Есжанова Маржан

Рейтинг:

Ұлы ұстаз – ұлт болашағы 

      Кез - келген адам үшін өзінің алғашқы ұстазынан артық адам жоқ. Оған себеп те жоқ емес, қазір ел алдында жүрген ел ағалары мен әпкелеріміздің барлығы да өз өмірін айтып отырғанда өзінің алғашқы ұстазын ерекше жылылықпен еске алады. Олар өзінің алғашқы ұстазын өз аналарындай көретіні де жасырын емес. Бала арманының жалғасы болған, сол арманның қанат бітіп орындалуына да ұстазының қосар үлесі зор. Кез - келген мектептің табалдырығын аттаған сәттен баланың бойына тәрбиемен қатар білімнің де дәнін себіп, барынша жақсы адам болып қалыптасуға күш салады. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, өмірдің бастауы басталған сәттен оның жанындағы ең алғашқы көретін адамы да осы ұстаз. Оқырмандарымызға ерекше өнерімен қатар, өмірімен де үлгі болып жүрген Чәпкеміз туралы сөз етпекпіз.
      Біз әңгімелеп бергіміз келген кейіпкеріміз Маржан БегежанқызыЕсжанова Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданы Ескі Шілік елді мекенінде 1971 жылғы 25 ақпанда дүниеге келген. Он баланың ішінде балалық шақтың бал дәмін тата жүріп, бала шақтан болашаққа қадам басу мақсатында алғаш рет 1978 жылы М.Шаханова атындағы мектепке қабылданады. Осылайша, бала Маржан мектеп қабырғасында үлгілі тәртібімен қатар, алғыр да білімпаз оқушы екенідігін дәлелдеді. Аталмыш мектепті ойдағыдай 1988 жылы аяқтап шығады.
      Өз армандарын нақтылап алған бойжеткен Маржанның ендігі мақсаты айқындала түсіп, 1990 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығына оқуға түседі. Институт қабырғасындағы өткізген әр сәтін студент қыз барынша білім мен біліктілігін арттыруға жұмсады. Аталмыш институтты 1995 жылы аяқтап шығады.
      Маржан Бегежанқызы 1989-1996 жылдар аралғында М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтында лаборант, 1996-2003 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімшесінде оқытушы, 2003-2007 жылдары аға оқытушы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының директоры қызметін атқарып келеді.
      Осы атқарған ерен еңбектің өз бағасын алғанға не жетсін. Кез келген адам өзінің атқарған еңбегінің жемісін жеу үлкен бақытқа және қуанышқа бөлері анық еді. Жетістіктің артында ерен еңбектің жатқандығы анық. Барынша төккен тердің еленгені адамның бұл дүниеде жасап жатқан жұмысының бар екендігінің нәтижесі екендігінен хабардар ететіндей. Сондықтан да, кім болса да еңбектің еленгені барынша рухани және білімінің одан әрі жетілдіруге барынша күш беріп, қуаттандыратын ерекше сезім екендігін жасыратын дүние емес. Адамның бақытты болуы үшін көп нәрсе керек етпейтіні тағы бар. Тек қана жасаған еңбектің бір парасы еленіп, барынша елдің көңілінен шығып, халқының қолдауына ие болса болғаны дер едім.
      1998 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халық- аралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кеңесінде п.ғ.д. профессор Қ.Ергөбектің жетекшілік етуімен «Қазақ поэзиясындағы желтоқсан оқиғасының көрінісі» атты диссертациялық тақырыбы бекітілген. Өзінің ғылыми жұмысының тақырыбы бойынша университет ішіндегі ғылыми-теориялық конференцияларда бірнеше рет баяндама жасап, 14 ғылыми мақаланың, «Шешендік қасиетті өнер», «Жақсыларды жыр еттім» атты 2 жинақты кітаптардың авторы атанған. 2005 жылы Ақтау қаласында өткен «Асқарға баста Ақорда» атты республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері, 2006 жылы Тараз қаласында желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай өткізілген «Желтоқсан жаңғырығы» атты республикалық ақындар айтысында бас бәйгені иеленді және осы жылы облыс әкімінің «Жылдың ең үздік ақыны» атағымен марапатталды.
      2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай өткізілген «Тәуелсіздікке тәубе» атты республикалық ақындар айтысында жүлделі 1 орынды иеленді.
      Бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері.
      2012 жылы облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
      2020 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденінмен марапатталып, оны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова ханымның қолынан алды. 
      Есжанова Маржан әпкеміздің әрқашан да айналасына барынша үлес қосып жүретіндігін көре аламыз. Оған дәлел, Елбасымыздың Жолдауын қолдау мақсатында облыс, аудан көлемінде бірнеше іс-шараларға белсене қатысып, өзінің жалынды жырларымен үлес қосып келеді. Қазіргі заман талабына орай жастарға саналы тәрбие мен терең білім беруде өзін талантты өнер иесі, әрі ұйымдастырушы ретінде танытты. Бұндай елеулі жұмыс әрқашан да бір орында тұрақтап қалмай өзін де, өзгені де дамытуға барынша күш салған Есжанова Маржан әпкемізді өз ортасында сыйлы екендігін де байқай аламыз. Шәкірттерінің жақсы оқушы немесе маман болуымен қатар, жақсы адам болуға да барынша күш салып келе жатқандығын тағы да бір рет дәлелдегенін көре аламыз. Соның нәтижесінде өзінің білімімен де, рухани да дамуына барынша күш салып жақтандығының айқын дәлелі болса керек. Кез келген адамның біліммен қатар рухани дамудың кілтін таба алмасы анық. Ал, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Маржан Бегежанқызы әпкеміз болса, ұстаздықпен қоса, рухани дамуға күш салатын өнер мектебін басқару екінің бірі қолынан келе бермейтін нәрсе екені айдан анық еді. Бұндай басшыға өзін әрқашан да дамытып отыру керек екені тағы бар. Білім жағынан болсын, рухани жағынан болсын, өнер жағынан болсын барлық жақтан да бесаспап болуы керек екені тағы бар. Одан бөлек, отбасының да қамын ойлау керек екені тағы бар. Есжанова Маржан әпкемізде екі қыз және үш ұлдың анасы. Бес баланың әр қайсысына жеке көңіл бөліп, оның барлығына жақсы тәрбие беру екінің бірінің қолынан келе бермесі тағы бар. Себебі, бірі жұмыс, енді бірі отбасы деп көп бас ауырта бермесі де анық. Бірі жұмысын алдыға қойса, енді бірі отбасын алдыға қояды. Екінші орынға сырғыған кез - келген нәрсе адам баласының ең осал тұсы болып қалатыны тағы бар. Ал, Маржан Бегежанқызы болса, отбасына да көңіл бөліп, жұмысын да барынша дөңгелетіп отырған аяулы жар, асыл ана және ұлы ұстаз. Одан бөлек біліммен қоса, өнерге де барынша ден қойып, барлығына уақыт тауып жүргеніне қайран қалмасың тағы бар.
     Дөңгелеген дүниеде өмір сүрген пенденің Маржан әпкемізге қызыға қарары хақ. Себебі, өз ісін сүйіп істейтін адамның барлығына уақыт табатындығына әпкеміздің өмір жолын қарай отырып біліп отырмыз. Маржан әпкеміздің осы марапаттардың астында қанша жылғы еңбек пен маңдай тердің жатқанын, оқушы оқыту барысында қаншама күш пен жігерін сарп еткен еңбегінің нәтижесінде жетіп отырғандығын оқырмандармыз да жақсы түсініп отыр деп сенеміз. Еңбектің барлығын жеңбек боларын осы Маржан әпкеміз көпке үлгі болатынына сенімдіміз. Оның жүріп өткен дара жолын зерделей отырып, еңбектің ешқашан да еш болмайтынын, оның қайта ел алғысына бөленіп, барынша жауапкершіліктің арта түсетіндігін осы Маржан әпкемізден байқай аламыз. 
      Қорыта айтқанда, Маржан Бегежанқызы – өскелең ұрпақ үшін білім берумен қатар, олардың өнер жолында шәкірттерінің дамуы үшін барынша еңбек еткен адам. Осындай ерен еңбегінің арқасында өз мектебінің ұстаздарынан бөлек, оқушылардың сеніміне ие болып отыр. Өйткені, ол өзінің міндетті қызметіне қосымша елдің рухани дамуына да барынша жанын сала кірісті. Кешегі Сара, бертін келе Фариза апаларымыз секілді барынша халықты отты жырларымен қолдап, демеді. Өзіне берілген жұмысты қалтқысыз орындауның арқасында елдің алдында мерейі үстем болып, білікті ұстаз атанды. Айта кету керек, Маржан әпкеміздің атқарған әрбір ісі көптің көңілінен шығып, оқушының сеніміне, ұстаздар арасында білікті ұстаз болумен қатар, халқының алғысы мен батасына да ие бола білді. 
      Қызметтес әріптестердің арасында да барынша білікті жан, өз ісіне беріліп қана қоймай, ақ жүрек адамгершілігімен көзге түскендігін жиі айтады. Оған себеп те жоқ емес, ақынжанды Маржан әпкеміздің жүрегінің ақ болары анық. Себебі, ақындар барлығын көзбен емес, жүрекпен көреді. Осы қасиеттерінің арқасында, әріптестерінің арасында дәл осындай үлгі боларлық ұстазбен қызметтес болғандарын мәртебе санайтындары да өте көп. Себебі, қызметтегі әрбір адам Маржан Бегежанқызы секілді оқушыларға білім берумен қатар, олардың өнер жолына түсіп, жұлдыздарын жағудағы жұмысты дөңгелетіп алып жүргеніне әрқашан да қайран қалып, сол кісідей болғылары келетінін де жасырмайды. Себебі, дәл осындай өнер мектебінің білікті басшымен қызметтес болу әрбірімізге үлкен бақыт санайтындарын айтады.
      Бүгінгі күнге, Маржан Есжанова жоғарғы санатты ұстаз болумен қатар, өнерге баулыған шәкірттерінің үлкен жетістігімен, абыроймен жетті, халқының құрметіне бөлінеді. Ендеше, білікті ұстаз бола білген Маржан Есжанова әпкемізге әрқашан да сәттіліктер мен зор денсаулық, қажымас қайрат, шәкірттерінің жадында мәңгі сақталатын саналы ғұмыр тілейміз. Тарих сахнасындағы білім атты кемеге атыңыз алтын әріптермен жазулы тұруын шын жүректен тілейміз.
      Сіздің екінші атыңыз – муза. Кез келген өнер адамы үшін муза кез келген қиындықтан алып шығып, оның шығармашылығына барынша қолау білдіреді. Шабытына шабыт қосады. Осы уақыт аралығындағы атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік өз дәрежесінен асырыла орындалғанын, оны орындау барысында өз жұмысына қалтқысыз берілген асыл тұлғаны көре аламыз. Маржан Есжанова әпкеміздің өмірін қарай отырып, әрқашан да өнерге жақын адамдардың музасы болғандығын көре аламыз. Сол қасиеттерінің арқасында көптеген балалардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, тәрбиелі, білімді адам болып қалыптасуына барынша күш салғандығын көре аламыз. 
      Осындай асыл ұстаздарымыз бар біздің елімізде барынша Алаш арыстарының жолын жалғайтын саналы ұрпақтың да, ертедегі барлық адамды таңқалдырған Әміре Қашаубаев, бергісі Димаш Құдайбергенов сынды дарындылардың саны мен сапасының артары анық. Кез - келген адам болсын, олар бірінші дүниеге алып келген анасына қызмет етсе, екінші кезекте барынша білім нәрімен сусындатып, тәрбие атты асыл дәнді бар баланың жанына егіп, оның көгеріп өсуіне барынша жағдай жасаған ұстаздар қауымының алдында қарыздар. 
      Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ұлы жолын жалғастырушы Маржан Бегежанқызы ұстаздың бастаған ісін барынша жауапкершілікті мойнына алып, оны музыканың әсем әуеніндей әуелете көтеріп өз мұратына жету жолында барынша аянбаған еңбектің нәтижесін жоғарыда атап та өтуді жөн санадық. Кез келген адамның ұстаздық атты мамандықтың ұлы құрмет екендігіне де еш шүбә келтірмейді. Ал оны өнермен байланыстырса, онда оның бағасы тіпті асып кететіні тағы бар. Сондықтан да біліммен қатар, өнерді де барынша бойға сіңірту екінің бірінің қолынан келе бермейтіні тағы анық.
      Осы уақыт аралығындағы атқарған, әрбір шәкіртті тәрбиелеу барысындағы еңбектің артында көркем мінездің де бар екендігін байқай аламыз. Жауапкершіліктің де барынша жоғары болуы, істің де ары қарай алға басуына да барынша байланысты екендігін көре аламыз. 
      Қарапайым халыққа біліммен қатар өнердің де қадіріне жетуге балғын шәкірттеріне сіңіруге тынымсыз еңбек етіп келе жатқан Есжанова Маржан әпкемізге халқы алғыс пен батадан басқа айтары жоқ. Музыканың әсем әуені халықты қалай елітіп әкетсе, шәкірттерінің санасын да солай жарықтандыра білген еді. Халықтың алғысы мен батасын нақтылап, дәлелдеп жатудың да қажеті жоқ. Оның бағасын шәкірттерінің жеткен жетістіктерімен қоса, сүйікті ұстаздары туралы оқушылары-ақ жақсылығын тізіп айтып беріп, бағасын береді.
     Қашан да, мінберлі биіктерден көрініп, барынша саналы ұрпақ тәрбиелей беріңіз, Маржан Бегежанқызы! Тәрбиелеген шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, әлемге еліміздің атын шығаратын өнер адамдары болсын! Олардың сізге деген шәкірттік парызы ешқашан да ұмыт қалмасын!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

19 апреля 2025 11:09
Сымбат
Венера - отличный специалист, мама, подруга, жена! Спасибо за дружбу ...
18 апреля 2025 21:13
Камила
Керемет отбасы,мақтауға лайык,алда тек бақытты кундеріңіз көп болсын!!!...
18 апреля 2025 10:32
ВИКТОР
Мы только рады за Вас👍👍👍...