Арыстанова Жанат

Рейтинг:

Іскер әйел

      Қазақтың қаракөздері қай жағынан алып қарасақ та өте мықты келеді. «Қыз - қонақ», «Қыздың орны төр» деген қағидамен бой жеткен әрбір нәзік жанды жаратылыс иесі өзінің саналы, білімді болып өсуіне мән беріп, кішкене күнінен тәрбиенің маңызын санасына түйіп есейеді. Даладай дархан көңілді әрбір қазақтың табалдырығы берекеден бастау алып, бала-шағасымен шаттықтықты шаңыраққа айналады. Баласына бар жақсысын беріп, дұрысын үйретіп, жаманнан бойын аулақ салуға тырысады. Бәрінен бұрын баланы жас күнінен өнер мен білімге баулиды. Әр баласының әртүрлі салада болуын, сол салада жетістікке жетуін тілейді. 
      Әсіресе, қыздарына ерекше көңіл бөліп, жылы сөйлеп, жақсының барлығын қызыма болсын дейді. Ел көзіне көрікті қыз баласы, сол көркіне сай инабатты, салмақты, ақылды, парасатты болуы керек деп қыз баласын нәзіктікке тәрбиелейді. Ата-анасының әдемі қарым-қатынасын көріп өскен әрбір бала болашақта сондай болмаққа ұмтылатыны рас.       Осындай өнегесі мол, еліне сыйлы, шаттықты шаңырақта 1970 жылы 6 желтоқсанда Түркістан облысы, Төле би ауданы, Диханкөл ауылында дүниеге келді. Көпбалалы отбасынан шыққан Жанат өте бауырмал, көпшіл жан. Отбасында ата-анасының 4-перзенті. Барлық бауырлары секілді Жанат та мектеп қабырғасында озаттар қатарында болды. Мектептің қоғамдық шарасынан қалмайтын. Сыныптастары арасында ашық ойымен, тапқырлығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен дараланды. Ұстаздарының мақтанышы болған Жанат мектепті ойдағыдай жақсыға бітіріп шықты. 
       Жанат Есенқызы Шымкент педагогикалық университетін «Туризм саласы» бойынша тәмамдап шықты. Жан-жақты замануи жас 1988 жылы "Шымкент қалалық мұнай базасында" оператор болып жұмыс істеді. 2000 жылы Астана қаласында «Қазмұнайгаз» компаниясында бухгалтер, 2012 жылы «ШикТрейд» тігін компаниясында басқарушы, 2014 жылы жеке кәсіпкер, Шымкет қаласы «Сымбат дәмхана» құрылтайшысы, 2023 жылы ЖШС "Zhanat" балабақшасының құрылтайшысы болып басқарушы қызметін атқарып отыр.
      Кәсіпті бастамас бұрын оны зерттеп-зерделеп барып жасаған дұрыс. Алдымен отыратын кеңсе керек. Ол үшін оның жөндеу жұмыстарына да уақыт кетеді. Ең бастысы адамның өзіне өзінің сенімділігінің болуы маңызды. Сондай-ақ ниеттес жандардың бірлесіп, ауызбіршілікпен жасаған ісі өнімді болады. Қолға алған кәсіпті жандандыру бір бөлек, ал оны елге түсіндіріп, сендіре білу бір бөлек. Алға қойған мақсат пен жоспар орындалуы үшін күндіз-түні уақытпен санаспай жұмыс жасауда Жанат бір тыным тапқан емес. Оның бастаған кәсібінде ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Адамға қажетті дүние сапалы болса, келушілер, тұтынушылар тұрақты және көп болары сөзсіз. Жанаттың тігін компаниясы өз алдына бір бөлек әңгіме дейтін болсақ, бала болашағы жолына жасап отырған игілікті ісі құптарлықтай, тіпті ауыз толтырып айтарлықтай.
      Жігер-күші, қажыр-қайраты мықты, парасат пайымы келіскен, өзіне ғана тән табиғат берген болмысымен қолға алған әрбір ісінің қыры мен сырын зерттеуден жалықпайды. Өзінің тиянақтылығымен, ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен бастаған ісін аяғына тік тұрғызып әкете алатын қасиеті көпке үлгі боларлықтай. Бір сәтте бірнеше жұмыс жасауға дағдыланған білімді де білікті маман орыс тілді балабақшаның негізін қалады. Әрине, мұнда қазақ тіліне басымдылық берілген. Себебі, балабақшаға келушілердің дені қазақ балалары. Орыс тілді балабақшада дамуға барлық жағдай жасалған. Әртүрлі үйірмелер де үздіксіз жұмыс жасап тұр. Атап айтқанда психолог, ағылшын тілі, қазақ тілі пәндері, монтессори, логопед, би үйірмелері бар. Яғни, балалардың қажеттіліктері толығымен қанағаттандырарлық.      Жанат Есенқызы барлығына бірден қол жеткізген жоқ. Табысты болу үшін көп оқыды. Жан-жағын бағамдап, сол бастағалы отырған ісінің қоғамға қаншалықты пайдалы болатынын ойлады. Кейіпкеріміздің интеллектуалдық қабілеті жоғары деуге болады. Себебі ол қоғамшыл, батыл, көшбасшылық қасиеттерге ие. Мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қоя білетін жан. Келіссөздер жүргізуді және дұрыс шешім қабылдай білуді жан-жақты меңгерген мықты маман десек, артық айтпаған болар едік.
      «Кәсіпте бәсеке, озу және жұмыс істеу ғана болады. Сондықтан кәсіп ашқан адамға тынығуға және демалуға болмайды. Кәсіптің өзі қажеттіліктен басталады. Адамның ішкі жігері мықты болса алмайтын қамалы болмайды. ХХІ ғасыр даму ғасыры дейді. Ендеше, бастаған істі жандандырып, тірлік-тынысыңа дем беретін дамытушы күш бұл жаңашылдық деген болар едім. Яғни, жаңа технологиялармен жұмыс жасай білу маңызды. Сонда ғана мәселең жедел шешімін табады. Әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің маңызды мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан да елімізде әйелдің саяси һәм қоғамдық белсенділігіне айырықша көңіл бөлініп, беделді де іскер, білімді де білікті қыз-келіншектерге даңғыл жол ашылды.       «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген қанатты сөз бар. Расында, бүгінде бұрымдылар билік басында ер азаматтармен иық тіресе жұмыс жасап жүр. Қазіргі таңда республика бойынша кәсіпкер қыз-келіншектердің үлесі зор деген болар едім. Солардың бірі міне, өзім», - дейді Жанат Арыстанова.
      «Әйел-Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген әдемі тәмсіл бар. Жанат Есенқызы іскер әйел ғана емес, ол бір шаңырақтың ақ жаулықты анасы. Жұбайы Тулеев Жабай Ережепұлы екеуі берекелі шаңырақта 1 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп, өсіріп отырған бақытты жандар. «Күміс алқа» иегері Жанат Есенқызының перзенті Жандар 1990 жылы туған. Индира 2003 жылы, Сымбат 2004 жылы, Еркежаны 2005 жылы, Ұлболсын 2008 жылы, Кәусар 2011 жылы дүниеге келген. Барлық перзенті ақылды да алғыр, өнерге бейім.       Әртүрлі салада 35 жыл тер төгіп келе жатқан кейіпкерімізге мықты денсаулық тілеп, отбасы аман болып, жасап жатқан кәсібі жемісін төге берсін дейміз! 
      Елдің алғаусыз алғысына бөлене беріңіз, ізгі жан!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....