Өтепова Нұргүл

Рейтинг:

Іскер әйел   

  «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен ел билейді» деген әдемі сөз бар. Иә, анасын ардақтамайтын, сыйламайтын, жақсы көрмейтін адам баласы бұл жалғанда жоқ шығар. «Анаға қарап – қыз өсер, әкеге қарап – ұл өсер» деген емес пе?! Әрбір ер бала әкесінің тәлімін алады, ал қыз баласы анасына қарап бой түзейді. Сондықтан да отбасындағы ата-ана тәрбиесін мыңдаған ұстаз бере алмасы анық. Психологтардың пайымдауынша қыз-келіншектер қиындыққа төзімді, дипломат, ісіне адал келеді екен. Олар күмәнді мәмілеге, көзсіз тәуекелге бармайды, тұрақтылықты жанжалдан жоғары қояды, билігін теріс мақсатқа пайдаланбайды. Әлеуметтік шиеленісті тез реттейді екен.
      Бүгінде бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандылар қоғам дамуына өз үлесін қосып жүр. Нарық заманы – отбасын да, мансап жолын да қатар алып жүретін іскер әйел болуға талпынғандардың уақыты. Соқпағы мен тәуекелі көп бизнес ортада өз орнын еншілеп қана қоймай, табысқа кенелген Нұргүл Арысбекқызы өз кәсібіне белсенді кірісіп, дөңгелетіп отырған көшбасшы. 
      Өтепова Нұргүл Арысбекқызы 1982 жылы 2 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. 1989 жылы №44 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп табалдырығын аттап, 2001 жылы үздік біліммен тәмамдады. Мектеп жылдарында үлгілі тәрбиесімен, оқуға деген ынтасымен өз ортасының озық ойлы оқушысы атанған Нұргүл Арысбекқызы 2001 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қаржы экономика» факультетіне қабылданып, 2006 жылы «Кеден ісі» мамандығын үздік бітіріп шықты. 
      Нұргүл Арысбекқызы қазақ гобелен өнерінің негізін қалаған танымал суреткер Батырбек Өтептің ұрпағы. Қазақстандағы қолданбалы өнер саласын, соның ішінде тоқыма саласын (гобелен) енгізген кәсіпқой суретші Өтеп Батырбек Туғанбайұлы 1966-1971 жылы Алматы көркемсурет учелищесінде оқып жүріп, Львов мемлекеттік қолданбалы өнер институтына ауысып, оны үздік бітіріп шыққан. 1974 жылдан КСРО Суретшілер одағының мүшесі, 1971-1974 жылдары Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесінің және М.Әуезов атындағы институттың көркемсурет-графика факультетінде оқытушы болды, суретшілер қорында қызмет атқарды. Оның «Түркі эпосы», «Бозторғай», «Той» деген туындылары Халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып, түрлі дипломдармен марапатталған. Бұл туындылар Астана қаласындағы Президент резиденциясына ілінген. Басқа да жұртқа танымал «Отбасы», «Шілде», «Өмір өрнегі», «Атамекен», «Өскен өңір», «Өркендер», «Біржан мен Сара» т.б. көптеген туындылары бар. Олардың бірқатары гобелен, батик, текемет пен сырмақ түрінде орындалған. Шығармаларының алтын арқауы туған жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейді. 1997 жылы Шымкент қаласының орталығы көшелерінің біріне суретшінің есімі берілді. 1994 жылдан бері Өтеп Батырбек Туғанбайұлы атындағы қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Қордың басты мақсаты талантты жас суретшілердің өнер туындыларын жарыққа шығару, ұлттық қолданбалы өнер саласын дамытуды насихаттау болып табылады. Шымкент қаласында Өтеп Батырбек Туғанбайұлының атындағы дарынды балаларға арналған орта мектеп бар. Суретші туындыларының барлығы дерлік авторлық құқықпен қорғалған. Аз ғұмыр кешсе де өзінің артына осындай ізгілікті іс пен өшпес өнер қалдырған атасының таланты мен өнерін Нұргүл оқушы кезінен-ақ бойына сіңіріп есейді. Бүгінгі күнге дейін қолөнер жұмыстарымен үзіліссіз айналысады. Ол қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын жасаумен айналысып, өзінің алғашқы еңбек жолын осы өнерімен ұштастыра білді.       Ешбір қоғам жəне ешқандай өмір сүру салты əйел негізін өзгерте алмаған ғой. Көшпенді мəдениетте əйел адам толығымен өз бойндағы қасиеттер мен нышандарын дамытып, қолдана алмағанын білеміз. Себебі, көшпенді əлем ол ерлік пен күш жəне шайқас əлемі болған. Сол себепті əйел нəзіктілігіне, сезімталдығына орын бола бермеген. Біз білетінімізше, əйел заты жанының негізгі қасиеттері нəзіктілік, рақымдылық, бейбітшілдік сол уақыттың рухымен сəйкестендірілді. Əрине, ақыл-ойы мен психологиялық қасиеттері де сыртта қалып қалған жоқ. Сол кездері бай дүниетанымдық поэзия, жаңашылдық өнер, құқықтық шеберлік, діни мəдениеттілік те болған. Көшпенді қоғамда əйел адамы өзін-өзі бекіте алмады деп толық сеніммен айтуға болмайды, себебі, əйел ақындарды, əйел емшілерді, əйел билерді – қазақ тарихы кеңінен таниды. Мысал ретінде, сол кездері хан уəзірлері шешімдеріне үлкен əсер ететін, өте ақылды жəне данышпан əйел болған. Ерте заманнан бері еңбек бөлінісі болған, бар жəне болады. А.Левшиннің еңбектерінде: «Қазақ халқының əйел жынысы көптеген себептерден ерлер жынысынан жоғары тұруы керек. Қазақ əйелдері қазақ ерлерін еңбекқорлықта асып түседі. Олар бүкіл үй шаруасын шешеді, малды бағып-қараудың жартысын орындайды, онымен қоса бүкіл отбасыны киім-кешекпен қамтамасыз етіп, қолөнермен айналысады, күйеулеріне қажетті бүкіл затты реттеуі керек, кей кездері атты да ертоқымдайды. Онымен қоса, қазақ əйелдері мықты, шыдамды, рақымды жəне еңбекқор болуы керек, бұл қасиеттер басқару сферасында да басты талаптардың бірі». 
      Көріп отырғанымыздай, ежелдің өзінде əйел адам қоғамда ерекше орын ала білген, яғни, əйел адамның бойында өзіндік ерекше қасиеттер болған, ғасырлар бойы олар өз шыдамдылығымен, ақылдылығымен үйдегі ауа-райын онымен қоса даладағы шайқасты да икемді игеріп, басқару жұмыстарында өз белсенділіктерін жақсы көрсете білген. Əйел адамының тұлғалық ерекшеліктері сарқылмас күш-қуатпен серіктеседі. Қазіргі таңда, əйел адамы тек қана үй шаруашылығымен, отбасы тəрбиесімен ғана айналысып қоймай, өз кезегінде жан-жақты салаларда жақсы көрсеткіштерге ие болып отырғанын жақсы білеміз.
      Нұргүл Арысбекқызы 20 жылдан астам уақыттан бері өнер жолында зергерлікпен айналысып келеді. Өз қолынан шыққан туындыларынан кәсіп ашып, алтын саудасымен айналысып келеді. Бүгінгі күні бірнеше кәсіпорындардың иесі. 
      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы сауда орындары халыққа қызмет атқаруда. Шет мемлекеттердегі меценаттармен, ірі кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. 
      Мәдени көпшілік іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласатын Нұргүл Арысбекқызы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға қаржылық көмек көрсету жұмыстарымен де айналысады. Қай кезде де сабырлы, шынайы қалпынан танбайтын ақ көңіл, ашық жарқын мінезді жан өзгелерге ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар беруден де жалықпайды. Үнемі ізденіс үстінде, даму жолында жүреді. Жаңалықты жатсынбайтын жан заманауилыққа да бейім. Қазіргі таңда, Нұрсұлтан есімді ұлына Аделья, Әсел, Медина атты аруларына тәлімді тәрбие беріп отырған бақытты ана. Тұңғыш қызы Адельяны құтты орнына қондырып, жақында ғана немере сүйді. Өзінің саналы ғұмырын өнері мен бала тәрбиесіне арнаған Нұргүл бүгінгі күннің нағыз іскер әрі батыр әйелі деуге болады.Табысыңыз еселеніп, абыройыңыз арта түссін! 
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

5 января 2026 11:54
Ердаулет Татеков
Мың жасаңыз!!!...
30 декабря 2025 21:16
Камила
Чудесная и достойная история👍 Огромная Вам благодарность, Бану Бияновна! ...
28 декабря 2025 01:12
Гулнар
Саламатсызба +77083784410 осы номерге хабарласыңызшы қолыңыз тисе рахмет ...