Табысты кәсіпкер ![]()
Әйел адам – ерекше жаратылыс иесі, Әйел адам – ерекше құбылыс. Әйел адам – феномен. Әйел - ол әлем. Әйелдер – қазақ тарихында мәңгі іңкәр болатын, «шыр» етіп дүниеге келгенде құштар болатын жанына сұлулықты дарыта білген, жаныңды разы қылып, жүрегіңді тебірентетін ұлы күш иелері. Бүгінгі қоғамда да тұрмыс талқысына мойымайтын қайсар мінезді, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік қасиеті бар, ақылды, айналасына қамқор, қоғам жанашыры, ең бастысы нәзік жанды Ана атанып жүрген аяулы жандар аз емес-ті.
Еңбекпен есейіп, өмірден өз еншісін алған, қазақтың қайсар қыздарының бірі, іскер әйел, табысты кәсіпкер Номанова Әйгерім Серікбайқызы 1992 жылы шілде айының 28-жұлдызында Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келді. Ұғымында ұлттық болмыс менмұндалап, мәдениет пен өнердің диірмені шыр айналған қасиетті мекеннің тумасы Әйгерім Серікбайқызы кішкентайынан-ақ алғыр, қатарластарының алды бола білді.
Үлкен өмірге жолдама берер №2 білім ордасын ойдағыдай тәмамдаған соң, Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін тәмамдап, қаржы саласы бойынша 2014-2019 жылдары «Хоум Кредит Банкте» менеджер, аға менеджер қызметтерін атқарды. Қаржы саласында қызмет ете жүріп, нарықтың тілін тап басып тауып, кәсіпкерлік саласына бет бет бұрған Әйгерім Серікбайқызының алғашқы кәсібі 2017 жылы «Айару» жеке кәсіпкерлігін ашу еді. Көзі ашық, көкірегі ояу жас үшін, кәсіпкерлік ортасы сырт қарай қойған жоқ, қайта бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын, жаңаша көзқарастағы,
![]()
еңбексүйгіш іскер әйелді кәсіпкерлік ортасына тартты. Осылайша, уақытпен санаспай, еткен адал еңбегінің арқасында тәжірибе жинақтап, кәсібін дөңгелете білген жас 2019 жылы Монша және СПА-саунасын ашып, сол жылы бір орында тұрып қалмай «Айкафуд» жартылай дайын өнімдерін шығаратын кәсіптің негізін қалады.
2020-2022 жылдары "Шаңырақ" баспана корпорациясының Менеджері қызметінде болып, білім-біліктілігін арттыраған Әйгерім Серікбайқызы 2021 жылы «Халық» наубайханасын ашып, жергілікті дүкендер мен мейрамхана, кафелерді дайын жартылай өнімдер және нан өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді.
Бірнеше кәсіптің көзін тауып, негізін қалап, бүгінде жұмыстарын қадағалап отырған Әйгерім Серікбайқызы «Айкафуд» өнімдері бойынша Түркістан қаласы бойынша 26 дүкенге таратса, 6 кафемен келісім-шартқа отырған. Ал «2022 Қазақстан ең үздік тауар» аталымына үміткер болған 42 түрлі дайын жартылай өнімдері арқылы өнімдері арқылы, кейіпкеріміз сапалы өнім жағынан бірнеше мәрте, жергілікті телеарнаға шақырылып, сұхбат беріп, тұтынушылардың оң бағасын да алды. Халық наубайханасы Түркістан қаласы бойынша 18 ден аса нан түрін өндіріп бірнеше дүкендерді нанмен қамтамасыз етіп, 2 кафеге тұрақты түрде нан өнімдерін жеткізіп келе жатқан Әйгерім Серікбайқызы қоғамдық істер мен қайырымдылық шараларына белсене араласып отырады.
Жақсы адам жан-жағына нұрын төгіп жүреді. Бастаған ісін тиянақты орындап, әр нәрсеге жауапкершілік танытып, өзінің тәжірибесін басқаларға айтып, өнегелі жолын үлгі ете біледі. Қай ортада болмасын жаны жайсаң, парасат-пайымы келіскен, байсал
![]()
мінезді, өз саласының қыры мен сырын жетік білетін, нағыз жұмысы аты секілді сол жұмыстан рухани рахат табатын жандар болады. Жалпы адамның ең басты қағидасы өмір сүру болса, осының алғашқысы жақсы жар табу да, екіншісі өзінің жүрегіне жақын еңбек түрін табу екенін бәрі жақсы біледі. Әңгіме етіп отырған Әйгерім Серікбайқызы міне, сондай жан.
2022 жылдан «Атамекен» ЦРЖП Түркістан қаласы жас кәсіпкер әйелдер төрайымы, 2023 жылдан АСМР мүшесі және «Аманат» партия мүшелігіне өткен Әйгерім Серікбайқызы білімін одан әрі жетілдіріп, 2022 жылы IMPERIAL COLLEGE BUSINESS SCHOOL ООН бизнес мектебін бітірді.
Тәуекелшіл, шыдамды, сабырлы да иманжүзді Әйгерім Серікбайқызының жан-жағында кіл жақсы мен жайсаң жиналған деуге болады. Себебі ол достыққа адам талғамағанымен, жан дүниесіне жақын келетін жақсыны көптің арасынан даралап таңдап алады. Сонысымен де басқалардан ерекше. Көпшіл болғанымен, көп арасынан туысындай етіп алған жақын достары аз. Өзінің көңіл-күйін бір қалыпты ұстайтындықтан, Әйгерім Серікбайқызының өкпелеп жүргенін ешкім байқамапты да. Бірқалыпты, биязы, тыныштықты, жайлылықты жаны сүйетін білікті маман қай жерде қызмет етсе де сыпайылығымен, тиянақтылығымен көзге түсті
![]()
.
Қара сөздің қаймағынан дәм татып, талай шығармалардың оқиға желісіне қанық болып өскен кейіпкеріміздің бойынан батылдық пен қайсарлық еш ажыраған емес-ті. Қоғам белсендісіне айналып, өлкенің маңызды мәселелерін шешуге ат салысып жүрген аяулы жан Әйгерім Серікбайқызы адал еңбегінің арқасында 2021 жылы «Блогер» марапатын иеленсе, 2022 жылы Түркістан облысы іскер әйелдер кеңесінің төсбелгісі және 2023 жылы «Кәсіпкер әйел - ол Әлем» төсбелгісімен марапатталды.
Иә, адам еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткізеді. Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Сондықтан да «еңбек түбі береке» деп жатамыз. Жалпы қай уақытта болмасын нағыз іскер жандарды төбемізге көтеріп, мақтанып жүретін дана халықпыз ғой. Келешекке сеніммен қадам жасау үшін жас ұрпаққа тәлім аларлық өнегелі істерді, парасатты өмір иелерін үлгі ету адамдық парызымыз ретінде санап, үнемі сондай беделді, абыройлы жандарды алыстан емес, арамыздан іздеп табатынымыз сондықтан. Әйел ана - ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді ұрпағына
![]()
дарытушы десек, ол өз ісіне берілген маман болумен қатар, отбасында Айару, Алисұлтан және Нұриман есімді үш перзент тәрбиелеп отырған ардақты ана да. Өзінің сүйікті ісінен береке тауып, көптің ықыласына бөленіп отырған кейіпкеріміз Әйгерім Серікбайқызына Алла берген абыройы артып, бедел биігіне көтеріле берсін деген тілектеміз!