Құрметке лайықты азамат
Жаздың аптап ыстығында жол шетінде тұрып, өткен-кеткен жолаушыға үлкен жапырақтарымен саялатып, шөлін басып, демалдырып, ақ жол тілеп тұрған алып бәтйеректің тереңге жіберген тамыры секілді, қазақтың да ел құрметіне бөленген, халықтың алғысын алған аға ұрпақтың арғы ата-тегі де адами асыл қасиеттерді бойына сыйдырған құндылығында жатыр. Алты атадан жақынан қыз алмай, қан тазалағыны ұстаған аталарымыздың басты мақсаты бойында тектілік тулаған, әділдік пен адалдықты ту еткен, парасат-пайымы мен кемеңгерлігінің бастауы олардың иманға толы жүректерінде, адами асыл қасиеттерінде жатыр.
![]()
Сағат тілі айналып, уақыт өтеді. Бүгінгі шырайлана атқан күн, кешкі қызылы домаланып ұясына батқаны секілді, өзгерген заманмен бірге дәстүр де, өмір сүретін орта да өзгеріп, адамзаттың қалқаны болған асыл мінездердің де сағымға айналып кете беретіні жасырын емес. Бірақ, құм астында жатса да шірімейтін алтын қанжардай ғасыр өтсе де асыл қасиетін жоғалтпай, дәуір өтсе де ата діннен ажырамаған, жылдар өтсе де дәстүрді сақтап қалған, бойында тектіліктің қаны тулап жатқан әулеттер әлі күнге ортамызда бар. Олар асылдың сынығы, тектілердің жалғасы, қоғамға өз пайдасын тигізіп келе жатқан, адами асыл қасиеттерді күнделікті тіршіліктен жоғары қойған алтын жүректі жандар, алтын діңгекті әулеттің алтын босағасын сақтап, төріне Қыдыр қонған берекелі шаңырақ иелері. Олар өз өмірімен, қоғамға тигізіп отырған пайдасымен, атадан туса да, адамзаттың басы бола білген ерекше қасиеттерімен дара тұлға, халықтың ұлдары. Міне, осындай нар тұлғалы арда азаматтарымыздың бірі – Дүнгененов Ерғазы Қабидолдаұлы.
Түрлі салада еңбек еткен жылдары адамдық пен әділдіктің туын жықпаған білікті басшы Ерғазы Қабидолдаұлы 1963 жылдың 23 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылында дүниеге келді. Қашан да арқасынан қағып, әрбір ісіне сәттілік тілеген әкесі Қабидолда мен презентінің амандығымен қатар, ерінің, елінің тілеуін тілеген ақ жаулықты анасы Бикамал дүниеге 10 презент әкелген, алтын құрсақты батыр ана.
Ата-анасының қолқанатына айналған Ерғазы Қабидолдаұлы 1971 жылы Жетіарал ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1981 жылы тәмамдап шығады.
![]()
1981 жылдың күзінде әскерге алынып, Кеңес әскері сапында Украина жерінде азаматтық борышын өтеп келген соң, 1983 жылы Семейдің жеңіл өнеркәсіп техникумына оқуға түсіп, 1987 жылы «Техник-механик» мамандығы бойынша бітіріп шығады.
Техниканың тілін білетін азаматтардың жетіспей, жүздің бірі ғана қол жеткізетін осы бір беделді мамандықтың иесі болып шыға келген Ерғазы Қабидолдаұлының алғашқы еңбек жолы 1987 жылдың күзінде Алматы қаласына келіп №8 Автобус паркінде жүргізуші болып жұмысқа орналасумен бастады.
Алғашқы еңбек жолында аға мамандармен араласа жүріп, өзінің алғырлығымен жұмысын алып кетті. Кейін тәжірибе жинақтап, ұжымның алды болып, басшылықтан мақтау естіп, марапатталып та жүрді. Адам алдымен өзінің еткен еңбегін бағалай білсе, оның ісін сырт көз де жақсы бағалайтын болады. Ерғазы Қабидолдаұлы әрқашан тиянақтылықты, жинақылықты, жауапкершілікті бірінші орынға қояды.
Өзінің мамандығына аса сүйіспеншілікпен қарап, өмірінің бір бөлшегіне айналдырып, шыңына жеткен адамдарды өз ісінің хас маманы дейді ғой. Ондай жандарға көпшілік қызыға қарап, құрметтеп жатады. Еселі еңбегін бағалап, оны мақтан тұтады. Ерғазы Қабидолдаұлын ұжымдастары шынайы жақсы көреді, сыйлайды. Себебі оның жұмысқа деген жауапкершілігі мен адалдығы, еңбекқорлығы мен іскерлігі көпке үлгі боларлықтай.
![]()
Бұл мақтауға жайдан жай ілікпегенін айта кету керек. Себебі оның бойындағы көрегендік пен тамыры тереңге тартқан темірдей тәлім-тәрбие өзегі о бастан отбасынан алған жылу мен мейірімі болса керек. Себебі әкенің тәлімді тәрбиесінен келген қасиет пен ана сүтімен дарыған адалдық оны бала күнінен еңбекқор етті. Әкесі ылғи да дастархан басында адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынын барлық баласының санасына сіңіріп отыратын.
Осы автопаркте жұмыс жасап жүріп, 1992 жылы Алматы қаласындағы Автомобиль және Жол құрылысы институтының сырттай бөліміне оқуға түсіп, 1997 жылы бітіріп шыққан Ерғазы Қабидолдаұлы сол жылы отбасын құрып, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.
Қызы Жанар 1996 дүниеге келген, 2013 жылы мектеп бітіріп, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне оқуға түсті. 2019 жылы осы университеттің магистратурасын туризм саласы бойынша бітіріп шықты. Қазіргі кезде отбасымен Лондонда тұрады. Жанар жұбайы екеуі Дамир есімді ұлын тәрбиелеп өсіріп отырған бақытты жанұя.
![]()
2001 жылы дүниеге келген Жарас есімді ұлы 2019 жылы мектеп бітіріп, АГУ-дің Химия факультетіне түсіп, 2023 жылы университетті бітірді. Алдағы уақытта оқуын магистратурада жалғастырмақшы.
Ерғазы Қабидолдаұлы 1998-2014 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Рахат» компаниялар тобында «Морко-Поло», «Хайят», «Royal-Tulip» қонақ үйлерінде «экспедитор-жүргізуші, «транспорт менеджері» болып, сатылай өсе түсті.
2014-2018 жылдары «Жан-Жар» атты жеке кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысса, 2019 жылы Алматы қаласындағы №2 автобус паркінде «Линия механигі» болып жұмысқа тұрады. Автобустардың жолға шығардағы барлық техникалық ақауларын жіті тексеріп, жолаушылардың бір жерден екінші жерге, өздерінің қалаған бағыттарына өз уақытында, қауіпсіз жетуі үшін тікелей жауапкершілікті мойнына алып, абыроймен жұмыс атқара білді. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап, осы автопарктің «Бас механигі» қызметін абыроймен атқарып келеді.
Өзінің еңбегімен, өмірлік тәжірибесімен үлгі тұтарлық, адалдық, адамгершілік қасиеттерін жоғары ұстанған кісілер арамызда жүргені мақтаныш. Ерғазы Қабидолдаұлы өз ісін жетік
![]()
меңгерген, жұмысының қыр-сырын білетін, жастайынан білуге, үйренуге, қандай нәрсе болса да оны игеріп, әрі қарай алып кетуге, оны дұрыс ұстануға, жаңалыққа деген құштарлығы мен маңдай терімен еткен таза еңбегінің, жұмысты дұрыс ұйымдастыруының арқасында оңды нәтижелерге қол жеткізген азамат. Рас, кісіні абырой мен даңқтың биігіне асқақтатып шығаратын оның еселі еңбегі, ел алғысы және өзінің адамгершілік болмысы деуге болады.
Әр шырақтың жарық шашар өз алаңы, әр таудың өз ұлары болатыны секілді, әр кезеңнің де, әр жердің де құрмет тұтар, айтқан сөзін екі етпейтін, елі сыйлайтын азаматы болады. Ел құрметіне ие болған, қандай жақсы сөзді қосып айтса да аздық ететін осындай ел ағалары барында ауыл көшінің жолы ұзақ, кәсібі берекелі, тұрмысы жоғары, әлеуеті қатарластарынан озық болмақ. Тек өз кәсібін дөңгелетуді ғана ойламай, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, қолынан келгенше сәбилерді күлдіруге, ана көңілін демеуге, қарттардың алғысын алуға ұмтылатын, қазіргі таңда қарап отырмай, қоғамдық жұмыспен айналысып, қаладағы №2 автобус паркінде бас механик қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Ерғазы Қабидолдаұлы мақтауға лайық нағыз азамат.
Иә, қай қоғамда болмасын кісілігі мол адамдар сол ортаның ары мен абыройы іспетті ғой. Кісілік деген - ұсынсаң қолың жетпейтін өте биік адамгершілік қасиет. Ондай дәрежеде лайықты болып өмір сүру де оңай емес. Жұрт елі үшін, жері үшін еңбек еткен азаматты ғана ардақ тұтады емес пе?! Жақсы қасиеттерін дәріптеп, кез-келген ортада оны үлгі тұтады. Заманына қарай адамы немесе адамды заман туғызады деген ұғымдар бізге әбден етене болып қалған. Шынында да әрбір адамның өскен ортасы, уақыт жүктеген талап, әрине, заманы көлденең тартқан міндеттер адамдарды алға ұмтылдырып қана қоймайды, оны үлкен еңбекке тікелей қатыстырып, шыңдайды да. Бұл тұрғыда кейіпкеріміздің атқарған еңбегін лайықты бағалаймыз.
Талай жылдық қызметі бағаланып, осы күнге дейін алған марапаттары да айтарлықтай. Жеткен жетістіктері аз емес. Алайда ол жеткен жетістіктерімен ешқашан мақтанып, масаттанған жан емес. Оның тым
![]()
қарапайымдылығына осы қасиеті куә дер едім.
Осы қызметті абыроймен атқарғаны үшін басшылықтың, жергілікті әкімшіліктің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталып, 2022 жылы «Жыл үздігі» атанған Ерғазы Қабидолдаұлы іскер қызметкер ғана емес, жан-жағына аса қорқор жан. Қажет болған жағдайда ағынан жарылып, жас әріптестеріне демеу болып, ақылын айтып отырады. Үлкендік жолын көрсетіп, оң бағыт-бағдар беріп, әрдайым тілекші екенін білдіріп келеді. Үлкенді сыйлап, өзінен кішілерге ақылшы болып жүретін жанның расымен де ұжым арасында беделі биік.