Суатов Болат

Рейтинг:

Бақ дарыған шаруашылық

      Ғасыр өтсе де ғұмырлығын жоймайтын бір сала болса, ол – ауыл шаруашылығы саласы. Жұмыр жер жаратылғалы бері, қанша дәуір өтсе де, заман көшінен қалмай, баптауы мен күптеуі, төлін төлдетуі атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан мал шаруашылығы қазаққа жат емес. Оны біз еліміздің көшін сүйреген мықты азаматтарымызды нарға теңеуінен, ауыздығымен алысқан айғырды бұғалыққа көндірген азаматын жылқы мінезімен теңдестіргенінен, қазақ бойындағы көнбістікті қой малындағы момындыққа теңеуінен байқаймыз.
      Өрісін тауып, төлін тарата білсең, бағыңды асыратын мал шаруашылығын кәсіп етіп, ел экономикасы мен ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан азамат Суатов Болат 1950 жылдың 22 қыркүйегінде Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосында дүниеге келді. Тағдыр желінен қорған болған әкесі Мұқашев Суат пен жүзінен жылы шырайы төгіліп тұратын анасы Мұқашева Жания өңірде мал шаруашылығымен айналысқан, елге беделі зор, қарапайым адамдар болған. Балаларын еңбекқорлыққа, адалдыққа, жауапкершікке тәрбиелеген. 
      Суатов Болат 1957-1967 жылдары Қаракөл орта мектебінде білім алған ол болашақ мамандығын ауыл шаруашылығымен байланыстырып, 1967 жылы Сағыз кәсіптік техникалық училищесіне түсіп, механизатор-тракторшы мамандығы бойынша кәсіби білім алды. 
      Өзінің алғашқы еңбек жолын 1968-1992 жылдар аралығында Абай атындағы совхозда механизатор болумен бастаған Суатов Болат 1992-1996 жылдар аралығында «Екпін» комсомол жастар бригадасында басшы тәлімгер (наставник) қызметін атқарып, 1996 жылы отбасылық бизнес жүргізу мақсатында «Мұрабол» шаруа қожалығын құрып, басшылық етті. 
      Өзінің ұрпақтарына мұра болып, игіліктеріне жарасын деген мақсатпен шаруа қожалығына «Мұрабол» есімін өзі берген. Шаруа қожалығын құрып, еңбек еткен жылдары төрт түлік малдың түрлерін өсіріп, оның ішінде сиыр, жылқы, қой, ешкі малдарын асылдандырып, өсіру бағытында мал басын көбейту жұмыстарын жүргізген. Өзі тұратын ауылына әртүрлі қайырымдылық шараларына демеушілік жасап отырған. 2017 жылдан бастап зейнеткерлікке шығуына орай шаруа қожалығын басқаруды ұлы Суатов Алмасқа жүктеген. «Мұрабол» шаруа қожалығы қазіргі кезде жылқы және сиыр малын өсіруге бағыт алған. 
      Қандай іс, қай салада да қолынан іс келетін, өзі ісінің маманы, қолы тиген істі жандандырып жіберетін, білімді де бесапсап азаматқа сұраныс көп. Суатов Болат еңбек ету барысында бар білген-түйгенін жүзеге асыру жолында аянбады. Нәтижесі де жоқ емес, бекітіліп берген төлдің денсаулығын қарап, жарақатын таңып, төл басын көбейтуде өзіндік үлесін қоса білген ақсақал өзінің жұмыс істеу қабілеті, тиянақтылығы мен жауапкершілігінің арқасында ұжымдастары алдында үлкен құрметке бөленіп, бедел биігіне көтеріле білді. Бүгінде қожалықта екі ұл қызмет жасап жатыр. Жазғы шөп маусымында қосымша механизатор, басқа да қызметкерлер алады. 
      Еңбек – өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі дейтін болсақ, онсыз өмір де жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалатыны анық. Халқымыз осыны терең түйіп, ой топшылағанынан байқауға болады. 
      2011 жылы кәсіпкерлер күніне орай аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталған Суатов Болат замандастары арасында беделді, қарапайым, талапшыл азамат болған. Ұлы ақын Абайдың шығармаларының тәлімдерін өз өміріне ұстаным етіп ұстайтын. Кез келген бас қосу, дастархан басында да Абай тағылымдарының маңызын әңгіме етіп отыратын. Ардақты азамат Суатов Болат 2023 жылдың 18 наурызында дүниеден өтті.
      Еліміздің ауылдары көркейсе, дала гүлденеді. Төскейде өрген төрт түлік – тоқшылықтың белгісі. Ырыс пен берекенің ордасы – ауыл. Сақталған салттың, дамыған дәстүрдің ошағы – ауыл. Ауыл мен төрт түлік малды, қазақ халқын бір-бірінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Осынау қасиетті ауылдарымызды, ата қазына малымызды сақтап, көбейтуге үлес қоса білген Суатов Болат ағамыздың еңбегі ерекше еді. 
      Суатов Болат ағамыз отбасында жары Жұмағалиева Райса екеуі ұл мен қыз өсіріп тәрбиеледі. Қыздары Зайда – мемлекеттік қызметші, Фарида – тарих пәнінің «шебер» санатты мұғалімі, Мария – медицина қызметкері, Тоғжан – биология пәнінің мұғалімі. Ұлдары Алмас пен Алмаз – «Мұрабол» шаруа қожалығының қызметкерлері. Інжу, Нияз, Зәмзәм, Азиз, Азиза, Сейіл, Ақтанберді атты 7 немересі бар. Барлық немересіне есімді өзі берген. 
      Кәсіпкерліктің көшін бастап, мал шаруашлығының басын көбейтіп, шаруашылықты бір жолға түсіріп, ұрпағына аманаттап кеткен Суатов Болат ағамыздың жатқан жері жайлы, жаны пейіште болғай! 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:


    0
  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 декабря 2024 23:39
Роза
Менің Әкем.❤️Аллаға шүкір.Ата анам жүз жасасын!...
6 декабря 2024 23:20
Лаззат
Александр Вилорьевич прекрасный доктор,спасибо❤️...
25 ноября 2024 00:32
Виктор Ример
Успехов тебе в работе Туребекулы и семейного благополучия!...