Құлсарының бірегейі
![]()
Қоғамның беталысы әйел затының тәрбиесі мен әдебіне тікелей байланысты екені жасырын емес. Нәзік жандының бар бақыты баласы және жанұясы дейтін болсақ, ол отбасында аяулы жар, қоғамда айтары бар жан, яғни дүниедегі бар жақсыға лайықты адам. «Әйел - отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы» деген ғой. Әрбір әйел адамның арманы – сүйікті жар, аяулы ана, ардақты әже болу дейтін болсақ, отбасының тірегі ер азамат болғанымен, ондағы тыныштықты сақтап, берекесін кіргізіп отыратын ол әрине, әйел адам. Түздегі ер адамның отбасында ризық-несібесін арттырып, оның қызметте абыройлы болуына жәрдем беретін осы әйел адамдардың еңбегі ұшан-теңіз. Кейіпкеріміз Беркалиева Гүлжан Қайырбекқызы 1965 жылы 27 қарашада Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында қарапайым жанұяда дүниеге келді. Ол - он бір баланың алтыншысы. Ата-анасы ауыл шаруашылығымен айналысқан. Әкесі темірден түйін түйген ұста мамандығы бойынша жұмыс жасап, бала-шағасын жеткізген қолы алтын адам. Анасы үй шаруашылығымен айналысып, бала тәрбиесімен айналысты. Гүлжан атасын көрген жоқ. Ол кісі мұнайшы болған екен. Кезінде «Ленин» орденімен марапатталған. Ол туралы Атырау музейінде тың деректер сақталған. Ал әжесінің немерелерін өсіріп-жеткізудегі еңбегі зор.
![]()
Әжесі ата-анасымен бірге өмірінің соңына дейін мал шаруашылығымен, соның ішінде түйе малын бағумен айналысты. Сүт, шұбат, құрт өнімдерін өндіріп, балаларын, немерелерін бағып-қақты. Гүлжанның әкесінің арқасы жерге тимеген балуандығы да болған. Оны танитындар қолы ашық жомарт, жүзі жарқын, қарапайым болғанын, отбасының қорғаны ғана емес, жақын-жуықтарының, замандастарының да ортасында беделді азамат болғанын айтады. Әжесі мен ата-анасы балаларын еңбекқорлықққа, тазалыққа, шыншылдыққа баулып өсірді. Әр баласының өзінің шама-шарқынша, қалауынша білім алып, еңбектенуіне мүмкіндік берді.
Гүлжан Қайырбекқызы 1972 жылы қазақ сыныпқа бастауыш мектепке барды. Мектеп қабырғасында алғырлығымен, зеректігімен көзге түсіп, ұстаздарының мақтанышы атанды. Осылайша, ол 1982 жылы орта білімді жақсы деген бағамен бітіріп шықты. Мектепті бітіргеннен кейін, жас түлек арман жетегімен 1982 жылы Шымкент қаласында Қазақ химия-технологиялық институтының кешкі бөліміне оқуға түсіп, оқуымен бірге 1982-1984 жылдары Шымкент қаласындағы «Мақта-мата комбинатында» ораушы маманы бойынша жұмыс жасады. Жұмыста кәмелетке толмаса да Еңбек ардагерлерімен бірге Еңбек тақтасынан орын алды. 1984 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының күндізгі бөліміне ауысып, толық курсын 1988 жылы инженер-технолог деген мамандық бойынша бітіріп шықты.
Содан бері қазіргі уақытқа дейін халыққа қызмет ету бойынша абыройлы жұмыс жасап келеді. Гүлжан Қайырбекқызы коммуналдық мекемелерде, білім беру және музей кәсіпорнында экономист, бухгалтер мамандығы бойынша қызмет атқарып отыр. 1988-1989 жылдары аралығында Ембі аудандық комбинатта технолог, экономист мамандығы бойынша жұмыс жасады. 1989-1990 жылдары аралығында «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігіне қарасты «Тұрғын үй коммуналдық конторында» жоспарлау бөлімінде экономист болып жұмыс жасады. 1990-2008 жылдары «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігіне қарасты «Су және канализация шаруашылығы» басқармасында, «Арнаулы көлік» коммуналдық мемлекеттік
![]()
кәсіпорында, Жылыой аудандық телекоммуникация торабында, «Құлсары водоканал» КМК-да, Жылыой ауданы білім бөлімінде экономист мамандығы бойынша жұмыс жасады. Қазіргі уақытта ауданымыздағы музейтану саласында мәдени мұраларды жинақтау, сақтау, насихаттау, тарих және құнды жәдігерлерді іздеу жұмыстары бойынша «Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Атамұра» КМҚК-да қызмет атқарып отыр. Адамға бедел де, абырой да еңбекпен келеді емес пе?! Қолдан жасалған тұлға емес, ел ішінен көпшіліктің көз алдында жетіліп, кісілік болмысын қалыптастырған шынайы еңбек адамы ғана биік беделге лайықты болатыны белгілі. Халықтың құрметіне бөлену елге ерінбей еңбек еткен адамға тән жетістік. Ал тер төге жасаған еңбектің еленуі атақ-марапатын былай қойғанда, алдағы күнге шабыт берері сөзсіз. Сол сияқты Гүлжан Қайырбекқызының біліктілігі мен көпжылдық еңбегінің нәтижесінде алғыс алып, түрлі марапаттарды иеленді.
1990 жылы еңбекке және ұжымның қоғамдық жұмысына жетістікке жеткені үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетімен Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгенін растайтын Куәлік берілді. Жылыой ауданы білім бөлімінен, Атырау облысы әкімінен, Жылыой ауданы әкімінен Алғыс хат алды. Сондай-ақ, бухгалтерлік, мемлекеттік сатып алу бойынша сертификаттар алды. Нағыз қазақи, еңбекқор, тынымсыз тіршіліктен бір сәтке де қол үзбейтін Гүлжан Қайырбекқызы айналасына мейірімді, ешкімді де алаламайтын мінезі кімді де болса баурап алады. Ол ортасына сыйлы болып, халықтың құрметіне өзінің адал қызметінің арқасында жеткен жан. Қызмет барысында өзін жан-жақты дамыта отырып, барлық істерде белсенділік танытып, абырой биігіне көтеріліп келеді. Өмірдің тынымсыз тіршілігі жолында талай жақсы мен жайсаңды жолықтырды, олармен ақыреттік дос-жаран болды. Жаманды тезге шақыратын да ерекше қасиеті бар ол талай әріптес,
![]()
қатарластарын жақсы жолға түсіре білді. Еңбектің үлкен майданында жүріп шынықты әрі шыңдалды.
Білікті маман тек қызметінде ғана емес, отбасылық жеке өмірінде де үлгі көрсетерліктей дәрежеде екенін мақтана айтуға болады. 1987 жылы жолдасы Имашев Аманкелдімен тұрмыс құрды. Содан келген киелі жерінде сүйікті атасы Имашев Копен және анасы Жаксымбетова Жарылғасынмен өмірлерінің соңғы жылдарына дейін бес бала тәрбиелеп, ата-анасының батасын алды. Жолдасы жүргізуші болып жұмыс жасап бастап, өзінің еңбекқорлығымен автокөлік саласында жеке кәсіпкер ретінде еліне таныс. Бүгінде бес бала тәрбиелеп, өсіріп отыр-
ған өнегелі отбасы. Үлкен ұлы Жасұлан 1990 жылы туған. Қазірде жолдасы Қазбенова Арайлым екеуі жанұя құрып, төрт бала тәрбиелеп отыр. Жасұлан автокөлік саласында автомеханик болып жұмыс жасайды. Білімі жоғары. Екінші ұлы Бекұлан 1991 жылы туған. Тасимова Ақжан екеуі жанұя құрып, бір қыз өсіріп отыр. Бекұлан автобус жүргізушісі болып жұмыс жасайды. Үшінші ұлы Темірлан 1995 жылы туған. Темірлан жеке кәсіпкер. Үлкен қызы Зауре 1998 жылы туған. Жолдасы Изимов Бекболатпен жанұя құрды, бір ұлы бар. Зауре - дефектолог маманы. Кіші қызы Меруерт 2005 жылы туған. Меруерт
![]()
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Бастауыш білім педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 1 курсын оқып бітірді. Сүйікті кәсібі мен қоғамдық жұмыстарды ұштастыра білген Гүлжан Қайырбекқызы әрқашан қарапайым, ақ адал адамгершілікке сай асыл қасиеттерімен де көпке үлгі болып келеді. Үлкеннің жолын, кішінің ізгілігін әрқашан жоғары бағалайды. Өзі үлкендік жолын көрсетіп, жастарға ақыл-кеңесін айтып отырудан жалықпайды.
Әрбір саналы азамат үшін өмірге келгендегі мақсатын біліп, жаны қалаған ісін істеп, елінің дамуына өзіндік үлесін қосып, сол арқылы өзі рахат тапса, бақыт деген сол болар. Жақсымен бас қосып, алыспен жақындасып, жақынмен бауырласып, шаттықты шаңырақта ұрпағының қызығын көріп, олардың жетістіктерін көріп, марқайса, өмірінің мәні сол болмақ. Гүлжан Қайырбекқызы өмірде де, қыз-
мет жолында да айы оңынан туған шын бақытты жан. Бақытыңыз ортаймай, қызметіңіз жемісін төге берсін, Құлсарының бірегейі!
![]()