Жайдары жүзді
Мейрамкуль!
Жайдары жүзімен, әдемі жылы сөзімен жанға дауа беретін жан жайлы қалам тербеудің өзі керемет. Әңгімемізге арқау болып отырған Мейрамкуль Серікбайқызы бала күнінен-ақ халат киіп, адам жанының арашашысы болуды арман етті. Уақытпен, мезгілмен санаспайтын
![]()
алтын қолды жан күніне алдына келген 10-15-ке дейінгі науқасты қарап, ем шарасын жасайды. Көпшілікке өзінің шипалы қолымен жасаған емі дарып, олардың айтқан алғыстарын да үздіксіз алып келеді. Кейіпкеріміз Мейрамкуль Серікбайқызы 1997-2003 жылдары «Шапағат» дәрігерлік емханасында аймақтық дәрігер, 2008-2011 жылдар аралығында аудандық емханада бас дәрігердің орынбасары және дәрігерлік сараптама комиссиясының төрайымы, 2012 жылдан бастап «ИП Болсынай» компаниясында жеке дәрігерлік қызмет жасап келеді.
Жундабекова Мейрамкуль Серікбайқызы 1969 жылы 24 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бала би ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Өнегелі отбасындағы 10 баланың 9-шысы. 1977-1985 жылдары №50 Абай орта мектебін үздік бітіріп, 1985-1988 жылдар аралығында Қызылорда медициналық училищесін қызыл дипломмен бітіріп шықты. 1989-1995 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының Емдеу факультетін жақсыға бітіріп шықты. Бұл мамандыққа түсуінің себебі, бойында емшілік қасиеті бар болғаннан болар. Себебі, нағашы атасы Тайман тәуіптен емшілік қасиеті қонған.
Жас әрі білімді де білікті маман өзінің еңбек жолын 1988-1989 жылдары Шиелі аудандық емханасында аяжан болып бастады. 1995 институтты бітіріп келгеннен кейін Шиелі аудандық жедел-жәрдем стансасында дәрігерлік қызметінің алғашқы жылдарын бастады. 1996-1999 жылдары «Шапағат» жанұялық дәрігерлік емханасында жаняұлық дәрігер болып жұмыс жасады. 2008-2012 жылдар аралығында Шиелі аудандық емханада бас дәрігердің орынбасары болып қызмет атқарды. Терапевт дәрігер мамандығын атқара жүріп, өзінің бойындағы ерекше қасиетін сезіне бастады. Бұл қасиет нағашы атасынан берілген еді. Осы қасиет бойына дарығалы бері ерекше тылсым күштің арқасында алдына келген науқастарға тамыр арқылы диагноз қоятын болды. Оның дәрігерлік мамандығына қоса осы бойындағы емшілік қасиетті алып жүруі оңай болмағаны рас. Науқастың көңілінен шыққанмен де,
![]()
адамдардың сан түрлі пікірлері де болатыны заңдылық. Иә, өмір болған соң талай сын айтылады, ал сыннан сүрінбей өту адамның өзіне де байланысты. Дегенмен, оның шипагерлігіне тәнті болғандар қатары жиілей берді. Оның алдына келіп, ем алғандардың дені оның мықты дәрігер ғана емес, мықты емші екені жайлы жергілікті басылым беттеріне алғыстары жиі жарияланып отырды.
- «Он екі жастағы қызымыз Ақерке Манатқызы дертті болып ауырғанда апармаған жеріміз қалмай Алматы Жамбыл, Бішкек қалаларына барғанымызбен ешқандай дәрігер де, медициналық ем-шаралар да дертіне дауа болмай қатты қиналды. Қолдан келер шара жоқ, әрі-сәрі күйде жүргенімізде дәрігер Мейрамкуль Жүндабекованың жүргізген емінің арқасында сол сәтте-ақ жанын жегідей жеген сырқатынан Жамбылдан келген қыз құлан-таза айығып шықты. Қазір азапты күндері артта қалып жайдары қалыпта жүрген қызымыздың қуанышты кейпіне қарай жүріп бойларындағы қасиеттерін адамзаттың саулығы үшін жұмсап, талай сырқатты жандардың дертінен айығып шығуларына себепші болып елдің ризашылығымен-ақ алғыстарына бөленіп, шапағатын төгіп жүрген Мейрамкуль Жүндабекова мен Кенжебек Пірмахановқа біздің де айтар алғысымыз шексіз. Халқымыздың бақыты мен саулығы жолында көрсетіп жатқан қызметтеріңіз
![]()
жемісті болсын. Дендеріңізден саулық, шаңырақтарыңыздан шаттық кетпегей деп тілейміз», - дейді алғыс білдірген Сейтжановтар әулеті. «Адам – Алланың өлшеп берген ғұмырын сүреді. Алайда, осы өлшеп берген ғұмырда адам баласы дәрігердің көмегіне мұқтаж болады. Адамзат өмірінде соншалықты маңызға ие дәрігерлер, адам жанының арашашысы қызметіне үлкен дайындықпенен арнайы біліммен, антпен қадам басады. Одан әрі оның үлгілі, сапалы қызмет ету оның сана сезімі мен ар-ұятына, білігіне қатысты болады. Ризашылық пен үміт ақталмай қалған жағдайдағы наразылық дәрігер өмірінде қатар жүреді. Дәрігерлік мамандықты таңдау адамға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Дәрігер болу үшін мол біліммен қоса үлкен мейірімді жүрек керек.
- «Бұл орайда барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жан – ауданымыздағы белгілі дәрігер Мейрамкуль Серікбайқызы Жундабековаға алғыс айтамын. Біз ауырған сәттерде отбасымызбен түгел Мейрамкуль Серікібайқызының көмегіне жүгінеміз. Дәрігердің 3 қаруы бар: «Жаныңды емдейтін сиқырлы жылы сөзі, ауруыңды нақты болжайтын мықты білімі және пышағы» - дейді тұрғындар. «Мықты дәрігер пышаққа жеткізбейді» деген қанатты сөз тағы бар. Мейрамкуль Серікбайқызының жылы сөзі мен мықты білімінің шарапатын біз көп көрдік. Дәрігерлік біліммен қоса бойында емшілік қасиеті бар мықтылығын тек біздің отбасымыз ғана емес, ауданымыз түгел мойындаған жан.
«Құрметті Мейрамкуль Серікбайқызы! Сізге отбасымыздың атынан үлкен алғысымызды білдіремін! Әрдайым халықтан тек алғыс алып, жүз жасаңыз. Халықтың айтқан алғысын Алла тағала отбасыңызға бақыт қылып қайтарсын!», - дейді алғыс білдіруші Жұлдыз Төребек.
![]()
Білімге құштар, жан-жақты ізденімпаз маман әрбір 5 жыл сайын өзінің білімін жетілдіріп отырады. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жеке дәрігер болып жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, дәрігерлік қызметін де қосымша атқарып, келеді. Мейірімді де қамқор пейілді жан 2015 жылдан бастап өзінің науқастарын терапиялық емнен бөлек, «Алтын ине» әдісімен, сонан соң «Хиджама» әдісімен ем жасап келеді. Медицинадағы ең қажетті фитотерапия, мануалды терапия, «Су-джок» сынды әдістердің қыры мен сырын оқып, үйреніп, тереңдетілген білім алған дәрігер, жүрек, жүйке ауруларымен ауыратын науқастарды емдеп келеді.
Халыққа адал қызмет етіп келе жатқан жан лайықты марапаттан да кенде емес. Ол «Ауданның үздік дәрігері» марапатын алды. Сонымен қатар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
- «Өмір күресті қажет етеді ғой. Әр қиындықтың артында үлкен жеңіс тұрады. Медицинада міндетті түрде қиындықтар кездесетіні белгілі. Сондықтан да әрбір ақ халаттың иесі оған дайын болуы керек. Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге мүлдем болмайды. Өз замандастарыңа, жақыныңдай болып кеткен жерлестеріңе жәрдем беруден артық бақыт та жоқ. Бүгінде медицина қарқынды дамып келеді. Емделушілерге қажетті құрылғылар да бар, өзінің денсаулығын сеніп тапсыруға болады дейтін ақ халаттары секілді аппақ пейілді дәрігерлер де көп. Бәрінің мақсат-міндеті бір, халық үшін адал қызмет ету. Өз әріптестеріммен, ұжымыммен мақтанамын. Асқақ арманым орындалып, көздеген мақсатыма жаңылмай жеткеніме шүкіршілік етемін. Өзім медицина саласында жүріп талай тәжірибе жинақтадым. Одан былайғысы Алланың маған берген ерекше сыйы емшілік қасиетім. Әрбір адамға қолымнан келгенді жасаймын, бұл менің парызым деп білемін. Емделушілерімнен алған алғысым мен үшін марапаттың ең үлкені. Адам ең алдымен ауырмаудың жолын іздесе, небір сырқаттың алдын алуға болады. Дұрысы дер кезінде қажетті ем шарасын алу», - дейді алтын қолды, ақ жүректі шипагер жан Мейрамкуль Серікбайқызы.
Жолдасы Алайдаров Бақыт Жарылқапұлымен бірге мерейлі отбасында 1 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп, өсіріп отыр. Үлкен қызы Жансая 1996 жылы дүниеге келген. Алматы қаласында НОД-та кадр бөлімінде орынбасар. Жоғары білімді қызыл диплом иегері, магистрант, отбасылы. Екінші қызы Динара 1999 жылы дүниеге келген. 2014-2018 жылдар аралығында Қызылора медициналық колледжін бітіріп, 2018 жылдан бастап Алматыдағы Қазақстан-Ресей медицина университетінің жалпы медицина факультеті бойынша 4-курс студенті. Анасының жолын жалғастыруды қолға алып отыр. Ұлы Жанболат 2005 жылы дүниеге келген. Қазіргі уақытта Алматы КТЖ колледжінің 2-курс сутденті.
Үнемі басқаға көмектесуге асығып тұратын жанның байсалды қалпы мен парасаттылығына сырттай қарап тәнті де боласың. Алла берген шипагерлігі мен өз саласының біліктісі бола
білген Мейрамкуль Серікбайқызына денсаулық пен отбасына аманшылық тілейміз.