Құрыш қолды құрылысшы
![]()
«....Қолға алғаш тиген соң ұлы нұсқа,
Дейді өмір кәсіптің бірін ұста.
Зәулім үйлері қаланың тәнті етті ме,
Құмар болдым әйтеуір құрылысқа.
Жастық жігер – сен неден іркіліп ең,
Келдім жетіп алаңға бір күні мен.
Маңғаз күйде шақырып сонадайдан,
Крандар тұр көк тіреп тұмсығымен....
....Үлгілі өтсін жігіттің қыран шағы,
Жақсылыққа жүзімді бұрам-тағы.
Келер ұрпақ қастерлер сол үйлерде,
Қолтаңбамның қалғаны қуантады.....» деп Атыраулық Қалмағанбетов Бижан жырлағандай, құрылыс саласы адамзатпен бірге дамып келе жатқан ауқымды саланың бірі.
Сырт көзге қарапайым мамандық болып көрінгенімен, өркениеттің өсіп-өніп, дамуы үшін мән-маңызы ерекше. Қаншама зәулім ғимараттар, сырт келбеті жарасқан әдемі үйлер – бәрі де шебер құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасы. «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай - ізет» деген, осындай сәулетті әрі ерекше мамандықты меңгеріп, өмірдің сынағына қарсы тұрып, еңбекқорлығымен бар мақсатына жете білген ерен еңбек иесінің бірі, «Қызыл Жар ҒЗ» құрылыс фирмасының басшысы және құрылтайшысы – Ғалымжан Байсубанов.
Алматының зәулім үйлері мен өндірістік құрылыстарында қол таңбасы қалған Ғалымжан Байсубанов 1981 жылдың қаңтар айының 9 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде дүниеге келді. Жантайып жатқан Қаратауына өрлей білсең көңіліңді ашатын өлкеде балалығын өткізді. Отбасындағы асқар тау әкесі Байсубанов Сүндет және мейірімі күн нұрынан да жылы анасы Рыстілеуова Несібелі 4 ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген ардақты жандар.
Әке ізін жалғаған Ғалымжан Байсубанов отбасының тұңғышы, одан кейінгі бауырлары Байсубанов Ақтілеу ағасымен бірге «Қызыл Жар ҒЗ» құрылыс фирмасын басқарып келеді. Інісі Байсубанов Нұржан
![]()
және Байсубанов Мағжан өндірістік фирмада құрылыс материалдарын өндіреді.
Ғалымжан Байсубанов Қапланбек совхозында Максим Горький атындағы орыс орта мектебінің табалдырығын аттады. 1991-1998 жылдары Қызылжар ауылдық округіндегі Жамбыл Жабаев атындағы мектепте білім алып, сол жерден он жылдық мектепті бітіріп шыққан соң, бірден еңбекке араласты. Ауыл баласының қолы қай іске де икемді, жұмыс талғамайтын қайратты да қайсар болып келетіні бар емес пе, өзінің алғашқы еңбек жолын совхозда бастап, қолы тиген істің шырайын шығарып, дөңгелетіп алып кетті.
1999-2001 жылдары Отан алдындағы әскери борышын «Луговойда» өтеп келген Ғалымжан Байсубанов 2003 жылы Бегалиева Зарина Бағланқызымен отау құрады. 2003-2008 жылдары Орта Азиялық университетінен құрылысшы, яғни, «Промышленный Государственный Строительство» мамандығын алып шығады. Кейіпкеріміздің Құрылыс саласындағы алғашқы еңбек жолы «АСК Алматы» құрылыс фирмасында жалғасады.
Бір құрылыстың, уческенің, салынып жатқан ғимараттың сапасына, жұмыстың жүйелі жүргізілуіне жауап беру екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бірақ, жастайынан еңбекке төселіп өскен Ғалымжан Байсубанов үшін анау айтқандай қиындық туғыза қойған жоқ. Құрылыс жұмыстарын жоспарлау, сапа талаптарына сай жүргізу, мемлекетік стандарттар бойынша қадағалау, жұмысшылардың
![]()
тынымсыз еңбек етуін қадағалау құрылыс саласына енді ғана қадам басқан жастың қолынан келді. Осыдан-ақ кейіпкеріміздің құрылысшылық, басқарушылық қабілеті табиғатынан дарығанын көруге болады. 2010-2013 жылдары «Строй Контракт» фирмасында жұмыс жасап, 42 квартал, АФД плаза тұрғын үйлерінің құрылыстарын жүргізсе, 2013-2017 жылдары «Элит Строй» фирмасында Прораб болып жұмыс жасап, «Асыл Арман», «U-2017» тұрғын үй кешенін салып, 2017-2019 жылдары «Ениф Строй» құрылыс фирмасында «Торговый центр Гран Парк» құрылыс алаңының бастығы қызметін атқарды.
Міне, осылай еңбек майданында қанша жыл шыңдалып, қайратына қайрат қосылып, тәжірибесі молайған Ғалымжан Байсубанов 2018 жылы өзінің «Кызыл Жар ҒЗ» кұрылыс фирмасын ашты. Уақыт екпінімен бірге дамып, тұрғындардың қажеттіліктерін өтеп, заман талабына сай қызмет көрсетіп келе жатқан серіктестікке Ғалымжан Байсубанов інісі Ақтілеумен бірге басшылық етіп келеді.
![]()
Тұрмыстың тал бесігі шатқаяқтап тұрған кезде кәсіп бастау - әр адамның қолынан келе бермейтін жауапты іс. Өзінің білімі мен біліктілігіне, еңбегіне, бастаған ісінің оң нәтиже береріне сенген ол қолына алған қай істі де шыр айналдырып алып кететін ерекше қабілетінің арқасында фирма жұмысын ілгерілетіп, Алматы қаласындағы зәулім үйлердің құрылысында аз ғана уақыт ішінде өзінің қолтаңбасын қалдыра білді.
Жеңіс пен жетістікке жетудің жолында қайраттылық пен қажырлылық көрсетіп, кәсіпкерліктің тағалы тұлпарын мінген, кәсібімен қала, облыс тұрғындарының қажеттілігін өтеп келе жатқан белді кәсіпкер, мұқтаж жандардың көңілін серпілтіп, сәби жанарына қуаныш ұялатып қуанта білген мейірімді де, адамдық асыл қасиеттер бір бойынан табылатын Ғалымжан Байсубановтың ісі талайға үлгі, атқарған істері тұнып тұрған өнеге.
Заман ағымы мен нарық талабына сай қабілеттерді бойына сіңіріп, әлі күнге осы азаматтық тұғырынан түспей, еңбек етіп, облыс қана емес, мемлекеттің дамуы үшін аянбай еңбек етіп, тұрғындардың әлеуетін көтеру үшін күш-жігерін сала жұмыс істеп келе жатқан, ел құрметіне бөленген осындай абыройға, кәсіпкерлік саласына қосқан ерекше еңбегі мен адал қасиеттері арқасында жеткен азамат Ғалымжан Байсубанов өмірлік жолдасы Бегалиева Зарина екеуі 2 ұл, 2 қыз өсіріп, тәрбиелеп отырған бақытты ата-ана. Үлкен қызы Сундет Анель Ғалымжанқызы 2004 жылы 16 қарашада дүниеге келген. Екінші қызы Сундет Аружан Ғалымжанқызы 2005 жылы 23 қарашада, ұлы Сүндет Нұрдаулет Ғалымжанұлы 2012 жылы 5 мамырда, кенже ұлы Сүндет Ақжан 2019 жылы 30 шілдеде дүниеге келді. «Еңбек
![]()
деген байлық бар, ерінбеген жетеді» демекші, дүние есігін ашып, мына шексіз әлемге қадам басқан адам баласы қашан да өмір дейтін терең теңіздің ағымына қарсы тұрып, иірімімен арпалыса, жағаға жету үшін талпынып, құлашын сермей жүзеді. Сол жағаға еңбекпен жетіп, жеңісінің дәмін татып, бақытқа қол жеткізгендер де бар. Кейде жанталасқан арпалыстан күдерін үзіп, қолын сілтей, бір батып, бір сүңгіп, өмір иіріміне байланғандар да бар... Десе де, арпалысқа толы өмірдің бар қиындығын жеңу тек еңбексүйгіш, қайратты жанның қолынан келері анық. Бұл туралы кемеңгер тұлға Абай: «Қайрат, ақыл, жүректі бірдей ұста» немесе «...Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап»-дейді. Яғни, қашан да адам баласы үшін еңбектің қадір-қасиеті зор. Ол өз құндылығын ешқашан жоймайды.
Адамдық болмысы мен адалдық, әділдігінің, қабілеттілігінің, әке тәлімінің арқасында берері мол кәсіпті берекелі ете білген Ғалымжан Байсубанов әлі талай игі істің бастамашысы болары анық. Қарапайым, жүрегі жомарт, ел деп жиі басын бұратын азаматтардың қатары көп болғай!
![]()