![]()
Білім мен білік ұштасса...
Еңбекпен келген еленді із,
Қалдырды соқпақ өткенің.
Ешқашан қалмас елеусіз,
Сен үшін қымбат - мектебің.
Мақсатын сездің жүректің,
Дедің де сапар жалғансын.
Әр жылы ұшқан түлектің
Сағынышында сен барсың.
Жақсылық бойдан іздер ең,
Бұлақтың көзі аршылар,
Жүректер талмай іздеген
Ұлылық деген сен шығар! – деп ордалық ақын Ғабиден Қожахмет әнге қосқандай, ұстаз – ұлағатты есім.
![]()
Сондықтан да нағыз ұстаз болу ол бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының төресі. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Міне, осындай ұлағатты мамандықты ұғымына сыйдырған педагог, «Қазақтан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», ардагер зейнеткер Төлеш Тілепберген Бекқалиұлы 1957 жылдың 7 наурызында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында дүниеге келген.
Тарихына көз жіберсең, талай тұлғалардың іздері сайрап жатқан құтты мекенде балалығын өткізіп, 1963-1973 жылдары он жылдық мектепті бітіріп шығады. Ол кездері мектеп қабырғасында жүрген оқушыларды шаруашылыққа апарып, колхоздың жұмысына көмектестіру үрдісі болатын. Осындай көктемгі, күзгі жұмыстарға
![]()
белсене қатысып, сынып ішінде өткізілген іс-шараларды үйіріп алып кететін ұйымдастырушылық қабілеті басым Тілепберген Бекқалиұлы болашағын білім беру саласымен байланыстырып, Гурьев педагогикалық институтының физика-математика бөліміне оқуға түседі.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ ұстаз болсам деген арманы орындалған жас жоғарғы оқу орнын да жүріп те, өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, үйіріп алып кететін іске деген ептілігі, бейімділігімен көзге түсе білді. Бала оқыту – ұлтты тәрбиелеу болып табылатынын сана-түйсігімен түсінген жас нағыз ұстаз болып шығу жолында өзін жиі қамшылап, білім тұңғиығына сүңгіді.
1979 жылы Жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан соң, өзінің алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылындағы «Сағыз» орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған Тілепберген Бекқалиұлы білім ордасының қайнаған өміріне араласып кете барды. Кішкентайынан алғыр, қоғамдық істерде белсенді бола білген маман, ұстаздық ете жүріп, шәкірттерге білім беруімен қатар, олардың бойындағы менмұндалап жатқан қабілетін аша білді.
![]()
Ұстаздық етумен қатар іргелі білім ордасының қоғамдық өміріне белсене араласқан Тілепберген Бекқалиұлы қызметте сатылай өсіп, аталған мектептің интернат меңгерушісі, мектеп директорының сыныптан тыс тәрбие жөніндегі орынбасарлығына көтеріліп, 1995 жылы сол мектептің директоры болып тағайындалды.
Ұстаздық ету бір бөлек болса, дүйім мектептің ішкі-сыртқы жұмыстарын, оқушылардың білім алу сапасын, оларға жағдай жасап, мектептің мерейін өсіріп, абыройын арттыру бұл өз алдына бөлек әңгіме. Бала кезден жауапкершілігі мол жұмыстарды атқарып, еңбек қайрағында шыңдалып өскен Тілепберген Бекқалиұлы үшін иыққа ауырлық танытар іс болмады. Ширақ қимылымен шыңды бағындыруға бет алған маман өзіне артылған сенім үдесінен шыға біліп, бедел биігіне табан тіреп, қызмет торысының үзеңгісіне сеніммен аяқ салды.
![]()
2010 жылы Сағыз орта мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2015 жылы математика пәнінің мұғалімі болып абыройлы ұстаздық еткен Тілепберген Бекқалиұлы осы жерден құрметті зейнет демалысына шықты.
Кейіпкеріміздің білім ордасына басшылық еткен жылдары туралы жазылған бір ресми қағазға көз жүгіртсек:
- Байғанин ауданы білім бөлімін біршама жыл басқарған басшысы Аққожа Қожағалидың айтуы бойынша «1996 жылы қиын-қыстау кезінде, яғни қаражаттың тапшылығы уақытында, өзінің еңбекқорлығымен Сағыз орта мектебінің директоры Т.Б.Төлеш, өзінің басқарып отырған мектебінің жылу жүйесі қыс мезгілінде қатып қалып, жылу жүйесі істеп шыққан кезде Т.Б.Төлеш орта мектептің үш
![]()
қабатының түгел жылу жүйесін қайта жаңартып, мектептің жылу жүйесін қалпына келтірді, білім бөлімінен қаражат бөлінген жоқ, Т.Б.Төлеш өз еңбегі және өзінің ұжымымен бірлесе қайта қалпына келтірген болатын. Сол жылдары қыс қатты болып мектепке жылу жүйесіне отын болмаған кездері, Т.Б.Төлеш өзінің мектебін мұнай қалдығымен жылытып, балалардың білім алмауларына жол берген жоқ, яғни мектепті уақытылы жылыту жүйесін іске қостыртып отырды. Мұнай қалдығымен жылытты демекші, Т.Б.Төлеш Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласындағы ұмытпасам «Төреғали» есімді ағасынан Краз автокөлігін сұрап алып, Байғанин ауданы, Кемерши ауылындағы мұнай кен орындарынан өзінің қаражатымен мұнай қалдықтарын сатып алып, өзінің басқарып отырған мектебін жылытып отырды, - делінген.
Осы бір шағын, ақпараттың өзі кейіпкеріміздің білім беру жолындағы ерен еңбегі мен туған дерге деген құрметін, ұлт болашағын тәрбиелеуге деген үлкен жауапкершілігін аңғартады.
Ұстаздық ете жүріп, әр қадамын шәкірттердің алғысы мен ата-аналардың ыстық ықыласына толтырған Тілепберген Бекқалиұлы ұстаздық еткен жылдары білім беру саласына қосқан үлесі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ:
- 1998 жылы «Қазақтан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» атағы берілген.
- 1999 жылы Ақтөбе облысы әкімінің «Алғыс» хаты;
- 2001 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы әкімінің «Алғыс» хаты;
- 2019 жылы «Аманат» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының «Алғыс» хатымен марапатталды.
Мектеп басшысы болумен қатар, 1999 жылдан бастап екі мәрте халық қалаулысы Байғанин аудандық мәслихатының
![]()
депутаты болып сайланған халық қалаулысы, жас ұрпақты тәрбиелеуде математика пәнінен білімі мен біліктілігін, жаңашылдығын үнемі шәкірт бойына сіңіретін өз мамандығын дұрыс таңдап, жақсы меңгерген ұстаз Тілепберген Бекқалиұлы 2020 жылдың шілде айында өмірден озды.
Ардақты ұстаз Тілепберген Бекқалиұлы отбасында асыл жар, асқар тау әке бола білді. Жары Әлібек Гүлнар Таубайқызы - саналы ғұмырын руханият саласына арнаған, мәдениет саласының үздігі. Кейіпкеріміздің жары туралы қалам құлашымызды кең сермей жазғанды жөн көрдік.
Көктің нұры жауынмен көгеріп-жайнаған жердей, халықтың ыстық ықыласқа толы батасымен өсіп-өніп, өркен жайған, кісілік келбетінде парасаттылық пен сабырлылық бұғып жатқан, руханиятты көтеру жолында еңбек еткен мәдениет саласының үздігі, кемел тұлға Әлібек Гүлнар Таубайқызы 1956 жылдың 9 желтоқсанында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында дүниеге келді. Тарих беттерін ақтарсаң тосын тәбәріктерін аямаған, бірнеше ел мен жерді байланыстырып, бейбітшілікті сақтап қана қоймай, талай ақын мен әншінің өлеңіне арқау болған қазаны ортаймайтын қазыналы өлкеде балалығын өткізді.
![]()
Ерлігімен кейінгі ұрпақ мақтанған баһадүрлердің табаны тиген киелі топыраққа аунап өсіп, самалымен жарысып өскен Гүлнар Таубайқызы үлкен өмірге бағыт сілтер білім ордасында 1963-1973 жылдары оқып, білім алды. 1973 жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінде кітапхана бөліміне оқуға түседі. Алғашқы еңбек жолы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ащы ауылдық округінде кітапханашы болумен басталады.
Еңбек – қашан да адамның жүзін жылтыратып, меселі мен абыройын өсіреді. Қиындығына қарамай еңбек етуден қашпайтын, босап тұрған, ақауы бар жерді жөндеп жіберетін қолының іске икемі бар жалынды жас осылайша еңбек майданына сүңгіп кетті.
Құштарлық пен ұмтылыс, өмірге деген іңкәрлік, өзі сүйген мамандықтың шебері болуға деген талап, жанамын деген жүрекке от, шабамын деген жүрекке ат береді емес пе?! Жайлауда шиыршық ата шапқан құлындай,
![]()
бойында еңбекке деген сенімі басым болған Гүлнар Таубайқызы өзінің қызметтік міндеттемелерін абыроймен атқара білді.
Еңбекті сүю – тәрбиеден. Кейіпкеріміздің өз саласының білікті маманы болуының арқасында әкесінің адалдығы, еңбекқорлығы, туралығы мен әділдігі жатырса, бүгінгі таңда халық қалаулысына айналып, ел ағасы болуының тамырында «айналайыны» оттан да ыстық анасының мейірімділігі мен қамқорлығы, имандылығы мен парасаттылығы, сабырлылығы жатыр еді. Өмірдің өзі күн, аптай, айдан тұратыны секілді, жұмыр жүректі әр пенденің де өмір жолы алға жылжудан, биікке көтерілуден және атқарған қызметі мен еңбегінен жинаған үлкен тәжірибеден тұрады. Қиын істен қорықпайтын, жұмысы күрделі болса да тез шешім қабылдап, табандылық танытып жеңіп шығатын Гүлнар Таубайқызы табан аудармастан 30 жыл кітапхана меңгерушісі болып еңбек етіп, 2014 жылы құрметті зейнет демалысына шығады.
Ащы ауылдық округінде кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқару кезінде 1990 жылдары совет үкіметінің таралу кезінде, кітапхананың ғимараты ескірген кездері кітапхананың кітап қорларын талан таражға
![]()
салмау мақсатында, әр мекемелерге көшіріп, яғни 1995 жылдары жолдасы Төлеш Тілепберген басқарған мектепке көшіріп, одан кейін ауылдық округтің ғимаратына көшіріп, кітап қорын талан таражға салдырмай сақтап қалған. Соның арқасында 2005 жылы аудан бойынша алғашқы Байғанин ауданы, Ащы ауылдық округіне қарасты Сағыз ауылдық кітапхана болып модельді кітапхана болып ашылды. Гүлнар Таубайқызының еңбегі еленіп, Астана қаласында өткен «Оқитын ел –бәсекеге қабілетті ел» атты халықаралық конгерсіне шақырту алып, аталған халықаралық конгерсіне қатысады.
Зейнетке шыққан соң да, өзінің еңбегімен санаспай, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы болып қоғамдық қызмет атқарған Гүлнар Таубайқызы ауыл халқына мәдени – рухани қызмет етудегі шығармашылық еңбектері еленіп, аудандық, облыстық мәдениет басқармаларының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.
Гүлнар Таубайқызы жары Тілепберген Бекқалиұлы екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, Еркін, Бану, Аман, Бекен және Айгерім есімді ұл-қыздарын өсіріп, әрқайсысына жоғары білім алып берді.
Тұңғышы Бекқали Еркін
![]()
Тілепбергенұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе Заң колледжін және Алматы қаласындағы «Қайнар» Заң академиясын бітірген ішкі істер саласының қызметкері, полиция майоры. Еңбек жолын Ақтөбе облысы Ішкі істер басқармасының, Байғанин аудандық Ішкі істер бөлімінде учаскелік инспекторы болып бастап, 2000-2003 жылдары Байғанин аудандық ІІБ-нің кадр және әскери қызмет дайындау инспекторы, 2003-2013 жылдары Байғанин аудандық ІІБ-нің аға кезекші инспекторы, 2013-2019 жылдары Байғанин ауданы ІІБ-нің аға анықтаушысы, Байғанин ауданы ПБ-нің бөлім бастығының тергеу жөніндегі орынбасары әрі тергеу бөлімшесінің бастығы қызметінен зейнетке шығып, 2019-2022 жылдары SR Security» ЖШС-нде күзет бастығы, 2023 жылы «СинеМидасСтрой» ЖШС-нде ішкі қауіпсіздік қызметінің аға маманы болса, 2024 жылдан бері «Каспион Ойл» ЖШС-нде қауіпсіздік қызметінің маманы болып еңбек етіп келеді. Еңбек еткен жылдары Қазақстан Республикасы ІІО-ның ІІІ, ІІ Дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» белгісімен, «Қазақстан Республикасы Полициясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, 2016 жылы ҚР IIM №234 бұйрығымен «ҚР Ішкі істер органының 2 дәрежелі ҮЗДІГІ» атағы төсбелгісімен, 2017 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталып, ҚР IM №165 бұйрығымен «ҚР Полициясына 25 жыл» медалі берілген. 2022 жылы «ҚР Полициясына 30 жыл» медалі берілген. 05.04.2023 жылы «ҚР IIM Тергеу қызметіне 60 жыл» медалі берілген. марапатталды. Жары Ержанова Салтанат Темірханқызы екеуі 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда үлкен қызы Жанбота әке жолын қуып заңгер оқу орнын бітіріп, тұрмыс құрып, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған ана. Ал екінші ұлы Асылан ата жолын қуып, Қ.Жұбанов атындағы университетте дене шынықтыру пәнінен
![]()
тәлім алып жатыр, яғни 3 курс студенті, болашақ мұғалім. Інжу, Айшабибі, Қадірліжан - мектеп оқушылары. Жолдасы Бекқали Салтанат бірталай жылдан бері Байғанин аудандық қорғаныс істер бөлімінде әскери есеп маманы болып қызмет етеді. Еркін мен Салтанаттың жанұясында 2 немере-жиені бар.
Қызы Кенжебай Бану Тілепбергенқызы - 1999 жылы Сағыз орта мектебін бітірген соң, Қ.Жұбанов атындағы университетке математика мамандығына түсіп, тәмамдап шыққан ұлағатты ұстаз. 2003 жылдан бері Ақтан жырау негізгі мектебінде физика, көркем еңбек пәнінен ұстаздық етіп келеді. Байғанин аудандық білім бөлімінің, еліміздің тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе облыстық білім басқармасынан Алғыс хатымен марапатталған, ұстаздықпен қатар тігін ательесін ашып, кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Жүргізуші болып еңбек ететін жолдасы Кенжебай Мейрамбек Далапрузұлы екеуі үш перзенттің ата-анасы. Үлкен қызы Далапруз Аружан Мейрамбекқызы - Шығыс Қазақстан инновациялық-техникалық университетінде бастауыш методикасы мамандығының 1 курс студенті. Ұлы Далапруз Бақытжан Мейрамбекұлы - Ақтөбе құрылыс монтаж колледжінің геодезия мамандығының 4 курс студенті болса, Далапруз Бағлан Мейрамбекұлы - 9 сынып оқушысы.
Үшінші перзенті Бекқали Аман Тілепбергенұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе облысының училищесіне
![]()
оқуға түсіп, 2006 жылы 1 қаңтарда оқуды аяқтаған, запастағы полиция старшинасы. Әскерден келген соң, алғашқы еңбек жолын Ақтөбе облысы МКҚБ ММ ПБ қатардағы полицейі болып бастап, 2006-2009 жылдары Темір ауданында, 2019 жылы Байғанин ауданында полицей, 2019-2021 жылдары Байғанин ауданында бөлімше командирі қызметінде болып, зейнеткерлікке шығады. 2021-2022 жылдары «SR Sekurity» ЖШС-де, 2022 жылдан бастап Байғанин аудандық сотында күзетші маманы болып еңбек етіп келеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы атқарған мінсіз қызметі үшін ІІІ, ІІ Дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған Аман Тілепбергенұлы жары, Қарауылкелді орта мектебінде ұстаздық ететін Құлмурзина Гүлдәурен Ерімбетқызымен бірге 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр. Атап айтқанда, Тілепберген Асылай Аманқызы – Ақтөбе облысы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
![]()
медицина университеті медицина мамандарын даярлайтын жоғарғы оқу орнында оқиды.
Тілепберген Абай Аманұлы – Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінде оқушы.
Ұлы Бекқали Бекен Тілепбергенұлы - 1992-2003 жылдары аралығында Сағыз орта мектебін бітірген соң, Ақтөбе облысы, С.Бәйішев атындағы колледжіне оқуға түсіп, Дизайн интерьер мамандығы бойынша диплом алып шығады. Алғашқы еңбек жолын 2007 жылы «Ақжайық» компаниясынан бастап, 2008-2009 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы облыстар аралығында «Үздік Дизайнер» атанып, броун ағылшын өнертапқышы атынан марапатталды. 2007-2011 жылдары аралығында Неонщик-стеклодув, 2014-2020 жылдары аралығында бригадир, 2020 жылдан бері мекеме басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасында жары, кәсіпкерлікпен айналысатын Сисенғалиева Гүлдәурен Шайхаевна екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірді. Тілепберген Асанәлі - екі дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, бірнеше облыстар жүлдегері. Көк белбеулі таеквандист, спорт шеберлігіне үміткері болса, Тілепберген Нұралы, Ералы - егіздер оқушы. Тілепберген Сабина, Аяла – мектеп оқушылары.
Кенжесі Бекқали Айкерім Тілепбергенқызы. 31.03.1988 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Сағыз орта мектебін бітіріп, Қ.Жұбанов атындағы институттың география мамандығына түсіп 2009 жылы бітірген. 2009 жылдан бастап Сағыз орта мектебінде география пәнінен сабақ берді. 2021 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандығын бітіріп шықты. Қазіргі таңда 2022 жылдан бастап Қосымша білім беру педагогы бойынша жұмыс жасап келеді. Жолдасы Коспанов Ернар Картбаевич темір жолшы ПМС жұмыс жасайды. 5 баласы бар. Үлкен қызы Қартбаева Дана - 10 сынып оқушысы. Байғанин ауданы бойынша футболдан І орынды иеленіп, Ақтөбе облысына жолдама алды. Байғанин ауданы бойынша волейболдан ІІ орын иеленді. Ұлы Қартбаев Азамат - 9 сынып оқушысы. Байғанин ауданы бойынша волейболдан ІІ орын иеленді. Қызы Қартбаева Айару - 4 сыныпта оқиды. Ноғайты ауылы бойынша «бес асық» ойынынан І орын иеленді. Қартбаев Аңсар - 3 жаста, балабақшада тәрбиеленуде. Қартбаева Айлин - үйдің кенже қызы, 2 жаста.
![]()
Білім беру саласының ардагері Тілепберген Бекқалиұлы туралы группаластарының естелігінен:
«Тілепберген Бекқалиұлы Гурьев педагогикалық институтында группа старостасы болды. Староста болып сайлауда үлкен жауапкершілік ұйымдастыру қабілетімен талапкершілікті, ұстамдылықты қажет ететін жауапты жұмыс. Ол осы жұмысты абыроймен атқарып, студенттердің талаптарын жоғары оқу орындарға жеткізіп, студенттерді керекті жерінде қорғай да, қолдай да білді.
Сабақтан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға, түрлі үйірмелерге студенттерді тарта отырып, қамқоршысы бола білді. Жиі ұйымдастырылатын студенттік кештерде, кездесулерде, атаулы күндерде риясыз күлкісімен, орынды әзіл-қалжыңымен, жарасымды іс-қимылымен, нақышына келтіре орындайтын ән, биімен ортаның сәні болды.
Институтты аяқтап, еңбек майданына араласқан кейін де жолдастарынан қол үзбей, үнемі хабарласып, жолдастарының, достарының еңбегінің жемісін көргенде, отбасылық қуанышты жағдай болғанда қуанып, ренжігенде бірге қиналатын.
«Өткен күнде белгі жоқ ойсыз жанға, өткен күнде белгі бар ойлы жанға» деген ұлағатты сөз Тілепберген Бекқалиұлына арналғандай».
Алып ғимараттардың беріктігі қаланған кірпіштерінде болатыны секілді, өмірде адам болып қалыптасып қалуға бет алған әрбір шәкірттің жүрегіне білім нұрын себелеп, адами асыл құндылықтарды сіңіре білген ұлағатты ұстаз Тілепберген Бекқалиұлы мен мәдениет саласында өшпес қолтаңбасын қалдырған Гүлнар Таубайқызының деніне саулық, отбасына амандық тілей отырып, мақаламызды тәмамдаймыз.