Абишова Сауле

Рейтинг:

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Өнер мектебінде» қосымша білім беру педагогы

Құрметті ұстаз

      «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі – оқушының болашақ азығы болмақ. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған адам өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймайтын болады. Сондықтан да ұрпақтың болашағы, халықтың келешегі білімді ұстаз қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Сондықтан, ұстаздық етуді жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Өнер мектебінде» қосымша білім беру педагогы, педагог зерттеуші, жоғары білімді ұстаз – Абишова Сауле Қошанқызы жайында қалам тербемекпіз.
      Сауле Қошанқызы 1965 жылы қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Әкесі Әбішұлы Қошан мен анасы Үсенбайқызы Бибіштен тараған 10 ұл-қыздың ішінде Сауле – бесінші перзент. 
      1972-1980 жылдары Ленин ауылында Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінде 8 жылдық білім алды. Орта білімнен кейін арман жетегімен Шымкент қаласындағы музыкалық училищесіне 1980 жылы оқуға түсіп, оны 1984 жылы «Үрмелі» бөлімінің флейта аспабында оқып, мұғалім, артист, үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі деген мамандықтарымен алып шықты. 2001-2005 жылдар аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде сырттай оқып, «Орындаушылық өнер» мамандығы бойынша домбыра аспабын меңгеріп, менеджер, халық аспаптарының оркестрі, жетекшісі, арнайы музыкалық пәнінің жетекшісі деген біліктілігін алды. 
      Алғашқы еңбек жолында 1985 жылдан бастап Ордабасы аудандық білім бөлімінің бұрынғы Музыка мектебінің директоры Сметов Аманбай ағайдың үлгі-өнегесі мен тәлім-тәрбиесін алып, қазіргі «Өнер мектебінде» флейта, домбыра аспабы бойынша мұғалім болып бастады. Соңғы 3 жылдан бері әлем және қазақ музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі және флейта, домбыра аспабының мұғалімі болып қызмет атқарды. Ұлағатты ұстаз бір салада табаны күректей 39 жыл абыройлы қызмет атқарды.
      «Адамды адам ететін құндылық – ол оның өмірлік мақсатын айқындай алуы және мақсатқа жету жолындағы жігері мен табандылығы, ізденісі мен еңбекқорлығы, адалдығы мен тазалығы дер едім. Негізгі ұстанымым – мақсатқа жету жолында ұнамсыз әрекеттерге барудан сақ болуға тырысамын. Мақсатқа жету жолындағы адамның мақсаты мен оған жету жолындағы әрекеті бір-біріне қайшы келмеуі керек деп ойлаймын. Адамның адамгершілік ұстанымы, моральдық-этикалық бейнесі, барлығы үйлесімде болғаны абзал. 
      Адам алға қойған мақсатына ұнамсыз тәсілдерді пайдаланар болса, Әл-Фараби бабамыздың: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегеніндей, бұл жағдай қоғамда орны толмас талай қасіретке жол береді. Әрине, мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен қиыншылықтарға төзбей, арманынан бас тартатын адамдар аз емес. Өз басым үздіксіз ізденістен, білімді ғалымдардан да, талапты жастардан да жаңашыл ғылыми ақпарат алудан, үйренуден, білуден ешқашан жалыққан емеспін. Ғылыми инновациялық жаңалықтарды жасым үлкен болса да жастардан үйренуді ұят нәрсе деп санамаймын. Себебі, менің көзқарасымда жастардан да, жан-жағымыздан да үйренеріміз баршылық. Білетінімізден білмейтініміз өте көп. Қате жасамайтын адам болмайды, өзім де өмірімде талай қателіктерді өткіздім, талай сүрінген, құлаған сәттерім де болды. Бірақ қолдан келгенше қателіктерімді талдап, өзімнің ішкі жан дүниемді қайраттану мен ішкі жігерім арқылы тік тұрып, ары қарай дамуға, өсуге «өз-өзімді қамшыладым». Негізі білім-ғылым жолында, мақсатқа жету жолында көп оқуға тырыстым, университет бітіріп, ғылыми диссертация қорғаған сайын ішкі түйсігіме аз көрініп, ары қарай да жаңа нәрселерді қабылдауға, сіңіруге ұмтылыс жасадым.
      Педагогика – өте күрделі сала ғой. Мысалы, біздің мамандықтың қиындығы сонда, ол – біліммен бірге адамның ішкі жан дүниесін, адаммен қарым-қатынасын қоса алып жүруді талап ететін мамандық. Алдындағы шәкіртке құрметпен, тұлға ретінде қарау, өзара жақсы қарым-қатынас орната білу – ұстаздың басты сипаты деп санар едім. Ұлы Қытай философы Конфуций: «Елді басқаратын билеуші әке секілді қатал, бірақ өз халқын жақсы көретін болуы керек»,- дейді. Иә, шектен тыс талапшыл, кешірімсіз оқытушы «ұстаз» ретінде құрметін жоғалтып алуы да мүмкін. Сонымен қатар оқытушының этика, эстетика бойынша құндылықтары яғни, алдымен өзін түзеп, шәкіртіне үлгі бола алуы, шәкірттерінің алдындағы образы, өз сөзінде, уәдесінде тұруы талаптарға сай болуы да өте маңызды. Оқытушылар - бұл үлкен контингент, көп әскер, қалың қол, себебі, статистикаға қарасақ, білім беру жүйесінде жүрген ұстаздардың саны басқа мамандар санынан бірнеше есе көп. Қиын да күрделі, әрі қызықты әрі шабыт беретін, шығармашылыққа толы жолды таңдап алдық. Әрбір оқытушы білімді және парасатты шәкірт тәрбиелеу арқылы мемлекетіміздің дамуына, Отанымыздың көркеюіне өз үлесін қоса берсін», - дейді кейіпкеріміз.
      Сауле Қошанқызының шәкірттері – облыстық «Жас музыканттар» байқауының лауреаттары. Атап айтқанда, Абуталипова Айгүл 2 дүркін жүлделі 2,3 орынды, Нұрмағанбетова Венара жүлделі 2 орынды, Тұрғанова Гүлназ 2 дүркін жүлделі 2,3 орынды, Балтабаева Анар 2 дүркін жүлделі 2,3 орынды, Мамедов Олжас жүлделі 3 орынды, Өсербаева Рабиға 2 дүркін жүлделі 2,3 орынды иленіп, Жұмабекова Индира дипломант атанып, облыстық Білім басқармасының Грамоталарымен марапатталды. Шәкірті Балтабаева Анар облыстық оқушылар арасында өткен «Ақ көгершін» фестиваліне қатысып, облыстық Білім басқармасының Грамотасын алды. Шымкент қаласында өткен «Таланттар бұлағы» фестиваліне қатысып, шәкірті Сейілхан Айдана 2 жүлделі орынды, Өсербаева Рабиға қатысып, екеуі де қалалық білім ұйымдастыру алқасының Мақтау қағаздарына ие болды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы «Балауса жұлдыздар» байқауында оқушысы Өскенбек Айкен 3 дәрежелі лауреат атанды. 2015 жылы дайындаған домбырашылар ансамблі «Ерлік даңқы мәңгілік», 2016 жылы облыстық «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық байқауында 2 орынды жеңіп алды. Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаңғырық» атты облыстық талантты жасөспірімдер фестиваліне шәкірті Абдразаққызы Шапағат «Сүгір» атындағы ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен «Қараторғай» әнін өте керемет дәрежеде орындап, көрермендерді тәнті етіп, облыстық филормонияның ұйымдастыру алқасының Грамотасымен оралды. Облыстық «Білімді ел – мәңгілік ел» атты өнер фестиваліне шәкірттері қатысты. 2019 жылы Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» телефестиваліне Шохайдарова Әсем домбыра аспабы бойынша, Абдразаққызы Шапағат флейта аспабы бойынша қатысып, 2 жүлделі лауреат атанды. Ал өзі «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен маратталды. 2020 жылы Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Абай Мұрасы» атты байқауға шәкірті Абдразаққызы Шапағат қатысып, 1 жүлделі орынды, Респубикалық «Өнерге қанат қаққандар» атты байқауға шәкірті Абдразаққызы Шапағат қатысып, 1 жүлделі орынды, 2021 жылы аудандық өнер байқауына Әмір Інжу қатысып, 2 жүлделі орынды иеленді.
      Ұлағатты ұстаздың жеткен жетістіктеріне тоқталатын болсақ, «Оңтүстік Қазақстан облысының үздік мұғалімі-2015» төсбелгісімен марапатталды. Көптеген Сертификаттары, Диплом мен Грамоталары бар. 2022 жылы «Музыка мектептері мен өнер мектептерінде музыкалық-теориялық пәндерді оқытудың заманауи технологиялары және әдістемелері» ҚР педагогтерінің біліктілігін арттыру (80сағат) курсын, 2019 жылы ҚР «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Жасөспірімдердің шығармашылық потенциалын арттырудағы қосымша білім берудің мүмкіндіктері» атты (40 сағат) курсын оқығандығы туралы, 2023 жылы «Ұлағат» дамушы ұстаздар орталығы ұйымдастырған «Педагог мәртебесі» атты семинарында тәжірибе алмасып, біліктілін арттырып, Ыбырай Алтысариннің білім беру жүйесі; Инклюзивті білім беру; Буллингтің алдын алу жолдары; Сабақты қызықты өткізуге арналған тиімді, заманауи дидактикалық әдіс-тәсілдер; ТОР-10 платформа; Интернет платформаларды сабақта қолдану жолдары; Мұғалімнің даму жолы; Заманауи мұғалім қандай болуы керек тақырыптарын меңгеріп, Сертификат алды. 2016 жылы ҚР ғылыми басылым «Өрлеу» Құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» телефистивалінде «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен Диплом, 2002, 2005, 2011, 2014, 2019, 2020, 2023 жылдары облыстық білім басқармасының Мақтау Грамоталарымен марапатталды. 2001, 2003, 2004, 2008, 2011, 2013, 2014, 2018, 2020-2023 жылдары аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды. 2008 жылы аудандық мәслихаттың Грамотасына, 2014 жылы аудандық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатына, 2014, 2019 жылдары аудан әкімінің Алғыс хатына, 2015 жылы ҚР «Балауса жұлдыздар» байқауының Алғыс хатына, 2015 жылы ҚР «Мектеп» журналы Сертификатына, 2016 жылы аудандық «НұрОтан» ХДП Алғыс хатына, облыстық «Нұрлыжол – болашаққа бастар жол» байқауының Алғыс хатына, 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы «Туған ел әуендері» шығармашылығын шыңдағаны үшін Құттықтау қағазына ие болды. 2017 жылы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен, 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының облыстық «Білімді ел - Мәңгілік ел» атты өнер фестиалінің Мадақтамасымен, 2018 жылы Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның Алғыс хатымен, 2020 жылы «Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы «Үздік ұстаз» Грамотасымен, 2020 жылы Абай мұрасы «ҮздікҰстаз» Дипломмен, 2020 жылы Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы бірлестігінің филиалы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіпордақ комитеті «Әріптес туралы сыр» шығармашылық байқауына қатысқаны үшін Дипломмен, «Бал бұлақ» балалалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы «Өнерге қанат қаққандар» республикалық байқауында аспапта ойнау байқауына қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен, «Ұлы дала рухы» ІІ халықаралық фестиваль байқауының Құрмет грамотасымен, 2021 Республикалық Педагогикалық ғылыми әдістемелік журналы дипломмен және Құрмет қағазымен, 2021 жылы «Шебер ұстаз» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Сертификатымен, 2023 жылы Республикалық Педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналы Сертификат және Дипломымен, Құрмет қағазымен марапатталды. Мектеп басшылығынан алған Мақтау грамоталары мен Алғыс хаттары да көп.
      1989 жылы №40 Қазақ ССР-інің Шымкент облысындағы Бөген ауданынының халық депутаттарының Темірлан селолық советінің депутаты болып сайланып, абыройлы қызмет етті. 2017 жылы Қожагелдиев Асқардың қолдауымен «Туған ел әуендері» атты әуесқой композиторлардың концертіне қатысып, өзінің шығарған «Құстар» және «Өрнек» күйін өзінің «Өрлеу» домбырашылар ансамблі орындалып, аудан әкімінің сыйлығын алып, халықтың алғысына бөленді. Ол туралы газеттерге мақалалар да жарияланды. Облыстық, аудандық іс-шараларда оркестрде флейта аспабында әрбір іс-шараға атсалысты. Мектептің қоғамдық жұмыстарына аянбай еңбек етіп араласады, жиын мерекелерде сол іс-шаралардың бағдарламасын жазып, өзі жүргізуші болып, сол іс-шараның жақсы өтуіне бастан-аяқ жауапты болып жүреді. Сауле Қошанқызы - «Есеп беру концерті», «тәрбие сағаттары», «ашық сабақтардың» бағдарламасын жасап, іс-шараның жақсы өтуіне өте ізденімпаздықпен көзге түсіп, көптің алғысын арқалаған жан. Әжелер ансамблінде ән айта отырып, ауданның іс-шараларында, 2014 жылы аудандық «Қайран ерлер - қаһарман ардагерлер» байқауында әжелер ансамблінің құрамында әндер айтты. 2020 жылы Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы бірлестігінің филиалы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіпордақ комитеті «Әріптес туралы сыр» шығармашылық байқауына қатысып, өз әріптесі туралы мақала жазған. Пердебекова Айнұр, Асабаева Зарина, Тоқбай Ұлдана атты жас мамандарға тәлімгерлік қызметін өз деңгейінде атқарды. Шәкірттері өзінің жолын қуалап жоғарғы музыкалық оқу-орындарын бітіріп, балаларға эстетикалық, музыкалық сауаттылықтан білім беруде. Соның бірі - Абуталипова Айгүл мектеп оқып жүргенінде облыстық байқаудың 2 дүркін лареаты атанса, колледжде жүргенде Республикалық байқаудың лауреаты атанған. Қазіргі таңда 2012 жылдан бастап осы Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Өнер мектебінің» директоры болып жұмыс жасауда. 2001 жылы тәлімгерлік жасаған әріптесі Пердебекова Айнұр қазіргі таңда 2019 жылдан Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Өнер мектебінің» директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасауда. 
      Сауле Қошанқызының мінез-құлқы, адамдармен қарым-қатынасы, біліктілігі, жоғары мәдениеттілігі, оқуға талапшылдығы, нағыз педагогтарға тән қасиеттері әрқашанда жоғары бағаға ие. Абай Құнанбаевтың: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген нақылындай, ол әрқашанда жастарды жоғары білімділікпен қоса жақсылыққа тәрбиелей білді. Құрметті ұстаз Сауле Қошанқызы - нағыз баға жетпес биік тұлға. Барлық ғұмырын білімге арнаған жанның жүріп өткен жолы да болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай. Бойындағы кішіпейілділік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, тәубешілік, ізгілік, парасаттылық сынды жаратылыс берген мінездің арқасында жора-жолдастарымен, әріптес, достарымен тіл табысып, артынан көп шәкіртті қанаттандырды.
      Отбасында жолдасы Абдиев Алтай - Ордабасы ауданына ауыл шаруашылығы аграном маманы бойынша еңбегі сіңген, қазіргі таңда зейнеткер. Өнегелі отбасында 1 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырды. Ұлы Дәурен мен келіні Айгерімнен 5 немере, күйеу балдары мен қаздары - Ринат мен Сәниядан 4 немерелі, Қайрат пен Жаншуақтан 4 немерелі, Қайрат пен Фаризадан 2 немерелері бар. Қазіргі таңда Алтай мен Сәуле 15 немеренің ата-әжесі. 
      Құрметті ұстазға абырой биігінен көрініп, ұрпақ қызығын көріп, 100 жасаңыз демекпіз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
24 июля 2024 15:15
Фариза

Анашым сізбен тек мақтанамын. Осындай құрметке, жетістікке жеткеніңіз Алланың қалауымен тынбай еңбек еткеніңіздың арқасында. Біз сізді жақсы көреміз😘💐❤️
23 июля 2024 13:35
Ерлан

Керемет апай еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Жан жақты білімді ұстаз. Сәуле Қошанқызы сізге алдағы уақытта барлық жақсылықты тілеймін. 
1 июня 2024 22:26
Айнур

Құрметті Сауле Қошанқызы! Сіз әрдайым балалардың білім сайыстарында үздік нәтижелерге жету жолында  еңбек етіңіз. Еліміздің болашағы үшін білімді ұрпақ пен Отанға деген сүйіспеншілігі жоғары тұлға қалыптастыруға орасан зор ,еселі үлес қостыңыз. Сіз талапты,еңбекқор, әрі заманауи білімді игерген дарынды ұстазсыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға береке тілеймін. 
1 июня 2024 14:40
Гулдар

Жаным бауырым сен осындай құрметке лайықсың, тынбай еңбек етесің, сол еңбегіңнің арқасында, өсіріп отырған ұл қыздарыңда сен сияқты тәрбиелі, инабатты, адамгершілігі мол. Сені мен мақтан тұтамын, әке шешеме рақмет, сен сияқты бауыр силағанына. Саған тілерім денсаулығың мықты болсын, балаларың сенің көз қуанышың болсын!

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...