Алпанова Сара

Рейтинг:

Тәжірибелі дәрігер

      Жарықтың жылдамдығынан да тез дамыған уақыт, қоғамнан, адамзаттан өзгерісті, нарыққа сай бейімделуді, жаңа кәсіпкерлікке бет бұру мен өз-өзіне қызмет ете білу ой тазалығын және еңбекқорлықты талап етеді. Өмір атты көш арбасынан түсіп қалған, жұмыр жүректі әр пенде армандарына қол созып, отбасының нәпақасы үшін еңбек етіп, кәсіп қылады. Әлемде түрлі мамандықтар бар. Олардың атқаратын қызметі мен жүйелі жұмысына байланысты әртүрлі.
      Жалпы тәжірибелі дәрігер, нутрицолог, мотиватор күнделікті қолданыстағы су арқылы денсаулықты күтудің жолын таба білген Сара Сайынқызы 1959 жылдың 5 қазанында, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой ауылында дүниеге келді. Қашан да қолдаушысы, қорғаны болаған әкесі Сайын Алпанұлы облыстық деңгейдегі белгілі шопан болса, мейірім-махаббатының тамшысы кәусар бұлақтан да мөлдір анасы Қалам Жосыманқызы үй шаруашылығымен айналысқан тоғыз баланың анасы. Бүгінде Сара Сайынқызының 9 бауыры тіршілігін жандандырып келе жатқан ардақты жандар. Кейіпкеріміз үйдің екіншісі.      1966 жылы Қараой ауылындағы төрт сыныптық бастауыш мектептің табалдырығын аттаған Сара Сайынқызы 5 сыныптан бастап совхоз орталығындағы мектепте білімін жалғастырады. Бала бақытының әткеншегінде тербеліп жүрген қыздың өмірін тосыннан келген тағдыр сыйы ауырлатып жібереді. Есікті қақпай кіретін ажал отбасының берекесі мен шырайы болып отырған анасын алып кетіп, бір үйдің барлық шаруашылығы үлкен әпкесі екеуінің мойнына артылады. Осылайша, еңбекке жастайынан бейімделіп өскен қыз 1976 жылы мектепті бітіріп шыққан соң, Алматы қаласындағы медициналық институтқа оқуға түскісі келді. 
      Өзіне деген сенімділік, арман талабына қанат бітіріп, Алматы қаласына аттанады. Бірақ, бұл жолы оқуға түсудің реті келмей, туған ауылына қайтып келіп, ауыл тіршілігіне араласады. Комсомол бригадасын құру керек деген лозунгпен бірігіп, әкесі бастап, мал шаруашылығын көбейту жағындағы комсомол бригадасы құрылады. Осы бригадада жұмыс жасай жүріп, 1977 жылы Ақтөбе медициналық институтына оқуға түседі. Сол бір кездегі саясат бойынша Ақтөбе қаласындағы 12 ауданға дәрігерлік сала бойынша бір-бір оқушы-түлек ұсыныс сұрап, сол ұсыныспен жоғарғы оқу орнына түскен еді. Оқысам, білсем, деген ұстаным мен дәрігерлікке деген құштарлық талай қиындықты еңсеруде үстем болып, 1984 жылы инстиутты бітірген соң Ақтөбе қалалық поликлиникасында учаске дәрігері болып орналасады.      Одан кейінгі жылдары «Отбасылық дәрігер» ретінде білімін көтеріп, курстан өтіп, «МедикусЦентр» медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалады. Сол бір 2000 жылдары бұл орталықтың да жұмысы өте қиын еді. Тоқырау жылдары қаржыландыру да дұрыс болмады. Бірақ, жұмыс жоспары бойынша жүргізілу керек болды. Өзінің табандылығы, қайсарлығы, еңбексүйгіштігінің арқасында бұл үдеден шыға білді.
      Басшылық қызметте болса да тапқаны шайлығына жетпеген сол бір жылдары, кәсіпкерлік саласына баруға көңілі ауа бастайды. Сұрастыра келе сауданың да жолы қиын еместігін түсінеді. Кейіннен кәсіпкерлігін жолынбастайды. 
      Алғашқы күндері неден бастау керек екенін білмеді, оның үстіне қаражат та жоқ. Үйінде бар ұнынан нан пісіріп, базарға шығарады. Әрине нан сатыла бастады, бірақ ол ақшаға дүкен ашу мүмкін емес еді. Сондықтан жанұясымен ортақ келісімге келе отырып, барлығы жақсы болар деген үмітпен банктен несие алып, азық-түлік дүкенін ашады. Күндіз дүкенде өзі тұрса, кешке жұмыстан келген соң жолдасы зат саудасында болып, бұрынғы 8 сағаттық жұмыстың орнына, 15 сағаттай жұмыс жасайтын болды. 
      Осындай таңның атысы, күннің батысы саудамен арпалысып жүргенде бір күні кезінде қызметтес болған таныс дәрігері хабарласып, Мәскеуден бір кісі келетінін және соның жаңа бизнес идеясы бар екенін, сол кездесуге барып көруін айтады. Алғашында келісім бермейді. Өйткені, сол жылдары көптің жүрегін шайлықтырған «желілік маркетинг» емес пе екен деп қалады. Одан да күнделікті саудада істеп жүре берейін деген тұжырымға келеді. Бірақ танысын қалай да апаруды ойлаған ол телефон тұтқасынан қол үзер емес. «Бірден басыңды ала қашпай, барып көр. Көңілің түзу, көзің ашық, көкірегің ояу, сауатты адамсың. Ешкім күштеп жасатып отырған жоқ. Тыңда. Көр. Болған соң сараптап, сана таразысына салып көр. Ұнамай жатса, қоя саларсың. Қызығып жатсаң, қолыңнан келіп, иіріп алып кетіп жатсаң, ол да жақсы кәсіп» - деп сендіре сөйлегесін, оның үстіне күнделікті дүкен жұмыстарынан шаршап кеткен соң, әріптестерін бір көріп қайту мақсатында келісім береді.       Міне, осы қадам Сара Сайынқызын бүгінгі денсаулық, салауатты өмір саласына алып келген, бүгінгі шыққан биігіне көтере білген абырой мен беделдің алғашқы сатыларының бірі еді. Одан арғысын кейіпкеріміздің өз аузынан естіп көрсек:
      «-Әріптестерімді көрсем деген оймен барғаным, денсаулық бағытындағы ақпараттық кездесу болып шықты Бұл мені тіптен де қызықтырды. Басқа сала емес, денсаулық саласы болғынан қатты қуандым. Денсаулық бағытында жұмыстар жасап, халыққа денсаулықтың құндылығын түсіндіру екен. Біз дәрігерлер ауру туралы, дәрілер туралы көп білгенімізбен, бірақ денсаулықты қалпына клтіру және оны сақтап қалу жайында, оның табиғат заңымен, Алланың заңымкен үндесіп тұрғанын толық біле бермейді екенбіз. 
      Сол курстан өтіп, өзіме ерекше бір талпыныс сезімі оянып, сол курстан өтіп, адамдарды су ішуге, дұрыс тамақтануға үйрету ұнатып, өзім ізденіп сол саланы оқуға Мәскеуге ізденіп бардым. 
      2005-2006 жылға дейін үш мәрте барып оқып, бірінші Мәскеу медициналық институтынан диплом алған алғашқы нутрицолог қазақстандық мен болдым. 
      Белсенді қоспалар бағытында, олармен қалай жұмыс жасау керек соны үйрендім. Міне, сол уақыттан бері желілік маркетингтегі еркін кәсіпкер болып жұмыс жасап келемін.
      Осы саламен айналысқаныма 19 жыл болады. Мен аурудың жоқ екені, оның пайда болу себебін түсіндіремін. Алдыма келген немесе хабарласқан адамға мына өнімді іш, жазылып кетесің демеймін, алдымен өзіңіз психологиялық дайын болу керексіз. Медицинаның атасы Авиценна алдына келген науқасқа былай айтқан: «Мен – дәрігермен, Сен – науқассың және үшінші сенің – ауруың. Сен қай жағына шығасың. Егер сен аурудың жағында болсаң мен саған ешқандай да көмек көрсете алмаймын, егер сен менің айтқанымды тыңдасаң мен оған көмектесе аламын. Біз екеулеп ауруды жеңеміз» деген екен. Бүгінгі таңда мен де алдыма келген немесе хабарласқандарға осы сөзді әлі де айтамын. Менің косультанттарым да Мәскеу қаласындағы «Академия Здоровья» бітіріп, арнайы Сертификаттар алды», – деп қызметі туралы толыққанды түсіндіріп өткен Сара Сайынқызы консултация-кеңесінің ақысыз екенін айтады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірімен қатар, Ресей елінен де хабарласып, алғыстарын білдіріп жатады.
      «Алып та анадан туады» деген, бүгінгі біздің кейіпкеріміз де ана бауырының ыстық махаббатына бөленіп, әке тәрбиесін көріп өссе де дүйім қазақ елінің кәдесіне жарар жаңа кәсіптің көзін тауып, арманына қол жеткізіп, табысымды молайтамын деген азаматтарға қол ұшын беріп, жүретін жолына дейін көрсетіп келе жатқан, Жалпы тәжірибелі дәрігер, нутрицолог, мотиватор, бизнес-тренер, денсаулық сақтау саласында қолданысы артып келе жатқан бір емес бірнеше кәсіптің негізін салушы. 
      Ауыр еңбек, жауапкершілігі мол жұмыстардан қашпай, таңсық саланы зерттеп, адам денсаулығын дәрі-дәірмексіз, су арқылы да сақтауға болатынын дәлелдеп, бұл тәжірибені жергілікті халыққа жеткізіп келе жатқан Сара Сайынқызы жары Қайрат Сағиұлы екеуі 4 перзент тәрбиелеп отыр. Үлкені Арайлым Қайратқызы Алматы қаласынан Заң саласында бітіреді, екінші қызы Гауһар Қайратқызы Алматы қаласының халықаралық қарым-қатынастар институтын бітірген. Егіз ұлдары Еркебұлан және Еркеұлан Қайратұлы қалада салынып жатқан зәулім үйлерді пластикалық терезелермен қамтитын фирмада қызмет етіп жүр.
      Ертеңгі күнге назар тіккен әрбір жұмыр жүректі пенде армандай білуі керек, арман адамды алға жетелейді. Адамның қолы жетпейтін нәрсе болмайды. Тек ынта, ықылас, қозғалыс керек. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай әрдайым осындай ісімен де, сөзімен де өзгелерге үлгі болып, денсаулық сақтау саласында тұрғындарға тегін көмек көрсетіп, салауатты өмір сүруге мүмкіндік беріп келе жатқан Сара Сайынқызы және оның командасының жанында жүріп, еңбек етіп, ел аралағанға не жетсін! 
      Жолыңыз ашық болып, өзіңіз айтқандай талай шыңдарды бағындыра беріңіз, ардақты жан!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....