Маулекешова Гаухар

Рейтинг:

Жас болса да, бас бола білген


      Жастар – әрбір мемлекет үшін лаулап тұрған от, қызуы басылмаған шоқ секілді. Олар – біздің тарихымыздың тірегі, ертеңіміздің елеулі еңбектерінің жетекшісі. Елді бүкіл әлемге танытатын да, өз жерінің атақ-даңқын шығыратын да жастар. Жастық шақ – адам өмірінің көктемі. Бұл кезеңде адамның үлкен мақсаттары айқындалып, биік армандарын жүзеге асыруына деген құлшынысы, өзіне деген сенімі мен жаңашылдықты қабылдау деңгейі жоғары болады. Яғни, жеке өмірде кездескен қиындықтар, өз мәселесін өзі шешу – жастардың өз күшіне деген сенімділікке алып келеді. Өзіне деген сенімділігін қалыптастыру – маңызды сәт. Себебі, өзіне сенімді адам ғана айқын мақсатынан айнымай, асқақ арманына самғайды. Дүние жүзіндегі мәдениетті адам баласына ғылым мен білімнің қайнар көзі болып саналған данышпан, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фараби, Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң өз білімін жетілдіру мақсатында 20 жасында Бағдатқа аттанады. Білімге деген құштарлығының арқасында Әл-Фараби сол уақыттағы білім мен ғылымның ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болған. Шығыстың осы шаһарларында өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен танысады. Мемлекетті жан-жақты дамытудың көзі – сол елдің халқының қолында болса, оның ішінде әсіресе жастарға артылатын үміт көп. Ең алдымен, елімізде жас болса да бас болып, өз кәсібінің нәсібін көріп жатқан және көптеген отандастарымызды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жаңашыл кәсіпкерлердің өсіп келе жатқаны қуантады. Олар қазақ қоғамына пайдасын тигізіп қана қоймай, білімдерін жетілдіруге құлшынатыны мерейіңді өсіреді. Маулекешова Гаухар Ақанқызы – 2000 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келді. Әкесі Табишев Ақан Маулекешұлы – жеке кәсіпкер, анасы Темирова Арайлым Бақытжанқызы – медбике, інісі Ахмет – мектеп оқушысы.
      Ол балабақшадан кейін А.Тайманов атындағы № 34 мектеп-гимназиясына түсіп, 6 сыныптан кейін жаңадан ашылған «Назарбаев зияткерлік мектебіне» емтиханды ойдағыдай тапсырып, оқуын осы мектепті тәмамдады. Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университетінің Бизнес мектебінің «Қаржы» факультетіне түсті. Университеттің «Студенттермен алмасу» бағдарламасы аясында Түркия елінің Ескішехир қаласында білімін жетілдіруде. Білім алумен қатар өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Гаухар» жеке шағын-орталығын ашып және оның дамуына өз үлесін қосып келеді. Қазіргі уақытта алып жатқан білімін тәжірибе жүзінде ұштастырып отыр. Аталмыш балабақша 2015 жылы Орал қаласында ашылған алғашқы жеке балабақшалардың бірі болды. 2019 жылдан бастап, балабақшаны басқару Гаухар Ақанқызына сеніп табысталды. 
      «Жастықта көкірек зор, уайым жоқ»,-дейді ұлы ойшыл Абай. Бәрі де адам жүрегіндегі жалынға байланысты болар. Гаухар жас бола тұрса да өз қатарластарынан оза шауып, шетелде білімін шыңдап, туған жерінде еңбек етіп, ел алғысын арқалап, тырмысып еңбек етіп, өмірден өз орнын тауып жүр. Ананың сүтімен, әкенің қанымен дарыған білімге деген құштарлық, өзіне әрі өзгеге деген талапшылдық, ізгілікке бағытталған тәрбиенің арқасында жас болса да, бас бола білетіндігін таныта білді.
      «Гаухар» жеке шағын орталығында 50 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың өмірін қорғау, физикалық және психологиялық дамуын нығайту, әр баланың ақыл-ой, адамгершілік, эмоциялық және денесінің дамуы үшін жағымды жағдай туғызу арқылы, әр тәрбиеленушіні оның дара (жас, физиологиялық, психологиялық, интеллектуалдық және т.б.) ерекшеліктерін, білім алу қажеттілігі мен мүмкіншілігін есепке ала отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту, білім мен тәрбие сабақтастығы, білім беру әрекетіне қатысушылар үшін психологиялық жайлылық, ата-аналардың, педагогтардың тәрбиеленушілердің бір-біріне деген сыйластығы мен сенімділігі бағытында жұмыстар жасалады. Мектепке дейінгі ұйым бір жарым жас пен бес жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Ұйымда бала үшін барлық жағдай жасалған.
      «Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулықтың жоқтығынан азады», – деп дана Абайдың айтқанындай, жас адам жігерлі, күшті, мықты, төзімді болуға тиіс. Адамзат ерекше жаратылған тіршілік иесі. Сана сезімі мен ойлау қабілеті жоғары дамыған. Өмір сүру барысында өтілетін айқын үш кезең бар. Олар: балалық шақ, жастық шақ, егде жас. Осы үш кезеңнің өзіндік қайталанбас тарихы бар. Әсіресе, жастық шақта Гаухар ата-анасынан жақсы тәлім алған. Өзі де табиғатынан дара туылған білімге құштар жас. Оның үстіне тым ізденімпаз, кірпияздығы тағы бар. Сондықтан да болар ол қоғам ісіне жеңіл қарауды білмейді. Үлкендермен иық тіресе жүріп, жақсыны көрсем, білсем, сондай биікке ұмтылсам деп тұрады. Иә, жастық шақ ең қызықты кезең ғой. Жастар – халықтың бүгіні мен ертеңі. Олардың қолынан бәрі келеді.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...