Аяпбергенова Роза

Рейтинг:

СЕНІМГЕ ЛАЙЫҚ ЖАН

Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
Бернард Шоу

       Қысы қытымыр әрі боранды, ыстығынан суығы басым болатын солтүстіктің тумасы болса да жүрегі нәзік, көңілі көктемдей көркем жан Аяпбергенова Роза 1970 жылы 25 қырқүйекте дүниеге келеді. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұйымшыл отбасында дүниеге келген қыз тәлімді тәрбие алады. Алтыннан ардақты әкесі Мұрат-қажы Жақияұлы – СҚО Петропавл қаласындағы «Балық өңдеу зауытында» жабдықтаушы қызметін атқара жүріп, өз ауылының көркеюіне ат салысып, ұлттық салт-дәстүрлерін жастар арасына насихаттау жұмыстарын жүргізіп, халық қалаулысы атанған зиялы қауым өкілі. 2016 жылы ол кісі дүние салды. Мейірбан анасы Балхия Сарқытқызы – тұрғын-үй шаруашылық саласында жұмыс жасаған, бүгінде зейнеткер және бақытты әжелер қатарында. Бірге туған бауырлары інісі мен сіңлісі жоғары білімді, қазіргі таңда бір-бір кәсіптің тізгінін ұстап отырған азаматтар.
        Арманшыл жас 1987 жылы Петропавл қаласының №8 мектебін бітіреді. 1987-1991 жылдары экономика және қаржы салалары бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орны – Алматы халық шаруашылығы институтының «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2016 жылы Шымкент университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдап, қос дипломды маман атанады.
       Еңбек жолын 1991 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев аудандық қаржы бөлімінің бюджет инспекция бастығының міндетін атқарушы лауазымы қызметінен бастайды. Институтты жаңа бітірген 21 жастағы жас маманға 49 қызметкерге және 19 совхоздың бюджетіне жауапты болу өте үлкен жауапкершілік, алайда білімі мен біліктілігінің және ұжымның қолдауының арқасында қызметінің қыр-сырын меңгеріп, дөңгелетіп әкетеді. Содан бері тәжірибелі маман Аяпбергенова Роза Мұратқызы талай басшылык қызметте 28 жыл әлеуметтік салада, оның 18 жылы мемлекеттік қызметші ретінде абыроймен қызмет атқарып келеді.
        Жаратқанның жазуымен Роза 1992 жылы ОҚО-ның Кентау қаласына өсіп-өнген жерге келін болып түседі. «Солтүстік өңірден қаймағы бұзылмаған Оңтүстікке келін атанған 28 жылдан бері, маған ата-анамның орнын басып, қолдау көрсеткен және мені өз қыздарындай қабылдаған ата-енеме алғысым шексіз. Атам Сейдулла Адыршаұлы – Кентау қаласының Құрметті азаматы. Кентау қаласының іргетасын қалап, 40 жыл басшылық қызмет атқарған, білім саласының үздік қызметкері, ал енем Зина Көбенбайқызы – көп балалы ана, отбасының ұйытқысы және берекесі болып отыр. Сол кісілердің қолдаулары мен көмегінің арқасында біршама жетістіктерге жетіп отырмын», – дейді ол ағынан жарылып.
       Барлық істе қолдау білдіретін жолдасы Адыршаев Асқар Сейдуллаұлы – Кентау қаласында тумасы, Алматы халық шаруашылық институтын 1991 жылы бітірген. Банк саласының қызметкері бүгінде қалалық автобекеттің директоры лауазымы қызметінде. Екеуі отбасында төрт перзент тәрбиелеп, оларға ұлағатты тәрбие беріп, білімді, саналы азамат болып ержетуі үшін қолдан келер мүмкіндіктердің бәрін жасауда. Отбасының тұңғышы Адыршаева Гүлназ Асқарқызы – жоғары білімді, бір баланың анасы. Дамеля есімді қыз бүгінде барлығының көзқуанышы боп жүр. Адыршаева Аружан Асқарқызы – ІІМ «Б.Бейсенов» атындағы Қарағанды академиясының ІII курс курсанты. Сейдуллаева Арайлым Асқарқызы – Оңтүстік Қазақстан облыстық М.Әуезов атындағы университеттің І курс студенті. Үміт күтер ұлдары Сейдуллаев Бексултан Асқарұлы – № 22 жалпы орта мектебінің 3 сынып оқушысы.
     2014 жылғы 3 қазаннан бастап Аяпбергенова Роза «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Кентау қаласындағы «Арнаулы кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалып, қазіргі таңда сол лауазым бойынша жұмыс атқарып, ұжымның қолдауына ие болып, білікті де білімді басшы екенін ісімен дәлелдеп жүр.
       Республикадағы бірден-бір оқу орны Түркістан облысының «Арнаулы кәсіптік колледжінде» тірек-қимыл қозғалысы бұзылған мүмкіндігі шектеулі 15 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар кәсіби білім алады. Білім ұйымына мемлекет тарапынан толық жағдай жасалып отыр, білім алушыларға оқу мерзімінің соңында мемлекеттік үлгідегі білім стандартына сәйкес диплом беріледі.
     – Осы орайда Республикамыздың барлық өңірінің азаматтарына құлақ қағыс еткім келеді: мүмкіндігі шектеулі жастарды аталмыш колледжге оқуға шақырамын. «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты». Өзіңді өзің алға қарай жетелеу, мақсатқа ұмтылу, бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыру ең алдымен өзін-өзі танудан басталады. Кез-келген қиындықты жеңе білу – әр адамның өз қолында.
     «Бейнет түбі – зейнет» дегендей, жан-тәнімен өз мамандығына берілген, соның ыстығына күйіп, суығына тоңса да еш мойымаған Аяпбергенова Роза Мұратқызы жемісті еңбегіне орай 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» және осы жылы «Кентау қаласына 60 жыл» медалін, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл» мерекелік медалін иеленеді. Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналы редакциясының арнайы құрылған комиссиясының 2017 жылдың 15 ақпан №07 шешіміне сәйкес «Білім шыңы» төсбелгісімен марапатталады. 17.09.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек озаты» төсбелгісін иемденсе, 03.10.2018 жылы «Кентау қаласының Құрметті азаматы» атағын алып, мәртебесі артады.
       Аяпбергенова Роза Мұратқызы – өз ісінің шебері. Міндетін абыроймен атқара алады. Соңынан ерген жастарға үлгі болуға лайық жан. Ендеше, кез келген істі сеніп тапсыруға болады. Сенім бар жерде табыс пен жетістіктер қатар жүреді. Арамызда осындай жандардың болуы – көңілімізге қуаныш орнатып, болашаққа деген сенімімізді нығайтады.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...
14 сентября 2025 12:14
Айнагуль
Отбасыңызға 40 жыл болып жатыр екен, аз ба-көп па, бәрі Алланың қолында, бастарыңа амандық, жан ұяларыңда бақ пен...