Парасатты тұлға
Халқымыз ежелден-ақ өнерді баға жетпес асыл дүние, халықтың салт-дәстүрі мен тұрмыс әдебиетінің ең үлкен бөлігі ретінде қолданып келген. Себебі өткеннің өмір өрнегіне үңілер болсақ, өнерімен сыйлы болған сал-серілерді қалай аспанға көтеріп, сый құрметке бөлегендерін көреміз. Осыдан-ақ қазақтың қаны мен жаны, тілі мен діні ғасырлар бойы халқымыздың қазынасы өнермен бірігейлесіп кеткенін аңғарамыз. Әйтпесе, күн демей, түн демей толассыз жауған нөсердей болған талай жыршының жүрегінен тесіп шыққан мөп-мөлдір жырларын бір орнынан қозғалмай тыңдап, бір-бірінің басын сөзбен кесердей болған ақын-айтыскерлеріміздің айтысын ләм-мим демей құлақ салып келген емеспе?!
Батыста еркелей аққан Еділ мен Жайықтан бастау алып, шығыста қазынасы ортаймайтын қазыналы кенді Алтайға дейінгі созылып жатқан аймақта, дархан қазақ даласында талантымен, өнерімен елін паш еткен, ұлттық рухани болмысына әсер етіп, текті де, саналы ұрпақ тәрбиелеу және өнер мен мәдениет дамуына өзіндік үлесін қосып кеткен дарындар аз болмаған. Оған куә–дарынды тұлғалардың қайталанбас есіл еңбектері мен өшпес ғұмырға айналған өнегелі өмірі. Өнер адамы – халықтың ұлы. Анадан туып, атаның баласы болып ер жетсе де, тәңір берген ерекшелігі мен қабілетінің арқасында халықтың, бүкіл адамзаттың ұлы бола білді.
Өткенді айтсақ көсіле шабатынымыз анық, десек те дауысы дархан даланы жаңғыртқан, талай тектілер мен дүлділдердің табаны тиген өлкеде өмірге келіп, дархандық пен кеңдікті, парасаттылық пен дарындылықты бойына сыйдырып, мәдениет ордасында жүріп, қызмет етіп келе жатқан тұлға туралы кеңінен айтып өту – журналистік парызымыз деп білеміз. Бүгінгі кейіпкеріміз Төлебеков Маханбет Шалқарұлы да өнер десе есімі қоса айтылатын, мәдениет майданында сауырына қамшы салдырмай шауып келіп жүрген, ақпараттық басылым саласында да өзіндік айтар ойы бар нарқасқа азаматтарымыздың бірі.
«Арыс толқындары» ЖШС «ART TV» телеарнасы, «Шалқар шыңдары» республикалық ақпараттық-танымдық газетінің құрылтайшысы, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 2014 жылдан бастап ОҚО, ТО Кәсіпкерлік палатасы Арыс қалалық филиалының директоры қызметін атқарып келе жатқан Төлебеков Маханбет Шалқарұлы 1958 жылдың ақпан айының 25 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы «Ленин» ауданы, қазіргі Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылы, Ақтас елді мекенінде дүниеге келді.
Аспанын ақ бұлт торлаған өнер мен мәдениет, руханият пен дәстүр тоғысқан өлкеде бақытты балалық шағын өткізген Маханбет Шалқарұлы жарқын болашаққа жол бастар білім ордасының табалдырығын бұрынғы Ленин ауданына қарасты В.В. Маяковский атындағы мектепте аттады. Жүйрік болар Тайбурыл құлын күнінде төрт аяғын тең алатыны секілді, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Маханбет те мектепте, сыныптағы алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі болды. Бала бойына тән зеректік, алғырлық пен сабақты зейінімен тоқып алуы, ұстаз тапсырмасын екі етпей орындауы, болашағынан үлкен үміт күтуге болатынын оқушы кезінен-ақ таныта білді. Мектеп бағдарламасымен қатар, сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, ашық сабақтар мен пән апталықтарында өзінің алғырлық қабілетін көрсете білді.
Тасқа салса да жүзі қайтпайтын, қайнаудан шыныққан болат қылыштай, бойындағы қайсарлық пен қайраттылықты, қабілет пен талаптың жігерімен жаныған жас осылай ізденіп, ұмтылып, ұстаз тәлімін алға жүріп, мектепті озат оқушылардың сапында үздік бітірген жас 1975 жылы оқуды үздік бітірді. Жастайынан өнерге жақын ол мамандық таңдауда жаңылмады. Жетісайдағы мәдени-ағарту училищесіне оқуға түсті. Өнердің қыр-сырына біршама қаныққан М.Шалқарұлы білімін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдени педагогикалық институтының мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырушы факультетіне оқуға түсіп, аталған оқу ордасын ойдағыдай бітіріп шықты.
Қимылы ширақ, қоғамдық жұмыстардың басы-қасында жүретін, өзіне тапсырылған істі аяғына дейін жеткізбей тынбайтын жас Маханбет Шалқарұлының 1975 жылдан бастап нағыз өнер додасына түсіп, шыңдалар сәті басталды. Ленин аудандық мәдениет бөлімінде киномеханик, клуб меңгерушісі, мәдениет үйінің директоры қызметтерін абыроймен атқарып, бірнеше еңбек сатыларынан өтті. Жаңа басшы өзімен бірге тың жаңалықтар әкелді. Мәселен, оның бастамасымен «Балдәурен» домбыра үйірмесі ашылып, «Гүлдәурен», «Арман» вокальді аспапты ансамбльдері құрылды. Аты аталған өнер ұжымдары облыстық байқауларда «Бас жүлде» алып жүрді.
1995 жылы Арыс ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне арнайы шақыртумен келген Маханбет Шалқарұлына жауапкершілік молынан жүктелді. Себебі, мәдениет саласының ақсап тұрған шағы еді. Бірақ, іскерлігі арқасында ол тұйықтан шығудың жолын тауып, Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет өткізілген «Қоңыраулы қошақан» облыстық жасөспірімдер арасындағы ән-би байқауы Маханбет Шалқарұлының басқаруымен Арыс жерінде дүркіреп өтті. Аталмыш конкурс күні бүгінге дейін өтеді. Ал 1999 жылы Арыс ауданынан «Арыс толқындары» телеарнасын ашып, халық көңілінен шықты. 2003 жылдан бастап Маханбет Шалқарұлының өнердегі драмалық саласы шындап қызықтыра бастады. Ш.Айтматовтың «Қашқын» драмасы 2004 жылы облыстық драма үйірмелерінің байқауында І орынды, ал 2005 жылы драма үйірмелерінің облыстық байқауында драматург Д.Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты драмасы сәтті шығып, қанжығасына «Бас жүлдені» байлады. Сондай-ақ «Ауылым-алтын бесігім» облыстық байқауында да І орын иемденген.
Маханбет Шалқарұлы сегіз қырлы өнерпаз. Ол – әнші, актер, домбырашы, және күйсандықты толық меңгере білген музыкант, ұйымдастырушы қабілеті жоғары азамат. Маханбеттің орындауындағы Ш.Қалдаяқов, А.Еспаев, М.Шаханов, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев т.б компазиторлардың тамаша әндері өз алдына компакт диск болып халық арасында кең таралып кеткен.
2006 жылдан Отырар ауданы Әль-Фараби мәдениет сарайына қызметке келгеннен бастап осы салада өз қолтаңбасы барын көрсетті. Мәдениет сарайының қызметкерлері және өнерпаздары арасындағы жұмыс бір қалыпқа келіп, жаңадан үйірмелер ашылып, үйірмеге керекті музыкалық аспаптар, дыбыс күшейткіштері алынып, әртістердің сахналық киімдерімен және т.б күнделікті қажетті заттармен толықтырылды. Халық театры өнерпаздары Ш.Құсайыновтың тарихи «Әл-Фараби» драмасын аудан, облыс көрермендерімен бірге халықаралық «Әл-Фараби» ғылыми конференциясындағы шетелден келген қонақтарға ұсынылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал 2007-2009 жылдар аралығында Отырар ауданындағы «Әл-Фараби» телеарнасының директорлық қызметін абыроймен атқарып, бірқатар бағдарламалардың тұсауын кесті. Атап айтсақ, «Ауыл тынысы», «Заң аясында», «Ел іші-өнер кеніші», «Депутат арнасы», «Шамшырақ», «Білім ошағы» сынды бағдарламалар көрермен қауымға жол тартса, түйіні тарқатылмаған өзекті мәселені қамтыған хабарлар көпшіліктің көңілінен шықты. Жас мамандардың шығармашылығын шыңдау жолында аянбады.
Адамның өзіне деген сенімі – бұл тамаша нәрсе. Өйткені ол адамның өз қабілетін білетіндігінің, сезетіндігінің белгісі. Ал адам өз күшіне сенген уақытта барып, қолы алыстағы арманына жетеді. Әрбір жанның өзіне ғана тән табиғат берген қасиеті болады. Оны ешкімдікімен салыстыруға не алмастыруға, таластыруға болмайды. Бойға біткен асыл қасиет тыныштықта пісіп, жетіліп, уақыты келгенде бағы жанады. Бақыт деген де көптің басына қона қоймайтын киелі дүние. Ол да өмірге көзқарасы ерекше, жан-жағын бағалай алатын, жақсыны тани білетін жанға қонады. Бойындағы бар күш-жігерін жинап, алдағы болашағына сеніммен қарап, өмір иірімдерінде кездесетін қиындықтарға мойымайтын қайсар мінезді азамат.
Маханбет Шалқарұлынымен тілдесе кетсең, оның жанында сағаттап отырып, сыр ақтаруға болады. Ол өзі сондай жан, жанына келген адамды тани алатын, адамгершіліктің иісін алыстан сезетін сезімтал, ақылы зерек, ойы ұшқыр. Жүзінен күлкі кетпейтін қайсар жанды көрген кезде жаңа демің ашылғандай күй кешесің. Оның аурасы тым бөлек, отты жанарынан тайсалатын талайлар, оның айтып салатын мінезінен жасқанады. Алайда жүрегі жұмсақ, адамгершілігі мол, өз ортасында беделге ие, парасат-пайымы келіскен жан.
Саналы ғұмырын өлмес өнердің еншісіне айналған мәдениет саласына арнаған Маханбет Шалқарұлының еңбек еткен жылдары басшылық, халық, мәдениет ордалары тарапынан еңбегі бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, өнер саласында қызмет етіп келе жатқан медениет майталманының қол жеткізген жетістіктері мен еңбегінің шынайы бағасы болған марапаттарына көз жүгіртсек:
1987 жылы ІІ бүкілодақтық халық шығармашылығы Фестивалінің Лауреаты;
2011 жылғы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі;
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;
«Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі:
«Армия генералы С.Қ.Нұрмағанбетов» медалі;
2011, 2015 жылдары мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты;
2017 жылы маусым айында ҚР «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет Грамотасы;
2018 жылы ҚР «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» I дәрежелі төс белгісі;
ҚР «Атамекен»ҰКП Құрмет Грамотасымен;
2019 жылы ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хаты;
ҚР «Атамекен»ҰКП Алғыс хаты;
Облыстық мәдениет басқармасының, Арыс қаласы әкімдерінің, Отырар аудандық мәслихатының, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының Алғыс хаттары;
2020 жылы «Арыс қаласының Құрметті Азаматы» атағы берілді;
2021 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Адал еңбегі үшін» III дәрежелі медалі;
Қалалық мәслихаттың депутаты, «Шалқар шыңдары» газетінің директор-редакторы, отбасында аяулы жар, асқар тау әке Маханбет Шалқарұлы демеушілік жұмыстармен де айналысып, қайырымдылық шараларынан қалмай қатысып келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жаны жомарт адамның игі істерін бір саралап өтсек:
- 2015 жылы мектеп бітіруші түлектердің 40 жылдық мерекесіне орай арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округіне белгі орнатып, демалыс орнын ашуға өз үлесін қосып, 275 мың теңге;
- 2015 жылы мамыр айында Балалар арасындағы Республикалық телевизиялық “Айгөлек”атты конкурсқа қатысу үшін Б.Онтаев атындағы жалпы орта мектебінің “Шалқыма” би тобын Алматы қаласына барып келуіне жол қаражатына демеушілік жасадым,12 оқушыға жалпы сомасы 150 мың теңге;
- 2016 жылы қазан айында Балалар арасындағы Республикалық “Айгөлек” атты конкурсқа жартылай финалға қатысу үшін “Шалқыма” би тобын Алматы қаласына барып келуіне жол қаражатына демеушілік жасадым 12 оқушыға жалпы сомасы 150 мың теңге;
- Әлеуметтігі төмен 15 отбасына 300 000 теңгеге азық – түлік;
- Монтайтас орталық мешітіне 200 000 теңге;
- Көшік ауылдағы құдыққа 100 метр труба және глубинонасос алуға 300 000 теңге;
- Б.Онтаев мектебіне балалар билейтін (хореография) залға құрал-жабдықтарға 1 000 000 теңге;
- Тілеуов отбасына үйі өртенгенде төбе жабуға 100 000 теңге;
- Орыс ауылдағы стадионды қоршауға 500 000 теңге;
- Шағыр елді мекеніндегі «Мұрат ата» мешітіне материалдық жәрдем үшін 150 000 теңге;
- Тілеубердин мектебіне 50 000 теңге;
- Қабылсай орталық мешітіне екі камера, 1 телевизор 100 000 теңге (жалпы құны);
- Қабылсай мектебіне 100 000 теңге;
- Маликов отбасына материалдық көмекке 100 000 теңге;
- Әлеуметі төмен Арыс қаласындағы отбасына сауықтыруға 30 000 теңге;
- Арыс орталық мешітіне 500 000 теңге;
- 4 оқушы 120 мың теңгеге киіндіріліп, оқу құрал -жабдықтарын алды;
- Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай 2 отбасына 30 мыңға азық түлік;
- 2017 жылы Қабылсай орталық мешітіне 1,5 тонна цемент, бір машина құм түсіріп берді;
- Қабылсай балабақшасына 60 мың теңге;
- «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігіне 30 жыл атты акцияға 143 мың теңге;
- Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне 10 мың теңге;
- 2018 жылы «Мектепке жол» акциясы бойынша 10 балаға 200 мың тенге;
- 30 мың тенге 1 адамға сауықтыру мақсатында демалыс орнына жіберді;
- 2019 жылы Мектепке жол акциясы бойынша 5 оқушыға 100 мың тенге, 3 оқушыға ақшалай түрде 75 мың тенге, «Нұр шашу» би ансамбліне 80 мың теңге, Арыс қаласында 24-ші маусымда болған жарылыста үш ай Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының 25 қызметкерін жатын орнымен, ертеңгілік және кешкі тамағымен өз үйінде ақысыз қамтамасыз етті 9 000 000 теңге;
- 2020 жылы Пандемияға байланысты блок постта қызмет жасап тұрған қызметкерлерге 50 мың тенге сомасына ыстық тамақ;
- Мақтарал ауданында болған төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге сомасына көмек;
- «Мектепке жол» акциясы бойынша 6 оқушыға 60 мың теңге;
- Әлеуметі төмен бір отбасыға 35 мыңға азық-түлікпен жәрдем берді.
- 2021 жылы Әлеуметтік дүкенге 130 дана жазғы, күзгі киімдер табыстады 270 000 теңге;
- Екі оқушыға 40 мыңға спорттық киім,красовка,оқу құралдарын құралдары;
- 2022 жылы Әлеуметтік төмен отбасыларға 110 000 мыңға жәрдем;
- «Мектеп жол» акциясы бойынша 80 000 теңгше, 3 оқушыны киіндірді;
- «Қолқабыс» қорына 100 000 теңге;
-2023 жылы Жастар саябағына 1 миллион 500 мың теңгеге демеушілік жасап, су тасымалдаушы машина алып берді;
-Әлеуметтігі төмен отбасыларға 100 мың теңге әлеуметтік жәрдем берді;
-Монтайтас елді мекеніне 70 мың теңгеге суағар;
-Бишілерге 85 мың теңгеге аяқ киім «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп ұлы Абай айтқандай Маханбет Шалқарұлынымен өз еңбегіне шексіз берілген, беделге лайықты азамат. Қандай іске болса да қабілетті, өзгені құрметтеп, сол арқылы өзін де сыйлата біледі. «Адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Ендеше қай жағынан алсақ та ел үшін, болашақ ұрпақтың сауаттылығы үшін тер төгіп жүрген, жанашыр Төлебеков Маханбет Шалқарұлымен өмір жолы көпке үлгі болып, өнеге тұтарлық.
Өлмес өнерді дәріптеп, өміршең болып қалу үшін еңбек етіп, қазақ өнерін әлемге паш етіп келе жатқан Төлебеков Маханбет Шалқарұлына шығармашылығы дамып, қаламына таусылмас қуат берсін дегіміз келеді.