АЙДОС САҒАНАЕВ

Рейтинг:
Білікті имам

      Қазақта қайырымдылық адамгершілік қасиеттердің ұлысы болып табылады. Ізгілік пен адамның адамға деген таза ниетін білдіретін мейірімнің бір үлгісін ұлтымыз ерекше бағалаған. Қайырымдылықпен айналысатын жандарға ерекше көзқараспен қарап, төрден орын ұсынған. Ниеті жақсы жандарды қайырым жасауға бағыттауда діннің де рөлі жоғары болып тұр.
      Қазіргі таңда дін дегеніңіз адам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетінің арқасында аса өзекті мәдениет пен руханияттың  құрамдас бөлігі болып, аса құрметті санатта қарастырылады. Біз қашанда ұлттың бүгіні мен келешегі – білімді жастың қолында дегенді жиі айтамыз. Өзінің туған  тілінде сөйлеп, тарихын терең зерделеп білетін, туған ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ  ел болашағын одан әрі дамытып, қалыптастырады деген түсінік бар. Осы ретті жастардың бойына руханилық қасиетін сіңіріп, жан-жақты етіп тәрбиелеуде діннің ықпалы зор екені айтпаса да түсінікті. Бүгінгі таңда жастар қайырымдылық жасап, ізеттілік көрсетуге асық. Оған қоса дінге деген жастардың қызығушылығы күннен- күнге артып келе жатыр.Өзгеге қайырымдылық жасап, соңында жақсылығын көруге асық жастар қаншама. Көпшіліктің «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» -дейтіні де, сондықтан. Жалпы, қоғамда қайырым жасауға асық жандар көп. Қарағанды облысының, Жаңаарқа ауданына қарасты, Атасу кентінде дүниеге келген Айдос Сағанаев қайырымдылық жасағанды ұнататын жан. Алғаш мектеп табалдырығын аттап, 1986-1992 жылдары Атасу кентіндегі
      В. Ленин атындағы мектепте тәлім алған. Жастайынан оқуға құштарлығы артқан жас жан-жақты тәрбиелі болып өскен. Әсіресе, кітапқа құмарлығы мен діни білімге деген қызығушылығы жоғары болған. Мектепте оқып жүрген уақытында ғылым мен білім алуға ерекше мән беретін ислам дінінің дамуы мен қалыптасуы қызығушылығын арттырған.
      Осы орайда имамдардың «Құранның ең алғашқы бұйрығының «Оқы!» -деп, келуінің ерекше мәні бар. Жалпы Құранда «білу»- деген, мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз өтеді»- дегенін, тілге тиек еткен жөн. Осының өзі Айдосқа ерекше ой салып, дінге деген қызығушылығын арттырған.
      Айдос Жаңаарқа ауданына қарасты, Ақтасты селолық округінде И. Жарылғапов мектебін тәмәмдаған уақытта болашақ мамандықты рухани әрі діни саламен байланыстырып, таңдауға деген ықыласы жоғары болды. Жастайынан игілік пен ізгілікті мақсат еткен өрелі жас мектепті үздік көрсеткішпен  тәмәмдады. Көптен ойланып, өзін толғандырған дін саласында білім алуды құп көрді. Сөйтіп, білім мен ғылымның тереңіне сусындауға асыққан жас 1996-1997 жылдары Шымкент облысы, Сарыағаш медресесінде және жекелей ұстаздардан діни білім игерді.Әр саласын түбегейлі зерттеу оның тереңіне үңілумен сипатталады. Айдос өз алдына діни рухани-құқықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы тұлғаларды үлгі етті. Діннің сан қырлы жағын зерттеген жоғары дәрежеге ие болған имамдардан дәріс алып, өзіндік пікірін қалыптастырды. Қоғамда орын алған әр түрлі әлеуметтік мәселелерге пікір қосып, ел мен жердің мәселесі қозған жиындарда азаматтық белсенділік танытып келеді.
      Әрине, ойлы жастың өзіндік ұстанатын белгілі мақсаттары бар. Жастар – біздің өмір сүріп отырған қоғамымыздың бір бөлшегі болып табылады. Әрбір жас келешек ұрпағымыздың жалғасы. Сондықтан, олардың тәрбиелі әрі салиқалы болып өсуі ең алдымен отбасылық құндықтарға тікелей байланысты. Осы орайда адамды мәдениет пен рухани тәрбиеге баулитын діннің рөлі зор. Қазіргі таңда көптеген жастар дінге бет бұрып жатқанын ескерсек, бұл қуанатын жағдай. Дінді дәстүрлі бағытта ұстанып, талаптарын жүйелі орындап жүрсе, әрине, нұр үстіне нұр. Осындай пікірді ұстанған жас 1997 жылы Жаңаарқа ауданы, Ақтасты ауылында имамдық қызметті   бастады. Кейін аттестациялау нәтижесінде «Бас имам» қызметіне тағайындалды.  Қызмет жолындағы  2002-2019 жылдары Жаңаарқа ауданы, Ақтайлақ ауылдық мешітінде бас имам қызметін атқарды. 2015 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жолдауымен қасиетті Мекке, Мәдине қалаларына барып үлкен қажылық парызын өтеп келді. Имамның 2018 жылы мұқтаждар мен мүмкіндіктері шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында көптің игілігіне жаңадан мешіт көтеру үшін «Ақтайлақ Ізгілік-2018» атты қоғамдық қор ашып, қоғаммен бірлесе отырып, мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарды және жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында қызмет атқаруда. Қазіргі таңда қордың көрсеткен көмегінің нәтижесінде 60 отбасы азық-түлікпен, балалар оқу құралдарымен киім- кешекпен қамтамасыз етіліп отыр. Бүгінгі таңда Ақтайлақ ауылында сәулеті, кен көлемде мешіт құрылысы аяқталуға жақын қалған көңіл қуантарлық жаңалық. Биылғы жылдың қазан айынан мешітті көптің игілігіне беруді жоспарлап отырған Айдос имам 2021 жылы балаларды діни сауаттылықа, имандылық пен адами қасиеттерге тәрбиелейтін медресе құрылысын бастауды негізге алып отыр. Алдағы уақыттың еншісінде медресе құжаттарын рәсімдеу жоспары тұр.  Отбасында жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отырған әке бүгінгі таңда «Ақтайлақ Ізгілік-2018» қоғамдық қорының төрағасы қызметін атқаруда. «Жалпы мақсатымыз қоғам бойынша ізгілік пен мейірімділікті насихаттап, ел іргесін берік ұстар жастарды тәрбиелеу. Олардың арасында бірлік пен бауырмалдылықты дәріптей отырып, дінге деген қызығушылығын арттыру. Кейінгі ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп көпшілікке мейіріммен шуақ шашуды қалаймыз. Дәстүрлі ислам діні арқылы  қазақ жастарының бойына патриоттық сезімді ұялатып, ел ынтымағын қалыптастыруда тынбай еңбек етудеміз.Көп мақсатымыздың бірі – қазақ деген текті халықтың қадірін кетірмей, кейінгі ұрпаққа үлгі болып, ізімізді жалғаса деген ниеттеміз»- дегенге, саяды төрағаның пікірі. Имамның айтуынша, қоғамда көпшіліктің жүрегіне мейірімділік сипатын оятуда ұлтаралық бөлінуге жол бермей, бірлік пен ынтымақты басшылыққа алу – басты мақсат. Қоғамда тепершік көрген, тағдырдың тәлкегінде жүрген көптеген отбасылардың әлеуметтік, тұрмыстық әл-ауқатын көтеруді ел болып жұмылып, қоғамды соған бағыттауға ұмтылу керек. Әсіресе,  әркімнің қиындық мәселесін шешуде қоғам боп еңбек етіп, көп болып жұмылуымыз керек. Осы жолда бастысы ұлттық болмысымызды, адами игі қасиеттерді сақтап қалу – басты міндет. Айтылған бағыттар мен мақсаттарды орындау басында өте қиын болғанмен, қазіргі уақытта атқарылған жұмыстар өз ретін тауып, еңбек өз жемісін көрсетуде. Көп жұмыстар алға басып, қоғаммен бірлескен игі істер де өз уақытымен жақсы нәтиже беруде. Қазіргі танда Жаңаарқа ауданы бойынша рухани ұстаздық етіп жүрген Айдос қоғамдық пікірталас көшбасшысы дәрежесін иеленді.
      Айдос Сағанаевтың алдағы уақыттағы мақсаты – балаларға арналған қайырымдылық үйін ашу. Осылайша қоғамның бір кірпіші болып қаланар жастарға діни дұрыс бағыт беріп, үлкен өмірге қадам басар шағында рухани әрі демеушілік қолдау көрсету. Айдос имам секілді қоғамның дамуына бей-жай қарамайтын, болашақ жастардың рухани дамуына алаңдаушылық танытатын азаматтар көп болса екен дейміз.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
10 февраля 2021 17:59
Батталова Айнаш

  1. Айдос иманды,мейірімді,ақылды адам.Қоғамға көптеген еңбегін сіңіріп жүр. Әсіресе қайырымдылық қорын ашып, көптеген жанұяның әжетін ашып, батасын алды. Ауылынан мешіт ашылуына Айдостың көп септігі тиді. Еңбегі сіңді.Барлық жақсылықтарың Алладан қайтып,сауаптан жазсын!Ата-анаң,отбасың аман болсын! 
Саған тілеген көптің дұғасы қабыл болсын! 
10 февраля 2021 17:47
Жансая

Алла әрбір ісіңізге берекесін берсін!
10 февраля 2021 17:45
Рыскүл

Алла екі дүниенің жақсылығын берсін! Тіл-көзден сақтасын, машалла! 🤲

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...