![]()
«Skyeng» онлайн мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Мауленова» жеке кәсіпкерлігінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы, «Еңбек Даңқы» орденінің иегері
Дананың дара жолы
Жетістікке жету әр адамның өз қолында. Жолында тұрған кедергілерге қарамастан, ештеңеден қорықпай, тек алға басқан адам ғана өзінің арманына қол созып, мақсатын жүзеге асырады. Әрі осындай нарықтық қоғамда адамға ерік пен жігер, тура ниет, сонымен қатар мықты талпыныс керек. Немқұрайлық
![]()
тан ада болғанда ғана адам биікке жетеді. Өзінің ойындағы биік шыңына шығып, елдің де бір кірпіші болып қаланады.
Қазіргі уақытта білімділік құпталады. Жан-жақты ізденіп, көп тіл білу – үлкен жетістік. Әлемдік жаңалықтарға құлақ түріп, оны өз елінде пайдасына асыра білу де үлкен күш. Бұл ретте кейіпкеріміз Дананың жеткен жетістіктері айтарлықтай зор. Қатарластарының арасында өзінің алғырлығымен, белсенділігімен, ізденімпаздығымен, білсем, үйренсем, көрсем деген ниетімен бүгінгі күні үлкен дәрежеге жетіп отырған нәзік жан.
Білімді, парасатты, еңбекқор Дана Артықбайқызы – қандай шаруаны қолына алмасын тыңғылықты атқаратын ұйымдастырушылық қабілеті, халыққа етене жақындығы, жаны мен қолының тазалығы, өзіне де, қарамағындағыларға да талапшылдығымен көпке үлгі боларлық маман. Өзінің өмірден білген-түйгенін үнемі жастарға айтып жүретін, саяси сауатты, жаңалыққа жаны құмар, жаңашылдыққа, заманауилыққа жатырқамайтын өзіндік ой-пікірі бар тұлға. Қайтпас қайсарлығы мен табандылығы оны еш уақытта тура жолдан тайдырған емес. Оны осындай адами, адал қасиеттері даралап тұрады.
Мауленова Дана Артықбайқызы 1999 жылы 14 наурызда өнегелі отбасында дүниеге келген.
«Skyeng» онлайн мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет ететін Артықбайқызы Дана Арнасай, Джизак облысы, Өзбекстан жоғары филологиялық (ағылшын, француз) тілдері бойынша жоғары білімі бар.
Дана Артықбайқызы 2016 жылы Алматы қаласындағы №94 мектеп-гимназиясын жақсыға бітірген. Оқу кезінде
![]()
«British Bulldog» қалалық ағылшын тілі байқауларына белсене қатысып, бірінші орын дипломдармен марапатталған. Сондай-ақ Оқушылар сарайындағы пікірсайыс клубтарына белсенді қатысқаны үшін сертификаттары бар.
2012 жылы «Алатау аруы» облыстық сұлулық байқауында бірінші орынды жеңіп алып, мерейі үстем болды. 2017 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті белсенділерінің мүшесі болды және оқу кезінде университеттің қоғамдық өміріне қосқан белсенді үлесі үшін жан-жақты марапаттарға ие болды.
2016-2020 жылдары Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті. Шетел филологиясы бойынша ағылшын, француз тілдерінен үздік диплом және бакалавр дәрежесін алды. 2017 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ең ірі ұйымына айналған «English debat club» студенттік ұйымын ұйымдастырды және басқарды.
Ал 2020 жылы студенттік ұйым университеттің қоғамдық өміріне қосқан белсенді үлесі үшін «Үздік» сертификатымен марапатталды. 2019 жылы Дана Артықбайқызы халықаралық «Skyeng» онлайн мектебіне мұғалімдерді іріктеуден өтіп, педагогикалық мансабын бастады.
2020 жылы іскерлік ағылшын тілі курсын бітіргені туралы сертификат алды. 2020 жылдан бастап «Eurasian
![]()
Foods» АҚ, «Баян Сұлу» АҚ, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС сияқты компанияларда жеке ілеспе және жазбаша аударма жұмыстарын жүргізіп келеді. 2020 жылы қазақ тілінен ағылшын тіліне және керісінше аударма жұмысын жүргізгені үшін «Кәсіби қазақ тілі» іскерлік қазақ тілі курсын бітіргені туралы сертификатқа ие болды. Сондай-ақ ағылшын тілін қазақ тілінде оқыту және студенттерге қазақ тілінде бірегей оқыту әдістемесін жасау мақсатында тынымсыз еңбектеніп келеді.
2021 жылы ол IOWA мемлекеттік университетінің Америка университетінен Бизнес және коммуникациялар саласындағы магистр дәрежесін алуға шақыру алды. 2023 жылы Мәулен қазақ жастарының «Work and Study» бағдарламасы бойынша Америка университеттеріне түсуіне көмектесу мақсатымен IP ашты.
Сонымен қатар, «Все о поступлении в университеты США: подробная инструкция. Секреты и советы от поступивших студентов» кітабын жарыққа шығарды. 2023 жылы Орталық Азия тәуелсіз сарапшылар альянсының (AECA) тәлімгері болды.
Дана Артықбайқызы «Resources and Connections» бизнес клубының тәлімгері. 2024 жылдың 30 наурызында «Орталық Азияның бизнес көшбасшылары» бизнес сыйлығының қазылар алқасының мүшесі болды.
![]()
Дана Артықбайқызы «One Asia Awards» түрлі бизнес-функциялардағы жетістіктері үшін жыл сайынғы іскерлік сыйлықтың қазылар алқасының мүшесі. Бизнес трендтері мен инновациялар туралы халықаралық конференцияның спикері.
2023 жылы ел игілігіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына ие болды. 2024 жылы екі рет «Еңбек Даңқы» орденімен, 2024 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атағымен марапатталды.
Иә, адамның өзі қалаған биігіне жетуі үшін екі-ақ нәрсе керек. Ол – мықты мақсат пен адал еңбек. Әрбір адам өз алдына мақсат қоя білгенде көздегеніне жетеді. Өйткені адам мақсатты қалай қойса, ол соған қарай ұмтыла түседі. Мақсат дегенді биік тауға балау керек. Сол таудың шыңына жеткенше қанша рет жығылып сүрінсе де, қайта аяққа тұруға сан мәрте талпынуы керек.
Мақсат қою оңай, ал оған ұмтылу, жету қиын. Әркімнің өмірлік ұстанымы әрқалай. Ұлы Абай айтпақшы, «Күніне бір рет, жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен-өзің есеп ал». Сонда ғана адам өз-өзін дұрыс
![]()
бағалай біледі. Адам баласы қанша көп еңбектенсе, мақсатқа сонша тез жетеді.
Жан сарайы бай, сыртқы тұлғасына ішкі мәдениеті сай, қарапайым мінезді, кішіпейіл, сабырлы да салмақты, уәдесіне берік, еңбекқор Дана Артықбайқызы жайында көптеген ақпарат құралдары қалам тербеді. Оның өзі Дананың дара жолын көрсетеді.
«Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді» деген ғұламалардың әдемі сөзі бар. Бұл қанатты сөздің бекер айтылмағаны белгілі. Арамызда жүрген жақсы жандар туралы ауыз толтыра әңгімелеудің өзі ғанибет. Тумысынан жақсылыққа жаны құмар Дана Артықбайқызы есейген шағында өзіне тән, қолынан келетін, жан дүниесіне сай саланы таңдап, сол сала бойынша еңбек етіп, жемісін өзі де, өзге де көріп келеді. Лайықты марапатталып, қоғам үшін әлі талай жылдар жемісті еңбек етеді.
Иә, адам өзінің алдына мақсатты дұрыс қоя білсе, қоғамнан шеттемейді. Ел игілігі жолында еңбектеніп отырған Дана Артықбайқызының отбасына аманшылық, деніне саулық, ісіне береке тілейміз!
![]()