Алимбекова Айнур

Рейтинг:

Өнегелі ұрпақ бойында – өрелі ұстаз тәлімі!

      Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы барлық мамандықтың анасы» - демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
      Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Сондай ұлағатты ұстаздың бірі – Алимбекова Айнур Батырбековна.
      Ол – Жамбыл облысы, Мерке ауданының тумасы. 1998 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің дефектология факультетінің дефектолог-мұғалім, логопед мамандығын бітіріп шығады. 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдайды. «Бастауыш сыныпта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласындағы №2 балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істеуден бастайды.Алматыдағы  №148 мектеп-гимназияда 2008 жыл мен 2012 жыл аралығында бастауыш пәні мұғалімі қызметін атқарады. Осы жылдар аралығында оқушыларға әріп танытқызып, сан үйретіп, жазу мен оқуды танытып, сан мыңдаған сауап жинайды. 2012 жылдың сәуірінен бастап №169 бөбекжай-балабақшасына әдіскер болып жұмыс істейді. Алған білімін тәжірибеде көрсетіп, жұмысының нәтижесін көрсетеді. Өз ісін сүйетін жанның еңбегі жемісті болып, әр уақытта бағаланып отырды.
      Айнур Батырбековнаның жеткен жетістіктері, алған марапаттары алдыңғы қатардағы озық маман екенін танытады. Білгірлігі мен біліктілігін дәлелдейді. Өз саласында талмай қызмет ететіндігін айқындайды.Алғашқы бір жетістігі – 2013-2014  жылы Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Осы жылдың қараша айында «Международные ориентиры дошкольного воспитания» атты семинар-тренингіге қатысады. Канададағы Монреаль қаласының «Қазіргі заманғы педагогика орталығы» тарапынан берілген сертификатқа ие болады, 2014 жылы     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі А.Сәрінжіповтың «Құрмет грамотасын» алып, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» мәртебесін иеленеді. Осы жылы  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандағы және әлемдегі мектепке дейінгі білім беру, тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық  ғылыми практикалық конференцияға қатысқаны үшін сертификат беріледі. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің   №337 ректор бұйрығымен университеттің  дамуына қосқан үлесі бойынша мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалі табыс етіледі. 
      2015 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының, Жетісу аудандық білім бөлімінің өскелең ұрпаққа   білім берудегі және тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері  мен табыстары үшін «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы тағайындаған «Құрмет грамоталары» беріледі. Аталған жылы МҚҚК №179 бөбекжай – балабақша меңгерушісі   қалалық білім беру   жүйесіндегі  іс-шараларға  қосқан үлесі мен шығармашылық  табыстары   үшін марапатталады. №179 бөбекжай   балабақшасының ұжымы мектепке   дейінгі білім беру ұйымдарындағы қалалық байқауда «Ең үздік балабақша – 2015»  атағын иеленіп, жеңімпаз атанады. Бұл ұжымның белді әрі белсенді қызметкері, байқауда бар өнерін сала білген  Айнур Батырбековна болды.
      Қазақстан Республикасының  білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін министр Е.Сағадиев тағайындаған «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»  грамотасы «25» наурыз 2016 жылы беріледі.
      «Мектепке  дейінгі балалық»  атты республикалық орталық директоры Б. Игенбаеваның «Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің ғасырлық тарихи шежіресі» республикалық педагогикалық оқуға қосқан үлесі үшін  «Алғыс хатпен» марапатталады. 2017 жылы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Р.С.Шимашевадан «Мақтау грамотасын» алады.
      2018 жыл Айнұр ханым үшін табысты, жемісті жыл болды. Түрлі жетістікке жетіп, біршама марапаттарға қол жеткізді. Республикалық «Жас Дарын» атты дарынды балалар орталығынан «Дарынды Ұстаз» төсбелгісін иеленеді. «Шабыт» білім беру әдістемелік орталығы «Ғарышкерлер күні» аясында «Ғарышқа саяхат» атты республикалық шығармашылық байқау өткізеді. Осы интернет-байқауға білім алушыларды дайындағаны үшін - «Алғыс хатпен» және «Дипломмен» марапатталады. «Сиқырлы әлем» білім беру-әдістемелік орталығының «Алғыс хатына» ие болады. Осы жылдың ақпан айында   «Үздік балабақша меңгерушісі» төсбелгісін алу бұйырады. «Нұр болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы заңды тұлғалары бірлестігінің «Құрмет грамотасы» табыс етіледі.  Білім саласындағы  жеткен жетістіктері, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен өз  мамандығы бойынша адал еңбек еткені үшін  «Сертификат» табыс етіледі. «Нұр Отан» партиясы Жетісу ауданының әкімі М.Тәжібаевтың «Алғыс хатын» алады. Меңгерушілер мен әдіскерлерге арналған «Үздік МДҰ -2018» байқауында  «Үздік алаң» номинациясын алып,  «II дәрежелі диплом» жеңімпазы атанады.
      Айнур Батырбековна «Алғыс хат», «Құрмет грамоталары», «Дипломдарды» иеленіп қана қойған жоқ. Өзінің тәжірибесін өзгелерге таныту  мақсатында жобалар жасады, әдістемелік құралдар шығарды, мақалалар жариялады. «Өрлеу» біліктілікті  арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы  ҚРББЖБҒПҚ біліктілігін арттыратын республикалық институтында 2017 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын іс-әрекеті арқылы ұлттық патриотизмді қалыптастыру» атты әдістемелік құралдың шығуына жетекшілік етеді. Араға бір жыл салып «Денсаулық сақтау технологиясы мен ойын элементтерін мектепке дейінгі ұйымдарда тиімді қолдану жолдары» атты әдістемелік құрал шығарады. «DYNAMIKA NAUKOWYCH BADAN-2018» халықаралық конференциясына қатысады. «Балабақшада қақпақтан жасалған кереметтер» мақаласын жариялап, бұл ұсынымы әдістемелік тұрғыда жоғары бағаланады. 
      2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі «Жұлдыз» продюсерлік орталығы  халықаралық шығармашылық жастар телебайқауы тарапынан «Құрмет дипломы» беріледі. «Ынтымақ» атты І републикалық күзгі фестивальде марапатқа ие болады. «ASTAHA JOBALARY» халықаралық және республикалық  жобаларды ұйымдастыру орталығы жасаған  «ASTAHA JOBALARY» байқауында «I дәрежелі диплом» табыс етіліп,№61030 төсбелгісін алады.
      «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген  ақпараттық-сараптамалық орталықтың «QAZAQ BILIMI» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы, «Ұлы дала ұстазы» журналы, «ASTAHA JOBALARY» халықаралық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналдарында таныла білді. Қазақстан білім саласы үздіктерін жинақтайтын республикалық «Ozattar –білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы» кітабына есімі енгізіледі.«OZAT PEDAGOG» төсбелгісі, «Құрмет грамотасына» ие болды. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Алғыс хатын» алды. Алматы қаласының Білім басқармасы ұсынуымен  «I дәрежелі дипломды» иеленіп, Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» 2020 жылы марапатталды. 
      Бүгінгі күні Алматы қаласы, Алатау ауданы КМҚК №37 бөбекжай-балабақшасында меңгеруші қызметін атқарады. Тәрбиеші қызметінен меңгеруші деңгейіне дейін жеткен Айнур Батырбековнаның еңбексүйгіштігі, ынта-жігерінің күштілігі, өнегелі әр ісі мақтауға лайық. Балалардың ата-аналарының ыстық ықыласына бөленіп, өз ұжымының ұйытқысы болып жүр. Бүлдіршіндердің  тәрбиесіне жауапты азаматшамызға табысты еңбек жолын тілейміз. Өнегелі ұрпақ  өрелі Айнур секілді ұстаздарымыздың тәлімі арқылы қалыптасады.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
25 ноября 2020 14:59
Аннара

Отте керемет кандай тамаша балабакша тек гана алга👍👍
25 ноября 2020 13:16
Ултуган

Кандай керемет устаз! Осында Улги тутар Улагатты устаздар кобейе берсин!!! Енбектериниздин жемисин кориниз Айнур Батырбекқызы! 

Последние комментарии

19 мая 2026 21:11
зангар
Азиз , мы кстати родственники, я внук Мыханова Санибека Акмырзаева, ты наверно его знаешь да?...
10 мая 2026 00:50
Санжар Косжанов
Вауу күшті шыққан. Үлкен естелік болатын болды....
10 мая 2026 00:27
Jazira
Менің атам бар жақсыға лайықтты. Рахмет сіздің арқаңыз өсіп өнгеніміз... ...