Темірланқызы Аяжан

Рейтинг:

Жаңашыл тұлға


      Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру -кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Ал, оны шешудің кілті –білімділердің қолында. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Аяжан - жас та болса өз білімі мен біліктілігінің арқасында ұжым арасында беделі бар, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан тұлға. Қашанда жаңашылдыққа жаны құмар ол өзінің біліктілігін арттырып отырады.
      Аяжан Темірланқызы – 1993 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосында дүниеге келген. 2000-2011 жылдары Бейнеу ауданындағы Бейнеу гимназиясында білім алды. Бала кезінен алғыр, талантты оқушылардың қатарынан болып, мектептегі қоғамдық шаралардың белсенді мүшесі атанды. Әдемі әуезді әнге жақын болып өскен ол – Қ.Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебінің «фортепиано» класында оқыған. Табиғатынан білімге, білуге құштар Аяжан жан-жақты ізденімпаздығымен де өз ортасына беделді. Оның қашанда болмасын бос уақыты болмайды. Қолынан кітабы, қағазы, қаламы түспейді. Қажет болады-ау деген ақпараттарды қойын дәптеріне жазып алып жүретін әдеті де бар. Жеке күндер үшін күнделік жазған кездері де болған. Аяжан үшін қажетсіз нәрселер болмайды. Қандай да бір табиғат жаратқан, адам қолынан шыққан дүниелердің бағасын біледі, өзгенің еңбегін бағалай алады. Табиғат жанашыры ретінде қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. 
      Ол – 2008-2010 оқу жылдарында жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиадаға «Ағылшын тілі» пәнінен қатысып, аудандық, облыстық кезеңдерінің І орын жеңімпазы және 2011 жылы республикалық кезеңінің ІІІ орын иегері, ғылыми жобалар байқауларының, өнер, ән байқауларының республикалық, халықаралық кезеңдеріне қатысып, көптеген жүлделі орындарға ие болған. 
      Өз уақытын жұмыстан аямайтын, өзгенің бақытын аялай білетін жас маман үлкен-кішінің көңілін таба білетін, өзінен кейінгілерге алған білімімен, білетінімен бөлісіп отыру - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ал, Аяжан - жүрегі кең, қашанда жүзінен мейірім шуағы көрініп, адамгершілік деген ұлы қасиетінен тайған жан емес. Мықты маман болу, ұжымда сыйлы бола тұрып, оларды да сыйлау – көрегенділік. Аяжанның парасатты отбасында дүниеге келіп, тағылымы терең ата-анадан тәрбие алғаны білініп тұрады. Ұшқан ортасынан алған тәлім-тәрбие - өмірлік серігіне айналатыны сөзсіз. Ал, ата-ана - бала үшін алғашқы ұстазындай. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы: «Ұстаз – жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр  сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Мұны ұстазға бағыттап айтса-дағыны бала үшін ата-анадан артық ұстаз болуы мүмкін емес. Сондықтан да болар қазақтың даналығының бірінде «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,- деген тамаша тәмсілі бар. Аяжанның ата-анасы - көпке үлгі боларлық сыйлы жандар. Өз отбасыларында Аяжандай қызды тәрбиелеп өсірген олар онымен мақтанып, марқаятыны да жасырын емес. Анасының еңбегі ұшан-теңіз десек болады. Балабақшадан мектепке, мектептен жоғары оқу орнына апарып, білімін шыңдауда, түрлі сайыстарға қатысуда, күн-түн демей, жылдың қай мезгілі болса да жанынан табылып, қолдап жүрді. Әлі күнге дейін Аяжанның жанынан табылып, ақылын айтып, сырласып отырады. Анасының сымбаты мен сырбаздығын, парасаттылығы мен ақылдылығын, әкесінің шыншыл да төзімділігін, иман сабырлығын, қайрат-жігерін алған Аяжан - осындай жан.
      Тіл білу - заман талабы. Аяжан - орыс, ағылшын, неміс, түрік, итальян тілдерін жетік меңгерген. Ол осы білгендерімен шектеліп қалуды білмейді, әрі қарай басқа да тілдерді жаңадан оқып, үйренуде. Алдағы уақытта көптеген шет елдерде болуды көздейтін ол басқа елдердің мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысып жүр. Ол – 2011-2015 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
      2012 жылы Түркия мемлекетінде өткен «Халықаралық фольклорлық фестиваліне» қатысып, еліміздің намысын қорғаған. Аяжан жемісті еңбегінің нәтижесінде 2018 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының «Алғысын», 2019 жылы Маңғыстау облысының әкімі С.Трумовтың «Алғыс Хатын», ҚР БҒМ А. Аймағамбетовтің көп жылғы еңбегі және балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін «Алғысын» иемденген.
      Еңбек жолын 2015-2016 жылдары ЖШС Каспий өңірі «Болашақ колледжінде» ағылшын тілі пәнінің мұғалімдігінен бастап, 2016-2017 жылдары Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының әдіскері қызметін атқарған. 2018 жылы «NCOC» компаниясының ұйымдастыруымен Италия мемлекетінің Чезенатико қаласынан тәжірибе жинақтап келді. 2017-2018 жылдары Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығында бөлім жетекшісі және 2018 жылдан бастап бүгінге дейін осы орталықтың директорының міндетін атқарушы лауазымында қызмет етуде.
      Тәжірибелі маман ретінде ұжым мақтанышы болған Аяжан «Робототехника негіздері», «Білім беру ұйымдарында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту» тақырыптарындағы курстарда оқып, кәсіби біліктілігін арттырған. Қазіргі таңда Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі – балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие беру миссиясымен қызмет атқарып, республика, облыс көлемінде өңір оқушыларына қажетті түрлі бағыттағы экскурсиялардың, байқаулар мен акциялардың өткізілуіне айтарлықтай үлес қосуда. Жас та болса бас болып, білім саласының үздіктеріне тән еңбек ету – Аяжанның алға қойған мақсаттарының бірі. Осы бағытта ҚР Білім және ғылым вице-министрінің «Сертификаты», ҚР Білім беру және спорттық робототехника «ҚазРоботикс» Федерациясы РҚБ «Сертификаты», ҚР БҒМ «РҚББОӘО» РМҚК директорының «Алғыс Хаты», Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Сертификатына» ие болған.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

5 января 2026 11:54
Ердаулет Татеков
Мың жасаңыз!!!...
30 декабря 2025 21:16
Камила
Чудесная и достойная история👍 Огромная Вам благодарность, Бану Бияновна! ...
28 декабря 2025 01:12
Гулнар
Саламатсызба +77083784410 осы номерге хабарласыңызшы қолыңыз тисе рахмет ...