Өнегелі өмір
![]()
Құрылыс – дәуір ауысса да даңғаза болып кетпейтін, жыл аунап түссе де жылыстап түсіп қалмайтын, адамзатпен мәңгілік жасайтын ең маңызды салалардың бірі. Жаңа Қазақстанның сәулетін көркейтуде еңбек етіп келе жатқан құрылысшылардың еңбегі жоғары бағаға лайық. Осындай, есімін елден бөлек ерекше айтып, айшықтап алған құрылысшы туралы кеңінен тарқатып айтсақ.
Кейіпкеріміз Абдумауленов Өтеген Нұрлыбайұлы 1959 жылдың 1 қаңтарында Түркістан облысы, Кентау қаласы, Бүргем елді мекенінде дүниеге келді. Оның есімінің қойылуында да ерекше мән жатыр. Кейіпкеріміздің сөзіне мән көрсек: «Менен бұрын анам Тұрсын Тәжібайқызы 3 ұл өмірге әкелген. Олар сол заманның жазылмас дерті болған қызылша ауруынан өмірден ерте озған. Солардан соң өмірге келген менің атымды бабам Әбдімәулен мен әжем Күнбөпе ырымдап алғашқы 3 ұлдың орнын өтеуші болсын деген ниетпен есімімді Өтеген деп қойған екен. Отбасында 4 қыз, 1 ұл бала бар: Сафина, Ұлту, Өтеген, Қанат, Ұлтай, Сәулет. Бұлардың барлығы да Егеменді Қазақстанның әр қалаларында ұл-қыз өсіріп, қызметтерін атқарып, өніп-өсіп жатыр»- дейді Өтеген Нұрлыбайұлы есімі туралы аз-кем
![]()
ақпаратпен бөлісіп.
Топырағында тектілердің кіндік қаны тамып, қайсар да қайраттылығымен, данышпандығымен қалың қазақтың қамын ойлаған ұлылар шыққан өлкеде кіндік қаны тамған Өтеген Нұрлыбайұлы өмірін құрылыс саласының өркендеуіне арнаған азамат. Білім ордасының табалдырығын 1967 жылы Бүргем елді мекеніндегі Ә. Молдағұлова атындағы 8 жылдық мектебінде аттады. Одан арғы білімін Кентау қаласында №12 орта мектебінде жалғастырып, осы мектептен түлеп ұшты.
Дүниеге шекесі торсықтай ұл келсе «қорғаным келді» деп қуанған қазақтың баласы емеспіз бе, мектепті бітіріп, ауыл тіршілігіне білек сыбана кіріскен жас 1977-1979 жылдары Кеңес әскері сапында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келеді. Үлкен өмір мектебінен өтіп келген Өтеген Нұрлыбайұлының алғашқы еңбек жолы Кентау Экскаватор зауытында «Плотник-столяр» маманы болып бастады. Туған өлкесінің самал желімен жарысып өскен жас еңбекке келгенде қауқарлы, бастаған ісін жеті рет өлшеп, бір рет кесетін, өзінің саласын терең меңгерген білікті маман бола білді. Оның
![]()
дәлелі, қолына алған қай істі де шыр айналдырып алып кететіндігі. Жалынды жас 1992 жылы Қызылорда қаласының Агро-Пром институтына зауыты жолдама беріп, құрылысшы мамандығын меңгеріп шығады. Өткен ғасырдың соңғы күндерінің куәсі болған тоқыраудың тұманында кімдер адаспады. Жұмыссыздық арамшөптей қаулап, қолында түлігі мен тұяғы бар ауылға көшін бұрып, тігерге тіреуі жоқтар ала дорбасын арқалап кеткен жылдары құрылыс саласының да жағдайы мәз болмады. Десек те, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында да құрылыс жұмыстары әупірімдеп болса да жүріп отырды. Бұл туралы Өтеген Нұрлыбайұлының өз аузынан естісек:
Сол жылдары еліміз егемендігін алып, қиын-қыстау замандар болды. Зауыт- фабрикалардың барлығы жұмысын тоқтатып, дүкен сөрелері қаңырап бос қалды. Отбасы үшін өзіміз қай облыста жұмыс болса, сонда барып әртүрлі қызметтер атқардық. Құрылыс саласында жүрдік. Осы күні ойлансам сол кездегі 16 облыстың бірінде ғана Петропавлда жұмыс жасамаппын. Қалған облыстардың барлығында еңбек етіппін. Құрылыс саласында газ құбырларын, нефть құбырларын, су құбырларын жүргізіп, сол 2000-жылдары мемлекеттің Ақ-бұлақ бағдарламасымен Шымкент облысында, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында, Ақтөбе облысы (ол кезде Байғанин ауданы), қазіргі Қарауылгелді ауданында ұңғымалар қаздырып Насостық құрылғылар салып қала, аудан, елді мекендерге су берген кездегі елдің қуанышқа бөленген сәттері ерекше әсер береді. 2006 жылы ел ағасы 50-ге таяғанда далада жүріп жұмыс істеу қиынға соғып, денсаулық та сыр бере бастады. Содан Кентау қаласы Санитарлық қадағалау басқармасына шаруашылық бөліміне жұмысқа тұрып, 2022 жылдың 1-қаңтарында құрметті зейнет демалысына шықтым. Сол жылы Алла шақырып, ата-бабамыздың неше уақыт арманы болған "біз көрмедік ұрпағымыз көрсінші" деген тілегі шығар мұсылманның бес парызының бірі – қажылық сапарын қасиетті Мекке қаласында Қазақ-тревел компаниясының жолдамасымен балалардың анасымен бірге қажылық парызын өтеп қайттық. Аллаға мың қайтара шүкір, – дейді
![]()
кейіпкеріміз.
«Ер еңбегіне бір тойсын» деген, жергілікті халықпен етене араласып, тонның ішкі бауындай біріге жұмыс жасап, табиғат апаттарынан зардап шекен тұрғындарға көмек қолын соза білген, «оң қолым бергенді сол қолым көрмесін» деген ұстаныммен, талай мұқтаждың көмегін өтеген жомарт жүректі жан Өтеген Нұрлыбайұлы еткен еңбегіне байланысты үкімет, жергілікті әкімшілік, өзге де ұйымдар тарапынан Мақтау қағаздарға ие болып, Алғыс хаттармен марапатталды.
2012 жылы Әкімшілік жанынан құрылған «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық ұйымның ең жас мүшесі болып сайланып, зейнет жасында болса да қоғамның және ауылдың көптеген мәселелеріне белсене араласып келе жатқан Өтеген Нұрлыбайұлы жары Сәуле Шарипханқызы екеуі 2 ұл, 4 қыз өсіріп тәрбиеледі. Перзенттерінің барлығы да Бүргем елді мекеніндегі Ә. Молдағұлова
атындағы мектебін үздік бітіріп, тест тапсырып, мемлекеттің грантымен білім алды.
Үлкен ұлы Асхат Өтегенұлы - Шымкент қалалық ауруханасында травматология бөлімінде дәрігер, келіні Ақерке Қанатбекқызы – Экспертиза орталығының бухгалтері.
Қызы Индира Өтегенқызы – дәрігер-педиатр болса, күйеу баласы Нұржан Беркінбайұлы – Жамбыл облысы Қордай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор. Қызы Бағила Өтегенқызы – ҚАЗҰУ биология факультетінің мұғалімі, күйеу баласы Айдар Бесбайұлы – Алматы қаласы, Әуезов ауданы жер комитетінің қызметкері.
![]()
Қызы Жазира Өтегенқызы - Түркістан қаласы Саз мектебінде директордың орынбасары, күйеу баласы Азамат Баянғалиұлы – Түркістан облысы Полиция департаменті, жергілікті полиция қызмет басқармасының аға инспекторы, полиция майоры.
Ұлы Бағдат Өтегенұлы – Кентау трансформатор зауытында инженер-технолог, келіні Айгүл Бахытқызы – Кентау қаласы мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арналған «Арнаулы кәсіптік колледж» мұғалімі.
Қызы Аида Өтегенқызы – ГЕО-экология маманы, күйеу баласы Өміржан Әбдіжәділұлы –
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі округі әкімінің орынбасары.
Бүгінгі мақаламыздың бас кейіпкері болған Өтеген Нұрлыбайұлы осы саланың ақтаңгері, құрыш қолды құрылысшы деп айтсақ болады. Өйткені, құрылыс саласында қолтаңбасы, құрылысшылардың адал
![]()
еңбегі, туған жерге деген махаббаты мен мейірімі, тұрғындарға деген құрмет қалды. Өскен өңірінің дамуына, көркеюіне қызмет жасау арқылы елдің гүлденуіне үлес қосып жүрген абыройлы, парасатты азаматқа тілейтініміз тек қана Сәттілік! Өз ісінің майталманы болып жүрген азаматқа еңбегіңіз еленіп, ісіңіз алға баса берсін деген ізгі тілегімізді білдіреміз! Елімізде сіз секілді нар тұлғалы азаматтар көп болғай!
![]()
![]()
![]()