Еңбегі еленген ер
![]()
Тоқмұхамет 1941 жылы 19 қазанда ҚХР Іле-қазақ автономиялық облысы, Тоғызтарау ауданының, Әңкебай жазығында дүниеге келген. 1941-1950 жылдары отбасы тәрбиесінде болады. 1950-1960 жылдары мектепте оқып, жоғары орта мектепті жақсы дәрежемен бітіреді. 1960-1965 жылдар аралығында Тоғызтарау ауданындағы Мәйек ауылдық мектебінде мұғалім қызметін атқарады. 1965-1977 жылдары 12 жыл Мәйек ауылдық әкімшіліктің хатшысы және Жастар Одақ қызметі мен Халық Жасақтар қызметін істейді. 1977-1985 жылдары Мәйек әкімшілігінде әкім қызметін атқарады. 1985-2000 жылдары Мәйек ауылының партия-ұйым хатшысы және әкімшілік әкімі қатарлы екі қызметте бірге істеп, соңғы жылы құрметтпен зейнетке шығады. 2000-2013 жылдары жазушылықпен айналысып, шежіре, тарих жазумен шұғылданады. 2013 жыл мамыр айында Қытайдан Қазақ еліне өтіп, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Атамекен округі, Қаражер мекеніне қоныстанып, жазушылық жұмыспен айналысып келеді.
Тоқмұхаметтің қоғамдық еңбектері
Тоқмұхамет мұғалім болған уақытта озат оқытушы болып, айлық еңбекақысы екі дәреже өсіп, істеген мектебі Жастар Одақ қызметі мен Пионерлер қызметіне жауапты басшы, аудандық Жастар Одағы комитетінің алқасы болып, қоғамдық құрметке ие болады. Мәйек ауылында басшылық қызмет барысында аудан бойынша ең артта қалған ауылды 1993 жылға келгенде жақсы ауыл етіп, дамытып, мемлекеттік «Озат ауыл» куәлік-тақтасын ауылға әпереді. Ауылға мемлекеттен 4000 юань ақша сыйланады. Аудан бұл ақшаға Тоқмұхаметке мото мінгізеді. Тоқаң ауылды дамытып, көркейтуде, ең алдымен ауыл халқының көңіл-күйіне құрметпен қарап, халықтың күшті талап қажеттілігі болған, үй-орны тар болып, үйленген жастарға үй-орын берілмеу қиыншылық мәселесін батылдықпен шешіп, бұрын орналасқан бір үй-орын, 6 сот жерді еселеп, 12 сотқа көтеріп, жаңа үйленген жастарға үйлі жер беріп, 40 га жерді үй-орынға бөліп беріп, халық көңілін орнықтырумен, бірлікте егіс жерін орналастырып,
![]()
реттеп, арық, тоған, жол істерін жақсы ауыл құру шарты бойынша кемелді істеп, қоғамды разы етеді.
2012 жылы Тоғызтарау ауданы, Ілгідай ауылы халқының талабы бойынша қатысты ұйымдардың бекітуімен мешіт салып береді. Тоқаң жоғарыда қызмет істеу барысында, 40 реттен астам ауыл-аудан, 10 рет облыс дәрежелі, 2 рет район дәрежелі Озат кадр болып марапатталады. 1985 жылдан 1990 жылдары автоном райондық, 1988 жылдан 1993 жылдарда Іле-қазақ облыс халық құрылтай депутаты болып сайланады. Облыс, район басшыларымен танысады. 1985 жылдан 2000 жылға дейін аудандық партия комитет халық құрылтайларының депутаты болады. Тоқаң халық қызметін құлшына істеуден сырт, ара-тұра жазушылықпен шұғылданып, «Іле» газетіне, «Іле жастар журналына», аудан ақпарат орындарына хабар, мақала, өлеңдер жазып, жариялап та жүреді.
Зейнетке шыққаннан кейін арнаулы жазушылықпен шұғылданып, 2012 жылға дейін Қытай елінде болған кезінде «Жан мырзаның Айтбике, Қаракөз, Ұлан шежіресі», «Оразай шежіресі», «Оразай ұрпағындағы тарихи тұлғалар» және «Оразай ұрпақтарының толық қамтылған шежіресі» қатарлы 4 кітабын баспадан шығарып, халық пен қоғамның жақсы бағасына ие болады.
2006 жылдан 2012 жылға дейін Іле педагогикалық университетінде құрылған «Қызай ана ұрпағының ататек шежіресімен» «Қызай елінің тарихын» жазу басшылық коллегияның алқасы болып, 6 жыл жұмыс істеп, көлемді жұмыстарға көп еңбек сіңірген. Осы еңбектерінің нәтижесінде Тоқаң Іле-қазақ автоном облыстық Жазушылар қоғамының мүшесі куәлігін алған.
Тоқаң атажұртқа оралғаннан кейін де ақындық, жазушылық талант өнерін барынша шыңдай түсіп, 2018 жылы еліміздің Астана QAZBILIM баспасынан 350 беттік «Өмір-ай» атты өлеңдер жинағын шығартты. Қоғам, халық қызу қарсы алып, Бурабай аудандық әкімшілігі мен мәдениет мекемесі оқушыларды ұйыстырып, Тоқаңның
![]()
өлеңдерін жатқа оқитын 20 оқушыны таңдап, мәнерлеп оқу бәсекесіне қатыстырып, оза шапқандарын бағалап, сыйлап, Тоқаңның өзіне шапан жауып, қазақи қалпақ кигізіп, 2019 жылы 16 қазанда Тоқаңның «Өмір-ай» атты жыр жинағының тұсаукесер той-салтанатын өткізіп, ақынды құрметтеп, қадірлеген.
Тоқаңның «Қызай ана ұрпақтарының ататек шежіресі» 2021 жыл Алматы «Қазақ» баспасынан жарық көрген «Наймандар» кітабында басылып, қазақ еліне жарияланды. 2023 жыл сәуірде Алматы «Ұшқиян» баспасынан шыққан «Тұлғалар» кітабында Тоқаңның «Парасатты Оразай баба», «Асқан бай, әрі батыр Жан мырза...», «Қызай елі батыры Еспембет», «Қызай елі батыры Өмір», «Бәкей батыр», «Шығыс Түркістан үкіметінің атақты батыры майор Малғажы Балғынбайұлы» 7 тарихи әңгіме-мақаласы басылып шықты. Бұдан сырт еліміздегі ақпарат желілерінде әр алуан тақырыптағы мақала және өлеңдері үздіксіз жарияланып, жамағаттың қызу қолдауына ие болып жүр. Тоқаң бұл кезеңде Қазақ елі авторлар қоғамының, «Қазақ елі Таңжарық зерттеу қоғамының», «Қазақ елі Таңжарық журналының» мүшесі, «Таңжарық» журналының бас алқасы. Тоқаңның алған медалдары.
1. "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл" мерекелік медалін Президент Қ.Тоқаевтың куәлікке қол қоюымен, Президенттің өз қолынан алған. 2021 жыл желтоқсан айы. №24240
2. ҚР «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығынан 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік төс белгісімен марапатталды.
3. ҚР «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығынан 2022 жылы «ҚР жылдық Үздік маманы» төс белігісімен марапатталды.
4. ҚР «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы 2023 жыл «ҚР Еңбек сіңірген ардагері» атты төс белгімен марапатталды.
5. Қазақстан авторлар қоғамының «Қазақ лауреаты» атты медалімен марапатталды.
![]()
6. ҚР Халықаралық «Таңжарық» зерттеу қоғамынан 2021 жыл өлең жазуда «Таңжарық» медалімен марапатталды.
7. Түркия елінің Анталия қаласында 2022 жыл 19 қыркүйекте ақындықта «Дүниежүзілік қазақ қауымдастығының» грамотасымен марапатталды.
8. «Шығыс халықтық емшілік академиясы» жеке қоры «Азия сұлтаны Төлегетай баба» құрмет медалімен марапатталған.
9. «Шығыс халықтық емшілік қайырымдылық академиясы» жеке қоры «Қан батыр Қабанбайдың» құрмет медалімен марапатталған.
10. Халықаралық «Найман» тобының «Найман баба» құрмет медалімен марапатталған.
Тоқаң өмір сүріп жасаған қоғамдық орталарда халық пен қоғамның көркейіп, дамуына қосқан үлесі көрнекті болғаны үшін қоғам мен халықтан еңбегі қадірленіп, қоғамның әр саласынан өте көп сыйлы марапаттар алған. Әсіресе, Тоқаң атажұрты Қазақ еліне келген соң, Қазақ елінің ардақтап, қадірлі құрметіне ерекше бөленген. Оған дәлел Президент Тоқаевтың өз қолымен медаль тағуы. Тағы бәр дәлел ҚР «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы баспасы жағынан шыққан «ҚР Құрметті азаматы» кітабымен 2021 жылы, осы баспадан 2023жылы «ҚР еңбек сіңірген ардагері» қатарлы екі кітабында Тоқаң қарияны абыз, берекенің ұйытқысы, Қазақ елінің құрметті ардагері, маман жазушы, әнші, күйші, ақын, композитор деп өмірбаянын, қоғамдық еңбектерін бағалап, тұрақтастырып, қоғам мен халыққа жариялады.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()