Жайлашев Жаңабай

Рейтинг:

Өнер тұнған отбасы

      Шығыстан шыққан күнінің шұғыласы шарпыған қазақтың қай даласын алып қарасаңыз да тұяғының дүбірі алысқа жеткен тұлпарлар мен отыз тістен шыққан сөзі отыз рулы елге тараған ақындар, киелі сахна төрінде шырқаған әндері қыранның қанатынан суыл болып ескен өнер иелері баршылық. Міне, сол ұлы тұлғалардың ұлылығының мөлдір бұлағы, тұнық судың өзін тебініп жүріп тазасынан ішетін сәйгүліктің талғампаздығындай тектілікте жатыр. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген қазақтың ешбір дау айтуға тұрмайтын тарихи тағылымы бар. Сондай-ақ «жақсының ұрпағы еді, асылдың сынығы екен, көненің көзі» деп соған лайықты көрген жанды теңеп жатады. 
      Ал нағыз талант туа бітеді. Қанмен сіңіп, тал бесікте ана әлдиін тыңдап өскен жанның қанаттанып, өнер әлемінде жұлдызы жанары сөзсіз. Қазақ танымында аса құдіретті, өте қадірлі «тектілік» дейтін ұғымды Ақтамберді жырау:
      «Елден елді аралап, 
      Тектіден текті саралап 
      Сынға толса сияғы, 
      Әлбеті шамның шырағы, 
      Мұхиттан сүзіп шығарған, 
      Қымбатты гауһар бағасы...»
- деп тектіліктің қасиеті туралы толғаған. Сондықтан да болар тектілік дегеніміз адам бойындағы парасаттылық үлгісі ретінде ұрпақтан ұрпаққа үзілмей беріліп келе жатқан сабақтастық. Өмірі мен өнері егіз, сегіз қырлы бір сырлы, мәдениет саласында еңбек етіп келе жатқан Жаңабай Жайлашев пен өнерді өнегелі өмір еткен оның Жайлашевтар отбасы – осы теңеулерге әбден лайық тума талант иелері. 
      Елдің берекесін кіргізген бидай масағының да қауыз жарған дәннен нәр алып өсетіні секілді, өздерінің сұңғыла ойлары, кең репертуарымен көрермендерінің көңілінен шыққан Жайлашевтар отбасының да бір тамшы зәмзәм суы бола білген, барлық өнердің бастауы бола білген отағасы Жаңабай Жайлашевтан әңгімемізді бастағанды жөн көрдік. Елдің ыстық ықыласына бөленген талантты адамдарды көргенде «Апыр-ай, мына адамға мұндай қасиет қай жұртынан дарыды екен» деп таңдана да тамсана, қызыға да қызғана қарайтынымыз жасырын емес. Атырау облысы, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылындағы Жайлашевтар жанұялық ансамблінің түпкі тамыры да кешегі күн емес, түпкіліктің түп қияны ата-тегінде жатыр. 
      Ансамбль жетекшісі Жаңабай Жайлашев 1961 жылы тамыздың 11-жұлдызында Атырау облысы (бұрынғы Гурьев), Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Чкалов атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған ол 1978 жылы аталмыш білім ордасын жақсыға тәмамдап шығады.
      Жайлашев Жаңабай орта бойлы, толықша келген қазақи қараның өзі. Көп жылдар бойы өзі тұратын ауылдағы мәдениет ошағын басқарған, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің өнер бастауы арғы аталарында жатыр. Жаңабайдың арғы атасы Мүсірәлі 1878-1884 жылдары Еспол болысының басқарушысы болып сайланған, елде би әрі бай, биік беделдің иесі болған. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болумен қатар өнерге деген құрметі мен сүйіспеншілігі өте ерекше болған. Оның дәлелі, дәстүрлі өнердің дәулескер күйшісі әйгілі Дәулеткереймен дос болып, өзі де ел ішінде домбырашылығымен танылған өнерпаз болған. Ұлы өнерді балаларының бойына тәліммен сіңіре білген Мүсірәлі балаларын да оқу мен білімге, өнерге құштар етіп өсіреді. Баласы Ғұбайдолла Бердиев Петербургтегі әскери академияны тарихқа белгілі тұлға Халел Досмұхамедовпен бірге үздіктер сапында бітіреді. Елге келген соң, Атырау өңірінде тұңғыш мал дәрігерлік орнын ашқан адам болған. Мінекей, бүгінгі кейіпкеріміздің тұлғалық болмысының бастауы, өнерінің тұма бұлағы осындай, тарихта өшпестей болып ізі қалған аталарында жатыр.
      Ал оның ата-анасы да бұл қасиеттерден кенде емес еді. Асқар тау әкесі Қайреден өмір жолында «Первомай» совхозында есепші болып қызмет етсе, ақ жаулықты анасы Тойған ұрпақ тәрбиесімен айналысып, үй шаруасын да дөңгелеткен жан еді. Өмір жолында мұғалімдік мамандығын тізгіндеп, интернатта тәрбиеші болып еңбек етті. Ата-анасы дүниеге 5 бала әкеліп, азамат етіп тәрбиеледі. Үйдің үлкені Сәния Орал қаласындағы білім ордасында білім алып, әкесінің ізін жалғап, есепші болып қызмет етеді. Апасы тағдырдың жазуымен дүниеден өтіп кетті. Одан кейінгі перзенті Әлімбай - Алматы қаласындағы іргелі оқу орнында оқып, Өзенмұнайгазда инженер болып қызмет етті. Өкінішке орай, тағдырдың жазуымен Әлімбай аға да 50 жасында келместің кемесіне мініп кетті. Отбасының үшінші перзенті Әділбай - СХИ-да оқыды.       Кейіннен «Первомай» совхозында инженер болып қызмет етеді. Қазірде құрметті зейнет демалысында. Отбасының төртінші перзенті Гүлназира Ақтөбе қаласындағы медициналық институтта білім алған жан. Дәрігер болып біршама уақыт қызмет етеді. Кейіннен Бейбарыс ауылының әкімі лауазымына тағайындалады. Бұл қызметті абыроймен атқара білген ол қазіргі уақытта зейнетте. Білікті дәрігер Гүлназира апа бүгінде өз мамандығы бойынша еңбек етуде. Білікті дәрігер әлі де халықтың сұранысындағы маман.
      Кішкентай кезінен-ақ өнерге құштар болып өскен Жаңабай 1978-1983 жылдары аралығында Гурьевтегі (Атырау) пединституттың музыка факультетін тәмамдап шығады. Бойында өнердің оты ұшқындап, жалындап тұрған жас жоғарғы оқу орнының қоғамдық жұмыстарымен де белсене араласып, талай іс-шараларда өзінің бойындағы бұғып жатқан талант бұлағының көзін аша біледі. Оқу орнында ол «Жайық қыздары» ансамблінде ән айтып, талантын одан әрі шыңдай түседі. Сөйте жүріп ол еңбек жолын Е.Ағелеуов атындағы орта мектепте Саз пәнінің мұғалімі болып бастайды. 
      «Ел мақтаған жігітті, қыз жақтаған» деген, өнерден қара жаяу емес, өзіндік сымбаты бар сері Жаңабай өзінен бір курс төмен оқитын Мәншүк деген қызбен көңіл жарастырып, шаңырақ көтерді. 
      Талай тарландардың табан ізі қалған, қасиетті мекенде өскен Мәншүк те өнерге бір табан жақын қыз еді. Әкесі кезінде білім саласының ардагері болған Михайл Жаленов деген азамат дәулескер күйші болған. Өнерінің қаншалықты шарықтағанын, 1985 жылы Мәскеу қаласында өткен Жастар фестивалінде домбырашы болып қатысқандардың бірі болғанынан-ақ аңғаруға болады. Осылайша, сөз жарасымы ғана емес талғамы бір, тағдыры бір, таңдаған саласы бір жастар жұбайлық өмірдің тіршілік диірмен тасындай айнала келе, ел ішінде болған жиын-тойларда қосыла ән айтып, елдің ақ батасын алады. Сол жылы Жайлашев Жаңабай қалалық №7 орта мектебінде қызмет ете жүріп, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. 
      Алғашқы жылдары ерлі-зайыпты жас әншілер «Жас Дәурен» Мәдениет үйінің жанында өнер көрсетіп жүреді де, бірте-бірте репертуарларын дамытып, ән қоржынын кеңейте бастайды. Кейіннен жоғары лауазым алып, 1986-2005 жылдары кейіпкеріміз «Жас Дәурен» Мәдениет үйінің директоры қызметін абыроймен атқарды. Махаббат мен ынтамақтастығы өрілген тұрмыстық өмірде жас отбасында бірінен соң бірі өмірге екі перзент келеді. Әке мен анасының ән шырқаушылық өнері олардың да тамырында бүлкіл қағып, олар да ептеп ән айта бастап, өмірге «Жайлашевтар» отбасылық ансамблі дүниеге келеді. Бұл шақта қыздары Жауқазын, Гүлден, Динаралар өсіп, ұлы Мұзафар да жетілген еді. 
      Тоқырау кезеңінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген Жаңабай мырза сол ауылдың мәдениетін көтеруге тырысты. Себебі, ел ала дорба арқалап, сауда-саттыққа шыққанда ол елдің руханиятына адал қызмет ете білді. Қызмет ете жүріп, түрлі байқауларға, ірі-ірі жарыстарға қатысып, өз өнерлерін халыққа танытып, талантын ұштай түсті. 1989 жылыауылда ВИА құрып, облыста өткен «Тенгиз встречает друзей» фестивалінен 1 орынды иемденеді. 
      Жаңабайдың ағасы Әділбай да әнші, оның жары, ұстаздық еткенімен өзіне тән әсем дауысы бар Күләш та әнші еді. Осыны бір толғамға салған Жаңабай ағасы Әділбайға келіп, «Жанұялық ансамбль» болып сахнаға шығайық» деп қолқа салады. Өнерден хабары бар, оның үстіне екіленіп келіп тұрған інісінің көңілін қайтармай, ағасы келісімін береді. Осылайша, тұңғыш рет «Жайлашевтар отбасы» 1995 жылы сахнаға толық құраммен шыққан еді. Міне, сол жылдардан бері бұл ансамбль жергілікті тұрғындарды өз өнерілерімен сусындатып келеді. 
      1997 жылы Атырау телеарнасынан ансамбль өнері көрсетілсе, жанұялық ансамбль 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары асында өткізілген республикалық «Ауылым - әнім» фестиваліне қатысып, лауреат атанып, «Алтын медальмен» марапатталды. Жалпы Жайлашевтар отбасы Бейбарыс ауылының «Мәдениетті ауыл» атануынаат салысып, бүтін бір елді мекеннің руханиятының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосып келе жатыр. Ал 2008 жылы «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық отбасылық сайыста Бас Жүлдені иемденсе, 2010 жылы облыстық «Атырау – алтын бесігім» фестивалінің Лауреаты атанды. 2011 жылдың тамызында Алматы қаласында өткен «ИнтерГаздың» 50 жылдық тойында «Интергаз жұлдызы» байқауына қатысып, «Козаностра» жүлдесін қанжығасына байлайды. Ең бастысы «Жайлашевтар ансамблінің» өнер саласындағы талай жылдарға еңбектері ескеріліп, 2008 жылы «Халықтық өнерпаздар ұжымы» атағын алуы еді. Бұл атақты 2012 жылы ансабль қайта қорғап қалды. Ал 2023 жылы «Жайлашевтар халықтық ансамблі» тағы да «Халықтық өнерпаздар ұжымы» атағын қорғады. Міне, осының өзі көп дүниенің көрінісі.
      Жиырма сегіз жыл бәлкім, біреуге аз ғана уақыт болып көрінгенімен ел рухын көтеріп, мәдениетке шөлдеген елді, өнерге шөліркеген әр кеудені сусындатуға ұмтылған өнер ұжымы үшін аз жыл емес. Осынша жылдар ішінде де кедергілер болмай қойған жоқ. Бірақ арықтығын білдірмеген түз тағысы бөрідей, өз кемшіліктерін өздері түзеп, жүйріктердің жүйрігі, үздіктердің үздігі қатысатын бүгінгі өнер майданына қайта келді. Ансамбль құрамының әр мүшесі мен құрамында бір-бір өнер бұғып, ашылуын күтіп жатыр. Сахнаға көтерілсе серпіліп, көрермендердің ризашылығы мен көрсеткен марапаттарынан мерейі өсіп, төбесі көкке бір елі жетпей қалатын періште көңіл шығармашылық адамдары үшін бұдан артық алғыстың керегі жоқ. Өйткені өнер – халықтыкы. Сондықтан, өнерпаз алдымен елді қуантып, солардың көкейіндегі сағынышқа айналған әндер мен әуендерді ойнап, талаптарын орындауы тиіс.
      Ансамбль құрамында толығын айтсақ Жайлашевтар әулетінің 11 адамы бар. Олардың қай-қайсысы да аспаптарда шебер орындайды әрі әнші. Ансамбльдің бір ерекшелігі ол халық жүрегіне жақын әндерді нақышына келтіре орындауында. Мұнда дуэт те, трио да, квартет те бар. Жаңабай мен Мәншүк өздері маман болған соң ансамбльдің әр мүшесінің дауыс ырғақтарына қарап, орындалатын әр нөмірді елеп, екшеп отырады. Ұлттық нақыштағы «Сәулем-ай», «Үкілі қыз», «Дедімай-ау!», «Дүние-ай», «Ел екенбіз» әндері, Құрманғазының «Адай», З.Есжановтың «Каспий толқыны» күйлері, Г.Дәукеновтың «Шыңдағы шынарым-ай», Ілия Жақановтың «Еділ мен Жайық», «Әселім» әндерін, Қ.Құрманғалиевтің «Қиялдағы қалқа» әнін екі дауыста, «Жайықтың толқындары» әнін үш дауыста айтып жүр. 
      Бұдан басқа «Назқоңыр», «Көзіңнің мөлдірін-ай», Шәмшінің «Теріскейі» секілді әндері мен «Балбырауын», «Көңілашар», «Ерке сылқым» секілді күйлер де осы ансамбльдің репертуарында. Жанұялық ансамбльдің өз саздық аппаратуралы да бар. Оның кем-кетігін келістіру, жаңарту Жаңабайдың мойнында. Түрлі қиындықтар болса да ансамбль сонау бір тоқырау жылдары да өз ісін жалғастырып, керек-жарақтарын өздері үйлестіріп отырды. Осылайша өздерінің табиғи дауыстарымен, жүректен шыққан өлеңдерімен жергілікті халықтың, тұрғындардың ыстық ықыласына бөлене білді. 
      Ансамбль жетекшісі Жайлашев Жаңабай қазіргі таңда «Редут» газ айдау басқармасында жабдықтаушы болып жұмыс жасаса, ағасы Әділбай «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамында еңбек етеді. Мәншүк болса Бейбарыс ауылындағы «Жас Дәурен» Мәдениет үйінің директоры. Атырау телеарнасы «Жайлашевтар ансамблі» жайлы «Жайықтың жауһарлары» атты айдарымен арнайы хабар берді. 2015 жылы Жайлашевтар жанұясы «Мерейлі отбасы» облыстық сайысына қатысып, өздерінің өнерімен жүйріктердің ішінен жүйрік шығып, II орынды иеленді.
      Өзінің ізденімпаздығы, жан-жақтылығы, сауаттылығы, тез тіл табысқыштық қабілеттері мен қасиеттерінің арқасында асу-белестерден сүрінбей өтті. Еңбектің ебін тапқан азамат - халықтың қалаулысы, елдің елеулісі.
       Саналы ғұмырын мәдениет саласының даму жолына арнаған Жаңабай Жайлашев пен Мәншүк бүгінде балаларының ортасында, солардың қызық-қуанышынан жан рақатын алып отырған ардақты ата-ана. Сомдаған жағымды кейіпкерлерінің бойындағы жақсы қасиеттері, ізгілігі, өз бойындағы адамгершілігі, құнды мінезімен тоғысқан жанның бойынан жан-жағына тек жақсылықтың нұры тарамақ. Өнер иелері кейінгі жас буын өнерпаздарға, кәсіби шеберлік пен адамдық ізгілікті дарытып жүрген дара тұлғалар!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
16 июля 2023 02:55
Күміс

Сендер үшін қуаныштымын Жаңабай бауыр    Маншүкпен бірге өнерің өрлей берсін!@!
14 июля 2023 00:36
Айнагүл

Жайлашев Жаңабайға дауыс беремін. 
14 июля 2023 00:17
Assel

отличный музыкант
13 июля 2023 19:21
Нұржамал

Жаңабай,Маншүк жанұя,өнер жолындағы үлгілі еңбектерің ұрпақтарыңа ұлассын!!!!!!

Последние комментарии

1 ноября 2025 08:58
Назым
Гульбану Жоламановна творит чудеса.  Она знает ключ к счастливой жизни — и щедро делится им с другими. Классная женщина...
16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...