Білім беру саласының ардагері, Үржар ауданының Құрметті азаматы
Ұстаз – ұрпаққа ақ жол көрсетуші шырақ
Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін қымбат сый. Бірақ сол өмірдің қадірі мен қасиеті оны қалай өткізуде, қандай із қалдырғанда ғана айқындалады. Бірі дүние жинап, байлыққа кенелуді мұрат етсе, енді бірі – жүрек жылуын өзгеге сыйлап, ізгілік пен парасат жолын таңдайды. Ал сондай жүректердің бірі – ұлағатты ұстаз, мейірім мен өнердің тоғысқан бейнесі болған Құрманғалиева Қадиша Құрманғалиқызы еді. Оның ғұмыры – бала тәрбиесіне арналып, әр сәті адамдық пен адалдықтың өрнегіне айналған
![]()
тағдыр.
Қазақ ұғымында ұстаз – жарық шаммен тең. Ол өз өмірін сарқып, өзгелерге сәуле шашады. “Ұстазы мықтының – ұстанымы нық” дейді дана халқымыз. Қадиша апай дәл сол халық даналығын өмірімен дәлелдеп өткен жан. Талай буын шәкірт оның мейірімге толы жүзінен жылу, сөзінен тәрбие, ісінен өнеге көрді. Ол үшін әр бала – ертеңгі елдің үміті, ал сол үмітті тәрбиелеу – қасиетті борыш болатын.
Адамның тағдыры – туған жерімен тамырлас. Өйткені әр пенденің мінезі де, болмысы да, рухы да сол өскен ортасынан нәр алады. Қадиша Құрманғалиқызының да тағдыр жолы қазақтың кең даласындай дарқан, желі мен жусаны аңқыған қасиетті өлке – Семей өңірімен сабақтас. Ол 1939 жылдың 28-шілдесінде Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қарғалы селолық советіне қарасты Жасқайрат ауылында дүние есігін ашқан. Бұл – тарихтың тар кезеңі, елдің басына қара бұлт үйірілген шақ. Бірақ соның өзінде қазақ ауылдарының төсін үміт сәулесі мен еңбек оты жарықтандырып тұрды.
Әкесі Жұртыбаев Құрманғали 1900 жылы Жасқайрат ауылында туған. Еңбекқор, адал, елін сүйген азамат еді. Бірақ 1943 жылдың қаңтарында ел басына күн туып, Ұлы Отан соғысы өрті тұтанғанда, Құрманғали ел намысы үшін майданға аттанды. Ел ішіндегі ерлердің “Жерім үшін жаным пида” деген сертімен кеткен сол сәтті көзге елестеткенде әр жүрек шымырлайды. Жас Қадиша сол жылы небәрі төрт жаста болатын. Әке мейірімін толық сезінуге үлгермей, соғыстың суық желімен бетпе-бет қалды.
Құрманғали Жұртыбаев Украина жеріндегі кескілескен шайқаста ерлікпен қаза тапты. Оның есімі Ручки
![]()
деревнясының оңтүстік-батыс жағындағы бауырластар зиратында мәңгілікке жазылып қалды. 1943 жылдың 21-қыркүйегінде ол “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Бұл марапат – бір ғана адамның ерлігі емес, бүтін бір ұлттың жүрегіндегі от, рухтың мәңгілік символы.
Анасы Жұртыбаева Төлеухан Әрімқанқызы 1906 жылы дүниеге келген. Ол – қазақ әйелінің нағыз бейнесі: еңбекқор, сабырлы, төзімді әрі қайсар жан болатын. Күйеуі соғыстан оралмағаннан кейін, бес баланы жалғыз өзі асырап, ел ішіндегі ауыр жылдардың бар тауқыметін еңсеріп шықты. Қарапайым колхоз жұмысында жүрсе де, ешқашан мойыған жоқ, балаларына “еңбек – ең асыл қасиет, адалдық – өмірдің арқауы” деген ұғымды санасына сіңірді. Төлеухан ананың өмірі – қазақ әйелінің рухани бейнесі іспетті. Ол күнде таңмен тұрып, қазанын қайнатып, малға жем-шөп дайындап, ауылдың тіршілігіне белсене араласқан. Бірақ бәрінен бұрын, оның бойындағы мейірім мен ұрпағына деген қамқорлығы ерекше еді. “Ана мейірі – жердің шуағы” десек, Төлеухан ананың шуағы балаларының жүрегін жылытқан өмір бойы сөнбеген от секілді болды.
Қадиша сол ананың тәлімін бойына сіңіріп өсті. Төлеухан апа қыз баласына тән инабаттылықты, сөзге тоқтауды, елге сыйлы болуды үйретті. Адалдықты ту еткен ананың өнегесі кейін Қадишаның бүкіл өмірлік қағидасына айналды. “Қыз – елдің көркі, ана – ұлттың тірегі” деген ұғымның шынайы көрінісі осы еді.
Жасқайрат ауылы – Қадиша Құрманғалиқызының алғашқы мектебі іспетті болды. Табиғаттың тылсым тынысы, елдің еңбегі мен бірлігі, үлкендердің өнегесі – бәрі оның мінез-құлқын қалыптастырды. Сол ауылдың шаңына аунап, өзенінен су ішіп, тау
![]()
бөктерінен гүл теріп өскен бала Қадиша кейін ел сүйіспеншілігіне бөленген ұстазға айналары ол кезде кімнің ойына келсін? Бірақ өмірдің заңы сол – тамыр терең болса, бұтақ биік өседі. Ал Қадиша Құрманғалиқызының рухани тамыры туған жерінің қасиетті топырағында жатты.
Білім – адам баласын биікке жетелейтін жарық шам. Ал сол шамды алғаш жаққан ұстаздар мен мектептің қасиеті бөлек. Қадиша Құрманғалиқызының өмір жолы да сол киелі білім ордасынан бастау алды. Соғыстың зардабы әлі де ел еңсесін езген шақта, 1948 жылы жеті жасар Қадиша алғаш рет қолына әліппе ұстап, Қарғалы орталау мектебінің табалдырығын аттады.
Ол уақыт – ел еңбектен ес жия алмай жатқан, соғыс жылдарынан кейінгі тапшылық пен тауқымет кезеңі. Бірақ елдің бір ғана байлығы бар еді – ол білімге деген шексіз сенім. Қадиша да сол сенімнің баласы болды. Тозығы жеткен тақтай парта, көмір иісі аңқыған мектеп бөлмесі, мұз қатқан терезе – бәрі де балалық шақтың бөлінбес бөлшегі болатын. Бірақ соның бәрінде жылылық бар еді, өйткені ол жылылық – ұстаз жүрегінен тарайтын мейірім болатын.
1948–1955 жылдар аралығында Қарғалы орталау мектебінде білім алып жүрген жас қыз сабырлы
![]()
мінезімен, ұқыптылығымен және туа біткен зейінімен ұстаздарының сүйікті шәкіртіне айналды. Ауыл мектебі – рухани ұя, тәрбиенің бесігі. Сол ортада қалыптасқан еңбекқорлық, сыйластық, ұжымшылдық қасиеттер кейін оның бүкіл өмірлік қағидасына айналды. Мектеп қабырғасында жүргенде Қадиша ән айтуға, өлең жаттауға ерекше бейім болды. Мектептің әрбір мерекелік кешінде оның үні шырқалып, кішкентай ауылды әсем әуенге бөлейтін. Бұл оның табиғи дарынын танытқан алғашқы қадам еді. “Өнер – Алланың берген сыйы, ал еңбексіз өнердің бағы жанбайды” деген ұстаным Қадиша бойына сол кезден-ақ ұялады.
1955 жылы Қарғалы мектебін аяқтап, оқуын жалғастыру мақсатында Мақаншы ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепке қабылданады. Ол кезде аудан орталығындағы мектеп-интернат – ауыл балалары үшін үлкен мүмкіндік еді. Интернаттағы өмірдің тәртібі қатаң болғанымен, Қадиша еш мойыған жоқ. Керісінше, сол орта оның жауапкершілігін арттырып, өзіне деген сенімін күшейтті.
1958 жылы орта мектепті тәмамдаған соң, Қадиша Құрманғалиқызы туған ауылына оралып, еңбек жолын бастауға бел буады. Бірақ оның жүрегінде бір арман бар еді – «Білім беру арқылы адам өмірін өзгерту». Бұл арман кейін өмірінің темірқазығына айналды. Мектепті жаңа ғана бітірген жас қыз ұстаздыққа бет бұрды. Ол үшін ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, рухани миссия болатын. Адам жүрегіне жол таба білу, бала жанына үміт отын жағу – Қадиша апайдың өмірлік мұраты болды.
![]()
Дегенмен, білімге деген құштарлық оны тоқтатпады. 1962 жылы ол Семей педагогикалық институтының сырттай оқу бөліміне түсіп, оқуын жалғастырды. Ауылда сабақ бере жүріп, жазғы сессияларға қатысу, қалың кітаптарды қолынан тастамау – оның күнделікті тіршілігіне айналды. Институт қабырғасында жүргенде Қадиша ұстаздықтың ғылыми негіздерін меңгеріп қана қоймай, педагогикалық психология мен әдістеменің терең сырын ұқты. “Нағыз ұстаз – бала жүрегінің кілтін таба білген адам” деген қағиданы өмірлік ұстаным етті.
1967 жылы ол Семей педагогикалық институтын «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Сол сәтте ол қолына диплом алып тұрған жас маман ғана емес, өмірдің жаңа белесіне көтерілген рухани тұлға болатын. Білім алу жолы – Қадиша Құрманғалиқызының рухани қалыптасуының іргетасы еді. Бала күніндегі ұмтылыс, ананың тілегі, ұстаздардың мейірімі – бәрі бірігіп, оның өмір жолын ұстаздыққа бағыттады. Әрбір сәт, әрбір тәжірибе – өмірдің сабағына айналды. “Білім – шырақ, ал шырақтың жарығы адам өмірін нұрға бөлейді”. Қадиша Құрманғалиқызының өмір шамы дәл сол білімнен маздап жанды.
![]()
Ұстаздық жол – сол өзеннің ең терең, ең мөлдір саласы. Құрманғалиева Қадиша Құрманғалиқызының өмір жолы – дәл сондай сарқылмас арна. Ол осы өмір өзеніне 1958 жылдың желтоқсан айында бойлап кірді де, 1993 жылға дейін үздіксіз еңбек етіп, сан мың шәкірттің жүрегіне жол салды.
1958 жылдың суық желтоқсаны. Ауылдың қысқы тіршілігі қарбалас, бірақ жас Қадиша жүрегінде ерекше жылу бар. Ол Восток ауылындағы бастауыш мектепке мұғалім болып орналасты. Бұл – оның өмірінде жаңа дәуірдің басталуы еді. Алғашқы күні-ақ кішкентай шәкірттерінің көзіндегі үміт ұшқынын көргенде, ол “міне, менің өмірлік жолым осы” деген сенімге келді. Жас ұстаздың алдында 20 шақты бала отыр. Олардың кейбірі мектеп есігін тұңғыш ашқан, кейбірі әріп тани алмайтын ауыл балалары. Бірақ Қадиша апай ешқашан қиындықты бөгет көрмеді. Ол үшін әр бала – болашақтың нұры. Сабақ үстінде баланың қателігіне емес, тырысуына қарап бағалайтын. Сабақтан кейін әр оқушының дәптерін қарап отырып, “осы бала ертең елдің азаматы болады” деп іштей тілек тілейтін.
![]()
Келесі жылы ол Ақшоқы жетіжылдық мектебіне ауысты. Бұл кезең Қадиша апайдың ұстаз ретінде шыңдалу дәуірі болды. Мектеп шағын, жағдай шектеулі, бірақ рух биік еді. Ол кезде оқу құралдары тапшы, бірақ білімге деген құштарлық мол болатын. Қадиша апай сабақтарын ойынмен, әнмен, мысалмен түрлендіріп өткізді. Сабақ кезінде балалардың зейінін ояту үшін тақтаға түрлі түспен сурет салып, өлеңдетіп оқытатын.
Сол жылдары ауыл мектебінің мұғалімі – әрі ұстаз, әрі тәрбиеші, әрі қоғам қайраткері іспетті еді. Қадиша Құрманғалиқызы ауылдың мәдени өмірінен де шет қалмады: қыздар клубында концерт ұйымдастырып, соғыс ардагерлеріне арналған кештерді өткізді, ауыл әйелдерінің сауатын ашуға қатысып отырды. Қиын жылдарда мұғалімнің беделі – ел тірегімен тең болды. Ал Қадиша апайдың сабырлы мінезі, көрегендігі мен шыншылдығы жұрттың жүрегінен орын тапты. “Қадиша мұғалім айтса, ол – заң” дейтін үлкендер, “Қадиша апайға ұқсағым келеді” дейтін қыздар көбейді.
![]()
1964 жылы ол Мақаншы ауылындағы мектеп-интернатқа ауысып, он жылдан астам уақыт бойы осы білім ордасында бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. Бұл жылдары Қадиша Құрманғалиқызының ұстаздық шеберлігі кемелдене түсті. Мектеп-интернаттағы балалардың көбі шалғай ауылдардан келген, жетім немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары еді. Оларға тек білім емес, аналық жылу қажет болатын.
1962 жылы ол Семей педагогикалық институтының сырттай оқу бөліміне түсіп, 1967 жылы «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты. Бұл – оның кәсіби тұрғыдағы ең үлкен жетістігі болды. Себебі сол уақытта ауыл мұғалімдерінің арасында жоғары білім алғандар сирек еді. Ал Қадиша апай білім арқылы ұстаздықтың жаңа биігіне көтерілді.
1975 жылдың ақпан айында Қадиша Құрманғалиқызы тағдырының ең маңызды кезеңіне аяқ басты – Жарбұлақ (қазіргі Қабанбай) ауылындағы Бейімбет Майлин атындағы орта мектепке ауысты. Бұл мекте
![]()
пте ол өмірінің соңғы 18 жылын өткізді. Мұнда Қадиша апайдың ұстаздық тұлғасы толық қалыптасты. Ол жас мұғалімдерге тәлімгерлік етті, әдістемелік кеңестерге жетекшілік етті, жас әріптестеріне “баланың бойындағы жарықты көре білу” туралы жиі айтып отыратын.
Сабақ беруде ол дәстүр мен жаңашылдықты қатар ұстады. Әр сабағы өмірмен байланысып, қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалармен толықты. Қадиша апайдың сабағында бірде-бір бала ұйықтамайтын. Себебі ол әр сөзін жүрекпен айтатын, әр мысалын өмірмен байланыстыратын. Жыл сайын оның сыныбы аудандық байқауларда үздік нәтиже көрсетіп, шәкірттері түрлі пәндік олимпиадалардан жүлде алатын. Бірақ Қадиша апай үшін ең үлкен марапат – шәкіртінің адал, иманды, еңбекқор азамат болып өсуі еді.
Қадиша Құрманғалиқызының тағы бір дара қыры – өнерге деген шексіз сүйіспеншілік. Ол жастайынан ән айтып, халық әндерін нақышына келтіре орындайтын. 1965 жылы Семей облыстық
![]()
телевидениесінің алғашқы эфирлерінің бірінде жеке орындаушы ретінде қатысып, өңір тарихында Мақаншы ауданынан телевидениеде ән шырқаған тұңғыш әнші атанды. Кейін ол бірнеше облыстық және республикалық өнер байқауларына қатысып, жеңімпаз атанды.
1973 жылы Семей облыстық филармониясының лауреаты, 1974 жылы жүлделі бірінші орын иегері болды. Әнді ол тек сахна үшін емес, өмірдің мәні ретінде айтатын.
“Ән – адамның жан айнасы, ол көңілдің қуанышы мен қайғысын бірге алып жүреді” деп отыратын. Мектептің мерекелерінде, ардагерлер кештерінде, Жеңіс күндерінде ол сахнаға шығып, жүрекпен шырқайтын. Оның үні естіле бастағанда, ауыл адамдары “Қадиша апайдың әні шықты” деп тыныштала қалатын. 1986 жылы, еліміз ауыр Желтоқсан оқиғасын өткеріп жатқан шақта, Қадиша апай Алматыдағы “Алатау” телеарнасының концерттік бағдарламасында жеке дауыста ән шырқап, ел рухын көтерді. Бұл –
![]()
оның өнердегі биік белесі ғана емес, ұлт рухына қосқан үлесі еді.
Ұзақ жылғы еңбегі мен өнердегі жетістіктері үшін Қадиша Құрманғалиқызы 1987 жылы КСРО Оқу-ағарту министрлігі мен Жоғары мектеп, ағарту және ғылыми мекемелер қызметкерлері кәсіподағының “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Бұл – Одақ деңгейіндегі үлкен тану, еңбектің әділ бағалануы еді. Ал оның ең ұлы марапаты – шәкірттері. Олар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Бірі – инженер, бірі – дәрігер, бірі – педагог, бірі – кәсіпкер. Әрқайсысы “Қадиша апайдың сабағы есімнен кетпейді” деп еске алады.
2018 жылы Бейімбет Майлин атындағы мектеп ұжымы ардагер ұстаз еңбегін құрметтеп, мектептің бір кабинетіне Құрманғалиева Қадиша Құрманғалиқызының есімін берді. Бұл – тек есім беру емес, ұрпақ алғысының белгісі. Балалары мен немерелері сол кабинетті өз қаражатымен жаңартып, заманауи
![]()
техникалық құралдармен жабдықтады. Бұл – ұстазға деген шынайы алғыс пен рухани жалғастықтың көрінісі еді.
Қадиша Құрманғалиқызы үшін ұстаздық – тек білім беру емес, өмір үйрету, адам болуға баулу еді. “Бала – болашақтың айнасы, ал ұстаз – сол айнаға жарық түсіретін шам” дейтін ол әр сабағында адамгершілік пен еңбекқорлыққа баса назар аударды. Ол ешқашан атақ қуған емес, бірақ елі оны “халық ұстазы” деп атады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ол ауыл өмірінен қол үзген жоқ. Мектепке жиі барып, жас мұғалімдермен кездесіп, әдістемелік кеңестер беріп отырды. Мектеп оқушыларына өмірден алынған өнеге-өсиет айтып, “ең басты байлық – білім мен адалдық” екенін қайталайтын.
Осылайша, Қадиша Құрманғалиқызының 35 жылдан астам уақытқа созылған ұстаздық ғұмыры –
![]()
елдің рухани байлығының бір бөлшегі. Ол өмірін бала тәрбиесіне арнады, әр баланың жүрегіне үміт отын жақты.
Ұлттың ұйытқысы – отбасы. Отбасы мықты болса, ел іргесі де берік. Ал әрбір шаңырақтың берекесі – ананың жүрегінде, әкенің парасатында. Құрманғалиева Қадиша Құрманғалиқызының өмірінде отбасы – ең киелі ұғым, ең қымбат қазына болды. Өмірінің бар мәнін шәкірт тәрбиесіне арнаса да, жүрегінің жылуын өз ұл-қыздарына да бірдей үлестіре білді.
Адам баласы қанша асқақ арман қуып, қызмет биігіне шықса да, ең қасиетті орын – өз шаңырағы. Қадиша апай да өмірдің мәнін сол қарапайым ұғымнан тапты. Ол үшін үй деген – жай қабырға емес, мейірім мен сыйластықтың мекені. Отбасының бақыты оның өмірлік еңбегінің жалғасы болды.
Қадиша Құрманғалиқызы мен жұбайы елге сыйлы, еңбекқор, ұлтжанды тұлғалар еді. Олардың
![]()
отбасынан үш ұл, екі қыз өсіп-жетілді. Әрқайсысы – ананың мейірімін, әкенің парасатын бойына сіңірген, өз саласында елге қызмет етіп жүрген азаматтар.
Үлкені – Ардақ. Ол Павлодар қаласындағы индустриалды институтты бітіріп, инженер-электрик мамандығын иеленді. Қазіргі таңда Астана қаласында инженер қызметін атқарып жүр. Ардақ – сабырлы, ұстамды, ата-анасының үмітін ақтаған азамат. Оның өмірлік серігі Нұргүл – Алматы шет тілдер институтының түлегі, қазіргі таңда Ұлттық қорғаныс университетінде ағылшын және неміс тілдері пәнінің мұғалімі. Балалары Жігер және Еркежан – ұлағатты әке-шешесінің тәлімімен өсіп келе жатқан өрендер.
Екінші ұлы Асхат – Семейдің аң терісі және мех техникумын тәмамдап, қазіргі таңда Қабанбай ауылында кәсіпкерлікпен айналысады. Ол – елге қамқор, туған жеріне қызмет етуді парыз санаған азамат.
![]()
Асхаттың жұбайы Анар – Өскемен педагогикалық институтының түлегі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі. Қазіргі таңда Бейімбет Майлин атындағы мектепте ұстаздық етеді. Асхат пен Анардың шаңырағы – нағыз қазақы тәрбиенің үлгісі. Үлкен ұлдары Ерсайын, қыздары Талшын, Ақбота, Қырмызы, және жиені Жібек – бәрі де әдепті, білімге құштар, өнерге бейім жастар. Олардың отбасынан ата-ананың тәлімі мен Қадиша әженің өнегесі айқын сезіледі.
Үшінші ұлы Телжан – білім мен іскерлікті қатар ұстаған тұлға. Ол Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институты мен Семей технологиялық университетін тәмамдаған. Қазіргі таңда Семей кеме жасау және жөндеу зауытында директордың орынбасары қызметін атқарады. Телжанның жұбайы Альмира – Семей педагогикалық институтының түлегі, бастауыш сынып мұғалімі. Олар да ұстаздық пен еңбек жолын ұштастырып келе жатқан отбасы. Балалары – Заңғар, Сұңқар және кенже қызы Іңкәр, келіндері Асылжан, Алина, немерелері Нариман мен Эмилия – Қадиша әженің рухани жалғасы іспетті.
![]()
Қызы Меруерт – анасының әнге, өнерге деген махаббатының жалғасы. Меруерт М.Төлебаев атындағы Семей музыка училищесін қызыл дипломмен бітіріп, кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын да үздік тәмамдады. Кейін Тұран–Астана университетінде педагогика ғылымының магистрі атанып, қазіргі таңда Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде оқытушы қызметін атқарады. Меруерт – ҚР Мәдениет саласының үздігі, еліміздің өнер майталманы. Ол анасының “өнер – адам жүрегін тәрбиелейді” деген қағидасын өмірлік ұстаным еткен. Меруерттің жолдасы Бақытжан – философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кітапханасының директоры, “Айбын”, “Құрмет” ордендерінің иегері. Бұл отбасынан Балғын, Зере, Айсара атты үш қыз өсіп келеді.
Олар да ата-әжесінің өнегесін бойына сіңіріп, қазақ өнері мен мәдениетінің болашағына айналуда.
![]()
Кенже қызы Мөлдір – ананың тәрбиесін бойына сіңірген, парасатты да еңбекқор жан. Ол “Тұран” университеті мен Алихан Бөкейхан университетін тәмамдап, “Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі” мамандығы бойынша қызмет атқарады. Қазір Алматы қаласындағы №4 мектеп-интернатында ұстаздық етеді.
Қадиша апайдың балалары мен немерелері бүгінде әр салада табысты еңбек етіп жүр. Бірақ барлығының жүрегінде ортақ қасиет бар – адамдық пен ізгілік. Бұл қасиет олардың бойына ана сүтімен, әже мейірімен, ұстаздық өнегемен дарыған. Әр мейрамда, әр туған күнде балалары мен немерелері айналасына жиналып, ән айтып, естелік әңгімелер өрбітетін. Сол сәттерде Қадиша апайдың жүзінен ерекше бір шуақ төгілетін. Өйткені өмірдің ең үлкен қуанышы – балаларының амандығы мен елге қызмет етіп жүргенін көру еді.
Өмір – уақытпен өлшенбейтін ұлы сапар. Ал сол сапарда адам өз жүрегінен жарық қалдыра білсе, ол мәңгі жасайды. Құрманғалиева Қадиша Құрманғалиқызы – осындай жарық ізімен өткен жан. Ол 2023 жылдың қараша айында 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бірақ ол өліммен өшкен жоқ, қайта өзінен кейінгі ұрпақтың жүрегінде мәңгілік із қалдырды. Оның ғұмыры – адал еңбек пен адамдықтың, ұстаздық пен аналық мейірімнің шежіресі. Қадиша апайдың бейнесі – бір дәуірдің айнасы, бір ұлттың рухани тарихының бөлшегі. Ол өмірден ұстаз ретінде өтті, ана ретінде мәңгі қалды, ал артында қалған өнегелі сөзі мен тәрбиелі ұрпағы – оның өмірінің жалғасы, мәңгілік мұрасы.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()