Райымжан Қошқаров

Рейтинг:

Жүрегі – кең, жаны – жомарт

Қоғамның басты күші ол – халық. Азаматтардың жұмыспен қамтылуы, бір-бірімен тығыз байланыс орнатуы елдің экономикалық әл-ауқатын арттыратын басты фактор. Сол азаматтардың ішінде халық үшін аянбай еңбек етіп жүрген аптал азамттар баршылық. Солардың бірі ардагер ұстаз - Райымжан Қошқаров

      Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының тумасы. Болашығына үлкен үмітпен қарайтын азамат, өзі туып өскен қаладағы атақты Антон Макаренко атындағы орта мектепті тамамдаған. Сол жылдары қазіргідей мектептен кейін ЖОО-на түсу деген жоқ. Райымжан да сыныптастары секілді сол қаладағы кәсіптік техникалық училищені ауыл шаруашылығы машиналары мамандығы бойынша бітіреді. Жастайынан білім алуға білікті маман болуға ұмтылған ол - училищені тамамдаған соң, сол Түркістандағы педагогикалық техникумның еңбек пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітіреді. Содан білімін әрі қарай жетілдіру мақсатында Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтқа жалпы техника еңбегі мамандығына қабылданады. Райымжан Саттарұлының өмір жолындағы үлкен бетбұрыс осы болатын. Ташкенттегі оқуды тамамдаған соң, ардагер ұстаз Түркістанға қайта оралып, Қазақстан халықтар достығы университетіне тарих-география мамандығы бойынша оқуға түседі. Жалпы түрлі мамандықтың маманы болуды армандаған Райымжан өзінің саналы ғұмырын мұғалімдік жолға арнауға біржола бекінеді. Сөйтіп, 1988 жылдың күзінде Түркістандағы М.Әуезов атындағы мектепке еңбек, география-тарих пәндері бойынша мұғалімдік қызметке кіріседі. Ардагер ұстаз - бүгінде осы мектептің білімді, бәсекеге қабілетті шәкірттерін тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген жайы бар. Райымжан ұжымды ұйыстырып, балаларға тәлім тәрбие беруден жалыққан емес. Оның азаматтығы мұқтаждарға, аз қамтылған отбасыларға қолдан келгенше көмек қолын созудан аянып қалмайтындығында. Мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек үлестіріп, тіпті көмір түсіріп, үй салып 27 шаңыраққа пана болғанын көпшілік біледі. Ардагер ұстаздың осындай ізгі бастамалардың басы-қасында жүргеніне де 10 жылдан асыпты. Райымжан Қошқаровпен облыстағы кәсіпкерлер де тығыз байланыста. Қалталы азаматтар да оның артық ақшаны қалтаға баспайтынынан хабардар. Сол үшін де Райымжанға мұңын шағып, көмек сұрайтын жандар аз емес. Ол 2018 жылы облыстық "Үлес" қоғамдық қайрымдылық қорын ашты. Әрине басты мақсат – мұқтаж жандарға көмек қолын созу, халықтың жағдайын жақсартуға бір кісідей атсалысу болатын.  
      Райымжанның азаматтығы бір төбе болса, ұстаздығы - өз алдына бөлек бір әңгіме. Себебі ол осыдан тура 5 жыл бұрын талантты оқушылар үшін "Заковат" (Дарын) мектебінің негізін қалады. Осылайша ардагер ұстаз - өзі секілді жастайынан білімге ұмтылған жандарға жол ашып берді. Қайырымдылық шарасына үлкен үлес қосып жүрген азаматтың еңбегі бағаланып, қалалық білім бөлімі мен облыстық басқарма тарапынан да алғыс хаттарға ие болды.  Иә, жыл сайын 300-ден астам оқушынының мектепке қажеттіліктерін түгендеп отырған азаматқа қандай құрмет көрсетсең де жарасады. Ол - Алматы қаласында өткен меценаттар форумында "Алтын жүрек" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Қазірде Түркістан облысы ақсақалдар алқасының белсенді мүшесі. Қайырлы да сауапты істері үшін -"Түркістан қаласының өнегелі азаматы", "Түркістан облысының құрметті ақсақалы" төсбелгілерімен марапатталғаны тағы бар.  Сондай-ақ Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрамындағы Түркістан облысы өзбек этно-мәдени бірлестігі төрағасының Түркістан, Кентау, Созақ өңірлері бойынша орынбасары ретінде ел бірлігі, татулық пен ынтымақтастық жолында жастарды имандылыққа тәрбиелеу бағытында да жұмыстар атқарды. Тың бастамалардың басы-қасында  жүрген азаматтың арманы асқақ, мақсаты айқын.  Тіпті, алдағы уақытта тұрғындарға арнап, 300-ге жуық аң-құс кездесетін зообақ ашу да жоспарында бар екен.Әрине ел игілігі жолында  алға қойылған бастаманы бас бармақпен бағалауға болады.
      Райымжан Қошқаров - жұмыста білікті ұстаз, қоғамда – қайырымды жан, отбасында – туған туыстары мақтан тұтатын бақытты жан. Бүгінде кезінде өзі секілді ұстаздық жолда еңбек еткен жұбайы Мақсуда Юсубалықызымен бірге үш қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірді. Көз қуанышына айналған жеті немересі тағы бар. Өмір жолында түрлі қиындықтарға мойымай, жақындарына жанашыр бола білген Райымжан Қошқаровтың отбасына амандық тілеп, алға қойған мақсаттарына «іске сәт!» демекпіз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...