![]()
Бала тәрбиесіндегі көшбасшы ұжым
Құрықтан қорқып, құба белді айнала қашқан асаудай жүйткіген уақыт 21 ғасырдың сағат тілін айналдырып жатса да, баба заңы мен дала заңын қатар ұстанған қазақ бала тәрбиесінде әлі де озық тәсілдер мен амалдарды қолданып келеді. Бала тәрбиелеуде ерекше үлгісі бар, бөбектердің риясыз күлкісін қойнына сыйдырған ұжым деп «Балдырған» санаторийлік балабақшасын айтар едік.
Табалдырығын имене аттаған баланы құшағына алып, өнерлі етіп шығаратын «Балдырған» санаторийлік балабақшасы Маңғыстау аудандық әкімдігінің 1999 жылғы 12 мамырдағы №59 шешімімен құрылды және 2009 жылы 20 қазанда Маңғысау облысы әкімдігінің №2818 қаулысымен қайта ұйымдастырылды. Балабақшаға адамгершілігі мол, балаларға ықыласы бөлек, басқарушылық стилі және кәсіптік шеберлігі ерекше алтын жүректі жан Бесбаева Гүлбану Кемелханқызы басшылық етіп келеді. Жиырма жылдық тарихы бар балабақша бүгінде бала тәрбиесінде өзгеге ұқсамайтын, өз қолтаңбасын қалдырып үлгерді. 35 бала тәрбиеленіп жатқан балабақшада, 26 қызметкер еңбек етіп келеді.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген, балабақша қызметкерлері балабақша қызметкерлері шетінен саңлақ, өз ісінің кәсіби мамандары. Ауыдандық, облыстық, ресупбликалық сайыстарға қатысып жеңімпаз атанып, форумдарға қатысып нәтиже жинақтап келеді. Жоғарғы санатты, білімді де білікті қызметкерлерді жинаған балабақша Аудандық мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Ең үздік әдістемелік кабинет – 2016» сырттай аудандық байқауында, «Мектепке дейінгі жастағы балалар денсаулығын нығайту және сауықтыру» тақырыбындағы аудандық семинарда ерекше белсендік танытқаны үшін Маңғыстау аудандық білім үйлестіру орталығының Алғыс хатына, Наурыз мерекесі қарсаңында өткен сайыстарда жеңімпаз атанып, Диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.
«Он арыстанды ит басқарса, арыстанның бәрі ит болады, он итті арыстан басқарса иттің бәрі арыстанға айналады» демекші, балабақшаның бүгінгі таңда биік белестерге көтеріліп, жетістіктерге жетуінде мекеме басшысы Бесбаева Гүлбанудың көп еңбегі жатыр. Гүлбану Кемелханқызы 2017 жылы Білім беру саласына кәсіби біліктілігі мен қосқан ерекше жетістігі үшін, 2018 жылы Алматы қаласында өткізілген III Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауында, Маңғыстау ауданының әкімінің «Алғыс хатымен» және «Жаңашыл басшы – 2018» облыстық байқауында мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи менеджерлік құзіреттілігі, басқарушылық стилі және кәсіптік шеберлігімен ерекшеленіп облыстық білім басқармасының ынталандыру дипломымен марпатталды.
Сонымен қатар Амзеева Айман «Үздік тәрбиеші» төсбелгісін кеудесіне тағып, Бекмырзаева Алтынай, Боланова Зухра, Шамшадиева Толғанай, Нетшеева Бағдат, Жетібаева Лена, Байшимова Жадыра, Қапашева Айымгүл Республикалық, обыстық сайыстарға қатысып жетістікке жеткен қызметкерлердің көшін бастаса, Тыныштық Асылзада, Санақұлы Бағлан, Жауынбай Мұнарбек, Ербол Нұрдәулет, Берікжан Бекжан, Мүслімқызы Сезім, Туленова Бота, Асылбекұлы Қадіржан сынды өнерлі балалар мен тәрбиеленушілер балабақшаның мерейін көтеріп, сан қырынан көрініп келеді.
Балабақшада оқу-тәрбие іс әрекеті, мемлекеттік құжат ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарын басшылыққа алып, «Өзін-өзі тану» бағдарламаларының әдістемелік құралдарын қосымша пайдаланады. Сондай-ақ, «Денсаулық» білім беру саласы бойынша балалардың денсаулығын қорғау, нығайту мақсатында таза ауада жаттығулар, дені сабақтары өткізіледі.
«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деп жастарға үміт арта тәрбиешілерге сенеген Мағжан Жұмабавтың арманы орындалып келеді десек те болады. Себебі, балабақшадан түлеп ұшқандар мектепке барғанда да үлгілі бала болып, ата-анасын қуантумен қатар мектеп мақтанышына, жоғарға оқу орындарында белді де беделді студентіне айналып, спорт саласында жеңімпаз болып келеді.
Міне, табанын әрең басып келген балғынның қадамын нық етіп, көмескі тартып жатқан өнер бұлағының көзін ашып, қабілетін шыңдап, ата-аналардан тек қана алғыс алып келе жатырған «Балдырған» санаторийлік балабақшасының уығы - жақұт, шаңырағы - күміс, керегесі - алтын.