Сейтбекова Ильмира

Рейтинг:
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол –мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»


      Ғаламның барлық мамандықтары тәлім мен тәрбие, білім алатын бірден– бір жан ол – ұстаздар. Мұғалім ол мектептің жүрегі, оқушының білім жолындағы анасы. Ұстаздар жүректерден ерекше орын алып, мейірімін жан баласынан аямайтын ардақты тұлғалар. Талдықорған қаласы, Панфилов ауданында 1972 жылы 25-қыркүйекте дүниеге келген Сейтбекова Ильмира Тұрлановна аяулы ұстаз. Жоғары білімін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Тарих және география» факультетінен алып, үздік бағамен аяқтаған.  Жұмысын жанымен сүйетін ұстаз, еңбек ету барысында талай жетістікке жеткен. Еңбек жолын Ғ.Мустафин атындағы орта мектепте бастаған. 2007 жылы Сүйінбай атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі ретінде еңбек етті. Кішкентай бүлдіршіндерге ерекше махаббатымен білім беріп, сүйікті ұстаз деген атқа да ие бола білді. Қиындығы мен қызығы қатар жүрер ұстаздық жолында көптеген жетістіктерге жеткен. Жауапкершілігі жоғары мамандықтың иесі болу үлкен сұранысты талап етеді. Әр баланың өміріне аса мұқият қарап, әрбіріне біліммен қатар тәрбиені де берген. Үлкен еңбек өзін ақтамай қоймайтындай, мұғалім дәрежесінен 2013 жылы  Ш. Уалиханов атындағы орта мектепте директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұл еңбек баспалдағындағы бастапқы және үлкен жетістіктерінің бірі еді. Тек бірнеше ғана емес, мектеп табалдырығын аттаған әр баланың өміріне ерекше ат салысты. Кейін 2015 жылы Жамбыл атындағы кәсіптік колледжінде директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. Ұстаз – қай жерде де ұстаз. Мектепте де өз қабілетін сынап, шыңдарды бағындырған ұстаз колледж студенттерімен де тез тіл табысып, өзіндік орыны бар ұстазға айналды. Оған дәлел ұстаздың жеткен бірнеше жетістіктерінде. Облыстық, аудандық «Алғыс Хаттармен» және дарынды оқушылардың жетістіктерінің нәтижесінде «Үздік директор» медалімен марапатталған.Тек бір ғана емес, қаншама жасөспірімнің өміріне, біліміне ат салысқан ол – мемлекет атынан ғана емес, балалардың ата – аналарының алғысын алып, батасына бөленіп жүрген сыйлы ұстаз. 
      Қазіргі таңда Сейтбекова Ильмира Тұрлановна – 2017 жылдан бастап Сүйінбай атындағы орта мектеп директор қызметінде. Ұжымда 81 ұстаз қызмет атқарады. 861 оқушы білім алып тәрбиленуде. Жыл сайын оқушылар мектепті аяқтап, жоғарғы оқу орнына түсуде. Ұстаздар жан – жақты дамыған, бірнеше мамандықтың иесі бола алатын жандар. Өз сабағына жоспар құрып, сценарий жазған ұстаздар режиссер, сабақты көңілді өткізу үшін түрлі кейіпкер рөліне кіретін актер, тіпті бала жанымен сырласып, тілін ұғатын, ақылын айтатын психолог та бола біледі. Ильмира Тұрлановна осы сөзге дәлел бола алатын жан. Себебі жаны білімді сүйетін ұстаз, қазіргі таңда мектеп директоры. Демек, ұстаз басқару қызметінде алғыр атқарады деген сөз. Қандай ғажап, жан – жақты дамыған мамандық десеңізші. Керемет директор екенін мектеп жеткен қаншама жетістіктерден, түлектердің жоғары оқу студенттері болуынан, ұстаздар саны көбейуінен - ақ көруге болады. Себебі жақсы басшы, өз ортасын үнемі алға тартып, биіктерден көрсетеді.
      «Келер  ұрпақ алдында  зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда ұстаздарға үлкен үміт артатынын білдіреді. Қазақ халқымыз ұстазды сыйлаған дана халықпыз. Әр ана өз баласының ұстазы. Ал, әр ұстаз бар баланың анасы. Ильмира Турлановнаның аясында балалары қаншама. Бәріне бірдей білім берумен қоса, мектеп білімінің артуы мен ақуалы жақсаруына күннен – күнге үлесін қосуда. Халық сенім артқан себепті де, ұстаздар білім сапасын көтеруге бар күштерін жұмсайды. Өмірлік ұстанымы – «Еңбекпен арманыңды ардақтап, еңбекпен өміріңді өрнекте!»- дейді, демек ұлы ұстаздың мектеп қабырғасының биік қаланып, өмірге азық болар білім нәрін жас ұрпаққа беруі үшін үлкен еңбек пен талапты қажет етеді. Оны еңбектегі сара жолынан айқын көре аласыздар. Еліміз дамып, өркендеуі үшін үлес қосып жүрген осы абзал жандар. Мектеп ұстаздарынан қадағалап қарап, бар сұрайтыны әлемдік  білім  кеңістігіне  бірігіп,  білім  беру  жүйесін  халықаралық  биікке  көтеру. Бұл ұстаздардың ұлы міндеті. Ұстаздар сабақ өткізіп ғана қоймай, оқушысын ұлы адам қылып шығару парызы. Ұстаздан шәкірт озса, ұстаздың өмірлік еңбегінің ақталғаны деп білемін. «Үздік директор» медалімен марапатталған Ильмира Тұрлановнаны ұлы  ұстаз екенін мектеп оқушылардың жетіп жатқан жетістіктерінен байқауға болады.       «Ғалым да, шахтер де бас иетін,Ұстазым, бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …» халық жырының бастауы, асыл бейнесі, қазақ елінің сенімінің басты үміті ол – ұстаздар. Ұстаздардың сабағы жемісті болуы үшін, әр ұстаз өзіндік бір жетістікке жетуі үшін жасап жатқан жұмыстары орасан зор. Ұстаз сәттіліктің бастауы болса, шәкірті де талай жеңістің жеңімпазы болары анық. Халық айтса, қалып айтпайды демекші, «ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады», - дейді халық даналығы, ұстаздың жеткен жетістігі, талай шәкіртінің де сәттіліктің досы боларын көрсетеді. Бар ғұмырын білімге арнаған мұғалім дара жолы өте терең әрі баға жетпес. Қазақ халқының ертеңіне айналар ұландардың өмірлік жолында ат салысу, мемлекетіміздің ертеңіне ірге тас қалауымен тең дер едім. Елін сүйетін ұлы тұлға тәрбиелеген ұстаздарымыз, елінің сүйіктісі болары анық. Ол – сүйікті ұстаздар қатарында. 
      Ұстаз Ильмира Тұрлановнаның өмірлік жан – жары да ұстаз. Жолдасы – Турапов Данияр Сабыралиевич. 1967 жылы 23 наурыз айында өмірге келген. Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылының тумасы. Білімі – жоғары. Қазақ дене шынықтыру мәдени институтын бітірген. Мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бала денсаулығының кепілі спортты жанына медеу қылған ағамыз, дене тәрбиесін бала жанымен серік ету жолында. Мектеп балаларына ғана емес, өз балаларына да керемет ана болғанын, қос бүлдіршінінің жеткен жетістіктерінен көре аласыздар. 
      Ұлы – Сабыралы Темірлан Даниярұлы. 1995 жылы 27-і сәуірде дүние есігін ашқан. Сүйінбай атындағы орта мектептің үздік түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тамамдаған. Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасында жұмыс жасайды. Мұғалімдік жолда болмаса да, білім жолын үздік аяқтап, қазірде өз маманының хас шебері атанған ұстаздың ұлы шаңырақ көтерген. Ол – анасы сияқты мейірбан, аяулы жан ұстазға үйленген.Ұстаздың келіні – Орынбасар Ақмарал Сейтқазықызы. Шет тілі пәнінің мұғалімі. Ұлы Темірланнан кішкентай немересі – Тэмуджин.
      Ильмира Тұрлановнаның қызы – Сабыралы Айдана Даниярқызы, 1997 жылы 19 шілде айында өмірге келген. Сүйінбай атындағы орта мектепті «Алтын белгі» иегері атанып аяқтаған. Ұстаздың қос баласы да мектепті үздік аяқтаған. Бұл әрине ұстаз ананың жемісі, жетістігі. Айдана «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық Университетін үздік бағада тәмамдаған. Мектеппен қатар, университетті де үздік аяқтаған Айдананың білімі анасының ақ сүтімен дарып, өмір жолында үлкен көмегін тигізді. Қазіргі таңда Сүйінбай атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Анасы мен әкесінің жолын қуып, ардақты мамандық ұстаздықты таңдаған біздің кейіпкер де абзал мұғалім, ұлы ұстаз болатынына сеніміміз мол. 
      Мектеп қабырғасында өзі ғана емес, жолдасы, келіні, қызы да қызмет атқаратын Ильмира Тұрлановна отбасы нағыз құрметке лайық ұстаздар отбасы. Балаларының білім жолында жоғары орында тұруы ең алдымен Ильмира Тұрлановна ерең еңбегі мен тамаша ұстаз екендігінің дәлелі. Ал, мектеп қабырғасындағы қаншама оқушыларыңда жетістікпен түлек атанатынына күмәніміз жоқ.       Ильмира Турлановнаның әлі де қаншама дарынды балалар тәрбиелеп, мектептің сапасын ең жоғары дәрежеге көтеретініне сеніммен айта аламыз. Себебі ұстаз жаны өте көркем, жүзі жылы және жүрегі мейірімге толы, ал еңбегі ерен. Қазақтың дана ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік хәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай - ақ серттесуге болады». Ильмира Тұрлановна басқарып отырған білім ордасы биіктерден көрініп, талай жас ұрпақтың жетістікке бастау алған мекені боларына нық сенімдіміз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
11 февраля 2021 23:00
Айжан

Илмира Турлановна жұмысыңызға сəттілік тілеймін.Жас ұрпақты тəрбиелеудегі орасан зор еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін.Тек қана алға!
11 февраля 2021 16:33
Айман

Ильмира Турлановна! Ұлағатты ұстаз, Сізге мың алғыс. Менің екі ұлдарымның алғашқы әріп үйреткен сүйікті ұстазы! Еңбегініздің жемісін көре беріңіз. Балашағыңыздың рахатын, жаксылығын, бақытын көріңіз! Шын жүректен бар жақсылықты тілеймін!
11 февраля 2021 10:36
Erke Karimbaeva

Жаным апайым 😍❤️🥰
11 февраля 2021 09:24
Гульвира

Әрдайым биіктен көрініп, табысыңыздың жемісі білімді түлектерге толы болсын.
10 февраля 2021 08:28
Жанар.

Құрметті Ильмира Турлановна! Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз.Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді де сабырлы мінезге, салиқалы салмақты ақылдылыққа тәрбиелегеніңіз үшін сізге  мың алғыс.
Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін.
10 февраля 2021 01:08
Айдана

Ильмира Турлановна, сізді шын жүректен құттықтаймын! Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз! Жадыраған жүзіңізден күлкі кетпесін! Отбасыңыз аман, мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!❤️
9 февраля 2021 17:52
Айдана

Ильмира Турлановна, сізді шын жүректен құттықтаймын! Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз! Жадыраған жүзіңізден күлкі кетпесін! Отбасыңыз аман, мерейіңіз үстем болсын!❤️
9 февраля 2021 14:42
Балауса

Ильмира Тұрлановна еңбегіңіз жана берсін, бұданда биік биік шыңдарды бағындыра беріңіз.  Сізді тек үлгі тұтамыз мақтанамыз. Өз басым ұстаздығыңызбен қоса сүйікті жар, аяулы ана, жүрегі кең ене ретінде үлгі аламын..... Ең бастысы денсаулығыңыз зор бақытты болыңыз!

9 февраля 2021 13:12
Назипа

Курметти Ильмира Турлановна! Сизди  "халыкаралык табысты  азаматтар " сайтына кируинизбен шын журектен куттыктаймын. Ильмира Турлановна улагатты устаз, нагыз басшы, аяулы ана . Мектебимизди   алга  жетелер  басшысы. Кандай жагдай болсада комек берип, устаздын, шакирттердин, баскада кызметкерлердин  жанында трек болып  журетин  абройлы басшы. Сизге шыгармашылык  табыс, зор ден- саулык, кажымас кайрат , жануянызга шаттык , береке тилеп жулдыздай жаркырай бериниз  демекпин.
9 февраля 2021 12:29
Жубаныш

Ильмира Турлановна еңбегіңіздің жемісін көріңіз ұжымды асқан шеберлікпен басқарып үлкен беделге иесіз сізге шығармашылық табыс тілеймін
9 февраля 2021 11:47
Айжан

Біз сізден үлгі аламыз және сізбен мақтанамыз!
8 февраля 2021 18:22
Алия

Ильмира Тұрлановна,біз сізді мақтан тұтамыз!Сізден үйренерімізде мол,бізді барынша алдыға тартып, бар білгеніңізді үйрентіп келесіз,рахмет сізге
8 февраля 2021 18:11
Гүлнар

Илмира Турлановна ұлағатты ұстаз, білімді білікті басшы, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді бойына молынан сіңіре білген,жан дүниеңді түсініп,басшы болсада қажет кезде жаныңнан табылатын қасиетті жан.Еңбегіңіз әрқашан еленіп,биіктерден көрініп, бала-шағаңыздың рахатын көріңіз деп шын жүректен тілеймін Сізге!!! Сізден басшым болғанына мыңда бір алғыс!!!

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...