Әсен Жазира

Рейтинг:

Табысты кәсіпкер

      Жазушылық – пенденің таңдағаны емес, Жаратқанның сүйген құлына берген теңдессіз тартуы. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де сан жылдар бойы өнер саласында құлагерін қамшылап, саналы да зерделі ұрпақтардың санасына ұлттық құндылықтар мен руханиятты сіңіруде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тұлға, отты жазуларымен өз оқырмандарын тапқан жалынды жүрек, қаламы қарымды жазушы, табысты кәсіпкер – Әсен Жазира Әсенқызы. 
      Қай елде, қай жерде, әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, әркім өз ұлтын қадірлеп, туы мен жерін, мәдениетін жоғары көтерері анық. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де Қытай елінде жүріп, Қазақ елінің кең салалы мәдениеті мен ұлттық болмысын күнделікті тұрмысқа енгізуге сеп болып, кәсіпкерлігін де ұлт болашағының дамуымен жалғастырған Жазира Әсенқызы 1976 жылдың 12 сәуірінде Қытай Халық Республикасы Алтай аймағы, Жеменей ауданы, Топтерек ауылы, Ұласты қыстағында дүниеге келді. 
      Тарихқа бір шегініс жасап қарасақ, шекара бөлінісі болмаған сол бір жылдары, қырында малы мыңғырған, қазақ өріс жайлап, өзен жағалап, тау асып кете берген. Қазіргі шекараның арғы бетінде қалған Алтай аймағы да қыр асып түскен қазақтардың атамекені. Оған дәлел, жер-су аттары, тіпті, қыстау, жайлаулардың өзінен, қазақы дәстүрдің, қазақы болмыстың иісі жұпар шашып тұрғандығында. Міне, осындай аталарымыздың тұлпарының тұяғы тиген мекенде бақытты балалығын өткізіп, төрт түліктен несібесін айырған ата-анасының жанында жүріп азира Әсенқызы да Жеменей аудандық, Топтерек бастауыш мектебінің табалдырығын аттайды.       Дархан даланың лебі бұрымын сүйген қыз кішкентайынан алғыр, қағілез, қабілетті болып, өмір тәжірибесін көрген, кеудесі даналыққа толы ата-әжесі мен әке-анасынан ұлттық құндылықтар мен адами асыл қасиеттерді, надандықтың пердесін түрген қазақ лиро-эпостық жырларды көкірегіне құйып өсті. Одан арғы білімін Топтерек орта мектебінде жалғастырған Жазира Әсенқызы сол білім ордасында мектепті аяқтап, Үрімші қаласында жоғарғы білім алады.       Кішкентайынан көркем әдебиетке, өнер мен шығармашылыққа әуестігі басым болған, мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қарымды қаламымен ұстаздарының мақтауына ие болған жас қыз әдебиет саласында білімін толықтыра отырып, заман талабына сай саудамен де айналысты. 2001 жылдан 2011 жылға дейін Үрімші қаласында тұрып сауда және мәдениет жағындағы қоғамдық жұмыстармен қатар айналысып, үгіт-насихат жүргізіп, қазіргі заман жастарын кітап оқуға, қазақтың ұлттық өнерін жалғастыруға, ұлттық құндылықты дәріптеу, ұлттық салт-санамызды келешек ұрпаққа жеткізу жұмыстарына ерікті түрде ат салысты. 
      Өнер адамы – ерекше тұлға. Жүздің емес мың адамның да біріне қона бермейтін жетінші түйсікке иек артып, Жаратушының берген қабілетін жауапкершілікпен сезініп, одан әрі дамытып, оқырманға әдемі өлең ұсыну сары майдан қыл суырғаннан да қиын дүние.      Сананы тұрмыс билейтін заманда, ақындық пен ұстаздықты қатар алып жүріп, бір қолына – от, бір қолына – мұз ұстағанмен бірдей. Бойындағы шоқты маздатып, сезім лебімен үрлеп жағып, жалынға айналдыра білген Жазира Әсенқызы тақымға басқан жазушылықтың көк торысынан жүгенін босатпады. Оқырманға танымды, іздеп жүріп оқитын, әр жолында бір мағыны жатқан жазбаларын, топталамаларын ұсынды. 
      Таңғы шықтың мөлдірлігін қағазға түсіріп, құлагердің шабысын, желдің үйіре соққанын, тұрмыс болмысын қағазға түсіріп, тарих бедерінен хабар беріп отырған ұлы тұлғалар кем болмаған. Олар өзінің кіршіксіз сезімімен, риясыз пейілімен, өлең атты өнерге күнделікті тұрмыс пен ұлттық болмысты, дархан көңілді, елдің арманы мен мақсатын шумақ-шумақ өлеңге сыйдыра білген дара тұлғалар болған. Міне, осындай ұлылардың ізін жалғап, қаламындағы қуатты өлмес өнерге арнаған Жазира Әсенқызы сол жақта жүріп, өзінің қабілеті мен талантын сан мәрте мойындатып, Қазақ мәдениет қоғамының мүшесі, Іле облыстық жазушылар қоғамының мүшесі, Алтай аймақтық жазушылар қоғамының мүшесі, Шынжаң аудармашылар қоғамының мүшелігінде болып, тығыз қарым-қатынас орнатты.
      2011 жылы өзінің туған ауылына қайта оралып, «Қырмызы импорт-экспорт» шекті серіктестігін құрып халықаралық сауда базарына кіріседі. Сонымен қатар «Қырмызы ұлттық қолөнер бұйым өндіріс кооперативін» және «Арна» ұлттық киім, саяхат бұйым, қолөнер бұйымдарын сататын сауда дүкенін іске қосып, осы үш бірдей кәсіпорында 30-дан аса жанұядағы кәсіпсіз әйелдер мен жастарды жұмысқа орналастырады.
      Жазира Әсенқызы 2019 жылдың 10 маусымында елге оралып, 30 қазанда Қазақстан азаматтығын алады. 
      Елге келген соң да қарап отырмай, шығармашылыққа қайта араласады. Сауда саласына білек сыбана кіріспекші болып еді, бірақ, денсаулығы жарамай, бүгінгі таңда қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әдебиет, өнер, шығармашылық салада түрлі жобаларды қолға алып, жүзеге асырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде тынымсыз еңбектеніп келеді. Өсіп-өнген әулетке келін болып түсіп, ұл мен қыз тәрбиелеп өсіріп, бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған аяулы ана. Уақыт желі сарғайтқан тарихтың сары парақтарын ақтарып қарап, зер салсақ, әр кезеңнің, әр дәуірдің өз сұрқылтайы болатыны әмбеге аян. Олар өзінің қарым-қабілеті мен мол тәжірибесін ел мүддесіне, халықтың игі жолына жұмсады. «Атаның емес, адамзаттың баласы бол» деген әке тәлімін перзент құлағына құйып өскен олар отбасының жүгімен қатар, елдің жүгін де иығымен көтере білген аптал азаматтар. Олар батыр боламын демеді, тек тайғанақ тағдырдан тайып жығылғандарды демеп, қоғам назарынан тыс қалған жандарды тіршілік жолына қайта түсуге сеп болып, табысты еңбек етіп, берекелі тіршілік кешу жолында саналы ғұмырын сарп етті.       Атажұрттан тысқары жүрсе де ұлт әдебиетін көтере біліп, шығармашылық саланың дамуына өзіндік үлесін қоса білген Жазира Әсенқызының деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылығына толағай табыстар тілейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

9 марта 2025 15:21
Даурен
Maruash, Көп рахмет!...
6 марта 2025 11:31
Гульнар
Сіздерге рахмет! Әкеміздің өмірі кейінгі ұрпақтарына сіздердің осы еңбектеріз арқылы естелік болып қалады. Еңбектеріңіз...
2 марта 2025 13:57
Гульнар
мы члены большой семьи Нуржановых ценим в людях чувство ответственности,человеколюбия и  профессионализма..так...