмилламен» іс бастап жатқанда, сол қалың топтың ішінен ата кәсіптің ізін жалғап, төрт түлігін түлетуге бет бұрған жандардың бірі, бүгінгі «Ораз», «Мәлік», «Ермек», «Ермек-2», «Ораз-Мәлік» шаруа қожалықтары болатын.
Міне, осы біріккен шаруашылықтардың кәсібін алға жүргізіп, жергілікті тұрғындарды сапалы өніммен қамты
![]()
п, ел экономикасының, ауыл шаруашылығының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан табысты кәсіпкер, білікті ұйымдастырушы, басшы омынов Ермек Мәлікұлы болатын.
Ермек Мәлікұлы 1983 жылдың 16 қарашасында Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Орда ауданы, Бисен совхозының төртінші бөлімшесіне қарасты «Ораз» қыстағында дүниеге келген. Өткеннің желі соққанда тарих тасы бір аунап түсетін, тарихы бай, төрт түлігінің бауыры жер сызған берекелі өңірде бақытты балалығын өткізіп, 1990 жылы Көктерек бастауыш мектебінің табалдырығын аттады. Зерек, зейіні мол, ширақ қимылды жас мектеп қабырғасында жүргенде де ұйымдастырушылық қабілеті, тиянақтылығы, жауапкершілігінің арқасында ұстаздарының мақтауына ие бола білді. Білімін одан әрі Бисен Жәнекешов орта мектебінде жалғастырған Ермек Мәлікұлы 2000-2005 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандығы бойынша білім алып шыққаннан соң, 2006-2007 жылдары Отан алдындағы әскери борышын Қапшағай 62064 әскери бөлімінде
![]()
өтейді.
Азаматтық борышын абыроймен атқара білген Ермек Мәлікұлы әскери қызметте келісім-шарт негізінде қалып, 2007-2010 жылдары Орал Ұлттық қауіпсіздік комитетінде шекара қызметін атқарды. Одан кейінгі қызметінде 2010-2012 жылдары шет елден автокөлік машиналарын әкеліп сату мен және тағы басқа да сауда-саттықпен айналысып, 2012 жылдан бастап әке қолының табы қалған «Ораз» шаруа қожалығының тізгінін қолына алады.
Әкесі Момынов Мәлік Оразұлы 1997 жылдан бері басқарып отырған «Ораз» шаруа қожалығын әрі қарай жалғастырып мал басын көбейтуге бар күшін салады. 2012 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Ораз» шаруа қожалығына несие алып Ресей мемлекетінен асыл тұқымды мал сатып әкеліп, 2014 жылдан бастап «Ораз» шаруа қожалығы Қазақтың Ақбас асыл тұқымды Республикалық Палатасына мүшелікке өтіп алынған төлдерін жыл сайын сатылымға шығарады. Міне, сол уақыттан бері шаруа қожалықта жыл сайын асыл тұқымды мал басы көбейіп күні бүгінде 3 аудандағы шаруа қожалықтарын өзі басқарып жұмыстарын жүргізіп келе жатыр.Бөкей Ордасы ауданы Бисен а
![]()
уылында «Ораз» шаруа қожалығы Қазақтың Ақбас асыл тұқымды малын өсірумен, «Мәлік», «Ермек» шаруа қожалықтары тауарлық мал өсірумен, Жәнібек ауданында, Күйгенкөл ауылында «Ермек-2» шаруа қожалығы Қазақтың Ақбас асыл тұқымды малын өсірумен, «Ермек» шаруа қожалығы тауарлық мал өсірумен, Казталовка ауданында «Ораз-Мәлік» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақтың Ақбас асыл тұқымды малын өсірумен айналысады.
Қазіргі таңда шаруа қожалықта 2000-дай бас мүйізді ірі қара малы өсірілуде, оның ішінде Қазақтың Ақбас асыл тұқымды аналық мал басы 1000 басты құрайды. Сонымен қоса шаруа қожалықта 500 бас жылқы малы өсірілуде. Жыл сайын Қазақтың Ақбас асыл тұқымды аналық малынан 85%-ға жуық төл алынады. Бөкей Ордасы ауданындағы шаруа қожалықтарының және көршілес жатқан Казталовка ауданындағы «Ораз-Мәлік» ЖШС қосқанда жалпы жайылымдық, шабындық жер көлемі 35099га. Жыл сайын 16000 центнерге жуық шөп шабылып, мал азығы дайындалады.Шаруашылықта мал өсіру үшін барлық жағдай жасалынған. Бес қысқы орын үш жазғы орындарға үй салынып жұмысшылардың да жағдайын жасап күн көзінен электр қуатын алатын құрылғылар орнатылған және барлық қыстақтарға мал суару
![]()
үшін құдықтар және жер асты суы (скважина) орнатылды. Қазіргі цифрландыруға байланысты мал бағуды да дамытып келе жатыр. Шаруашылықта он шақты екі аяқты мотоцикл және төрт аяқты квадроцикл бар. Барлық мал бағатын малшылар мотоцикл, т.б. техникалармен қамтылған. 2021 жылдан бастап (электропастух) күн көзінен электр қуатын алатын ток пен мал қоршаулары және дрон алып шаруашылықты да цифрландырып дамыту үрдісін жалғастыруда.
Момынов Ермек Мәлікұлы шаруа қожалыққа «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан лизинкке 7 трактор және қосалқы техникаларын алып, жыл сайын жаз айларында мал азығын дайындап барлық техникаларды шаруашылық қызметке пайдалануда. 2017-2018 жылдары Қазақтың Ақбас асыл тұқымды малдарын «Асыл түлік» РМАО арқылы Қазақтың Ақбас асыл тұқымды бұқаларының ұрығымен қолдан ұрықтандыру тәжирібесі жасалып 70-80% төл алынды. Жыл сайын 1000 басқа арналған мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңында мүйізді ірі қара малы және жылқы малы бордақыланады. Бордақыланған малдар уақытылы ет комбинаттарына тапсырылады. Қазіргі таңда шаруа қожалығы облыс бойынша мал басын асылдандыру және өсіру, азық дайындау бағыты бойынша жұмыстанып, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосуда. Ермек Мәлікұлы «Ораз» шаруа қожалығының жұмысын жандандырып мал басын көбейтіп Қазақтың Ақбас асыл тұқымды малын өсіргені үшін еңбегі еленіп, түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ:
2016 жылдың желтоқсан айында ауданда «Үздік шаруа қожалығы» атағына ие болды;
2017 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет Грамотасы;
2019 жылы қараша айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Есқалиевтың «Жомарт жүрек» Алғыс хаты;
Кеңес Президиумы төрағасының «Сіңірген еңбегі үшін» ордені;
Мемлекет аралық сараптама кеңесінің төралқасының ұсынуы бойынша І дәрежелі «Атақ галериясы» Дипломы;
Мәдени-ағарту бірлестігінің директоры М.Мерғалиевтың Алғыс хаты;
2020 жылдары Бөкей Орда ауданы әкімі Н.Рахымжановтың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» Алғыс хаты;
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеевтің Алғыс хаты;
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Кульгиновтың Алғыс хаты;
2021 жылы Батыс Қазақстан облысы «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты;
Қазақтың Ақбасының құрылғанына 70-жылдығына орай Қазақ Ақбас палатасы «Ораз» және «Ермек-2» шаруа қожалықтарын 70-жылдық мерейтойлық Медалі және Алғыс хаты;
Ермек өзінің туған жеріне перзенттік парызы ретінде Бисен ауылына 2019 жылы саябақ салып, ағаштар отырғызып ауылды рухани жаңғыртып гүлденуіне ат салысты. 2020 жылы Бисен ауылындағы Бисен Жәнекешев мектебінің 2000 жылғы түлектері болып ауыл маңындағы зираттарды қоршады. Қоршауға бар күш-жігерін салып ақшалай және техникамен көмектесіп, елдің ризалығын алды. Бір істі реттеп, игі іске адамдарды жұмылдыра білу де өнер, айрықша қабілеттілікті талап етеді. Өзіне тән салмақтылығы мен сабырлылығы басымдық танытып, қызмет барысында кездескен түйінді мәселелерді асқан байыптылықпен қарап, әділ шешімін табуға тырысты. Әр істің, әр қағаздың артында адамның тағдыры тұрғанын адамдық болмысымен сезініп, алдына келгендерге аянбай көмектесті.
Сонымен қатар облыстық, аудандық газет беттеріне тілшілердің мадақтап жазған мақалалары газет беттеріне шықты: «Мемлекеттің көмегімен асыл мал өсір», «Ата кәсіппен танылған азамат». Ауылда шаруашылықтың басында ата-анасы және туған інісі Тілек Бөкей Орда
Жәнібек ауданындағы шаруашылықтарын басқарып отыр. Жаз-қыс айларында ауыл азаматтарында жұмысқа тартып уақытылы еңбекақыларын беріп отырады. Сонымен қатар нарықтың өтпелі кезеңінде қоғамдық шараларға белсене ат салысып, жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы отбасыларға зейнеткер адамдарға тегін отын-суын әкеліп беріп, жем-шөп беріп көмектеседі және тұрақты облыстық, аудандық газеттерге жаздырып отырады.
Ермек Мәлікұлының осылайша, әрдайым тек биіктерден көрініп, шаруасының дұрыс жолға қойылып, үнемі алға өрлеп жүруінің бірден бір себепшісі үйіндегі отынын жағып, шаңырағының түтінін түзу шығарып, үнемі отағасына қолдау білдіріп отыратын аяулы жары Момынова Эльмира Нағымқызы. Қазақы тәрбиені көріп өскен, өнегелі, текті жердің тумасы Эльмира отағасының разылығына бөленіп, туған-туыс пен дос-жаранның алдында адал жарының мәртебесін көтеріп жүруді өзіне басты міндет етіп санайды. Биік шаңырақ, кең керегенің тұтқасын ұстап отырған Ермек пен Эльмира бүгінде моншақтай екі қыз бен алтын асықтай екі ұлды тәрбиелеп өсіріп отырған үлгілі отбасы.
Қиналған сәтте кімнің де болса жылуы мен жомарттығы көңіліне қаяу түскен әрбір жан үшін аса маңызды емес пе?! Халықтың ақ батасын алып, ризашылығына бөленіп жүретін осындай алып тұлғалы азаматтарымыз көбейе берсін деген біздің де шынайы тілегіміз бар!