Сауатты қаржыгер ![]()
Қаржы саласында қызмет етіп, мемлекеттің тірегі болып саналатын қазынашылық бөлімінде еңбек ете білген, өмірлік өнегесі және мол тәжірибесінің арқасында басшылық қызметтерді атқарған, нәзік жанды тұлғаларамыздың бірі - Шегрек Светлана Талапқызы.
Жылыой аудандық Қазынашылық басқармасын басқарған Светлана Талапқызы 1955 жылдың 22 тамызында қазіргі Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары елді мекенінде дүниеге келді. Әкесі Шегреков Талап 1929-2004 жылды өмір сүрген. Гурьев (Атырау) педагогикалық училищесін, Қызылорда педагогикалық институтын бітірген соң, 1951 жылдан бастап Жылыой ауданындағы Лермонтов, Ленин, Островский атындағы мектептерде бастауыш, әскери жетекші, дене тәрбиесінен ұстаздық еткен, "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі", КСРО "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған. Анасы Адайбекова Зеріп 1929-2003 жылдар аралығында өмір сүрген. 1960 жылы Алматы ҚСРО Мемлекеттік банк есеп-кредит техникумын бітірген соң, 1952 жылдан бастап Қосшағыл, Құлсары Мемлекеттік банк бөлімшесінде бас есепшінің орынбасары қызметін 43 жыл бойы атқарған, "Еңбек Ардагері" медалінің иегері.
![]()
Жарқын болашаққа бағыт сілтер білім ордасының табалдырығын 1962 жылы Құлсары қаласындағы орыс орта мектебін аттаған жас өзінің алғырлығы, талапкерлігі, бір істі ұйымдастыра білу қабілетімен ұстаздарының көзіне түсе білді. Ісін тиянақты орындап, тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтын шәкірт қай ұстаздың да қуанышы емес пе, жатсынуды білмейтін, ашық мінезімен қандай ортаға да еніп, тонның ішкі бауындай араласып кете беретін Светлана Талапқызы сыныптағы белсенді оқушылардың біріне айналды. Сабақ барысында зеректік танытып, сыныпішілік, мектепішілік өткізілген ойын сайыстары мен спорттық-мәдени, қоғамдық жұмыстардың басы қасында жүрген шәкірттің өресі өсіп, ертеңгі күнге сеніммен қадам басып келе жатты. 1972 жылы өмірге қанаттандырған мектебін үздіктер қатарында тәмамдаған Светлана Талапқызы Алматы қаласындағы ҚСРО Мемлекеттік банкінің есеп-несие техникумына түсіп 1974 жылы "Несие және ақша айналымы" бөлімнің несие инспекторы мамандығы бойынша бітіріп шығады. Осылайша, жас маман өзінің алғашқы еңбек жолын 1 тамызда Гурьев (Атырау) Облыстық Мемлекеттік Банк басқармасында бастайды.
![]()
Еңбекке ерте араласқан жанға мектеп бітіре сала қара жұмысқа кірісіп кету қиындық туғызып па, кішкентай кезінен үй шаруашылығында анасына қолғабыс танытып, сол кісінің үйретуімен шаруаға ептілігі мен икемділігін арттыра түскен Светлана Талапқызы бұл қызметінде өзіне сеніп тапсырылған жұмысты үйріп алып кетті. «Соқаның жүзін жалтыратқан, көктемгі егістік алқабы» болса, жұмыр жүректі пенденің жүзін жарқыратып, алға ұмтылу мен ертеңгі күнге деген ұмтылыс, өмірге деген іңкәрлік пен құштарлық сыйлайтын ол – еңбек. Әке тәлімімен адал еңбек етуді құлағына құйып, жұмыс барысында да әке сөзінен таймаған кейіпкеріміз осылайша тіршілік диірменінде айналып кете барды. Қолына алған істі шыр айналдырып алып кететін, қандай іске де үлкен жауапкершілікпен қарайтын Светлана Талапқызы қиындықтан қорықпайтын, сенім жүгін арқалай білетін маман ретінде, өзінің міндеттерін атқара жүріп, басшылық пен қатар ұжымдастарының да көзіне түсе білді. Облыстық Мемлекеттік Банк басқармасында қатардағы қызметкерден бастап аға инспектор қызметіне дейін көтерілген ол 1977 жылдың 1 шілдесінде
![]()
Мемлекеттік Банкінің Құлсары бөлімшесіне аға экономист болып ауысады.
1978 жылы Қарағанды қаласындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетіне экономика факультетіне түсіп, 1983 жылы Экономист мамандығы бойынша бітіріп шығады.
1988-1989 жылдары Жылыой ауданында алғашқы құрылған Агропромбанкін басқарып, 1989-1991 жылдары Құлсары "Промстройбанк" филиалы басшысының орынбасары, 1991-1992 жылдары Құлсары "Туранбанк" филиалы басшысының орынбасары, 1992-1996 жылдары Жылыой ауданында алғашқы құрылған Ұлттық мемлекеттік банкінінің басшысы, 1996-1997 жылдары Бюджетный Банк филиалының басшысы, 1998-2016 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті Жылыой аудандық қазынашылық басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарған Светлана Талапқызы 2013 жылы зейнет жасына келседе, басшы болып әрі қарай үш жыл бойы еңбек етіп, 2016 жылдың тамыз айында құрметті демалысына шықты. Светлана Талапқызы осы жауапты мамандықты таңдап, бар білімі мен тәжірибесін, қайрат-
![]()
жігерін іс жүзінде ұштастырып, өзі еңбек еткен барлық банк жүйесінде және 1998 жылдың қаңтарында құрылған Жылыой ауданындағы аумақтық қазынашылық басқарманы басқарғаннан бастап кәсіби мақтаныш және жауапкершілікпен өз қызметтік парызын қалтқысыз әрі адал, ұқыпты, тәртіпті басшы болды. Сол себепті аталған басқарма қызметінде жақсы нәтижелерге, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің аудан бюджетінің өз мерзімінде орындалуына, оларға алдын-ала және ағымдағы бақылауды орындалуына әрі мақсатты жұмсалуына қол жеткізді.
Жылыой аудандық қазынашылық басқармасы маңызды жұмыс ауқымына қарамастан, Атырау облысы бойынша қазынашылық департаментінің, 2013, 2014, 2015, 2016 жылдардың қорытындысы бойынша қашықтықтан ведомстволық бақылауының қорытындысы бойынша Атырау облысының аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің рейтингісінде І орында жүрді. Бұл Светлана Талапқызының еңбегі деп саналды, басшы ретіндегі жұмысының қорытындылары сөзсіз дұрыс бағаланды.
Светлана Талапқызы 42 жыл бойы бір бағытта банк, қаржы
![]()
жүйесінде еңбек етіп, оның ішінде 29 жыл бірінші басшы лауазымдарын атқарды.
Облыс және аудан банк-қаржы жүйесіндегі әріптестері Светлана Талапқызын шебер ұйымдастырушы, кәсіптік деңгейі жоғары маман ретінде танып құрметтейді. Кішіге ілтипат, үлкенге ізеттік көрсете білетін қасиеті кейінгі жас толқынға үлгі-өнеге. Білімі мен алғырлығы және ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әріптестер арасында құрмет пен сыйға бөленген жан.
Қандай қызметте болса да, барлық қабілетін салып, лауазымға сай іс-әрекеттер жасап, заң шеңберінен шықпай, қолға алған ісін ілгері жүргізе білген Светлана Талапқызы түрлі қиындықтарды басынан өткерді. Бірақ, төзімнің темір тетігі теңгедей болғанша табандылық танытып, істің оңтайлы сәттерін тауып, тек алға жүріп, сенім үдесінен шыға білді.
Жылыой ауданының қаржы саласында жоғары кәсіби біліктілігі мен игілікті ісі және адал еңбегі үшін басшылық, қаржы ұйымдары, жергілікті әкімдік тарапынан түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ: 2001 жылы Қазақстан Республикасының 10 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хаты;
![]()
2002 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі;
2004 жылы Қазақстан Республикасы ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасының Алғыс хаты;
2004, 2008, 2011, 2013 жылдары Жылыой аудан әкімінің Алғыс хаты;
2005 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрдің Алғыс хаты;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының Алғыс хаты;
2007 жылы Жылыой аудандық Маслихатының Алғыс хаты;
Бірнеше мәрте Атырау облысы бойынша Қазынашылық Департаментінің Алғыс хаты;
2009 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қазынашылық қызметінің үздігі" атағы;
2011 жылы «Жыл адамы – 2011» жыл қорытыныдысы бойынша «Жылдың үздік қаржыгері» аталымның Иегері; ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитетіне 10 жыл" мерекелік төсбелгісі;
2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасының Алғыс хаты;
2015жылы «Қарулы Күштерінің Ардагерлері» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің «Армия Генералы Сағадат Нұрмағамбетов» медалі;
2016 жылы «Жылыой ауданының Құрметті Азаматы» атағы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі;
2018 жылы Жылыой ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Киелі мекен – Кең Жылыой» төсбелігісі;
2021 жылы ҚР Қаржы министрдің "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл" естелік төсбелгісімен марапатталды.
Шегрек Светлана отбасында да бақытты ана, ардақты әже. Майнұр есімді қызды тәрбиелеп өсірді. Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс халықаралық университетін «қаржыгер-экономист» мамандығы бойынша бітірген қызы бүгінгі таңда Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының бас маманы, тұрмыста.
Еңбек - ырыс пен берекенің қазығы. Азды-көпті өмірдің қызығы мен қиындығының дәмін сезіп, осы күнге жеткен Светлана Талапқызы бүгінгі тіршілік баянына тәубе дейді. Еңбекпен мерейі өскен берекелі отбасы дегеніміз осы шығар…