Мәдениет саласының майталманы Өнер мен мәдениет – сан мыңдаған ғасырлар бойы адамзатпен бірге жасасып келе жатқан тау
![]()
шөксе де шөкпейтін, мұхит тартылса да сауалмайтын, ғасыр ауысса да өзгермейтін өшпейтін сала. Өйткені мәдениет - халықтың ішкі жан дүниесі мен руханиятының, салт-дәстүрі мен әдет ғұрыптарының көрінісі. Осындай өлмейтін, өшпейтін мәдениет саласында еңбек етіп, өлмес мұраны қастерлеп, өнер сахнасында жарқырап келген әнші, ақын, сазгер, мәдениет қызметкері, талантты өнерпаздарымыздың бірі – Боташ Ноғаева. Өнер әлемінің шыңында алтын қанатты қырандай қалықтаған талантты өнерпаз, халықаралық «Түркі әлемі» фестивалінің, республикалық Майра Уәликызы және облыстық Күләш Бәйсейітова атындағы байқаулардың лауреаты, Шашубай Қошқарбайұлы атындағы термешілер байқауының «Бас жүлдегері». Өнер саласында айтулы атқарған шығармашылық еңбектері үшін - Қарағанды облыс әкімі, Абай аудан әкімі сыйлықтарының лауреаты. Ноғаева Боташ 1962 жылдың 5 тамызында Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарылғап ауылында (бұрынғы Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы, Ақшатау совхозында) дүниеге келді. Біріңғай жүйріктер қатысқан аламанда топ жарар тұлпардың құлын күнінде төрт аяғын тең алғаны секілді, үлкен сахнаны өлеңдерімен нұрландырып, жарықтандырып жүрген Боташ бойындағы ерекше қабілетін бала кезінен-ақ байқата білді. Мөлдір де таза тау бұлағындай, бақытты балалық шағында періште көңілмен орындаған әндерін тыңдағандар тамсанып жатты. Бірақ, өнер саласына емес, техникалық салада еңбек етуді таңдаған Боташ 1979 жылы Жарылғап ауылындағы Жүсіп Алтайбаев атындағы орта мектепті тәмәмдаған соң, Қарағанды қаласындағы есеп-кредит техникумын, «Бухгалтер» мамандығы бойынша бітіріп шығып, алғашқы еңбек жолын 1981 - 1983 жылдар аралығында Шет ауданында Құрылыс банкінің бухгалтері болып бастады. Есеп саласында жұмыс істей жүріп, табиғат тарту еткен ерекше қабілетін дамытуды, өнер саласында өзіндік сүрлеуін салуды ұмытқан жоқ. 1983 жылдары «Горняк» мәдениет үйіне директор болып тағайындалуы осының дәлелі еді. 1985-1990 жылдары Жаңаарқа ауданында «Иртышканалстрой» мекемесінде есеп бөлімінің бухгалтері, одан кейін Целинный теміржолының жұмыскерлерді қамту бөлімінде бухгалтерлердің басшысы, 1990-1997 жылдары Жаңаарқа аудандық мәдениет комитетінің әдіскері болды, 1997-2000 жылдар аралығында Қарағанды қаласында Ленин атындағы кинотеатрдың бас НОҒАЕВА БОТАШ бухгалтері және «Арғымақ» ААҚ-ның экономика жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарған Боташ есеп саласы мен шығарма
![]()
шылық әлемін байланыстыра жүріп, тәжірибе жинақтады. Басқа салада еңбек етіп жүрсе де, Боташтың өнерге деген сүйіспеншілігі басым болды. 2000 – 2007 жылдары Қарағанды облыстық мәдени қорында халық шығармашылығының бас маманы қызметін атқарды. Мәдениет саласы – ақынның жырларындай нәзік, күтім мен баптауды, толықтырылып, жаңарып отыратын шығармашыл ортаны, жібек мінезді жандардың еңбек ететін ерекше бір орта. Мәдениет - сан ғасырлық адамзаттың, бертін келе қазақ хандығының, Тәуелсіз Қазақстанның, аталарымыздың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі, адами болмыстары айқын көрінетін қылдан да нәзік сала. Бухгалтерлік салада жүрсе де, мәдени салаға бет бұрып, жағдайын үнемі бақылап отыратын Боташ қызмет еткен жылдары саланың даму өрісін алға жылжытып, заман талабына сай жаңа бағдарлама салаларды қабылдап, жүзеге асырылуына септігін тигізді. Міне, саланың саңлағы атанған Боташ Ноғаева 2007 жылдан бері Қарағанды облысы, Абай қаласындағы, Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесі, «Абай ауданының мәдени бос уақыт өткізу орталығы» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны, аудандық мәдениет үйінің халық шығармашылығын дамыту әдіскері және «Парасат» қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметтерін абыройлы атқарып келді. 2019 жылдың басынан бастап, «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданған Боташ – аудандық мәдениет үйінің және жалпы Абай ауданына қарасты ауылдық клуб мекемелеріндегі әдістемелік қызмет аясының жұмысын жоспарлап, оның технологиялық жағдайын талдай білетін, жоғары дәрежелі кәсіби маман, шығармашыл тұлға болып қалыптасты. Шығармашылық салада қызмет еткен жылдары мәдениет саласында көптеген жұмыстар атқарды. Қарғанды облысы, Абай қаласында 97 пайыз орыс ұлтынан тұрады. Арқа дәстүріндегі әншілердің қайталанбас әндерін қара домбырамен орындап, салт-дәстүрді сақтай отырып қазақи болмысын жүрекке жеткізе отырып, «Ұлттық құндылықтарды ұрп
![]()
ақ ұмытпауы керек»- деген, үнмен өзінің қайталанбас даусымен, киелі сахна төрінде домбырамен, оркестрмен де ән салды. Сол себепті де Абай ауданында «Парасат» қазақ тілі қоғамдық бірлестігін басқарып, өзінің ұлтына, тіліне деген құрметін көрсетіп жүрді. Арқаның арқалы, дарынды қызы әнші, сазгер Боташ Ноғаеваның бұл ауданның мәдениет үйіне сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Халық шығармашылығын дамытудағы «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы, мемлекет саясатының орындалуына ерекше көңіл бөлді. Үкімет тарапынан мәдениет саласына көңіл бөлініп, түрлі бағытта бағдарламалар жүргізіліп жатқан кезде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауына құлақ түріп, өзі де әдіскерлік салада еңбектер жазып, іс-шаралардың бел ортасында жүрді. Өлмес мұраның өміршеңдігін дәлелдеп, ән саласында өзінің де шығармашылығын дамытты. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет шешімдерін өз қызмет аясының шеңберінде басты негізіне ала отырып, мәдени ойын–сауық шаралары арқылы жүзеге асырды. Аялдауды білмейтін еңбекқор шаруадай, үнемі ізденіс пен шығармашылық еңбек үстінде жүретін Боташтың еңбегінің нәтижесінде мектеп және колледж ұжымдарымен, оқушылармен байқаулар, фестивальдер, концерттер өткізілді. Сонымен қатар, түрлі тақырыптағы дәрістер мен жас ұрпаққа басқа да көркем – эстетикалық тәрбие беретін бірлескен шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Қандай ортаға барса да жанындағылармен еркін араласып кете беретін ашық, көпшіл жібек мінезді Боташтың ерекше қасиеттерінің бірі – ұжыммен жұмыс жасай білуі, жас таланттарды қолдап, олардың шығармашылыққа деген махаббатын арттырып, өзін-өзі кемелдендіруіне жол ашуы болатын. Жаңа идеяларды бастаушы Боташ халық шығармашылығын насихаттаудың жаңа әдістері мен түрлерін енгізуші және шабыттандыра білді. Осы еселі еңбегі бағаланып, бірнеше рет «дипломдар» және «грамоталар»-мен марапатталды.Халықаралық деңгейде марапаттары:
✦ 2007 жылы Түркия мемлекетінің Чубук қаласында өткізілген Түркі халықтарының фольклоры мен мәдениетіне арналған халықаралық фестивальге қосқан үлесі мен шығармашылығы үшін лауреаттық «Диплом»;
✦ 2009 жыл Астана қаласында өткізілген ІІІ халықаралық балалар шығармашылығының «Ақ көгершін» байқауынан «Талантты балаларға берген тәрбиесі мен қолдауы» үшін - «Құрмет грамотасы»;
✦ 2010 жыл Италия мемлекетінің Римини қаласында өткізілген халықаралық «RIMINI FEST - 2010» байқауынан «Диплом»;
✦ 2018 жыл Түркия мемлекетінің Кемер /Анталия/ қаласында өткен түркі халықтарының 9-шы халықаралы
![]()
қ фестивалінде Қазақстандықтарды ұйымдастырудағы көрсеткен шеберлігі мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен татулықты сақтаудағы қосқан еселі еңбегі үшін және Қазақстан Республикасының өнерпаздарын бастап апарып, белсенді қатысқаны үшін, ұлттар арасындағы бейбітшілік пен татулықты сақтаудағы қосқан еселі еңбегі үшін – «Лауреаттық диплом». Республикалыдегейдегі марапаттары:
✦ 1991 жылы Павлодар қаласында өткізілген талантты әнші, халық композиторы М. Уәлиқызының 95 жылдығына арналған республикалық байқаудан «Лауреаттық диплом»;
✦ 2006 жылы Астана қаласында өткізілген Қазақстан Республикасы, мәдениет және ақпарат министрлігі, тілдер комитетінің және «Сайдалы Сары Тоқа» қорының,талантты балаларға берген тәрбиесі мен қолдауы үшін -«Алғыс хаты».
✦ 2007 жылы Қазақстан Республикасы, Түркі халықтарының мәдени қорының «Алғыс хаты»; ✦ 2014 жылы шығармашылық саласындағы жас ұрпаққа берген тәрбиесі мен балалар көркемөнерпаздар өнер шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты»;
✦ 2017 жыл Астана қаласында өткізілген республикалық «Дарын - 2017» байқауы мен республикалық «Астана жұлдыздары» байқауынан және халықаралық «ЭКСПО - 2017» көрмесінің аясында өткен республикалық байқауға қатысып, мәдениет және өнер саласында үздік шәкірт тәрбиелеп, қосқан үлесі үшін – «Алғыс хаттар». Аймақтық, облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі марапаттар:
✦ 1980 жыл Қарағанды қаласында өткізілген Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 35 жылдығына арналған патриоттық байқауда үздік ән орындағаны үшін –« І дәрежелі лауреаттық диплом»;
✦ 1990 жылы Жезқазған қаласында өткізілген СССР халық әртісі К. Бәйсейітоваға арналған облыстық ән байқауынан «ІІІ дәрежелі диплом» және термені үздік орындағаны үшін Шашубай Қошқарбайұлы атындағы «Бас жүлде» иегері;
✦ 1995 жылы Ақмола қаласында өткізілген Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығына арналған байқаудан «ІІІ дәрежелі лауреаттық дипломы»;
✦ 2002 жылы Қарағанды облысы көлемінде «Наурыз мейрамы - 2002» мерекесін ұйымдастырып, өткізгені үшін АК 159/5 мекемесінен «І дәрежелі құрмет дипломы»;
✦ «Наурыз - 2008» мейрамына арналған облыстық үздік жобалар байқауынан «І дәрежелі диплом»;
![]()
✦ 2009 жылы көркемөнерпаздар шығармашылығын дамытып, насихаттағаны үшін, Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының сыйлығы мен облыстық халық шығармашылығының ғылыми әдістемелік орталығының «Алғыс хаты»;
✦ 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық байқауынан «Идеологиялық бағыт-бағдары үшін» номинациясындағы ең үздік жобасы үшін – «Диплом»;
✦ Мемлекеттік тілді дамыту аясында өткізілген «Жаңғырық» интеллектуалды телеойынға белсене қатысқаны үшін –«І дәрежелі диплом»;
✦ 2013 жылы Қарағанды қаласы. облыстық «Біз - Қазақстандықтармыз» жобалар байқауының «Бейбітшілікті, бірлікті, ұлтаралық келісімді насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша диплом;
✦ 2013 жылы «Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» номинациясы бойынша Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы және диплом;
✦ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында өткен Көкбөрі Керней бабаға арналған мерейтойдың дайындалып, өткізілу шарасына қосқан ерекше үлесі үшін.«Көкбөрі Керней баба» қоғамдық қайырымдылық қорының «Алғыс хаты»;
✦ 2016 жылы облыстың қоғамдық – саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін, жаңа Қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін, Қарағанды облысы әкімінің «Құрмет грамотасы»;
✦ 2017 жылы Ұлы күйші Ә. Хасеновтің 125 жылдық мерейтойы аясында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында атап көрсеткендей, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа ұлықтаудың ұлы мұрасы жолында атқарған қызметі мен қажырлы еңбегі үшін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Алғыс хаты»;
✦ 2018 жылы «Бұқарекең жырлайды» дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысынан «Бұқар жырауша» номинациясы бойынша «III дәрежелі диплом»;
✦ Бұқар жырау ауданында өткен қазақтың көмекей әулиесі Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойын ұйымдастыру ісіне демеушілік жасап, жауапкершілік пен белсенділік танытқаны үшін «Көкбөрі Керней баба» қайырымдылық қоғамдық қорының «Құрмет грамотасы». Мәдениет саласында келелі істер атқарып, облыс мәдениетінің алға жылжып, рухани әлеуметі жоғарлауына үлес қосып келе жатқан, облыстық деңгейде өткізілген әр іс-шарада жетекшілік ізін қалдырған Боташтың өзі де дәстүрлі және эстрадалық ән орындаушысы болған. Аудан бойынша ән шығармашылығының дамуына, әсіресе, талантты балалардың халықаралық, республикалық байқауларға қатысуға дайындау барысына көп көңіл бөлді. Өзі тәрбиелеген шәкірттері: А.Әбдіғазымова, А.Әділбекова, А.Сұлтанова, Ә.Тютюбаева, Р.Рахымбеков, Д.Семби, Л.Қалиева, Қ.Әуесханқызы, А.Күнтуарова және тағы басқалары ұстаздарының еңбегін ақ
![]()
тап, түрлі деңгейде өткізілген шығармашылық байқаулары мен өнер фестивальдарында жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Боташ қаламының желі бар әуесқой ақын, жүрек түкпіріндегі толқынысы нота болып қағаз бетіне түскен сазгер. Балаларға арналған «Мен бақытты баламын», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жаса,жайна қазағым!», Наурыз мерекесі мен ағаға деген құрметтен шыққан «Әз Наурызым, армысың!», «Асыл аға» әндері өз тыңдаушыларын тапқан. Абай ауданының орталық мешіті бой көтергенде шығарылған «Жаратқан Алла, бір өзің қолда!», Нұр – Сұлтан қаласының 20 жылдығына арналған «Достық әнім – Астана!», мәңгілік ел ұлттық идеясын қолдауға «Мәңгілік ел – Қазақ елі жасасын!» әндері Боташты көптің ықыласына бөлеп, мерей биігіне көтере білді. Сонымен қатар, Шет ауданының 80 жылдығы мен Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған «Шежірелі Шет ауданы» және «Айналдым сенен, Жаңаарқа!», Жұлдызы жанған, бақытты жандарға және жастар жылына орай шығарылған «Жарқырасын жұлдызың!», «Алға, жастар!» гимні, Алаш ардақтысы С.Сейфуллиннің 125 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының Батырлары – Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдық мерейтойларына арналған «Сұңқар Сәкен», «Қос жұлдыз - қос батыр» әндері мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Ата Заңым айбында» атты термелері мерекелік іс-шараларда үлкен сахна төрінде орындалып келеді. Ақынның жүрегін жарып шыққан әр өлеңі, ананың толғағымен дүниеге келген әр баласы секілді өзіне ыстық, қымбат, бағасыз дүние. Қауырсын қаламмен қағаз бетіне түскен әр шығармасында тәрбиелік мәні бар өнегелі сөздер, батырлардың ерліктері мен елге еңбегі сіңген ұлы тұлғалардың істері көрініс тапқан. Боташтың сөзіне жазылған Жаңаарқа ауданының 80 жылдығына арнаған «Жаңаарқа - жасыл белесім», Алаш ардақтысы С.Сейфуллиннің 100 жылдығы қарсаңында дүниеге келген «Сәкен баба рухына», «Тәуелсіздік – тәу етер киелі жол», «Өркендей бер, Қарағанды!», «Жарылғап – туған ауылым» әндері мен «Мен жырлайын Бұқарша» атты жыр термесі өнердің қазынасын толтырып, тарихтан сыр шертіп келеді. Сонымен қатар, жүрегінде әндеткен нотаның сым пернесі мен сыр пернесін баса сөйлеген сазгер Боташтың жергілікті ақындармен бірігіп дүниеге әкелген «Көріктің жоқтауы», «Абай вальсі», «Туған жер», Керней батырға арналған «Көкбөрі Керней баба» әндері әшілердің орындауында шырқалып жүр. Ақынның асыл сөзі, әншінің шырқ
![]()
ай салған әні мен батырдың ерлігі ешқашан ел есінен кетпейді. Мәдениет айдынында шабыт деп аталатын кемесінің желкенін түріп, алға бағыт алған Боташтың еңбектері топталып, өз оқырмандарына жол тартты. Атап айтар болсақ, 2015 жылы Алматы қаласының «Нұр» баспасында Боташтың сөзі мен әніне жазылған әндердің ноталары терілген «Қанатты ән, жақұтты жыр» атты авторлық әндер жинағы жарық көрсе, Боташтың еңбектері мен есімі Жаңаарқа, Шет және Абай аудандардың, Абай қаласының энциклопедиялары мен белгілі жазушы Майбастың «Керней» шежіресіне, тағы да басқа тарихи кітаптарға енгізілді. Ақын мен тыңдармандарының арасын көпір етіп жалғап, республикалық «Қазақ радиосының» рубрикасында Боташ Ноғаеваның орындауындағы дәстүрлі әндер жиі шырқалып тұрады. Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойының құрметіне арналған «Аңсайды елі Сәкенін», «Салайын мен әніме» атты халық және қазақ композиторларының әндерін орындаған дәстүрлі әндер жинағы мен «Жаса, жайна қазағым!», «Туған жер әуендері» атты эстрадалық авторлық әндері мен оның орындауындағы басқа да авторлардың әндер жинағы үн таспаға жазылып, жарыққа шыққан. Боташ Ноғаева 1996 - 2016 жылдар аралығында өнерге сусыған халыққа тегін 27 авторлық шығармашылық концертін беріп, жергілікті әкімдердің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары»-мен марапатталып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Боташ бір отбасында дүниеге келіп, екінші отбасында өсті. Туған әкесі Қазақ соғыс ардагері, анасы Ғайния - көпбалалы ана еді. Өсірген әкесі - Ноғай 1930 жылы Сібірге айдалып қуғын-сүргінге түскен. 1941 жылы еліне аманесен оралған, анасы - Шолпан көпбалалы ана еді. Боташ екі егіз қыз тәрбиелеп өсірген ана. Қыздары жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтап, екеуі де үлкен маман иесі болып шықты. Ерен еңбегінің арқасында тұрмысқа беріп, құда-құдағиларының ортасында мәртебесі жоғары болды. Қорланы мен Бағланы екі отбасында, барған жерлеріне алты немере сүйдіріп отырған қазағымыздың тәрбиелі келіндері. Күйеу балалары - Жаслан мен Бекзатты ұлдарындай көрді. Немерелерін қызықтап, өмірдің үлкен белесіне енді шығып, еңбегінің жемісін көретін уақытта, 2020 жылдың шілде айында өмірден ерте озып кетті. Қыздарының әкесі - Смағұлұлы Қайыркен 2009 жылы дүниеден озған. Боташтың артында ұмытылмайтын еңбегі мен сыңғырлаған әсем дауысы халқына мұра болып қала берді. Тыңдаған жастың жалын отын ұшқындататын патриоттық әндері аудандық, облыстық және Елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен мәдени шаралардың көркіне көрік қосып, әр нотасында, әр сөзінде ақынның үні желдей есіп, тыңдармандарының жүрегінен жол тауып келеді. Мәдениетте өлшеусіз еңбегі, қоғамда азаматтық орны, өнерде өзіндік қолтаңбасы қалаған, қала тұрғындары мен шығармашыл ұжым ортасында сыйлы, жауапкершілігі мол, ізденгіш және кәсіби жоғары, білікті маман - Ноғаева Боташтың әндері мен есімі киелі өнер аспанында, өнер деп аталатын Алатаудың ұшар шыңында шырқала бермек!