Білім саласы және спорт саласының ардагері, Жуалы аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және әскери дайындық бірлестігінің жетекшісі, аудандық «Ардагерлер» футбол командасының үздік қақпашысы, «Үздік ұстаз», «Қазақ футболына 110 жыл» төсбелгілерінің иегері Салауатты ұрпақ тәрбиешісі
Дене тәрбиесі ұғымының ауқымы мен арнасы өте кең. Көбіне оны тек денешынықтыру сабағы деп түсінетініміз бар. Бұл – сабақтан да, мектептен де тыс денсаулықты нығайтуға байланысты шаралар жүйесі екенін айта кету керек. Еліміздегі білім беру саласына жүктелген басты міндеттердің бірі – жеке тұлға тәрбиелеу десек, бұған дене тәрбиесі жүйесі зор үлес қоса алады. Әрі мұндағы оқыту тәсілі жас ұрпақтың денсаулығын нығайту ісімен қоса жүргізіледі. Осы арқылы болашақ тұлға бойындағы биологиялық-психология
![]()
лық қажеттіліктерді жан-жақты жетілдіруге болады. Әрі мұның өзі белсенді азаматтық ұстаным мен ізгі қатынастарды дамытудың алғашқы баспалдағы іспеттес.
Дене тәрбиесіндегі жаңа технологиялар мен озық тәжірибе бұл ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастырыла қаралмаса, күткендегідей нәтиже бере алмайтыны тағы бар. Педогогика ғылымының алдында тұрған басты міндеттердің бірі де осы. Түптеп келгенде мұның мәнісі дене тәрбиесін бүгінгі заман талабына сәйкестендіру болып табылады. Әр адамның өмірі – өзі өмір сүрген ортаның жемісі десек, сол ортадағы дене мәдениеті – адамгершілік қарым-қатынастарды дамытудың бір бағыты.
Дене тәрбиесі жас жеткіншіктерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінің ажырамас бір бөлігі. Сондай-ақ ол жеке тұлғаның жан-жақты әрі қуатты болып өсуінің бір кепілі. Осы арқылы өндірістік және шығармашылық еңбекке төзімді, ерік-жігері мол адам қалыптастыруға әбден болады. Отансүйгіштік пен патриотизмге баулу ісіне де дене тәрбиесінің тигізетін пайдалы әсері жоғары. Болашақ ұрпақ денсаулығының мықты болуы және салауатты өмір салтын ұстануға бағдар алуы денешынықтыру пәні мұғалімдеріне де байланысты. Әңгімемізге арқау болып отырған өміріне салауаттылықты серік еткен Мейрамбек Тоғызбайұлы – дене шынықтыру пәні арқылы көптеген шәкірттер тәрбиелеп, олардан жеңімпаздар шығара білген мықты азаматтың бірегейі.
Қалдыбаев Мейрамбек Тоғызбайұлы 1960 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Тесіктас ауылында өсіп-өнген өнегелі отбасында туылды. Жеті жасқа дейін атасы
Қалдыбай мен әжесі Майсаның бауырында өсті. Әкесі Қалдыбаев Тоғызбай – аудандық қаржы бөлімінің орынбасары, анасы Ашықбекова Қалима үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысты. Мейрамбек Тоғызбайұлы 1967 жылы аудан орталығындағы №1 Орджоникидзе (қазір Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы) атындағы мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 1977 жылы мектепті ойдағыдай бітіріп шықты. Сол жылы Қарағанды қаласындағы КТФиС техникумына оқуға түсіп, 1981 жылы жақсыға бітіріп шықты.
1978-1980 жылдары Кеңес әскерінің Қарулы Күштерінің қатарында әскери борышын өтеп қайтты. 1980-1981 жылдары Қарағанды техникумындағы оқуын жалғастырып бітірді. 1981 жылы өзі оқыған Орджоникидзе орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қабылданып, ұстаздық еңбек жолын бастады. Оқушыларын спортқа қызықтырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға үйретіп, спортқа бейімі бар балаларды түрлі жарыстарға дайындады. Өзінің байсалды қалпымен, ақжарқын мін
![]()
езімен жан-жағына жағымды әріптес, дос болып, үлкен-кішінің алдында беделі артып, мерейі асты.
Білімді ұстаз 1984 жылы СПТУ-15 училищесіне ұстаздық қызметке ауысып, 1986 жылға дейін қызмет етті. 1986 жылы 1 қыркүйектен бастап Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеді.
«Негізі мектептерде еңбек пен дене шынықтыру мұғаліміне сынып жетекшілік берілмейді. Біздің мектеп аралас, қазақтардан орыстар, немістер көп болатын. Алты орыс сыныбы, бір қазақ сыныбы болды. Кеңес өкіметі кезеңінде мектеп Н.К.Крупскаяның есімімен аталатын. Мектепте тәртіп жағынан қиындық тудыратын 9 «Б» сыныбы болатын. Еш мұғалімнің оларға шамасы жетпейтін. Тіпті ұстаздарға сабақ өтуге мұрша бермейтін. Содан мектеп директоры Тоғысбаева Күлшат Аймұханбетовна мені шақырып алып: «Сол сыныптың жетекшілігін сен ал», - деп тапсырды. Мен: «Маған болмайды ғой, мен көбіне жарысқа барамын. Олармен тәрбие жұмысын жасауға уақытым жоқ», - десем де, «Сенен басқаның шамасы келмей жатыр, болды аласың» - деп, сыныпты тапсырды. Содан ата-аналармен жиналыс өткізіп, сыныпты тауға демалысқа апаратын болдық. Бізде табиғат керемет қой. Орыс сыныбының ата-аналары ондайға мықты. Керемет демалып келген сынып танымастай өзгерді. Сабақтары да жақсарып, спорт та да көзге түсіп, жылды жақсы нәтижемен бітірді. Қазір сол оқушыларымның көбі Германияда. Әлі күнге дейін хабарласып тұрамыз, тіпті ауырғанда да көмектесіп тұрады», - дейді Мейрамбек Тоғызбайұлы.
Жоғарғы санатты ұстаз-зерттеуші 1988-1993 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қаза
![]()
қ Мемлекеттік дене мәдениеті және спорт институтына оқуға түсіп, 1993 жылы сырттай бөлімін бітіріп шықты. Мамандығы бойынша ізденуден шаршамайтын ұстаздың жетістіктері де аз емес. Атап айтқанда, 2002 жылы облыстық департаменттің Грамотасын, 2002 жылы облыстық Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің конкурсына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. 2007 жылы Құрмет грамотасымен, 2009 жылы кіші футболдан бірінші лига командалары арасында Тараз қаласы қысқы чемпионатының жеңімпазы болды. 2009 жылы футболдан Байзақ ауданында өткен Жамбыл облыстық Халық ойындары спартакиадасының жеңімпазы, 2010 жылы шахматтан облыстық V жазғы Спартакиядасының Дипломымен марапатталды. 2002, 2003, 2005, 2009, 2010, 2012, 2013 жылдары аудан әкімдігінің Грамоталарын алды. 2012-2016 жылдары мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың кіші футбол жарысының бірнеше дүркін чемпионы, жеңімпазы.
Мейрамбек Тоғызбайұлы ауданда «Қазақстан Барысы», «Ақ бидай», «Аула ойындары», «Көше ойындары», «Президенттік тестілеу» сынды жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып, облыстық жарыстарға аудан атынан алып барған мектеп командалары жүлделі орындар иеленді. 2018 жылы қараша айында VII Республикалық тәуелсіз байқаудың жеңімпазы ретінде «Үздік ұстаз» белгісімен марапатталды. 2023 жылы «Қазақ футболына 110 жыл» төсбелгісін омырауына жарқырата тақты. Аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және әскери дайындық бірлестігінің жетекшісі, аудандық «Ардагерлер» футбол командасының үздік қақпашысы.
Мейрамбек Тоғызбайұлы салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, әрі шебер суретші. Ол портреттер, табиғат туралы пейзаждар, кілемге суреттер, достық шарж, әдеби шығармалар оқуды жанындай жақсы көреді. Шәкірттері де республикаға белгілі футбол мергені, «Тараз», «Мақтарал» футбол командаларында өнер көрсеткен, «Хан тәңірі» командасының жартылай қорғаушысы – Абзал Таубаев. «Тараз» футбол командасының қорғаушысы, Қазақстан Кәсіпқой Футбол лигасы кубогының жеңімпазы – Тоғызбай Марат, Республикалық және Халықаралық турнирдің жеңімпазы – Жұмағұлов Елнұр. Қазақша күрестен облыс чемпионы, Дзюдодан ауданның 2-дүркін чемпионы – Тасқынбай Нұржігіт. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының «Аят» командасының ойыншысы Әбдірасул Әбдіманапұлы сынды көшбасшы, белсенді шәкірттерін мақтанышпен айтуға болады.
![]()
Дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды. Қандай да бір қоғам болмасын оның сәтті болуы болашақ жастарының денсаулығына тікелей байланысты екені рас. Себебі, қазіргі қоғам, жоғары қарқынмен дамыған өндіріс дене бітімі жақсы жетілген, өндірісте жоғары қарқынмен жұмыс істей алатын жасөспірімді қажет етеді. Адамның ширақтығы неғұрлым басым болса, соғұрлым атқаратын жұмысы тиімді болады. Сондықтан әрбір ұстаз өзінің шәкірттерін денсаулығы мықты, көңілді, дене бітімі жақсы дамыған тұлға ретінде көргісі келеді.
Бұл ретте Мейрамбек Тоғызбайұлының мерейі үстам. Ол дене тәрбиесінде ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отанын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқара алды. Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спорт пен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо-физиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау, ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихы мен танысу, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар алу болса, бұл да тәжірибелі ұстаздың қолынан келді деуге болады. Әр сабағын тек спортпен ғана шектемей, оқушылардың түрлі ақпараттармен хабардар болуына күш салды.
«Мереке күні дүние есігін ашқан соң есімімді «Мейрамбек» қойыпты. Жеті жасқа дейін ата-апамның қолында тәрбиелендім.
1987 жылы отбасын құрдым. Жолдасым – Мусаханова Таджиниса. Қожа руынан. Ол 1986 жылы КазГУ-дің филология факультетінің араб тілі, қазақ тілі және әдебиеті бөлімін бітіріп келіп, екеуміз де №19 Д.Қонаев аты
![]()
ндағы мектеп-гимназияда мұғалім болып жұмыс істедік. Қуанышты да, қиыншылықты да қатар көрдік. Бір-бірімізге сүйеу болдық. Құдайдың берген үш ұлын өсіріп, тәрбиеледік. Үлкен ұлым Тимур аудандық әкімшілікте сәулет және архитектура бөлімінде жұмыс істейді. Келінім Жанар балабақшада өз жұмысын атқаруда. Тимурдан төрт немерем бар: Тәңірберген, Толғанай, Томирис, Таңсұлу. Құдайға шүкір, мейрімді ұл мен инабатты келін осы екеуіндей болар деп іштей шүкіршілік етіп отырамыз. Қас-қабағымызға қарап, алдымыздан кесіп өтпейді.
Ортаншы ұлым – Дамир. Дамирім кішкентайынан тірлігіне пысық, сабағына алғыр, сүйкімді болып өсті. Кез келген ортамен тіл табыса алатын, сондықтан анасы осы ұлына қатты сенім артатын. Ол қазір Алматыда. Үйленген, келінім Ұлжан КазҰУ-дің доктурантурасында оқиды. Одан үш немерем бар. Нурия және Дінмұхаммед, Ибраһим. Нурия - біздің үйдің алғашқы перизаты. Толғанай екеуінің арасы бір-ақ күн.Нурияның есімін апасы арабша қойды. Мен Толғанайымның атын өзім қойдым. Ол да «ата қызымын» деп маған жақын. Тәңірберген - апасының еркесі. Тәңірбергеннің атын Қалима әжесі қойған.
Үшінші ұлым – Марат. Үйдің ең сүйіктісі. Кішкентайынан спортқа құмар болды. Тараздағы спорт мектебінде оқыды. Облыстық «Тараз» командасының дублінде үш жыл ойнады. Команда капитаны болды. Командасы Қазақстанның чемпионы атанды. Тренері Пак Александр Александрович те Маратқа сенетін. Ол кісіге рахмет, жақсы тәрбие берді. «Тараз» командасының н
![]()
егізгі құрамында да өнер көрсетті. Кубок үшін болған ойында командаға жеңіс сыйлады. Бәрі жақсы, бірақ біздің система жемқорлыққа құрылған ғой, сол себепті негізгі құрамға қабылданылмай, қалталылар өтіп кетті. Алла қалап, ТарГУ-дің физкультура факультетін бітірді. Сүйікті спорты футболын кәсіпқой футболмен ауыстырды. 2022 жылы Францияда өткен жарыста, 2023 жылы Германияда өткен жарыста командасымен чемпион болып оралса, биылғы 2024 жылы Австриядағы ойында екінші орынды қанағат тұтты. Ұлымыздың болашағы жарқын, дені сау болсын деп тілейміз!
Ата-ананың бақыты – алдындағы балалары аман болып, күліп-ойнап жүруі. 2022 жылы Маратым ибалы да инабатты, тәрбиелі отбасыдан келін әкеліп түсірді. Біздің шаңыраққа Хамида есімді еліктің лағындай сүйкімді келін түсіп, ол Санжар атты немерені өмірге әкелді. Сегіз немеренің атасымын. Алла үш ұлдың жаманшылығын көрсетпесін деп тілеймін! Өссін, өнсін, артымызда иманды ұрпақ қалсын! Қалаған армандары мен мақсаттарына жетсін! Біз тек тілекшіміз», - дейді Мейрамбек Тоғызбайұлы.
Мейрамбек Тоғызбайұлы тек мектеп қабырғасынан шыққан спорт шеберлерімен ғана емес, өзі тәрбиелеп өсірген дені сау, елімізге қажет азаматтармен де мақтана алады. Бұл сабақты тек пән ретінде өтпей, оларға пайдалы ете алғанына қуанады. Оқушылары жаттығу залына кірген кездегі көңіл-күйлерінің өзгеруін көргенде көкірегін қуаныш сезімі кернейтін. Өйткені әр оқушының санасында дене шынықтыру сабағына кіргенде «мұнда сәтсіздіктер артта қалады, математикадан немесе орыс тілінен нашар баға ұмытылады, секіруге, жүгіруге, дене жаттығуларымен, ашық ауада және спорттық ойындармен еркін, алаңсыз айналысуға болады» деген қуанышты көздерінен оқитын.
Иә, дене тәрбиесі сабағы тек жаттығуларды орындаумен шектелмейді. Аталған пән жас жеткіншіктерді еңбексүйгіштік пен қажырлылыққа, жігерлілікке және батылдық пен батырлыққа бағыттай алады. Бұл – дене тәрбиесі адамның тәніне ғана емес, сонымен бірге ішкі жан дүниесі мен рухына да өрелі өзгерістер әкеле алатын айрықша пән. Мейрамбек Тоғызбайұлы байқампаздық, төзімділік, шыдамдылық, юморлық сезім, мейірімділік, ұйымшылдық, оптимизм, дербестілік, жауапкершілік, көпшілдік, жанашырлыққа дайын ұстаз. Оқушылардың көңіл-күйлерін түсіне білуі, олардың жеке және жас қабілеттіліктерін зерделей алуы және оны ескере білуінің өзі көңіл қуантады.
Мейрамбек Тоғызбайұлы адал еңбегінің арқасында тек білім ордасында ғана емес, аудан, облыс көлемінде сыйлы. Бұл оның спортқа, футболға деген ынтықтығының жемісі. Жастайынан спортпен айналысты. Әуелі еркін күреспен, кейін футболға ауысты. Ортасында өзіндік орны болды. Спорт оны адалдыққа, шыдамдылыққа, әділдікке, ізеттілікке үйретті. Басқаны да сыйлап, өзін де сыйлата біледі. Ауыл жастарының ұйтқысы болып, спорттың өркендеуіне кішкентай болса да өз үлесін қосып келеді.
«Әр қазақ менің жалғызым» деп кеудесін намыс оты шарпып тұратын еңбекқор азамат Мейрамбек Тоғызбайұлына отбасыңыз аман, деңінің сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын деп тілек білдіреміз!
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()