Сатыбалдина Нағима Сүлейменқызы

Рейтинг:

Ұлағатты ұстаздың дара жолы

      Ұстаз… Жалпы, ұстаз десе, тұла бойы тұнып тұрған дарын иесі, терең ойлы, өте байсалды тұлғаның бейнесі еске келеді. Көзімізге тіке қарап, бір жымиғанының өзі бізге жеткілікті еді. Ұшқыр ойлы көзімен тіке қарағандақ, берілген тапсырманы қандай бағада орындап келгенімізді, айтпай-ақ бірден түсінетінбіз. 
      «Бүгінгі тапсырмаға дайындығын аз» деп ұяттан бетімізді қызартса, енді бірде «керемет, нақышына келтіріп жазған екенсін» деген мақтау сөздері білімге деген құштарлығымызды одан әрі еселей түсетін. Жалпы, өзім оқушы кезімде мұғалімнің бет-бейнесіне, киім-киісіне, жүріс-тұрысына қызығатынмын. Мектептен келе сала, шай-тамағымды апыл-ғұпыл ішіп алып, үйдегі іні-бауырларымды отырғызып қойып, солармен сабақ ойынын ойнайтынмын. Ұстазымнан көргенімді жасап, әжемнің шарқатын арқама жауып алып, атамның көзілдірігін тағып, аяғыма анамның тықылдақ туфлиін киіп, ұстазымдай болуға тырысатынмын. Балалық кезімнен қалған ең керемет естеліктердің бірі осы еді.
      «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деп, ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд айтпақшы, ұлы ұстазымызға қарап, осылай шабыттанатынбыз. 
      «Бала жүрегі кішкентай күй сандық, сол сандықтың кілтің тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деп, Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, баланың бойындағы дарынды, қабілетті аша білген ұстаздарымыздың бірі, ол Сатыбалдина Нағима Сүлейменқызы еді. Семей облысының Абралы ауданы, Қайнар селосында 1932 жылдың 20 желтоқсан айында шаруа жанұясында дүниеге келген Нағима апамыз, бала болып әке-шешенің мейіріміне қана алмады. Анасы Мәрзия Бекейқызы өмірден ерте өтсе, әкесі Сатыбалдин Сүлеймен 1941 жылы Ұлы Отан соғысына өз еркімен аттанады. 86-АД қүрамында майданға қатысқан әкесі 1943 жылдың 10 қаңтарында қаза тапқан. Шлиссербург қамалында жерленген. 
      Соғыстан кейінгі жылдары еліміз даму жолында біраз қиналғаны бәрімізге белгілі. Сол уақыттары үкімет көмек ретінде соғысқа қатысқан әскер отбасыларына түрлі салалар бойынша оқуға түсуге жеңілдіктер берді. Сол әскер семьясы жеңілдігіне ие болған Нағима Сүлейменқызы Алматы медицина институтына түседі. 
      Сонымен қатар, екі мамандықты қатар игеруге мүмкіндік алған Нағима апамыз, Өскемен пединститутында үздік бітіріп шығады.  Білімнің кәусар суынан сусындаған, өзіне сенімді де белсенді Нағима апамыз, еңбек жолын «Тарбағатай университеті» атанған Абай атындағы орта мектепте жан жары Асқар Ислямовпен бірге бастайды. Оқушыларға білім нәрі мен тәлім-тәрбиесін беріп, білім саласына үлкен үлесін қосады. 
      Нағима апамыздың ұстаздық қызметінде жүріп, атқарған көптеген еңбегі үшін үкімет тарапынан жоғары марапаттармен бағаланады:
      -  «ҚР білім беру үздігінің құрметті қызметкері»;
      - «Еңбек ардагері»;
      - а) I, II, IIIдәрежелі Ана Даңқы;
      - ә) «Батыр Ана» медальдарымен марапатталған.
      -  Аналық ерлігі үшін «Алтын алқа» белгісі тапсырылды.
      -  Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «Төс белгісімен»;
      -  Университет жылнама беттеріне қомақты үлес қосқаны үшін ҚР БҒМ вице-министрі және университет ректоры «Университет мақтанышы» төсбелгісімен;
      - 1941-1945 жж. ҰОС 65 жылдық жеңісіне орай мерекелік медальмен марапатталды.
      - 1941-1945 жж. ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін «Тылдағы еңбеккер» атағы тапсырылды.
      - Ресей Федерациясы Президентінің 2019 жылдың 13 маусымындағы Жарлығымен «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл» торқалы медалімен марапатталса,
      - 2011 жылы Өскемен қаласындағы «Анашым!» атты Конституция күніне арналған мерекелік шараның жеңімпазы атанды.
      - 2012 жылы «Шығыс інжуі» конкурсында династияның негізін қалаушы номинациясында лауреат атанды.
      Нағима Сүлейменқызы – шын мәнінде дана адам. Өйткені мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адамның бойындағы дарындылық, ұлы қасиет. Нағима апамыз өз заманында ұлы ұстаз бола білді. Өз бойындағы білімін оқушы бойына дарыта білді. 
      Тәжірибелі маман, білікті ұстаз бүгінгі таңда 6 қыз, 4 ұл тәрбиелеп, өсіріп, 23 немере, 29 шөбере көріп, шаңырағының берекесін кіргізіп отырған Батыр ана. Өмірлік жары Асқар Ислямовта мыңдаған шәкірттің зердесіне тәлім мен тәрбиенің нәрін сеуіп, артында өшпес із қалдырған ұлағатты ұстаз. Ол кісінің де қызметіне деген сүйіспеншілігі көптеген жетістіктерге жеткізді. Атап айтсақ:   «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі», «ҚКСР еңбек сіңірген мұғалімі», «КСРО халық ағарту ісінің үздігі», «ҚКСР халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО азаматтық қорғаныс ісінің үздігі», неше дүркін «Социалистік жарыс жеңімпазы», «Еңбек ардагері», «Үздік еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдағы үздік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталып, «Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы иесі» атақтарының иегері, үш дүркін республикалық мұғалімдер съезінің делегаты болған. 
      Осылайша ұстаздың осындай қасиеттерінен оның терең ілім иесі екендігін көре аламыз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жақсы адамнан ғана, жақсы ұстаз шығады.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
5 октября 2022 12:21
Қарлығаш

Анамыздың өмір жолының өзі бір дастан,үлкен сабақ,жаны жәннәттә болсын.
7 января 2021 18:34
Гульнар

Ұрпақ тәрбиесі әрқашанда ұстазға байланыстығой. Шәкірттерінде, балаларында білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарыта білген тұлғалардың бірі Нағима анамызғой. Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, жанының тамыршысы бола білген Нағима анамыз нағыз ұстаздың ұлағатты бейнесі дегім келеді. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” демекшы өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт те, ұрпақта шығатыны сөзсіз. Соның куәсі міне ұстаздар әулетінде тәрбиеленіп, ата-ана жолын қуған Салтанат келініміз. Батыр анамызға, құдағиымызға тілейтініміз денсаулығы мықты болып, өмір жасы ұзақ болғай!
12 декабря 2020 23:25
Гулнар

Нагима апаны Ардакты нагыз Батыр ана деп санаймын.Нагима апамыз тек кана оз урпагын емес бук1л айналасына тэрбиен1н таза шырынымен сусындатып отырган казыналы анамыз.Басыма киын жагдай тускенде осы к1с1 жылы создер1мен акыл айтып,колтыгымнан суйеп дем бергендей болды.Ауызынан ак батасы туспейт1н абзал Анамыз балаларыммен немерелер1ме  де ак батасын бер1п отырады.Денсаулыгыныз укатив,гумырыныз шуакты болсын.
2 декабря 2020 16:57
Рабиганова Гульнар Хасеновна

Ұрпақ тәрбиесі әрқашанда ұстазға байланыстығой. Шәкірттерінде, балаларында білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарыта білген тұлғалардың бірі Нағима анамызғой. Бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, жанының тамыршысы бола білген Нағима анамыз нағыз ұстаздың ұлағатты бейнесі дегім келеді. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” демекшы өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт те, ұрпақта шығатыны сөзсіз. Соның куәсі міне ұстаздар әулетінде тәрбиеленіп, ата-ана жолын қуған Салтанат келініміз. Батыр анамызға, құдағиымызға тілейтініміз денсаулығы мықты болып, өмір жасы ұзақ болғай!
1 декабря 2020 18:58
Сарткожина Марина

Мы гордимся вами! 
Вы достойный пример подражания для молодого поколения всего Казахстана, будьте всегда здоровы и пусть ваши дети и внуки радуют вас своими успехами и достижениями, мы приклоняемся перед вами с глубоким уважением!
1 декабря 2020 15:13
Замира

Нағима апамыз «Батыр Ана» атағына лайық жан. Өмірлік жары Асқар ағамыз екеуі ұл-қыздарына керемет тәрбие берген, Үлгілі Отбасы деп сенімді түрде айта аламыз. Осындай тамаша адамдардың еңбегі еленіп, ескерілгеніне қуаныштымын.
30 ноября 2020 14:47
Күлжамила (Клара) Бельжанова

Ұлы мәртебелі ұстаздардың алдында қашан да бас иемін. Нағима апайды танымасам да, менің Құдай қосқан қосағым Исбек Рамазанұлы Әбілмәжіновке мектеп қабырғасында сабақ берген екен. Исекең ұстаздарын қашан да мақтанышпен еске алып отырады. "Ұстазы мықтының - ұстанымы мықты" деген қанатты сөзге еріксіз нанасың. Сол үшін де, Нағима апай, алдыңызда басымды иемін.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Күлжамила (Клара) Бельжанова
30 ноября 2020 14:33
Иісбек Клара

Иә, Клара дұрыс айтады. Ұстаздардың еңбегі ештеңемен өлшенбейтін, зор еңбек. Ол еңбек, бідің болашағымыз үшін жасалған еңбек. Қазір соның жемісін жеп, адам болып қалыптасуымыз сол ұстаздардың арқасы! Сондай еңбек ете жүріп, Асқар аға мен Нағима апай өз ұл қыздарын да өнегелі, тәртіпті-тәрбиелі етіп көріктеріне ақылы сай, ақылына мінезі сай, тәні де жаны да сұлу ұрпақ өсіріп үлкен әулет болып, солардың қызығын қызықтап, соларға тілеулес болып отырған кейуанаға айналып отыр Нағима апай. Ұл-қыздары да сол үрдісті жалғастырып саналы ғұмырларын білім жүйесіне арнап келеді. Үкен қызы Ермек, колледж директоры, Сараш, университетте қызмет етуде.  Аман қаншама жылдар оқу ісін басқарса, Мәншүк психология ғылымының докторы, тек Қазақстан емес, Ресей, Германия, бүкіл Европаға лекция оқып аралап жүріп дәріс өткізеді. Сол үшін де басымды иіп, шексіз алғысымды білдірем Нағима апай! Ұзақ жасаңыз!  Жолым түссе өзіңізді көргім келеді, сол нәсіпті тілеймін!
30 ноября 2020 14:27
Иісбек Клара

Иә, ұстаз мықтының ұстанымы мықты екені даусыз айғақ. Нағима апай менің отағама сабақ берген екен. Отағасы Иісбек Әбілмәжінов. ұстаздарын ылғи да мақтанышпен еске алып отырады. Сол себепті Ұлы мәртебелі ұстаздарының алдында басымды иемін. Тек қана осындай көзі ашық, көкірегі ояу күйеу тәрбиелеп бергендері үшін алғыс білдіргенім абзал деп білемін! Жасыңыз ұзақ болсын Нағима апа! Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Доцент Клара Бельжанова


29 ноября 2020 20:47
Акзия

Аман жүргейсіз!
Аман жүргейсіз!
29 ноября 2020 19:48
Сауле

Бала тәрбиесінде сіңірген еңбегі зор!
29 ноября 2020 19:46
Сауле

Бала тәрбиесінде сіңірген еңбегі зор!
29 ноября 2020 12:58
Алтынай

Это моя апашка♥️
29 ноября 2020 12:54
Назым Ниязбековна

«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деген Серке Қожамқұловтың сөзінен ұстаз қауымына деген үлкен құрметтеушілікті байқаймыз. Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек. Осы екі қасиетті өз бойында дарыта білген және өз өмірін осы салаға арнаған Нағима Сүлейменқызы балаға деген шексіз махаббаттың иесі, өз еңбегінің жемісін көре алған ұстаз дей келе, қазақ халқының көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынова апамыздың мына өлең жолдарымен ұстазға деген құрметті көрсеткім келеді :
«Ұстазсыз жанда сөнбек күн
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін көріп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын , жігер күт
Ұстазым, сенің әр күнің
Әр сәтің тұрған, бір ерлік»
Салтанат Асқаровна анаңыз туралы жазылған мақалаңыз Керемет! Сіздің анаңызға деген махаббатыңыз, мақтанышыз бәрі-бәрі осы мақалада. 
29 ноября 2020 12:29
Дидар

Үлгі боларлық Ана. Өзінің қажырлы еңбегімен жас ұрпаққа өнеге берген Ана,ұстаз. Осындай Аналарымыз ұзақжасасын.
28 ноября 2020 22:24
Гульмира

Апамыз ардакты Ана, улагатты устаз, Батыр Ана, ардакты Аже

28 ноября 2020 21:41
Сара

аАнамызбен мақтанамыз.Анамыздың дара жолы кейінгіі ұрпаққа үлгі өнеге..Дені сау болып əлі де ұзақ ғұмыр тілеймін.

Последние комментарии

15 сентября 2025 19:43
Ардак
Абила бүгінде үлкен жанұяның акжаулықты анасы отау тіккеніне 40 толып ұрпақ рахатына бөленіп отырған бақытты жансың...
14 сентября 2025 21:51
Nursultan Naukenov
Менің Анам Алтын! Аллах Разы Болсын!...
14 сентября 2025 12:57
Рвйса
Сәлеметсізбе Абила апа бүгінгі күн ағатаймен шаңырақ құрғаныңызға 40 жыл толып жатыр екен алла сіздерге зор денсаулық...