Асылбекова Эльмира

Рейтинг:


Білікті зертхана меңгерушісі


      Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін – ең алдымен мамандығыңызға деген ынта керек. Мамандыққа деген ынта мен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Құлшыныспен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Ендеше, өз саласының қыр-сырын жетік біліп, бүгінде құрмет пен абыройға бөленіп жүрген жанның бірі, білікті маман, қой шаруашылығы өнімдерін талдау зертханасының меңгерушісі  – Эльмира Бекбауовна. 
      Ойы жүйрік оқырман назарына батыл кейіпкеріміздің өнегелі өмір жолы мен үлгілі қызметтік саласының қызықты тұстарынан үзік сыр шертелік... 
      Эльмира Бекбауовна – Алматы облысындағы Жамбыл ауданына қарасты Шиен ауылының тумасы. Мейірбан жанның бақытты балалық шағының аспаны осынау киелі ауылының төскейінде өтті. Балғын күнінен білуге, үйренуге ұмтылған кейіпкеріміз мектеп табалдырығын ерте жастан аттады. 1975 жылы Шиен орта мектебіне қабылданып, 1985 аталмыш білім ордасын үздік аяқтайды. Түлек атанып, жаңа өмір белесіне қадам басқан бойжеткен қыз алып шаһар Алматы қаласындағы  зооветеринарлық институтына оқуға түседі. Студенттік өмірін малдәрігерлік мамандығынан бастаған ол – институт қабырғасындағы мәдени шаралардың басы-қасынан табылып, қоғамдық өмірге белсене араласты.       1990 жылы аталмыш оқу орнын ойдағыдай аяқтап, қайнаған өмірдің базарына аяқ басқан  Эльмира ең алғаш еңбек жолын – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылындағы қазақтың қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының проблемалық зерттеулер лабораториясы бөлімінде кіші ғылыми қызметкер маманынан бастайды. Жұмысқа білек сыбана кіріскен білімді жас қыз институт табалдырығында алған тәжірбиесін қызмет барысында сынап көруге бел буады. Өз жұмысын алғашқы күннен адал атқарып, жауапкершілігімен, ұқыптылығымен көптің көзіне түсе білді. 
      Әрбір маңдай термен атқарылған жұмыстың бір жемісі болады демекші, Эльмираның  ұзақ жылдар бойғы еңбегі еленіп, 2003 жылы ғылыми қызметкер санатына көтерілді. Сөйтіп, биязы жүнді қой бөлімінің қызметкері болды. Әр істі тың идеямен бастай алатын, алға жетелеп әкете алатын кейіпкеріміз бұл саланы да аз уақыт ішінде игеріп алады. Жұмыста өз әріптестеріне үнемі қамқор болып жүретін жаны абзал әйел талай құрбы-әріптестерінің алғысына бөленді. Өз ортасына сыйлы болып, дәйім құрметті жандардың жанынан табылатын. Бойындағы жігерлілігі жан жағын баурай алатын ол – 2006 жылы  өзін басқа қырынан көруге бел буады. Осылайша, тағы да құрметті лауазымға қол жеткізіп, зертхана меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 
      Зертхана жұмысының қыр-сырын меңгерген меңгеруші жұмысты алға тарту барысында көптеген тәуекелдерге аяқ басты. Жігерлілігі мен  табандылығының арқасында түрлі сындарлы кезеңдерден өтіп, зертхананың қалыпты жұмыс жасауына дәйім жағдай жасап отырды. Орындыққа отырған күнде де өз ізденісін жоғалтпады. 
      Эльмираның  ғылыми ізденіс жолында атқарған кәсібі мен қызметі көп-ақ. Айталық,  ЖШС «Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты»,  филиал Қ.Ү. Медеубеков атындағы «Қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» және «Қой шаруашылығы өнімдерін талдау» зертханасында қызмет атқарды. Еңбек ете жүріп, серпінді жоспарлар мен ойларды алға тартып, толағай табыстарға қол жеткізді.       Өмір өзгереді. Уақыт алға жылжиды. Соған байланысты көп нәрсе бас­қаша сипатқа ие болады. Бірақ кейіп­керіміздің ұстанымы, мінезі бірқалыпты. Сондықтан да жұртшылық оны үлгі тұтады. Ауқымында қаншама ізет-құрмет жатыр десеңізші. Тіпті, Эльмира Бекбауовна туралы, оның ғылыми еңбектері туралы жұртшылық әжептәуір ілтипат білдіре алады. 
      Жетістігінің өзі төбе еңбекқор кейіпкеріміз көптеген игі істерге бастамалық ете білді. Солардың ішінде айрықша тоқталып өтетініміз, оның  2001 жылы «Қазақтың солтүстік меринос қой тұқымын линиялар бойынша жетілдіру» тақырыбында, ауыл шаруашылық малдарын өсіру, оның селекциясы, генетикасы, төлдер есебінен көбейту мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағын алғандығын мақтана айтуымызға болады. Себебі, ғылымда кандидат атану екінің бірінің қолынан келе бермейтін, терең ізденіс пен табандылықты қажет ететін қадам.  
      Одан соң, Эльмира аталмыш жылдың тамыз айының 16-шы жұлдызында – Білім және ғылым министірлігі жас талантты ғалымдарға арнап, тағайындаған стипендияның лауреатты атанып, айналасындағы құрбы-достарын, жақындарын қуанышқа бөледі. Сонымен қатар, 2012 жылы жарық көрген «Қазақстан меринос» қой тұқымы атты, 2014 жылғы жарық көрген «Қазақтың биязы жүнді қойы тұқымының қаратал сүлесі» атты ғылыми зерттеу еңбектерінің авторы.       Қорыта айтқанда, 100-ден астам ғылыми мақалалары отандық және көршілес шетелдік (Ресей, Қырғызстан) басылымдарда жарияланған өз саласының танымал зерттеушісі. Эльмираның жоғарыда аталған елдерде жарық көрген еңбектерінде: 3 ұсыныстар, 1 брошюра, 1 кітап бар. Осыдан-ақ жаны жайсан, абыройлы қызметкердің биік белестерді межелі бағындырып келе жатқандығын көре аламыз. 
      Қарап отырсақ, тіршіліктің төл тебіреністері, өмірдің мәні мен ұғымын ұзартар қағидаттары барына қайрансың. Соның бір парасы бұрын көрмеген жанды бірден бойыңа жақын тартып, оның әрбір игілікті ісінен үлгі алуға болатындығын ойға алу. Ендеше, еліне адал қызмет етіп, қой өнімдерiн талдау жолында аянбай тер төгіп жүрген зертхана меңгерушісі – Асылбекова Эльмира Бекбауовнаға мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Халықтың ыстық ықыласы мен алғысына бөлене беріңіз!..
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
20 октября 2021 17:06
Зауре

Творческих успехов и благополучия в семье 😍😍😍
20 октября 2021 17:04
Жанар

  1. 🥰🥰🥰🥰🥰 жұмысыңыз алға баса берсін
20 октября 2021 17:04
Эльмира

Керемет, тёзка ! Тек Алга!
2 февраля 2021 20:12
Гульшарат

Жарайсың, тек қана алға

Последние комментарии

1 ноября 2025 08:58
Назым
Гульбану Жоламановна творит чудеса.  Она знает ключ к счастливой жизни — и щедро делится им с другими. Классная женщина...
16 октября 2025 07:21
Людмила
[hide] [/hide Евгений! Вопрос: в далёком детстве Вашем Вы были в Монголии?? 1975-1980гг. Я из Москвы, ищу своих... если...
4 октября 2025 14:45
ERLAN
Барака Аллаху фикум пусть Аллах сделает болгим в обеих мирах твой труд и старание для людей ради Аллаха...