Карамат Пердешқызы

Рейтинг:
Карамат   Пердешқызының тұлғалық-сапалық болмысыда қазыналы.

      Қазақ әйеліне тән биік сана мен сезім тазалығы, әдепті қылығы мен орта талабына сай қасиеттері  ғасырлар бойы талай сыннан өткізіліп ұлтымыздың қыз, бойжеткен, ана, әйел, әже, ел анасы тұлғаларына лайықты тұрпаты мен жан дүниесіне қойылатын нормаға айналған талаптар Карамат Пердешқызында  қалыптасқан. Олар бабалар даналығын дәлелдейтін қасиеттер. 
      Ұрпағы алдында ғана биік тұлға ретінде, өз ортасында ғана танылумен шектелмей, адами, азаматтық келбетімен еліне танылып жүрген  Карамат Пердеш қызы осы заманда да қазақ әйелі алдына қойылған талаптарды – бабалар аманатын арқалап, отбасы мен қызметтік ортасында қазақ әйелі деген биіктіктен орын алып отыр.
      Оның себебі неде? Ондай қажеттілік қайдан туындады? Екі сұраққа бір жауап. Тектілігімен танылған туып-өскен отбасынан алған өнеге. Әкесі Құлымбетов Пердеш, анасы Салтанат екеуінің де ата-анасы би болмаса да би түсетін үйден шыққан жандар. Көпті көрген, ел мен жер құндылығын, рух биіктігін пір тұтқан адамдар балаларының бойына сол қасиеттерді дарыта білген. Соның арқасында қазақ еліне Кеңестік дәуір келгенде Караматтың әкесі де анасы да Ташкент педагогикалық техникумында оқыған. Әкесі Пердеш одан кейін Москва қаласында өз білімін жетілдірген. Шыршық, Ташкент, Бұхара,Қарақалпақстан облыстарында мектеп директоры бола жүріп  бірнеше  қазақ  мектептерінің    ашылуына өз үлесін қосқан. Жоғарғы Шыршық ауданының  Қорсай ауылындағы қазақ  орта мектебімен орталық көше аты  қазірде Пердеш Құлымбетов атымен аталады.          Карамат отбасының тұңғышы ата-ана кәсібін жалғастырамын деп Ленин атындағы Орта Азиялық мемлекеттік университетінің биология мамандығына оқуға түсіп, онда сабақ берген Москва, Ленинградтан соғыс жылдары Ташкентті паналаған ғалымдардан дәріс алған. Білікті ұстаздар белсенділік танытқан студент Караматты ғылым тұңғиығына жетелеп, қызығушылығын оятқан. Ақыры Қазақ ССРі Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институтының аспирантурасына күндізгі оқу бөліміне түсті.
      1994 жылы Москва И.М.Губкин атындағы мұнай және газ өндіру мемлекеттік академисының Арнайы Кеңесінде кандидаттық диссертация қорғап, химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
      Білім мен ғылымға деген қызығушылық  Карамат Пердеш қызын  химия әлемі оқу бітіріп жұмыс жасаған жерлердің бәрінде де: Қазақстан Қаракөл ғылыми-зерттеу,   Қазақстан Ауылшаруашылық,   Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институттарында, Семей мемлекеттік медицина институтында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушылық  қызметтерде жан-жақты тәжірибе жинақтауға мүмкіндік табумен шыңдалды. 
      Аталған істердің бәрі отбасылық-тұрмыстық шаралармен қоса, балаларды дүниеге әкеліп, оларды өзі көрген өнеге жолымен, ене үлгісімен өмірлік жолға салумен ұштастырылып отырды. Ал ең бастысы – отағасына, жан жарына көрсетілер құрметі. Ол адам тек елге ғана әйгілі емес.  Ғылыми табыстары арқасында шетелдерде танымал болып, білім беру саласында көптеген университеттерде дәрістерімен ұстаздық орнын тапқан химия саласының майталманы. Ол Капица атындағы Ресей мемлекетінің жоғары атағына, Сократ атындағы алтын медальді Лондон ғалымдарының қолынан алған ғалым Әбдімұса Қуатбеков. Сондай адамның рухани демеушісі, ғылыми аймағы шекарасының сақшысы, балалары мен немерелерінің өмірлік өнегесі болуына басты ықпал етуші – Карамат. 
      Жар сыйлауды, азамат қадірін арттыра білуді, жүрек сырының кілтін, жастығын, махаббатын, өмірінің бар базары мен арманын, сыр санды-ғын кілтімен бірге өмір серігіне сеніп тапсыру арқылы әйелдік бақытын тапқан Карамат осындай.       Әйел-Ана ісі тек бала тәрбиелеп, жар күтумен шектелмейтіндігін,   бүгінгі ана, нағыз қазақ анасы - қоғамның белсенді мүшесі ретіндегі аса маңызды рөл атқара алатынын Карамат бейнесінен тапқандаймыз.
      Іскер әйелдің өзі қандай, отбасылық тұрмысы ше? Оның сыртқы тұлғасы мен ішкі дүниесі үндестікте деп айтуға болады. Ол өте сымбатты. Қазақ қыздарында сирек кездесетін сұңғақ бойлы. Жанарына көз салған адам қапелімде сезімін жасырада алмай қалады. Тек ол ер адамды есінен тандыра ғашық ететін көркі емес, жанының тазалығы, табиғи бітім-болмысы, әр әрекетке барар қадамын ақылмен сараптап басатын сабырлығы арқылы өзіне кімді де болса тарта алады. Ал баяу үні, әсіресе қоңыр дауыспен тек өз ортасында салатын әні арқылы да тартымдылығын арттыра алады. 
     Жан дүниесін мұқият реттеген. Беймазалыққа,  ашу, ренішке  жол бермейді. Рухына көлеңке түсіріп, бойын билетпейді.Әрқашан сабырлық сақтау арқылы,   не де болса төзімділік байқатып, таусылып сөйлеу дегенді, дауыс көтеріп төмендік байқатуға бармайды.Бұл нағыз қазақ әйеліне тән осалдық білдіруді мінезсіздік пен көргенсіздік деп танитын адамның қасиеті.
      Дүниедегі ең басты байлық денсаулық деп таныған Карамат ауыл адамдарына аса қажет мамандық – медбикелік екенін ескере отырып,   колледж ашуды дұрыс деп ойластырды. Бітірушілер қалаға емес, ауылға қызмет ететін, ауыл өмір салтын білетіндер болсын деген мақсатпен көне мекен Ақсукенттен колледжге орын табылды. Көптеген ұйымдастырушылық қиындықтары сәтті аяқталып, 15 жылдан астам уақыт білікті мамандар даярлауда. Сұраныс жоғары. Жұмыссыздары жоқ. Медакадемияға түспегендердің бәрі медицина мекемелерінде қызмет етеді. Оқуда аттестациялардан сәтті өткен студенттер, еңбек орнында алғыстарға ие. Осындай дәрежеге жету үшін Карамат Пердеш қызы білім алу мүмкіндігінің барлығын жоғары сапада қамти алды. Еңбектегі абырой – қызмет адалдығы мен халық қажеттілігімен санасуға байланысты екендігінің дәлелі осы.
      Қарамағындағылардың кемшілігін емес, кеңдігі мен артықшылығына көптеу назар аударып,  қызметкерлердің жақсылығын айта отырып жігерлендіруді, аз ісін жоғары бағалап, еңбекке деген құштарлығын арттыра білуі – ол халықтың педагогикалық ұстанымын игергендігі. Үлкеннен өнеге алудың нәтижесі. Ендігі жерде өз тарапынан кішілерге көрсетер жеке өнегесі. Көргенділік пен тәрбиелілік сабақтастығын сақтау жолы. Караматтың адамдығы мен нағыз ана  қасиеті. 
      Карамат ананың өміріндегі ең үлкен құндылық –отбасы мен ұрпағы. Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте төрт ұлды дүниеге әкеліп, оларды әкесінің өнегесімен өмір жолына салып, төртеуінде хан тағына жеткізді. Ал Карамат болса, бір ұл мен екі қыздың анасы. Балалары бұл күнде азаматтығымен, білімділігімен, тек өз өміріне ғана емес, үлкен ұжымды басқару  шеберлігін игеріп, қызметтік абыройымен танылған адамдар.       Үлкен ұлы Нұрлан –«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»деген қазағымның қанатты сөзін жанына серік етіп ерте ғылыммен айналысып техника ғылымдарының кандидаты атанды.   Бүгінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар Достығы Университеті президенті қызметін атқарып жастардың заманауи бәсекеге қабілетті білім алуына мол мүмкіндіктер ашып, университет базасын  заманға сай, озық  қалашық үлгісіндегі корпус салып әке аманатына қиянат жасамай биік белестерді бағындырып жүр. Әке мінезінің асылдарын бойына сіңірген, сабырлылығы мен байсалдылығы арқасында жаста болса ірілік таныта алатын азамат. 
      Қызы Рабиға жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен, білім саласындағы ілгеріліктерден қалыспай, білім беру ісіндегі жаңашылыдықтардан тыс қалмауды мақсат тұтқан ұстаз-жетекші. Табиғаты мен ата-анасынан дарыған қасиеттері арқасында медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары  Академиясының академигі.Бүгінде әкеден алған өнегемен анадан алған тәрбиені үлгі ұстап жаста болса бір мекемеге бас болып университет ректорлығын қолға алып тынымды тірлігімен ел сенімін ақтауда. Ал ең бастысы өзге университеттермен білім сапасынан бәсекеге түсе алатын мүмкіндіктерін ескеріп, академиктер мен ғылыми дәрежелі ғалымдар, тәжірибелі ұстаздарға сеніп оқуға түскен Өзбекстан, Монғолия, Түркия, Қытай, Ресей мемлекеттерінен келген жастар. 
      Үлкен қызы химия ғылымдары докторы Роза Абдімұсақызы Академик Ә.Қуатбеков атындағы  Халықтар Достығы Университеті экономикалық сұрақтар бойынша проректор  және университет жанынан ашылған  «Достық» колледжі директоры. 
      Бір отбасында үш академик, екі кандидат болуының өзі биік белес, жасампаздықтың белгісі. Барға қанағат деп шектелмей, шекарасыз ақпараттық кеңістігінде білім мен бейімдерін шыңдап, технократиялық заманның иірімдерін игерсе де, адами қасиеттердің үстемдігін сыртқа теппеген. 
       Балалары басшылық қызмет атқару барысында қарым-қатынастық мәдениеті мен қазақ үшін ең биік қасиет – мінез байлығына мән беріп келеді. Өйткені ата-анасынан көргені –       абырой қалта байлығында емес, адал еңбекте, сыйластық- ізеттілікте, ұлтының ұлтаны бола білуде.    
       Сондай биіктерге жетелеп, балаларының арманын тежемей, ұрпақтарының   бақыты үшін өмірдің барлық ауыртпалығын қара нардай көтеріп, мойымаған ана -  Карамат.
      Карамат Пердешқызы өмір барысында кездесетін кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан ғана қарайтын басшы ретінде қала, облыс, республика аймағына кең танылған тұлға. Өзі басқарып отырған білім мекемесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, білім беруді ақпараттандыруда үлкен жетістіктерге жетуде, Ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығуда да үлгі тұтарлық жетістіктер баршылық.
        Карамат Пердешқызының тікелей қамқорлық басшылығының арқасында шығармашылық ізденістегі, кәсіби біліктілігін шыңдайтын жеке көзқарастары бар және оны қорғай алатын жігерлі болмысты, зеттеушілік қабілеті қалыптасқан, теориялық білімдерін күнделікті істерде қолдана білетін, шәкірттерін өз бетінше білім алуға баулитын жоғары санаттағы кәсіби ұстаз-педпгог мамандардың қатары көбеюде. Карамат Пердешқызы- ұстаздардың ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптама-талдамалық қабілеттерінің қалыптасыуына, дамыуына жан-жақты жағдайлар жасауда үлгі-өнеге танытып келе жатқан тұлға. Карамат Пердешқызының басты ұстанымы рухани дүниесі бай, ден-саулығы мықты, азаматтығы гуманизммен ұштасқан, инновациялық, әлеуметтік- мәдени өзгерістерге қабілетті патриоттық сана-сезімі қалыптасқан ел болашағы жастарды тәрбиелеуге, білікті мамандар даярлауға аянбай қызмет ету ғана болғандықтан ерен нңбегі қандайда бір болмасын марапатқа бірден-бір лайық.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
14 февраля 2021 23:36
Гулжамал

Мәртебеңіз бұдан да биік болсын!
 Алла сізге жар болсын!
12 февраля 2021 23:34
Ақбаян

Тек биіктерден көріне беріңіз. Тек алға
12 февраля 2021 21:55
Батырбек

Дана халқымыз"Жақсының  жақсылығын айт-нұры тасысын"деген.Сіз талай белестерді бағынтырып,үлкен жетістіктерге жеттіңіз.Нағыз батыл,білімді,еңбекқор әйел,мейірімді ана,Ұлағатты ұстаз бола білдіңіз.Әрине,бұл еңбектің арқасы.Өзіңізге тек,зор денсаулық,қажымас қайрат,отбасыңызға баянды бақыт тілеймін.Қашанда мерейіңіз биік,мәртебеңіз үстем болсын!

12 февраля 2021 21:06
Оналбаева Карлыгаш

Керемет жұмысыңыз шыңдала берсін
12 февраля 2021 21:00
Эльмира

Сіздің білім беру саласы мен ғылым жолында жеткен жетістіктеріңізді әлем деңгейінде бағалап,мерейіңізді үстемде отырғаны мен шын жүректен құттықтаймын!Біз сізді мақтан етеміз.Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.Халықтың ыстық ықыласына бөленетін тұлғасыз!Әрқашан да биік шыңдардан көрініңіз,абыройыңыз асқақтай берсін!Сондықтан Өзіңізге зор денсаулық,отбасыңызға амандық,осылай абырой биігінен ұзағынан көрініп жүре беріңіз деп тілеймін!
12 февраля 2021 20:49
Макпал

Енбегинизге САТТИЛИК денинизге САУЛЫК исинизге ТАБЫС тилеймин
12 февраля 2021 20:40
Тұрсынай

Керемет өсе беріңіз 

12 февраля 2021 20:34
Бакытгуль

Ұстаздық жолыңыздың жемісін көріңіз
12 февраля 2021 20:32
Banu

Енбегіңіз еселене берсін 💐
12 февраля 2021 20:30
Айнур

Тек биіктерден көрініңіз,еңбек жолында қайнатыңыз талмасын.
12 февраля 2021 20:27
Гулжанат

Еңбегіңіздің жемісін көріңіз🙏
12 февраля 2021 16:33
ЗАМЗАГУЛЬ

ЖЕЛАЮ ПОБЕДЫ👍🏻
12 февраля 2021 13:37
Нурида

Сіздің білім беру саласы мен ғылым жолында жеткен жетістіктеріңізді, әлем деңгейінде бағалап,мерейіңізді үстемдете отырғаны құтты болсын!!! Осындай ел игілігі үшін маңызды білім саласында көп қызметтер атқарып келесіз. Халықтың ыстық ықыласына бөленетін тұлғасыз. Әрқашанда биктен көріне беріңіз, абыройыңыз асқақтай берсін! 
12 февраля 2021 11:02
Акмарал

У казахов есть одна замечательная фраза:"Жаксы айелден жаксы ул туса - букил ел таласады". Глубокий смысл именно в словах "Жаксы айелден". Если женщина знает свое истинное предназначение и живёт, отдавая всю свою любовь и мудрость семье, работе и окружающим, то она однажды становится по-настоящему Великой. Она становится не только женой известного Академика, не только матерью успешных детей, не только сильным руководителем огромного учреждения, но и человеком, которым не перестаёшь бесконечно восхищаться, который становится примером во всем и у тебя захватывает дух от того, что ты знаком с таким человеком. И для меня все это - Карамат Пердешовна, про которую я могу сказать только одно - ВЕЛИКАЯ И НАСТОЯЩАЯ ЖЕНЩИНА!
11 февраля 2021 22:11
Джуманова Нурида

Сіздің білім беру саласы мен ғылым жолында жеткен жетістіктеріңізді әлем деңгейінде бағалап,мерейіңізді үстемде отырғаны мен шын жүректен құттықтаймын!Біз сізді мақтан етеміз.Еңбегіңіз еселенсін ел үшін.Халықтың ыстық ықыласына бөленетін тұлғасыз!Әрқашан да биік шыңдардан көрініңіз,абыройыңыз асқақтай берсін!Сондықтан Өзіңізге зор денсаулық,отбасыңызға амандық,осылай абырой биігінен ұзағынан көрініп жүре беріңіз деп тілеймін!
11 февраля 2021 08:48
Мадина Абикешева

Карамат Пердешкызы замечательная женщина- настоящий педагог, творческая личность, талантливый ученый, требовательный руководитель и организатор! Здоровья и долгих лет жизни!
10 февраля 2021 22:05
Аман

Қазіргі жастарға және орта буын ел азаматтарына үлгі болатын тұлға! Жеткен жетістіктер мен дәрежелер бұл  тек үлкен еңбектің арқасында емес, адами қаситтер мен әйелдік көрегенділік,даналықтың арқасы шығар. Карамат апамыздың дені сау болсын, өмір жасы ұзақ болғай,  әліде бір белесті бағындырады деп сенеміз👏 
10 февраля 2021 21:38
Курмашкуль

Еткен енбегиниздин жемиси бул аман болыныз 
10 февраля 2021 21:16
Амина

Карамат Пердешовна, поздравляю Вас. Вы, действительно, человек с большой буквы. Талантливый человек- талантлив во всем. Это словоизречение относится к Вам всецело. Для меня  было честью работать под Вашим руководством. Вы Педагог с большой буквы! Спасибо за ту материнскую заботу и любовь, которую Вы оказывали мне! Дай ,Аллах, Вам здоровья и долголетия, счастья и процветания Вашему роду.! Благодарю!
10 февраля 2021 20:10
Бауыржан

Ұлағатты ұстаз еткен еңбегіңіз еселі, тәрбиелеген шәкірттеріңіз жетістігі көп болсын

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...