Ақтөбе қалалық «Сазды» Мәдениет Үйі МКҚК басшысы, «Мәдениет саласының Үздігі» және «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгілерінің иегері
Парасат биігіндегі тұлға
«Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тәмам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен арман құтты.
Сүймеген сені азамат, азамат па,
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айт та лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа», – деп ақын Исрайл Сапарбай жырлағандай, тектілік тамырын тереңнен тартып, әділдік пен адалдықты әкенің қамқорлығы арқылы сезініп, ибалық пен инабаттылықты ана сүтімен бойына сіңіріп, имандылық гүлі тәрбиемен қауыз жарған қазақ қыздары туралы айтсақ кеңінен толғанып кететініміз рас. Оған дәлел, дүйім елдің тағдырын өзінің парасаты, көрегенділігі, батылдығымен шешкен Тұмар ханым, азаматының арын өткір жебемен қорғаған Назым, берекелі отбасы мен аналық махаббатының шексіздігін көрсеткен Домалақ Ана, ұлы бидің ұлылығын сөз астарынан түсінген Төле бидің келіні Данагүл, бертін келе батырлықтың үлгісін көрсеткен Алия мен Мәншүк бүгінгі қазақ қыздарының айқын көрінісі, парасатының биіктігі, тұлғалық болмысы десек артық айтқанымыз емес.
Ұшса қыранның қанаты талатын қазақ даласында, өзінің білгірлігі, өжеттігі, қайсарлығының арқасында азаматына арқа сүйеп, отбасының қамымен қатар, елдің де сенімі мен аманатын арқалап жүрген қазақ қыздары баршылық. Олар, ата-анадан алған тәлімі мен өмірден көрген-түйгенін, танып-білгенін ұлтқа, елге қызмет ету жолына арнап, азаматтармен бірге ауыр жүкті иықтаса көтеріп жүрген ару қыздарымыз қандай құрметке де, мақтауға да лайықты. Осындай, алтын жүректі қыздарымыздың бірі, білікті басшы, мәдениет майталманы, асыл жар көп балалы аяулы ана Кемерова Жансәуле Нығметоллақызы.
Ұлылықтың болмысын ұлы істерімен көрсете білген Жансәуле Нығметоллақызы 1978 жылы 23 қазанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында Қарауылкелді селосында қарапайым көпбалалы отбасында дүниеге келді. Аласармас асқар тау әкесі Кемеров Нығметолла іскер, еңбек адамы. Темірдің техникумын бітіріп, ірі салаларда қызмет атқарып, аудандық ауыл шаруашылық саласынан бас бухгалтер болып зейнеткерлікке шыққан. Соңынан бірнеше шәкірт тәрбиелеген білікті маман, ел сыйлайтын парасатты тұлға болса, мейірім тамшысы таңғы шықтан да мөлдір анасы асыл жар, аяулы Батыр Ана Байтұрова Ақжарқын 13 құрсақ көтерген алтын құрсақ ардақты ана, Алтын алқа иегері.
– Әр баласын бақытына балаған бақытты жанұяның алғашқы екі баласы Амантай мен Болат ағаларымыз кішкентайында өмірден өткен. Әкеміздің анасы Балқадиша әжеміз анамызды келін қылып алуды армандаған, өзі аяғынан жүре алмайтын кейуана екен. Арманы орындалып айдай сұлу Ақжарқын анамызды келін қылып әкелгенде әжеміз қуанғаннан анамызға алдынан жүріп шығады. Кейуананың аңсаған арманы орындалғаны соншама аяғына тұрып қуанышын жасыра алмайды. Анасының назары келініне қатты түскеннен болар, екі нәресте кішкентайында шетінеп кетеді.
Бірде кейуанаға аян беріліп: «Орыс ер бала тауып алдым, атын Орысбай деп қой, ұлды боласың, үбірлі-шүбірлі боласың», – деп кейуана балаларына батасын береді. 1960 жылы 9 сәуірде ұлы Орысбай дүниеге келеді. Дарынды, ақылды, қабілетті бала болды, Атақты математик, Байғанин ауданына алғаш рет компьютер әкеліп, барлық ауыл жұртшылығына компьютердің қыр-сырын үйреткен жалғыз жан. Жеңгеміз Бағдагүлмен 1988 жылы 28 мамырда бас қосып, қазірде Марина, Байбоз, Мәрзия, Жамбоз есімді 4 баласы бар, екі қыз тұрмыста, Айару мен Айбар есімді жиендер бар, Аға жеңгеміз зейнеткерлік шақта кенже баласы Жамбоз 2023 жылы Нұргүлмен бас қосып, қазірде бақытты жанұя, әулетіміздің басшысы, ұлағатты отбасы.
Соңынан бес қарындасы Ботакөз, Ляззат, Ғазиза Гүлшат, Нұрсауле дүниеге келді.
Ботакөз апамыз 1962 жылы туған, жездеміз Біржанмен 1984 жылы бас қосып, Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында өмір жолдарын бастаған, ұлағатты ұстаздар, атақты математиктер. Соңдарынан ерген Зарина, Гүлмира, Жаңылсын,
Қуанжан-Ақсұңқар есімді үш қыз, бір ер баласы мен келіні бар, балдардың барын аяқтандырған ұлды ұяға қызды қияға қондырған. 6 жиен мен 2 немеренің ата-әжесі. Қазірде зейнеткер ата-ене жолын қуған мәуелі бәйтеректің бір түп тамыры.
Ләззат апамыз 1963 жылы дүниеге келген, Ләззат апамыз да физика-математика мамандығын бітірген, ата-аналарымыз балаларына білім алып беруді алдарына мақсат еткен болу керек төлдерінің басын ұлағатты ұстаз қылудан бастаған, шүкір балалары үміттерін ақтап, қазірде бірі зейнетке шықса, бірі зейнеткер шағына жеткен ұлағатты ұстаздар. Апамыз Ляззат Ермұхан жездемізге, табын еліне 1988 жылы келін болып барғаннан кейін Жасұлан, Нұрсұлтан есімді екі жиенді дүниеге әкелді, Жиендер Түрік лицейін тәмамдап, мамандықтарын алып, қазірде білікті мамандар, отбасылы жанұя.
Апам Ғазиза 1966 жылы дүниеге келген. Әке жолын қуып бас есепші мамандығын бітірген, Қазірде Ақтөбе қалалық Еңбек департаментіне зейнетақы және жәрдемақы бөлімінің бас маманы. Жездем Батыргерей Агроном, алтын асықтай Асау, Абай есімді екі ұлы бар, бірі дәрігер, бірі құрылыс мамандығын тәмамдаған. Білікті мамандар.
Апам Гүлшат 1968 жылы дүниеге келген. Жездеміз Сергей руы қараш, өзіміз сияқты көп балалы отбасынан шыққан. Апамыз Медбике мамандығын тәмамдаған Байғанин аудандық аурухана қызметін бастап, халыққа қызмет етті, Қазірде Ақтөбе қалалық 1-емханада медбике, басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса уколын алып, құрақ ашып тұратын жаны жайсаң жан, Нұрбақыт, Нұршат, Нұртілек есімді жиендер бар. Жездеміз құрылысшы. Қаламыздың зәулім үйлерін салуда, Қыздары әке жолын қуып, Нектар құрылыс компаниясының белді мамандары, Нұртілек ұлы студент. Өнегелі отбасы.
1969 жылы Нұрсауле апамыз дүниеге келген, Апамыз Нұрсәуле де әке жолын қуып бас есепші мамандығын игеріп, Еңбек жолын Байғанин ауданында Халық Банкада бас есепші қызметінен бастаған. Жездеміз Жұбанмен бас қосып, Дәурен, Нәзира есімді жиендер бар. Тағдырдың жазғаны болар 2006 жылы Апамыз жол апатынан 37 мүшел жасында өмірден озды. «Орнында бар оңалар» демекші, балалар өсіп, мектептерін жақсы бітіріп, қазірде білікті мамандар.
Бес қыздың соңынан анамыз Жандос есімді ер баланы 1972 жылы дүниеге әкелді. Әке шешеміздің аңсап күткен ұлы болар, Ақ Орысбайдың соңынан ерген Ақ Жандос болып, бес апасына еркелеп өскен. Мектепті жақсы тәмәмдап, әке жолымен Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық институтының мал дәрігерлік мамандығын тәмамдады. Қазірде жоғары дәрежелі білікті маман. Ағам Жандос қызмет бабымен қалаға келгендіктен, 2001 жылы Байғанин ауданынан Ақтөбе қаласының Қурайлы аулына әке-шешемізді көшіріп әкелді, Жеңгеміз Үзілханмен 2003 жылы бас қосып қазірде Назгүл, Шынар, Бексұлтан есімді екі қыз, бір ұлы бар. Әкеміздің атына жазылған немерелері Нугметулина Назгул Ак папасы сиякты компьютердің сырын шешкен қазіргі тілмен айтқанда, ІТ мамандығын бітіріп шыққан маман, екінші қызы Шынар студент, кенже ұлдары Бексұлтан Ақ папасы мен апаларына ұқсап, физика-математика дарындылар мектебінде білім алуда.Жандос ағамыз ерекше жан бауыр десе жанын береді, әр бауырын бір төбе деп бағалайды. Өзінің адал еңбегімен қазірде ҚР АШМ Ветеринариялық Бақылау қадағалау Комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы Шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтеріліп халыққа адал қызмет етуде.
Одан соң менің алдымдағы апатайым Айгүл 1973 жылы дүниеге келген, Соңынан қалдырмай шынашағымнан ұстап, қасынан тастамай мені өсірген, атын айтуға тілім келмесе керек, «май, май» деп жылап қасынан қалмаппын. Апатайым мектепті қызылға бітіріп, Ақтөбе медициналық институтына оқуға түсіп, жеті жыл білім алып, білікті дәрігер мамандығын алып шықты. 5-курсқа келгенде баяғы соңынан қалмайтын мені қасына алып, оқуға түсіріп, студенттік шақта да қасынан тастамай ертіп жүрді. Әке –шешеміз бен бауырлары десе жанын беріп, шырылдап, қайда жүрсе де отбасының қамын ойлап шыр-пыр болатын жан. Еңбек жолын Байғанин аудандық ауруханада терапевт-дәрігер болып бастап, халықтың алғысына бөленіп, «Ақ халатты абзал жан» атағына ие болды, Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің медициналық әлеуметтік сараптаманы жетілдіру бөлімінің басшысы болып өзінің қажырлы қайсар еңбегінің арқасында көтерілді.
Айнұр ағам 1975 жылы дүниеге келген. Ай нұрланып келе жатқанда туғаннан соң есімін Айнұр қойған болса керек, Айналасына нұрын шашып, бауырларын қамқор абзал жан иесі. Айнұр ағам да әке жолымен Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық институтының агроном мамандығын тәмамдады. Қазірде жоғары дәрежелі білікті маман. Жеңгеміз Гүлсаямен 2001 жылы бас қосып, ата анасының қолында 10 жыл тұрып бағып, кенже ұл мен Елдосты үйлендіріп өз алдарына отау құрып еншілерін алып үй салып бөлек шықты, Алтын асықтай Назерке, Орынгүл, Әлинұр есімді екі қыз, бір ұлы бар. Жеңгелерімнің бәрі де ұлағатты ұстаздар. Ата-әжесінің қызы Назерке Апатайымыздың жолын қуған Астана қаласындағы Медицина академиясының 4-курс студенті, Орынгул Нугметулина мектепті Алтын белгімен бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсуге талапкер. Әлинұр мектепте оқушы, футболдың жанкүйері. Ағам Айнұр Қазіргі таңда өзінің еңбекқорлығымен іскерлігімен ҚР АШМ АӘК МИК облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фотосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтеріліп адал еңбекпен елге қызмет етуде.
Ал менің алдымдағы тетелес бауырым Елдос 1977 жылы туған. Бауырмал, көпшіл, ашық жарқын жан. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің дене шынықтыру мамандығын тәмәмдаған. Жеңгем Алтынгүлмен қосағымен қоса ағарған мың болғыр жандар, Ата анамызды қарттық шағында меккеге апармасада, апарғандай арқалап бағып, арулап өздерінің мәңгілік мекендеріне 2018 жылы аттандырып, барлық жоралғыларын абысын тату болса ас көп дегендей аға жеңгелерімен ақылдаса отырып Бағдагүл жеңгеміз бас болып Үзілхан жеңгеміз қостап, Гүлсая жеңгеміз жандарына сая, ақылшысы болып енелерінен үйренгендерін, алған тәлім тәрбиелерін өздерінен тараған ұрпаққа өнеге етіп көрсетіп келе жатқан жаны жайсаң менің алтын жеңгелерім. Елдос ағамызбен Алтынгүл жеңгеміздің алтын асықтай ата әжесі аттарын қойып кеткен Бекарыс, Жанарыс, Ақарыс есімді үш арыстай ұлдары бар. Қара шаңырақтың түтінін түтетіп, мерекеде тойда әулеттің басып қосып ата-анамызды сағынышпен еске алып құран бағыштап отырады. Бақытты жанұя. Әке шешеміз айтып отыратын «Жақыныңды жаттан сыйла, жат жанынан түңілсін» деп. Ата-ана ақылын жанымызға медет тұтып өскен ұрпақ қара шаңыраққа барып бас иіп, сәлем беріп тұрады.
Содан кейінгі мен Жансауле, 13 баланың кенжесі, ерке қызы болдым. Осы балалар қазірде үйлі-баранды. Ұлықпандай ұрпағымен мың жасаған мәуелі бәйтеректің қазірде 11 баладан тараған 30 немересі, 9 шөбересі бар. Мәуелі бәйтеректің асыл қазыналары әр баласына мамандық алып беріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып, қызды қияға, ұлды үяға өз алдарына отауларын тігіп бөлек шығарды. 65 жыл отасып, 2018 жылы бірі 88 жасында, бірі 83 жасында өмірден озды, – дейді, Жансәуле Нығметоллақызы өзінің отбасы туралы айтып өтіп.
Қазақ әдебиеті мен қазақ өнерінің өркендеуі жолында зор үлес қосып, сахна майталмандарының кіндік қаны туған жерде балалық ізі қалған Жансәуле Нығметоллақызы 1984 жылы Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1995 жылы бітіріп шығады.
Одан әрі 1996-2001 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік уиверситетіне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған кейіпкеріміз ғылым тереңіне көз жүгіртіп, 2001-2005 жылдары аталған университеттің «Түркі тілдері» мамандығы бойынша аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдайды. Өзінің алғашқы еңбек жолын 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің физика кафедрасында лаборант болып қабылданып, студенттермен бірге оқып, бірге қызмет атқарудан бастайды.
Бірақ, аталмыш қызметі мен мамандығы сәйкес келмегендіктен, 1998 жылы филология факультетіне хатшылық қызметке ауысып, Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың жетекшілігімен аспирантураға қабылданып, оқуын Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында жалғастырады.
Білім ала жүріп, ғылыми жұмыстарға араласып, Шора Сарыбай, Рабиға Сыздықова тағы басқа да ғалымдардан дәріс алып, бірге қызметтес болған Жансәуле Нығметоллақызы аспирантураны бітіргеннен кейін, 2004 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданының жігіті Закиров Бақыт Әлімжанұлымен бас қосып, Ақтөбе өңіріне келеді.
2005 жылы қызметінің арнасын мәдениет саласына бұрып, мемлекеттік қызметке ден қо-йып, облыстық мәдениет басқармасына бас маман болып тағайындалған Жансәуле Нығметоллақызы өз қызметі туралы былай деп қысқаша баяндайды: – Мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, өз мамандығым бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беріп, қосымша мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту мәселесі мен үшін бірінші орында тұрды. Өмір өз арнасымен аға береді, атамыз ішкі істер қызметкерлігінен зейнетке шыққан екен. Балаларына батасын беріп, жолдарың ақ болсын деді. Келін болып келген отбасымда жас енем болмады. 90 жастағы кейуана мен атамыз 5 баламен өзі қалған. Той өткеннен соң атамыз бен үлкен енем мың болғыр жандар балаларым қалада жасап жатқан жұмыстарың бар, уй алам деп талаптанып жатырсыздар, осы баланың бары бұйырса қалаға оқуға барады, баскөз болың жолдарың ақ болсын деп ақ баталарын беріп шығарып салды.Үлкені – менің жолдасым Бақыт, өзінен кейін қарындасы мен күйеу балам Гулфия - Рақымжан, соңдарынан ерген Арайлым Әсем, Мадияр, Алдияр,Айзере есімді жиендер бар Бақытты жанұя. Ата жолын қуған Күйеу балам Рақымжан майор шенімен Шалқар аудандық ішкі істер бөлімінде абыроймен қызмет жасап зейнеткерлікке шықты. Қайынсіңілім Гүлфия Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің физика-математика мамандығын тәмамдап, Шалқар аудандық Жангелдин атындағы мектепте ұлағатты ұстаздықтан бастап, өзінің іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында мектеп директорының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп абыроймен қызмет етуде.
Қарындасы мен күйеу балам Гуляйым - Серік, облысымыздың белді кәсіпкерлері, дизайнерлер, Бестамақ аулынан кішкене цех ашып, баннер, шақыру билеттер, алғыс хаттар мен дипломдар жасаумен бастап, қазірде үлкен тендерлерге қатысып, өздерінің адал еңбектерімен қызметтерін дөңгелетіп отырған жандар. Соңдарынан ерген Нұрхан, Әлихан, Нұрасыл есімді жиендер бар.
Қарапайым шаруа адамдар, отбасының күйбең тіршілігі мен қызметті қатар алып жүруге тура келді. Отағасы екеуміз өзіміздің тапқан қаражатымызбен басымызға баспана алуды жөн деп шештік, атамыздың ақ батасымен тойды өткізіп, алдымызға қойған арман-мақсатпен қалаға келіп, екі бөлмелі пәтерді 20 жылға несиеге алып, бауырларыммен бірге бір шаңырақтың астында өмір сүрдік. Атам өмірден озды, Қайным Қайрат атамыздың қырқын бергеннен кейін уйленем деп шешім қабылдады. Шешімін бауырлары құптады. Келінмен танысуға да,
Сырға салып, алуға да бас болып Отағасы Бақыт екеуміз өзіміз барып, құда құдағаймен танысып, жағдайымызды түсіндіріп жөн-жоралғысын жасап, өзіміздің екі бөлмелі шаңырағымызға әкеліп алғашқы келінімізді түсірдік. Менің алтын құрсақ анашым Ақжарқын мен жанашыр Мәрзия апамыз екеуі келінді қарсы алып маңдайынан сүйіп баталарын берді. Шалқар еліне апарып, дүбірлеген той болды. Қайныларым мен келіндеріме келер болсам сөз жоқ алтын асықтай жандар, Қайратым жаны жайсаң, бауырмал ақ көңіл аңқылдаған жан. Келінім Балауса да мың болғыр бала, Үлкен енемізді бағып, ақ батасын алып, арулап мәңгілік сапарына шығарып салды. «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» демекші, соңдарынан ерген алтын асықтай Нұрислам, Нұрали, Айша, Дінмұхаммед есімді үш ұл, бір қызымыз бар. Еңбекқор жандар, өз еңбектерімен үй салып, қызметтерін адал атқарып, қазірде қаланың Элитный Батыс мөлтек ауданында тұрады, бақытты жанұя.
Папа-мамасының кенжесі әжесінің еркесі Марат кенжетай, ақылына көркі сай, тұйық, папасымен-мамасының қасында көп болған. Оқуды жақсы бітіріп, Ақтөбе көпсалалы политехникалық коледжіне оқуға түсіп, жақсы бітіріп, оқуын жалғастырып қазірде теміржолшы қызметінің белді маманы, келінім Сәнімай өте ақылды, пысық, алдымызда құрақ ұшып, сәлем салып, жанына баурап алады. Екінші келінді Қайнымның шаңырағына түсірдік,біз жолымызды қайным мен келінімзге беріп, сән-салтанатымен Сәнімай келінімізді мың болғыр Тамен құда мен Майра құдағайым бастап, Балауса келінім бас болып, жөн-жоралғысын жасап алып келді. Қазірде қызғалдақтай үш қызымыз бар Аделина, Айлин, Аида есімді. Бақытты жанұя. Өзімізде бас қосып жиналғанда мәуелі бәйтеректейміз.
Соңымнан ерген балалар, Аллаға мың шүкір, өзімізден көргенді жасап, оқуларын бітіріп, қазірде үйлі-баранды. Келіндерім мен күйеу балаларымды тәрбиелеп берген құда-құдағайларыма мың алғыс. Құдаларымыз құрдасымыздай, құдағайларымыз сырласымыздай, Ата-енем болсамаса да солардың орнына жас болсақ та бас болып, құдалық міндетімізді абыроймен атқарып келеміз. Төрт құда құдағайым да мың болғыр жандар, Аллаға мың шүкір, балаларға қолғабыстарын аямай, ақыл-кеңестерін беріп, қол жәрдемі мен сөз жәрдемімен демеп, барлық бала бір қырдан асты. Өз балаларымнан да осындай алтын құда-құдағайлар бұйырсын деп тілеймін Бір алладан. Біздің де алтын асықтай Дамир, Бақдаулет, Кәусар, Әли есімді 3 ұл, 1 қызымыз бар. Дамир баламыз 3-курс студенті, Бақдаулет баламыз мектепті жақсы бітіріп, Жоғарғы оқу орнына түсуге талапкер, Алла тілегін қабыл етіп грантқа түсіп кетсін. Кәусар қызым 7 сыныпқа көшті, Әли баламды сүндеттеп, жігіт қылып сабаққа дайындаудамыз. Балаларды өсіру үшін кетпенмен жер жыртып, егін мен бау-бақша ектік, сол өніммен балаларды жеткіздік, тынымсыз еңбектің арқасында көлік мініп, үйімізді жер тамға ауыстырдық. Атамыз бір балам менің ізімді қумады деген ой мені мазалай берді. Қайнағамның баласын 3 айлық әскери қызметке оқытып, қазір де ата жолын қуған ізбасары сол болды. Өзімнің бастаған ғылыми жұмысымды соңына дейін жеткізе алмасам да, атамның тілегін қабылдау деген бірінші міндет тұрды.
Осылайша, 2008 жылы мемлекеттік тілді үйретіп жүргенде барлық мекемеде мемлекеттік тілді үйрету маманы бойынша барлық мекемеге штат ашып берді. Менің талабыма Ақтөбе қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мемлекеттік тілге жауапты инс-пекторына тағайындалдым.
Өз мамандығым мен ата тілегін орындағаныма іштей қуандым, енді осы еңбекті абыроймен алып шықсам деген міндет тұрды.
Бастаған іске, Жаратқан демеуші емес пе, шүкір білімімді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң Академиясына оқуға түсіп, үш жыл дәріс алып, Лейтенант атағына ие болып, қызметімнен кадр бөлімшесінің бастығы лауазымына дейін көтеріліп, аталған қызметтен абыроймен «әділет майоры» шенімен зейнеткерлікке де шықтым, – деп аяқтады сөзін.
Одан әрі Мәдениет басқармасына қайта келіп, қызметін қайтадан Қалалық мәдениет үйінің бөлім басшысы болып жалғастырған Жансәуле Нығметоллақызы қаланың мәдени шараларына белсене араласып, іскерлігімен көзге түскен жас зейнеткерді 2018 жылы 7 наурызда Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Юнисова және комиссия мүшелерінен құрылған топ қызметке тағайындайды.
– Бұрын-соңды бөлімдегі 5-6 адамды басқарғанмен мекеме басқару бақыты бүгін менің бақытыма бұйырыпты. Ол да маңдайыма жазғаны шығар, көп нәрсені еңсергенде оны да жеңесің деп өз-өзіме серт беріп, қызметке қызу кірісіп кеттім. Қарамағымда 16 қызметкер бар, бірі әнші, бірі биші, әр қайсысының бойынан өнер тамған. Құжаттармен танысып мекемені қарап шығып, ертесі күнгі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне қызу кірісіп кеттік, түстен кейін әп сәтте өзім қасымда көмекшіммен ауыл аналарын шақырып, оларға сый-құрмет көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, залды әсем әуенге бөлеген бишілер мен әншілер аналарымыздың алғысына бөленді. Солай нар тәуекел қызмет жалғасын таба берді. Мәдениет саласының бір қызығы суыққа тоңсаң да, ыссыға күйсең де, жаңбырда қалсаң да қызығы мен шыжығы мол елді қуанышқа бөлейтін, халыққа мереке сыйлайтын қиындығы мен қызығы мол қызмет. Міне, аталған мәдениет үйіне бірнеше жылдан бері басшылық етіп келе жатқан мекеме, ойы ұшқыр, басқарушылық қабілеті мол басшының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Сазды мәдениет Үйінде қазіргі таңда 9 үйірме жұмыс жасайды. Қатысушы саны 150. «Үлгілі» «Шабыт» би ансамблінде 60 адам, «Жас талант» вокал үйірмесінде – 10 бала, «Үлгілі» «Домбыра дастан» домбырашылар ансамблінде 10 бала, «Халықтық» «Ақмаржан» әжелер ансамблінде 10 ересек, «Халықтық» «Театр әлемі» театр студиясында 17 адам, «Халықтық» «Ниязбековтер» отбасылық ансамблінде 1 ересек - 9 бала, «Үлгілі» «Жас Ұлан» Үрмелі аспаптар оркестрі 13бала, «Көркем – ай» хоры 10 бала, «Кестелі өнер» қолөнер үйірмесінде 10адам. Жеткен жетістікктерде аз емес 93 халықаралық,150 республикалық,, 159 облыстық 171 қалалық байқаулардың Гран ПРИ, 1,2 орын иегерлері атанды.2018 жылдан бастап мекемеде 700-ден астам шараға 5000 мыңнан аса қатысушы, 84000 мыңнан аса көрермен қамтылған.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің №192 бұйрығымен 2 ұжым «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарын алды.
2023 жылғы 14 желтоқсанындағы №516-НҚ бұйрығымен «Үлгілі» атағымен 2 ұжым, 2 ұжым «Халықтық» атағын қорғады. Қазіргі таңда 6 ұжымда «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар.
Жас ұрпақты өнерге баулып, өскелең ұрпақтың бойына отан сүйгіштік рухты тәриелеп, өнердің биік белесінде жүрген «Үлгілі» «Жас ұлан» үрмелі аспаптар оркестрі. Үрмелі аспаптардың күшті де эмоционалды үнімен тыңдармандарын қуантып келе жатқан бірегей ұжым.
Қазақстан бойынша жас балалардан құралған бірінші оркестр құрамында 40 бала бар, Алдыңғы шәкірттері ұстаз жолын құйып оркестр дирижері мамандықтарын меңгеруде. Жеткшісі – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, мәдениет майталманы Смайлов Абыл Амангелдіұлы.
2014 жылы «Шабыт» би ансамблін Жарылғасынова Айгерім Аманжанқызы 60 бишімен ашып үлкен топ, орта топ, кіші топ балаларына би үйретіп, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың Гран ПРИ атақтарының иегерлері атанып жүр. 2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлінінің шешімімен «Үлгілі» «Шабыт би» ансамблі атағын қорғап шықты. Қазақ қыздарының парасаттылығын, мәдениеттілігі мен инабаттылығын, бір ғана бидің астарымен айшықтап, киелі сахнада ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген «Үлгілі» «Шабыт» би ансамбілі қаламыздың мақтанышына айналып жүр.
«Рухани қазына – 2023» фестивалінде «Мәдени – демалыс ұйымдары арасында үздік ұжым – 2023» номинациясы бойынша жеңiмпаз атанған «Халықтық» ұжым «Ниязбековтер отбасы» ансамблі 2014 жылдан бастап халықтың ризашылығына бөленіп ән шырқауда. Ансамбль тек қана ән өнерімен ғана емес би өнерімен де халықты тамсандырып, қазақтың үкілі қара домбырасымен күмбірлетіп ән де шырқап, термелер де жырлап халықтың көңілінен шығуда. 2019 жылы «Халықтық» Ниязбековтер отбасылық ансамблін құрып, қазірде халықаралық, республикалық облыстық, қалалық байқаулардың Гран-при иегерлері. Балаларды музыкалық мамандықтарда оқытып, ансамблдің биікке шыңдауына зор үлесін қосып жүрген жетекшісі – Алпысова Мейрамгүл Шүкірбайқызы «Халықтық» «Ақмаржан» әжелер ансамблінде – фольклорлық жанры бойынша өзгеше, талантты, 60 жастан асқан әжелеріміз өнер көрсетіп келеді. Екі дәуірдің куәсі, жастығы, жасамыс шағы, қиындыққа жасымай, «Ақмаржан» әжелер ансамблін құрған ауыл әжелерінің ұмтылысы мен тың тынысы көңілге серпін береді. Ауыл ішіндегі жиын-тойда сахнаға шығып, халық әндерін әуелетіп жүрген әжелер Сазды ауылының мақтанышына айналып келеді – жетекшісі Мәдениет саласының үздігі Сағынова Қаракөз Сағынқызы..
«Халықтық» «Театр әлемі» театр студиясы «Сазды» Мәдениет үйінде 2018 жылы құрылды. Студияда ауылымыздың жасөспірімдері әртістік қабілетін шыңдап, дамытуда, халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі оралып мәдениетіміздің мақтанышына айналып жүр. Көркемдік жетекшісі – Баймұратов Сержан Елеусізұлы.
2018 жылы «Жас талант» ән үйірмесі ашылып, көркемдік жетекшісі болып Самал Смайлова тағайындалды. Балаларға шығармашылық жағынан дамуға, ән айту өнерін үйренуге мүмкіндіктер жасалынған. Ән үйірмесінің ұжымы халықаралық, республикалық, облыстық,қалалық мәдени-көпшілік шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Сонымен қатар, Мәдениет үйінде «Кестелі өнер» үйірмесі де бар. Кестелі өнер үйірмесіне 10 адам қатысып жүр. Әрбір үйірменің қызметі тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білу, қызығушылықтары мен шығармашылығы бойынша адамдарды біріктіру.
«Көркем – ай» хоры алғаш рет 2018 жылы Мәдениет үйі жанынан Самал Смайлованың жетекшілік етуімен құрылған болатын. «Коркем – ай» хоры және осы хор мүшелерінен құрылған шағын вокалды топ қалада өтетін барлық мерекелік концерттер мен іс-шараларға қатысады.
Халқымыздың баға жетпес байлығы домбыра аспабын дәріптеп, қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттап жүрген «Үлгілі» «Домбыра дастан» домбырашылар ансамблі халықаралық, республикалық, қалалық байқауларда өнерлерін шыңдап, жүлделі орындарды бағындыруда және мәдениет үйінде өтіп жүрген іс-шараларға да белсене атсалысып жүр, – дейді Сазды мәдениет Үйнің атқарып жатқан қызметі, үйірмелері туралы айтып өткен Жансәуле Нығметоллақызы.
Мекеменің 2-қабатында 2008 жылдан бері 10 модельдік кітапхана жұмыс жасауда. Амансұлу Тілектесқызы Искакова кітапхана ашылғаннан бері ауыл халқына үздіксіз қызмет атқаруда. Кітаппен жаным егіз демекші, барлық құнды матеиалдарды осы кішкене ғана кітапханадан тауып бірлесіп қызмет атқарады. 12000 мыңға жуық кітап қоры бар.
Ұлт – салт-дәстүрі, өнері, мәдениетімен мәңгі, талантты тарландарымен, өнерпаздарымен, мың жылда бір туатын ұландарымен құнды. Өнерпаздарымен өміршең болатын өнер – қай мемлекетте де, қай материкте де өзінің биік тұғырынан түскен емес. Өйткені ол, сан мыңдаған тарихы бар адамзаттың, ұлттың тұрмыс-тіршілігінен, әлеуметі мен өркениетінен алынған. Өнер арқылы өткенді танып, әр кеудеде бүр жарған жас таланттардың жүрегіне жалын, талабына дем беріп, халықтың, рухани-жан дүниесін байытып келе жатқан сала.
Нығметоллақызы өзі де мәдениет саласының өркендеп дамуына қосқан үлесі үшін мерейін өсіретін марапаттардан құр қалған жоқ. Адал еңбегі еленіп, құрмет төрінен бірнеше мәрте көріне білді.
Атап айтар болсақ:
- Ақтөбе қаласының әкімі Әкімі А.Шахаровтың Алғыс хаты;
- Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың Алғыс хаты;
- Ақтөбе қаласының әкімі А.Бекеттің Алғыс хаты;
- Ақтөбе қаласы, Астана ауданы әкімдері А.Көпенов, А.Жаксылықовтың, Д.Измағамбетованың, М.Аққағазовтың Алғыс хаттары;
- Ақтөбе қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Р.Ақылжановтың, М.Куписовтың, Ә.Бижановтың, Е.Избағамбетовтың Алғыс хаттары;
- Ақтөбе облысы мәдениет, құжаттама және архив басқармасының бастығы А.Юнисованың Алғыс хаты;
- Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары Ә.Бөлекованың, Г.Бисенгалиеваның Алғыс хаттары;
- 2011 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Үздік» төсбелгісі;
- 2018 жылы Қазақстан Республикасы Ішікі Істер Министрлігінің ІІІ дәрежелі төс белгісі;
- 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ішікі Істер Министрлігінің Тәуелсіздікке 30 жыл төсбелгісі;
- 2022 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Мәдениет саласының Үздігі» төсблгісімен марапатталды.
- 2022 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің «Үздік» Мәдениет үйі Кубогымен:
- 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен
Өнердің қай саласы да осындай қол жетпестен, дарындар ғана түсіне алатын ерекшелігімен құнды. Сан мың жылдық тарихы бар саланы меңгеріп, талабы мен қабілетін ұштастырып, жұртшылықпен таныстырып, ел жүрегіне жеткізіп келе жатқан сахна төрінің жұлдыздары мен дарабоздардың еңбегі өлшеусіз.
«Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға» деп Абай атамыз айтқандай өзінің кішіпейілділігімен, еңбекшілдігімен қарапайымдылығымен танылып, елге қызмет етудің жолын тапқан кейіпкеріміз әрбір істе адалдықты ту етіп ұйымдастырушылық қабілетін танытып, кейінгілерге үлгі бола білді. Азаматтық қоғам қалыптастыруда бір кісідей-ақ еңбек еткен Жансәуле Нығметоллақызы елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына көмектесумен қатар, қоғамдық іске де белсене араласып, саяси науқандардың әділ өтуіне өз үлесін қосуда.
Елге сыйлы туыстарына бауырмал әрдайым көпшіл қалпынан айнымайтын Жансәуле Нығметоллақызы еңбекқорлығымен, ұқыптылығымен ерекшеленеді.Ол өз қызметінде сапалы жұмыс атқарып еңбек жолында жинақталған мол тәжірибесімен бөлісіп, әріптестеріне әрдайым құнды кеңестер беріп көмектесуге дайын тұрды. Сол қасиеті арқылы арқылы еңбек ұжымында бедел мен құрметке ие болды. Жансәуле Нығметоллақызы отбасында бас болып, өздеріне жасаған жақсылығын жоғары бағалап, өмірден лайықты орындарын тауып, азамат атанулары үшін шыр-пыр болып, тер төккенін інілері мен сіңілілері үнемі айтып жүреді.
Қазақ арасында айтылып, сан ғасырлар желісінде сөйленіп, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ғажап ойлы, терең мәнді бір көсем сөз бар. Ол – ұрпақ санасына ізгілік туралы, кісілік туралы қастерлі ұғымды мәңгілікке сіңіріп орнықтыру жайлы ата-бабаларымыз насихаттап келе жатқан: «Бір жылдығын ойлаған бидай егеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мың жылдығын ойлаған ізгілік егеді», - деген киелі сөз қалған. Осы терең мағыналы асыл текті астарында жас ұрпақ санасына ізгілік егуге ниеттенген қорғасындай салмақты пәлсапалық ой-танымның алтындай өзекті желісі жатыр.
Қазақ ұғымындағы дала заңының бір белгісі, қазақтың бірегей адами қасиетін айқындайтын басты бейне тектілік деген ұғым екен. Қарап отырсақ, елдің елдігіне, халықтың бірлігіне қажет құндылықтарды кез келген уақытта елдің мүддесіне айналдырып, Ақтөбе қаласының, облысының экономикалық әлеуметтік тұрғыда қалыптасуымен, ел болмысының тұлғалануына, ел ұрпақтарының бірігуіне негіз болатын рухани қызметтердің көшбасшысы бола білген, елмен бірге есейген Жансәуле Нығметоллақызының өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі.
Иә, зиялыға тән парасаты, үлкенге тән ұлағаты, азаматқа жарасатын өнегелі ғұмыр кешкен, азаматтық арына титтей де кір жұқтырмай, абырой, құрмет көгінде темірқазықтай тастөбеде жарқырап жүрген қазақ қызы деуге лайық бір адам болса, ол Жансәуле Нығметоллақызы дер едім.
Ұлы Абай айтпақшы «Атаның баласы емес, адамның баласы болып» бар өмірін халқының дәулеті мен сәулетін арттыруға сарп еткен салауатты басшы бола білген, қажымас қайраткер болғандығына жұртшылықтың көзі жетіп көңілі әлдеқашан сенген. Біз Жансәуле Нығметоллақызы сынды рухы биік, санасы озық қызымен мақтана аламыз. Азаматты ел өсіреді, елдік мектебінің тәрбиесін алады. Қаланың, облыстың қилы да қиыншылықты даму жолдарында өзінің атадан дарыған сұңғыла ойы, аса сауатты болса да әрқашан білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз деп санайтын, білуге, білімге құштарлығы арқасында бұл күнде ауданның экономикалық-әлеуметтік, мәдени даму көкжиектерінің кірпішін бірге қаласып жүріп, елдің көшін ілгері сүйреген білікті маман атанды. Оның адамдық тұлғасын биіктете түсетін қандай қызметте отырса да ынсапсыздыққа жоламағаны, өз мүддесіне келгенде қанағатшыл дағдысын айтпасқа болмайды.
Жансәуле Нығметоллақызы іскер, білікті, пайым-парасаты мықты, жауапкершілік салмағын екі айтқызбай ұғатын, өзінің міндетін қамшы салғызбай атқаратын аудандағы басшылық қызметтегі санаулы қыздардың бірі болғандығы да шындық.
Осы жылдары мәдени пен өнер саласында аудан тұрғындары арасындағы мәдени - идеологиялық жұмыстардың концепциясын әзірлеп жүзеге асырды. Салаға жауапты басшының мәдениет пен өнер ісіндегі қоғамдық идеологиялық жұмыстарды дұрыс жолға қоя білуі арқасында мәдени маңызы бар аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі өтетін іс-шаралар тұрғындар көңілінен шығып отырды. Бұл істе зор тәжірибесі қалыптасқан, көрнекті ұйымдастырушы, тактик, әр істі бүге-шүгесіне дейін тексеретін Жансәуле Нығметоллақызының аппараттық мектебінен қаланың облыстың мәдениет саласы қызметкерлерінің жоғары деңгейде жұмыс істеу дағдысы қалыптасты. Осы жағынан Жансәуле Нығметоллақызы мәдениетінің даму деңгейі жағынан облыстағы алғашқы үздік үштікке жетуіне өлшеусіз үлесі бар деп айтуға қақымыз бар.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: «Біз Жаңа Қазақстанды құру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүкіл тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», - деген екен біз бүгінгі әңгімемізге қашанда ізгілік жолын ұстанған, халқын шын сүйген, отанына, туған еліне шын жүрегімен берілген үлгі өнегесі бүтін Жансәуле Нығметоллақызы қалай мақтауға да тұрарлық басшы, мәдениет саласының үзідгі.
Жеке адамның өмірдегі өз жолы тайға таңба басқандай анық болғанымен, оның орнын замандастарының бағалауының жөні бөлек. Жансәуле Нығметоллақызы өзінің бауырынан тұлымшағы желбіреген перзенттерніе аналық мейіріміне бөлеп, азамат етіп қатарға қосты. Бұл күнде осы перзенттерінің қызығына тоймай, нұрлы шуағына бөленіп отырған Жансәуле Нығметоллақызының деніне саулық, отбасына амандық, қызметіне шығармашылық табыс тілейміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()