Өмірғалиев Әлібек

Рейтинг:

Табысы мол кәсіпкер

      «Ер дәулеті - еңбекте» деген, қара сөздің қадірін түсінген аталарымыз. Қай дәуірде де тынымсыз еңбек ете білгеннің берекесі кіріп, маңдайы шылқыған. Міне, осындай адал еңбектің жемісін көріп, нарықтың тілін түсініп, тез дамыған заманмен қоса дамып, ілгерілеп, кәсібін дөңгелетіп келе жатқан азаматтарымыздың бірі - Өмірғалиев Әлібек Исағалиұлы. Ғасырлар тоғысында санамызға сыналай енсе де, тұрмысымызды билеп алған кәсіпкерлік ұғымы бүгінгі таңда өз мінберінен түскен емес. Сонау өткен ғасырдың соңғы жылдарындағы тоқырауда бір қазаннан ас ішіп, бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығарған ұжымдық шаруашылықтың келмеске кеткенін білдіріп, қолынан іс келетін, көкірегі ояу азаматтардың бойына серпін беріп, бір-бір кәсіпті меңгеруге баулыды.
      Ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өзінің азаматтық үлесін қосып, нарықтық қоғам есіктен аттағанда ата қолының табы қалған істі, кәсіптің көзіне айналдыра білген, «Досым» шаруа қожалығының иесі Әлібек Исағалиұлы 1968 жылдың 7 шілдесінде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай елді мекені, Қарасу ауылында дүниеге келді.
      Әкесі Өмірғалиев Исағали еңбек адамы болса, аялы алақанында мейірім мен махаббат оты лапылдаған Өмірғалиева Бияз Қалниязқызы үй шаруасында болып, асыл жар, ибалы келін, ақ жаулықты ана болып, үлкен әулеттің берекесін кіргізген асыл жүректі жан болған. Анасы жаны жомарт, жай жымиғанының өзінен күн күлетін, мінезі жұмсақ, қазақтың нағыз дана келіні болған.       Білім алар жасқа келгенде Әлібек Исағалиұлы да 1975 жылы Көптоғай елді мекенінде мектеп табалдырығын аттайды. Ширақ қимылды, әр істі соңына дейін жеткізе білетін қағілез жас мектепте сабақты жақсыға оқыды. Ұстаз тапсырмасын екі етпейтін әдебі, жас талапкерді ұстаздарының сүйікті оқушысы етумен қатар, ертеңгі күнге қол созған баланы ұлы армандар жетегіне ілестірді. Арман самұрығының қанатына қолын созған жас ауыл шаруашылығы саласының маманы болуды армандады. Үміті алдамады, он жылдық мектепті бітірген соң Ақтөбе ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түседі.
      Білім ала жүріп, 1986-1988 жылдары Отан алдындағы борышын Чехославакия елінде өтеп келген соң, оқуын қайта жалғастырып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығын алып шығады. 
      Тоқтаусыз жылжыған уақыт, сегіз жылдық мектепті бітірген, он төрт жасар бүлдіршінді, әлі бұғанасы қата қоймаған жасөспірімді, тезіне салып тәрбиелейтін, қателікті кешірмейтін өмірдің жолына салып, еңбек майданына алып келді. 1990 жылдан бастап еңбекке араласып, Құрманов атындағы совхоздың тіршілігіне еніп кеткен оның алты айдан кейін еншісіне трактор тиеді. 
      Осылайша, егін алқабындағы қайнаған тіршілікке араласып кете барған Әлібек Исағалиұлы 1992 жылы егіс бригадасында «өлшеуші», 1993 жылы «есепші» мамандығы бойынша қызмет атқарады.
      Десек те, арайлы күннің шапағы сауда ісіне шуағын қайта шашты. Қазақылығымыздың қаймағы бұзылмаған өңірде тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етіп жүрген, кәсіпкерлік сәйгүлігін сұлы беріп баптаған, текті атаның тұяғы болған арда азаматтар болады. Ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан, қажырлығы, қайсарлығы, еңбекқорлығының арқасында сауда саласын меңгеріп, кәсібін ілгерілете білген азаматтардың бірі осы Әлібек Исағалиұлы еді.
      1994 жылдан бастап Совхозда машина-трактор жөндеу шеберханасының меңгерушісі болып тағайындалып, қиын кезеңдерді бастан өткізген Әлібек Исағалиұлы 2002 жылы кәсіпкерлікке бет бұрып, азық-түлік дүкенін ашады. Одан әрі шаруашылығын дамытып, 2004 жылы «Досым» атты шаруашылық құрып, қазіргі таңда осы кәсіпкерлікпен айналысып келеді. 
      Халық арасында қызмет еткен жылдары басшылықтың тарапынан көптеген Алғыс хаттар мен Құрмет Грамоталарымен, бертін келе 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
      Өз ісіне берілген адам қай уақытта да құрмет биігенде болады. Жастайынан еңбекке төселіп өскен Әлібек Исағалиұлы жары Асылбаева Қарылға Қобыланқызы екеуі осы шаруашылықтың дамуы жолында қызмет етудн. Қарапайымдылықтың үлгісін көрсетіп, мал шаруашылығын дамытуда сол бір жылдардағы дала төрінде пайда болған кеселдерден төрт түлікті сақтап қалудың жолдарын тауып, шаруашылықтың өсіп-өнуіне қызмет еткен кейіпкеріміз артына игі істері мен өшпес із қалдыра білді.       Жары Қарылға Қобыланқызы екеуі, 2 қыз, 1 ұл өсіріп тәрбиелеп, жоғары білім беріп, құтты орындарына қондырды. Балалары бүгінгі таңда өмірден өз орындарын тапқан, бір-бір белді мамандықтың иелері.
      Көрген бейнет зейнетті шаққа айналып, еңбегінің еселі жемісін көрген Әлібек Исағалиұлы әлі күнге тұғырынан түскен емес. Ұрпағына айтар өнегесі мен тәлімін ісімен көрсетіп, ізгі қасиеттерін әлі де дамытып, бойға дарытып келеді. Қаншама ауыр тауқыметті тартса да, өмірден шаршап, жасымаған кейіпкеріміздің әр ісі бізге үлгі әрі берер тәлімі мол.       Бүгінде айтулы кәсіпкер болып отырған Әлібек Исағалиұлы – адал еңбегінің арқасында еліне сыйлы болып отырған жан. Кәсіпкердің еңбегіне табыс, отбасына амандық тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

Вчера, 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
Вчера, 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...
31 марта 2025 16:26
Алмагуль
Бақытжан аға мен Бақыт апай менің үлгі ұстар ұстаздарым. Мен үшін бұл кісілердің еңбектері ерең, орындары бөлек....