Табысы мол кәсіпкер
![]()
«Шебердің қолы алтын» дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Асыл тастан сән бұйымын жасаған, жүннен көздің жауын алатын бұйым жасап, сүйек пен мүйізді қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұрарлық өнер туындысы. Қазақ қашаннан он саусағынан өнер тамған ісмер жандарға кенде емес. Тігін дегеніміз – тұнып тұрған математика. Себебі, дәлдік, есеп, тендік керек. Тігіншілік өнер бойға шабыт беріп, көңілге шаттық ұялатады. Адамды іскерлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Зеректік пен ептілікке тәрбиелейді.
Осындай тігін өнерін кәсіп етіп, оймақтың оюында тағылым жатқан салада қызмет етіп келе жатқан өнерлі де еңбексүйгіш кәсіпкер Ботай Жақияұлы 1965 жылдың 20 қазанында Қытай Халық Демократиялық Республикасы, Мори ауданы, Шоқпартас ауылының Шиди елді мекенінде малшы отбасында дүниеге келді. Жердің шұрайы мен құнарын іздеп, көшіп-қонған аталарымыздың ата қонысы болған, кейінірек шекара бөлінісі кезінде көрші елдің аумағында қалған өлкеде балалығын өткізді. Әкелік болмысында әділдік пен адамгершілік менмұндалап тұрған асқар тауы Жақия Әлжанұлы өз заманының бетке ұстар азаматтарының бірі, өжет мінезді қайсар, өте сауатты адам болған. Айналайын деп шашынан сипағандағы ыстық табы мәңгілікке қалатын анасы Мәрзия Зүкірқызы да ел құрметіне бөленген жан болған. Ана махаббатын сезінген жан ғана ол туралы толық жеткізе алатыны секілді, бұл туралы кейіпкеріміздің өз сөзіне құлақ түрсек:
- Әкеміз Жақия Әлжанұлы, шешеміз Мәрзия Зүкірқызы екеуі де халықпен жұмыс жасайтын әр саланың адамдары болған. Есімде қалғаны, әке-шешеміздің елеулі жұмыстарын айта кететін болсам, әкеміз Жақия 1900 жылы дүниеге келіп, 1979 жылы 1 қазанда өмірден өтті. Осы аралықта аса ауыр жолдарды жеңіспен басып, бір дәуірде ел басқарып, жоққа жәрдемші болса, бір мезет 1950 жылы қазіргі тілмен әскер мен бұқара арасындағы үгіт тәрбиешісі болған. Кейін Мори ауданы, Шығыс ауылында ауыл
![]()
бастығы болып, кейін кредит алмасып, қызметші болып істеген. Жақия Әлжанұлы Қазыбек руының ішіндегі аса зор беделге ие болған. Тұстас Қазбектің келіндері Би аға деп атаған абыройлы адам болған.
Ал шешеміз болса, 1922 жылы дүниеге келіп, 2005 жылы 4 мамырда дүниеден озды. Бала жасынан оқуға түсіп, өнер-білімге әуестенген адам еді. Анамның айтуы бойынша, 1939 жылы 17 жасында сол кездегі Гомандаң үкіметіне мемлекеттік дәрежелі мәжіліс уәкілі (мәжіліс депутаты) болып қатысқан екен. Кейін әкемізбен үйленгеннен кейін, 10 балалы алтын құрсақты ана болып, бізді бағып өсіріп, дүниеден өтті, – дейді кейіпкеріміз ата-анасына деген құрметін көрсете біліп.
Ботай Жақияұлы мектепті тәмамдаған соң бірнеше жыл мал бағып, өңдірістік еңбекпен араласа келе, өмір жолын өнер мен базар шаруашылығына бұрады да, алғашқы қадамын қазақтың кесте дамытудан бастайды, жаппай ізденіспен базардың қиян-кескі тоғызында өзінің тамаша тәжірибелерін топтап, кесте мәдениетін дамытуға арнайды.
Қазақ қолөнерінің басты бір саласы – тігіншілік. Қадым заманнан күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін жоймаған осынау өнерді тұтынушының талғамына жəне заманға сай икемдеп, нарыққа ұсынып жүргендер бар. "Жаратушы пендеге тоқсан тоғыз қасиет береді" дейді дінімізде. Соның әр адамға бес-алты қасиеті дариды-мыс. Сондай қасиеттің бірі – ісмерлік. Өзінің шеберлігімен елдің алғысына бөленіп, ризалығын ала білген Ботай Жақияұлы сол жылдардан бастап, өзінің қолынан келетін, икемі бар тігіншілік кәсіпті бастап келе жатты.
2009 жылы сәуірде Мори ауданы, Шоқпартас ауылындағы неше жүздеген адамды бір ара шоғырландырып «Ақ Орда» атты кестешілік кәсіптік корпоративін құрды. Көптеген адамды кәсіптендіріп отбасылық кірістерін арттыруға жебеуші болады. Әрі кестелі машина, орындық қабы сияқты бұйымдарға патенттік құқығын, кесте корпоративіне мың шеберді топтайды. Кәсіп көлемін үздіксіз кеңейткен Ботай 2011
![]()
жылы Мори ауданы «Айбоз» ұлттық кесте жауапкершілік серіктестік шектеуін құрды. Сол кезде қала орталығында қазақ кесте өнеркәсіп орталығынан ойып орын алып, жалпы мыңға жуық отбасы әйелдерін кәсіптендіріп отырды. Ботай Жақияұлы қоғамдағы кәсіп күткен жастардан 360 адамды жұмысқа қабылдап, жоғары еңбекақымен қамтамасыз етіп, бір жағынан өнер үйретіп, кәсіпке жетеледі. Осы еңбегін көрген үкімет Шәндуң өлкесіне Мемлекеттік дәрежедегі арнаулы курстарға жіберіп, түйінді тәрбиелеп, әрі сол орыннан «Алғыр техника» деген диплом алды. Сол еңбектерінің нәтижесінде облыстан 1 рет, қалалықтан 2 рет, ауданнан 3 рет, ауылдан 2 рет сыйлық алып, кеудесіне орден таққан Ботай Жақияұлы 2012-2017 жылдары 5 жыл қатарынан аудандық халық құрылтайының мәжіліс депутаты қызметін де абыроймен атқарды.
Ботай Жақияұлы мен жары Сайран Сүлейменқызы екеуі тағы бір жақтан шоқпартас сынды байтақ сахарадағы дала жайылымы мал шаруашылығының дамымауы, оның үстіне оның шикізаттарының базар құнының төмендегенін жеке байқап, мал шаруашылығын дамыту мал өнімдерін базарға салуды көздеп «Ай мүйіз» атты серіктестігін құрып, өздерінің ұзақ жылдық ізденісі арқылы тапқырлығын меншікті маркасы арқылы шоқпар тастың жерлік тұқымды мал негізінде, асыл тұқымды малды молынан жетістіріп мал өнімдерін базарға салуға бел шешіп, кірісіп келді. 2017-2022 жылдары аралығында қазақи нақыштағы әмиян өндіріп шығаратын «Кербез» атты кәсіпті ашып, өркендетті. «Кербез» атты кәсібі өрге жүзіп, берекелі болды. Себебі, бұл кәсіп халықтың көңілінен шығып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ашылып, Шымкент, Алматы қалаларынан желі болып таралды. Жұмысқа көпбалалы отбасыдан шыққан жастарды алып, оларға үйретіп, кәсіп бастауларына себеп болды. Ұлы Ботай Өркеннің де жеке кәсіп ашуына себепкер болып отыр.
Сонымен қатар, Ботай Жақияұлының үлкен жетістіктерге жетуінің сыры ата-анасының берген тәлімі мен тәрбиесінде жатыр. Осындай үлкен өнер иесінің барлық алған абыройына, жетістіктеріне, атақтарына осы кіслердің қосқан үлесі мол. Ірілі-ұсақты шаруаның бәріне осы кісінің берген кеңесі мен ақылы себеп болып, кейіпкеріміздің бойындағы талапшылдығы,
![]()
тиянақтылығы сөзсіз осы кісіден дарыған. Қазір сол қалыптасып қалған кәсіпті жалғастырып, тігілген өнімдерді ел қажетіне орай алушыларға, сауда орындарына тапсырып қояды. Жеңіл өнеркәсіптің бір саласы – тігін өнеркәсібі.
Ботай Жақияұлының мақсаты - жеңіл өнеркәсіптің отандық үлгілерін ілгері шығарып, үлкен бәсекелестіктің шыңына шығу. Ол үшін үлкен еңбек, темірдей төзім керек. Кейіпкеріміздің әлде де талай жетістіктерге жетіп, табысқа кенеліп, халыққа адал қызмет ететіне бек сенімдіміз!
Ботай Жақияұлының деніне саулық, отбасына амандық, кәсібіне табыс тілейміз!
![]()
![]()