Сыдыкжанова Жанар Сейткалиевна

Рейтинг:

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісінің иегері

Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет

      «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», – деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі – оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға жолығып, тәлім-тәрбие алған адам өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймай алға басады. Сондықтан да ұрпақтың болашағы, халықтың келешегі – білімді ұстаздың қолында.
      Тәуелсіз ел атанып, көк байрағымызды көкке көтеріп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымыз танылып жатқан кезеңде, ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша көңіл бөлінуде. 
      Ұрпаққа тәрбие беру, оларды білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан келе бермейтін ізгі іс. Сондықтан да ұстаздықты – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Әңгімемізге арқау болып отырған Жанар Сейткалиевна – тәжірибесі мол, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұлағатты ұстаз.
      Сыдыкжанова Жанар Сейткалиевна 1965 жылы 6 қыркүйекте бұрынғы Алматы облысының Талдықорған ауданы Мұқыры ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі Байсаринов Сейтқали ауылда тракторшы, комбайншы, моторист болған. Ол әрдайым балаларына: «Біреудің ала жібін аттама», – деп ақыл-кеңес беріп, адалдыққа баулып, тура жолға тәрбиелеген. 
      Анасы Байсаринова Секер сатушы болып жұмыс істеген, сонымен қатар үй шаруасымен айналыса жүріп, бір ұл, жеті қызды тәрбиелеп өсірген Батыр ана атанған. Қазіргі таңда жеті апалы-сіңлі бірігіп, тіршіліктің тірегіне айналып, өмірін еңбекпен көркемдеп жүрген ардақты жандар.
      Сыдыкжанова Жанар Сейткалиевна – жоғары білімді маман, 1987 жылы Тамбов қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін тәмамдаған. Саладағы жұмыс өтілі – 38 жыл.
      Жанар Сейткалиевна педагогикалық еңбек жолын 1987 жылы Талдықорған облысы Андреевка ауданындағы Саратовка ауылында орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастады. 1988-1990 жылдар аралығында Көксу ауданының Мұқыры ауылындағы Мұқыры орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінен сабақ берді. 1990-1994 жылдары Талдықорған облысы Андреевка ауданында «Комсомольский» совхозының балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарды. 1994-1997 жылдары Көксу ауданындағы Балпық би кентіндегі НСШ №3 мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 
      1998-2008 жылдар аралығында Көксу ауданындағы Балпық би ауылындағы Нұрмолда Алдабергенов атындағы орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
      1990 жылы Сыдыкжанов Ерболатпен отбасын құрып бүгінгі таңда Бауыржан мен Біржан есімді екі ұл тәрбиелеп өсіріп, немере сүйіп отырған Жанар апай ардақты ана, ақ жаулықты әже. Ұлдарының тәлімді тәрбиесі мен өмір жолындағы жетістіктері – ата-ананың ерен еңбегінің жемісі.
      Сыдыкжанова Жанар Сейткалиевна 2008-2009 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында орыс тілі және әдебиет пәнінің педагог-зерттеуші мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Ұстаздық жолда жауапкершілігі жоғары, өз ісіне тиянақты маман. Ол білім беру процесінің сапалы өтуіне ерекше мән беріп, үздіксіз ізденіс үстінде жүреді. Озық педагогикалық тәжірибелерді өз сабақтарында тиімді қолданып, шәкірттерінің ой-өрісін дамытуға, тілдік қабілетін жетілдіруге зор күш жұмсайды.
      Мұғалім өз сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, үлестірмелі көрнекі құралдарды тиімді пайдаланады. Топпен, жекелей, ұжымдық деңгейлеріне қарай бөліп, оқушылардың танымдық әрекетіне, сөз байлығын тереңдетуге басшылық жасайды. 
      Өз білімін жетілдіруге үлкен мән береді. Көп жылдар бойы жинақталған тәжірибесін мектеп ішінде, аудан, облыс, республика көлемінде таратты. Әртүрлі семинар, конференцияларға қатысып, педагогикалық басылымдарға еңбектері жарияланды. 
      Атқарылған еңбек өз нәтижесін береді емес пе?! Түрлі марапаттар мен басылым-еңбектерін атап айтсақ:
  •       2010 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
  •       2010 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;
  •       2011 жылы бұрынғы «Нұр Отан» ХДП Құрмет грамотасы;
  •       2011-2012 Көксу аудандық «Харуат» орталығының Алғыс хаты;
  •       2012-2013 жылы Көксу аудандық «Харуат» орталығының Алғыс хаты;
  •       2014-2015 оқу жылында «Инфоурок» сайтында ғаламтор желісінде пән олимпиадасына оқушыларды қатыстырғаны үшін Алғыс хаттары;
  •       2015 жылы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;
  •       2015 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;
  •       2016 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы;
  •       2017 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Құрмет грамотасы;
  •       2017-2018 оқу жылында кукольный театр «Колобок» атты қорғаған авторлық бағдарлама; 
  •       2018 жылы «Кіші отанның мәдени және рухани дамуы» атты республикалық семинар-практикумға қатысқаны үшін Сертификат;
  •       2018 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Алғысы;
  •       2019 жылы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» үздік сабақтар фестивалінде әріптестерімен бөліскен педагогикалық тәжірибесіне Сертификат табысталды; 
  •       2019 жылы Республикалық конкурста «Ең үздік авторлық бағдарлама» номинациясында бастауыш сыныптарға арналған «Кукольный театр «Колобок» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы І орын; 
  •       2019 жылы «Пунктуация – наука о знаках препинания» жалпы білім беретін мектептерге арналған әдістемелік құрал ретінде қорғаған авторлық бағдарлама қорғады;
  •       2019 жылы «Uly dala ustazy» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналдың ұйымдастыруымен өткізілген «100 лучших научно-методических статей педагогов Казахстана: образование, наука, методика» республикалық байқауынан І орын;
  •       2021 жылы Қазақстан-Ресей мұғалімдер қауымдастығының ұйымдастыруымен ақиық ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған республикалық көркемсөз байқауында оқушылар жүлделі орындардан көріне алды;
  •       2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» төсбелгісі;
  •       2021-2022 оқу жылдары халықаралық байқау «Русский медвежонок», «Золотое руно» ұйымдастырушы комитетінен Алғыс хаттар;
  •       2023 жылы 5 қазанда республикалық педагогтер съезінің делегаты болды. 
  •       2024 жылдың 27, 28 қыркүйегінде Семей қаласында «Алаштың тұңғыш білім ордасы: тарихы, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, бөліскен тәжірибесі;
  •       2024 жылы жалпы білім беру ұйымдарының жас мамандары мен тәлімгерлерінің арасында өткен аудандық «Педагогикалық тандем» әдістемелік жәрмеңкесінде «Шығармашыл тандем» номинациясы берілді.
      Жас ұрпаққа білім беру үшін адал қызмет етіп, алдында отырған жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі, кәсіби шеберлігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдық, қарапайымдылығы ұстаздық еңбек жолында үлкен жетістіктерге алып келді. Еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін ұстаздар, ата-аналар, оқушылар қауымының сый-құрметіне бүгінгі күнге дейін бөленуде. 
      Еліміздің ертеңі – жастар бойына білім мен тәрбиені, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
      Білімді ұстаздың оқушыларының облыстық және республикалық жетістіктеріне тоқталсақ:
  •       2001-2002 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 8-сынып оқушысы Дантаева Айкун І дәрежелі Диплом;
  •       2001-2002 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 8-сынып оқушысы Дарибаева 
  •       Меруерт III дәрежелі Диплом;
  •       2002-2003 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Дантаева Айкун І дәрежелі Диплом;
  •       2003-2004 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Дантаева Айкун І дәрежелі Диплом;
  •       2003-2004 жылдары Облыстық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Дантаева Айкун III дәрежелі Диплом, Қола медаль;
  •       2006-2007 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 8-сынып оқушысы Асылхан Айдана І дәрежелі Диплом;
  •       2007-2008 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Асылхан Айдана І дәрежелі Диплом;
  •       2007-2008 жылдары Облыстық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Асылхан Айдана орыс тілінен белсенді қатысқаны үшін Құрмет Грамотасы;
  •       2008-2009 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Асылхан Айдана І дәрежелі Диплом;
  •       2008-2009 жылдары 10-сынып оқушысы Асылхан Айдана «Язык – всем знаниям ключ» облыстық тіл білгірлері байқауында белсенді қатысып, тіл мәдениетін жоғарғы деңгейде көрсеткені үшін Құрмет Грамотасы;
  •       2008-2009 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 8-сынып оқушысы Қазтай Мөлдір І дәрежелі Диплом;
  •       2009-2010 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Қазтай Мөлдір I дәрежелі Диплом;
  •       2009-2010 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Асылхан Айдана І дәрежелі Диплом; 
  •       2009-2010 жылдары Облыстық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Асылхан Айдана ІI дәрежелі Диплом, Күміс медаль;
  •       2010-2011 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Қазтай Мөлдір IIІ дәрежелі Диплом;
  •       2010-2011 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Аятбекова Жадыра І дәрежелі Диплом;
  •       2011 жылы Космонавтикаға 50 жыл қарсаңында Қалиясова Әйгерім шығарма байқауында Көксу Орыс Мәдени орталығының марапаты;
  •       2011-2012 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Айтжанов Қайдар І дәрежелі Диплом;
  •       «Тотальный диктант - 2012» Мырзабек Карина I дәрежелі Диплом, «Тотальный диктант- 2013» Нүкешова Алтынай, Рахимов Жасұлан Алғыс хатпен, Сертификат; 
  •       2012-2013 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 8-сынып оқушысы Көсембаева Айсәнім І дәрежелі Диплом;
  •       2012-2013 жылдары Облыстық ғылыми жобалар байқауынан 10-сынып оқушысы Болат Жанайна ІІ дәрежелі Диплом;
  •       2013-2014 ж. Аудандық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Көсембаева Айсәнім І дәрежелі Диплом;
  •       2014-2015 жылдары Облыстық пән олимпиадасында 9-сынып оқушысы Көсембаева Айсәнім І дәрежелі Диплом, Алтын медаль;
  •       2015-2016 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Көсембаева Айсәнім І дәрежелі Диплом;
  •       2015-2016 жылдары Облыстық пән олимпиадасында 10-сынып оқушысы Көсембаева Айсәнім І дәрежелі Диплом, Алтын медаль;
  •       2015-2016 жылы 10 сынып оқушысы Косембаева Айсәнім облыстық пәндер олимпиадасында І орын иеленіп, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасынан Сертификат алды;
  •       2017 жылы облыстық ғылыми жобалар байқауында оқушысы Халелова Үміттің «Общность проблематики творческой биографии С.Есенина и М.Макатаева» тақырыбындағы жұмысы жүлделі І орын;
  •       2017-2018 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 8 сынып оқушысы Абдикерим Аружан І дәрежелі Диплом;
  •       2017-2018 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 9 сынып оқушысы Алтынбекова Кымбат І дәрежелі Диплом;
  •       2018-2019 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 10 сынып оқушысы Алтынбекова Кымбат І дәрежелі Диплом;
  •       2018-2019 жылдары жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы К.Алтынбекова III дәрежелі Диплом мен Қола медаль;
  •       2021- 2022 оқу жылы Халықаралық байқау «Русский медвежонок»:
  •       I орын алған оқушылар: Укибасова Айдана, Арыстанбек Айнур, Адис Куралай, Бекет Аружан, Мапет Еркежан, Тұрсыбайқызы Аружан, Айбосын Нурай, Қабылқызы Айша, Нартай Сұлтан; 
  •       II орын алған оқушылар: Өмірсерік Даяна, Мұрат Жания, Алмабай Ақерке, Бахтияр Ерасыл;
  •       III орын алған оқушылар: Бахыт Айкүнім, Елгундинов Дастан.
  •       2021-2022 жылы Халықаралық байқау «Золотое руно»: 
  •       I орын алған оқушылар – Мұрат Жания, Қабылқызы Айша.
  •       2022 жылы VIII республикалық Пушкин оқуларында жүлделі I орын алған оқушылар:  Арыстанбек Айнур, Өмірсерік Даяна.
  •       2022 жылы VII республикалық Есенин оқуларында жүлделі I орын алған оқушылар: 
  •       Укибасова Айдана, Тарыбаева Аяулым, Нұржанұлы Досжан.
  •       2022-2023 жылдары Аудандық Пушкин оқуларынан 7 сынып оқушысы Арыстанбек Айнур І дәрежелі Диплом
  •       2022-2023 жылдары Аудандық пән олимпиадасында 6 сынып оқушысы Айбосын Нурай І дәрежелі Диплом;
  •       2023-2024 ж. Аудандық пән олимпиадасында 7 сынып оқушысы Айбосын Нурай І дәрежелі Диплом;
  •       2023-2024 ж. Аудандық пән олимпиадасында 8 сынып оқушысы Құрманбекқызы Іңкәр І дәрежелі Диплом;
  •       2022 жылы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Укибасова Айдана III дәрежелі Дипломмен марапатталды.
  •       2024 жылы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші  кезеңіне қатысушы Құрманбекқызы Іңкәрға сертификат берілді.
  •       2025 жыл жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы Әділхан Елназ 8 сынып оқушыcы I дәрежелі Дипломмен марапатталды.  
  •       2025 жыл жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы Жүрек Кәусар 8 сынып оқушыcы I дәрежелі Дипломмен марапатталды.  
      – Адамды адам ететін құндылық – оның өмірлік мақсатын айқындай алуы және мақсатқа жету жолындағы жігері мен табандылығы, ізденісі мен еңбекқорлығы, адалдығы мен тазалығы дер едім. Негізгі ұстанымым – мақсатқа жету жолында ұнамсыз әрекеттерге барудан сақ болуға тырысамын. Мақсатқа жету жолындағы адамның мақсаты мен оған жету жолындағы әрекеті бір-біріне қайшы келмеуі керек деп ойдамын. Адамның адамгершілік ұстанымы, моральдік-этикалық бейнесі, барлығы үйлесімді болғаны абзал. Адам алға қойған мақсатына ұнамсыз тәсілдерді пайдаланар болса, Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегеніндей, бұл жағдай қоғамда орны толмас талай қасіретке жол береді. Өз басым үздіксіз ізденістен, білімді ғалымдардан да, талапты жастардан да жаңашыл ғылыми ақпарат алудан, үйренуден, білуден ешқашан жалыққан емеспін. Ғылыми инновациялық жаңалықтарды жасым үлкен болса да жастардан үйренуді ұят нәрсе деп санамаймын. Себебі менің көзқарасымда жастардан да, жан-жағымыздан да үйренеріміз баршылық. Білетінімізден білмейтініміз өте көп. Шәкіртке құрметпен, тұлға ретінде қарау, өзара жақсы қарым-қатынас орната білу – ұстаздың басты сипаты деп санар едім. Ұлы Қытай философы Конфуций: «Елді басқаратын билеуші әке секілді қатал, бірақ өз халқын жақсы көретін болуы керек», – дейді. Ұстаз алдымен өзін түзеп, шәкіртіне үлгі бола алуы, шәкірттерінің алдындағы образы, өз сөзінде, уәдесінде тұруы талаптарға сай болуы да өте маңызды. Қиын да күрделі әрі қызықты әрі шабыт беретін, шығармашылыққа толы жолды таңдағанымды мақтан етемін, – дейді кейіпкеріміз.
      Жанар Сейткалиевнаның мінез-құлқы, адамдармен қарым-қатынасы, біліктілігі, жоғары мәдениеттілігі, оқуға талапшылдығы көпке үлгі. Ол әрқашан да жастарды жоғары білімділікпен қоса жақсылыққа тәрбиелеп келеді. Барлық ғұмырын білімге арнаған ұстаздың жүріп өткен жолы да болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай. Бойындағы кішіпейілділік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, тәубешілік, ізгілік, парасаттылық сынды жаратылыс берген мінездің арқасында жора-жолдастарымен, білім жолындағы әріптес достарымен тіл табысып, артынан көп шәкіртті ертіп келеді. Білікті ұстазға ұзақ ғұмыр тілеп, еңбегі елене берсін дейміз!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...
4 октября 2025 01:26
Жанар
Махаббат не только мастер своего дела-лучший скульптор лица, но и чуткий и внимательный Человек с большой буквой! Любви...