Алимбетова Майра Жалмұханбетқызы

Рейтинг:

Өнерімен өрге жүзген өр актриса

      Өнер құдіреті – әркімге берілмес өмір өлшемі. Өнер адамды өрге сүйрейді. Өнерлі жан – өресі биік жан. Осындай өрелі деген дәрежеге шыға білген, шеберлік үлгісін таныта алған Майра апайымыздың өнер жолын танытпақпыз.  
      Алимбетова Майра Жалмұханбетқызы – 1952 жылы  шілде айының он алтыншы жұлдызында Сыр елі, жыр елі атанған  Қызылорда жерінде дүние есігін ашты.1978 жылы Москва қаласындағы Щепкин  атындағы Жоғары  театр училищесін  бітіреді. Арманы асқақ алтын жанның актрисалық жолы осыдан басталады.
      Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің жолдамасымен 1978-1981 жылдары  Торғай облыстық драма театрында актриса қызметінде жұмыс атқарады. Жинаған үш жылдық тәжірибесінен кейін Жамбыл облыстық драма театрына ауысады. 1981 жылдан бастап Жамбыл облыстық қазақ драма театрында осы қызметті  үзіліссіз атқарып келеді. 
      Бүгінгі уақытқа дейін театр сахнасында 100-ден аса рөлдерді  сомдау нәтижесінде, актерлік шеберлігі толысып, жетілген білікті сахна шебері ретінде танылды. Әсем айшықты образдарды ойнап, қалың жұртшылыққа сахнаның саңлағы екенін мойындата білді. Майра Жалмұханбетқызы –кәсіби тұрғыда  шыңдалған, өзі сомдаған рөлдерді аса сәтті де тартымды шығарып, театр танушылар мен  көрермендер   тарапынан  лайықты  бағасын алып, талай биіктерден көрінген дарынды актриса.  
      Мәдени дүниеміздің қажеттілігі театр сахнасы, өнер сахнасында айқындалады. Сахнада сөзді сазына келтіріп, көрермендерді беймәлім сұлу сипатты сырымен сиқырлай білген өнер иесінің ойнаған рөлдері еріксіз шапалақ ұрғызады, таңдандырады.   Театр репертуарындағы ойнаған рөлдері: М.Әуезовтің «Қаракөзіндегі» - Қаракөз, «Қара қыпшақ Қобыландысында» - Қарлыға, Ә. Қалдыбаев «Сәлім – Сәлимасында»- Сәлима, Б. Әбілдаевтың «Төле биінде» - Ана, «Еңлік-Кебегіндегі» - Еңлік, С.Тоқбалаевтың «Палатасында» - Дана. Майра Алимбетованың басты рөлдерді сомдауда еш тайсалмаған батыл мінезі сахнада еркін сөйлеп, жүріп-тұруыңа әсер етті. Мөлдір сезімді мүлтіксіз шынайы жеткізді. Дарқан қазақтың даласындағы дара бейнені жасап, сомдауға тырысты.
      У.Шекспирдің «Гамлетіндегі» - Гертруда, «Ричард-ІІІ-індегі»- Елизавета, Д.Исабековтің «Әпкесіндегі» - Гауһар, Қамажай, «Кішкентай ауылда» - Шәмсия, С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдым да» - Айгүл, Еврепидтің «Медеясында» - Сүтана,   Б.Жакиевтің  «Әке тағдырында»- Зуһра, А.Мирзагитовтың «Баласын күткен боздақтарында» Залифа, А. Жағанованың «Беймаза әйелінде» - Айша,  К. Баялиевтің «Оралуында» - Лиза, М.Хасиновтың «Жас жұбайлар әнінде» - Зәуреш, Б. Әбілдаевтің «Айша бибісінде» - Бабаәжі, Е.Әлімжановтың «Жанталасында» - Сәнім, «Бір қазаққа – бір қатынында?..» 
      Әнапия, «Тақталасында» - Оля, Ә.Тауасаровтың  «Махаббат аралында» - Айна, Ш. Мұртазаның «Жалғыз үйлік зіл-заласында» - Сандуғаш, Т.Нұрмағанбетовтың «Кемпірлер үкімінде» - Айгүл, Жұлдызбике, «Табалдырығыңа табында» - Файруза, А.Арбузовтың  «Ойнақтаған от басарында» - Қыз, А.Чеховтың   «Ивановта» - Сашенька, Ш.Хұсайыновтың «Алдаркөсесінде» - Қарашаш, Г.Боровиктің «Буэнос-Айрестегі интервьюінде» - Клара Фастос, О.Иоселианидің «Арбаның ізіменде» - Ланда, Ю.Егоровтың «Азап вагонында» - Машенька, Қ.Найманбаевтың  «Ерлі зайыптылар және басқаларда» - Әсем, В. Шекспирдің «Дуалы түнгі думанда» - Гермия, Д.Гаринойдың  «Ренальдо шықтыда» - Агата, «Кішкентай ауылындағы» - Шәмсия, «Пері мен періштесінде» - Сапура,  Ш. Айтматов пен М. Шахановтың  «Сократ түнінде» - Ғалия, Бақыт, Айдай,  Т.Ахтановтың «Антындағы» - Батима ханым, С.Сматаев пен Т.Теменовтің «Көгілдір таксиіндегі» - Мариям,  И.Содиковтың  «Әпендінің бес қатынындағы» - Фатима, Б.Соқпақбаевтың «Қожанасыр келе жатырындағы» – Ана, М.Томанов пен М.Ахмановтың «Екі досындағы» - Ешкі, Б.Айдарбековтің «Тағдыр тәлкегіндегі» - Алима, С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркегіндегі» - Розабану, Қ.Ысқақ пен Ш.Құсайыновтың «Қазақтарындағы» - Ана, Б.Бекжановтің «Айша бибісінде» - Шербет, А.Бекбосынның «Домалақ енесіндегі» - рөлдерін және басқа да бейнелерді  өзіне тән хас шеберлігімен ерекше сомдап, көрермендерін тәнті етіп келеді.
      Көптеген республикалық және халықаралық театрлар фестивалінде жүлделі орындарға ие болған.  Осы еңбектері арқасында 1998 жылы  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі атағын алды. Майра Алимбетова ұзақ жылдардан бері Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі, әрі Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті ретінде, актрисалық өнерімен және шығармашылық жұмыстарымен қатар, оқытушылық   қызметпен де айналысып, театр өнері саласына шәкірт  тәрбиелеуді негізгі қызметімен ұштастыра атқарып келе жатыр. Ұлағатты ұстаздың алдында қаншама өнерлі жастарымыз тәлім алып жүргені қуантады. 
      Майра апайымыз  қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Осындай  белсенділігі нәтижесінде, 1979-1981  жылдары  Торғай облыстық Кеңесінің  депутаты болып сайланған.Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық. Майра апайға таусылмас азық болып келе жатқан өнері екені айқын.Тәңір берген таланты мен  таудай талабының арқасында толағай табыстарға жете білді. 
      Айталық, 1986 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің дипломымен марапатталды. 1996 жылы  Жамбыл облысы әкімінің  «Тараз рухы» сыйлығын иеленеді. Сондай-ақ,  Москвадағы «Әлем халықтары өнері» ассоциациясының  лауреаты атанды. 1998 жылы    Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі атағына ие болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы  Президентінің   «Алғыс Хаты» табыс етілді. 2018 жылы «Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне 50 жыл» «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», 2019 жылы «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталған.
      Сан  саладан хабары бар Майра апайымыз өзінің саяси білімін үнемі жетілдіріп отырады. «Нұр Отан» ХДП-ның бастауыш ұйымы жетекшісі қызметін белсенділікпен атқарғаны үшін   2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің «Құрмет Грамотасына» ие болды.  2011-2013 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі   қызметін атқарып,  театрдың  шығармашылық дәрежесінің артуына үлкен  үлесін қосты.
      Майра апайымыз – аяулы жар, ардақты ана, отбасының ұйытқысы болып отырған отанасы. Жан серігі, жан жолдасы – Әлімбетов Нұрхат. Екеуі – қазақы отбасының берік тұтқасын ұстап отырған үлгілі жанұя. Асхат, Әділет атты екі ұлы, Ләззат атты қыздары бар. Үш баланың, сегіз немеренің ортасында шат-шадыман ғұмыр кешіп жатыр. 
      Еңбекқор, талантты, әрдайым ізденісте жүретін актриса бүгінде үш баланың анасы! Өнермен ғана шектеліп қалмай, асыл жар атанып, отбасылық өмірді катар алып жүрген актрисаға алдағы уақытта биік белестерді бағындырады деген үлкен үміт артамыз!
      Майра апайымызға зор денсаулық тілейміз, отбасыңыздың ортасында бақытты өмір кешуіңізге тілектестік білдіреміз. 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
22 декабря 2020 23:47
Мурат

Апапыздын онери усти берсин 

Последние комментарии

8 марта 2026 12:15
Qairat
Жатқан жерің жайлы,топырағың торқа болсын Әбіл аға,Артыңда қалған балаларыңды,туғандарыңды,жиендеріңді желеп жебеп...
7 марта 2026 20:14
Арманбек Кеңесұлы Тілеубай
Кішкентай бала кездерінде Кеңес ағасының ұл балалары (жеті ұлы бар), тілдері келмей Сара Тілеубайқызын Дәдә деп атап...
16 февраля 2026 21:19
Dilda
Атамызбен мақтанамыз,жаны жәннатта болсын♥️...