Тажикенова Батима

Рейтинг:
     

Мамандығының мақтанышы

      Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрі мен өнегесін сақтаған, атақты ақын, жырау Нұрпейіс Байғанин туған Байғанин ауданы – ерекше қайталанбас отты ақын-жыршыларды, ән мен күйшілерді, ұлағатты тұлғаларды тудырған құтты мекен. Баурайынан егінді алқабы, шұрайлы жерінен төрт-түлігі кетпеген ырысты өлкенің бір ғана бөлігінде Бұлақтыкөл деген кішентай ғана табиғаты әсем ауыл бар. Бұл ғажайып елді мекеннің 500- ден аса тұрғыны бар. Халқы – өте қонақжай, бір-біріне қол ұшын әрқашан да созуға даяр, бірлігі жарасқан бауырмал ауыл. Осындай жұдырықтай өлкеде өз елін мақтан тұтып, даңқын асыратын небір талантты жастар, өнегелі өнер иелері, білімді азаматтар шыққан. Сондай білікті маманның бірі, білім мен тәрбие саласында өнімді еңбек етіп, ауылының көркеюіне атсалысып жүрген үлгілі ұстаз – Тажикенова Батима Сарсенгалиевна еді.
      Ол 1962 жылдың 8 наурызында Ақтөбе облысы,Байғанин ауданына қарасты Бұлақтыкөл селосында дүниеге келген. Алғашқы білімдегі қадамын Бұлақтыкөл сегізжылдық мектебі табалдырығынан аттайды. Жалпы, Бұлақтыкөл орта мектебінің тарихы терең. Осы өңірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тарихи өмірімен біте қайнаса, өз сара жолын салып,білім мен мәдениетті бетке ұстаған білім ордасы. Тажикенова Батима алтын ұя мектебін аяқтаған соң, өзі арман еткен маман иесі атану үшін арман қуып, құт қонған Ақтөбе облысына жоғары білім алуға келеді. Әлі күнге дейін даңқты абырой-беделін жоғалтпаған білім шаңырағы Ақтөбе педагогикалық училищесінде 1978-1982 жылдары жоғары білім алып, «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек жолын 1982 жылы өзі өсіп-өніп, білім алған мектебі Бұлақтыкөл орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып орналасады. Содан бері Бұлақтыкөл орта мектебінде І санатты бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жасап келеді. Әрине, мұндай жоғары дәрежеге Батима Сарсенгалиевна үздіксіз еңбегінің нәтижесінде жете білді. Ұстаздық қызметін өзіне берілген керемет сый, талант деп білген Батима Сарсенгалиевна қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолында 39 жыл табанды еңбек етіп келеді.Саналы ғұмырын шығармашылық пен ізденіске, әр шәкіртін білімге құштар қылған ұстаздың өмірлік жолы қашанда жетістікке толы болды. Қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық қабілеті мол тұлға оқытудың жаңа технологияларын меңгеріп, оқу-тәрбие ісіне жаңашылдық дарытқан дарынды ұстаз ретінде танылып, іс-тәжірибесімен барша маманға үлгі болып келеді. Іскерлігі мен жа- уапкершілік қасиеті жоғары маман біршама жауапты қызметтер атқарып, абыроймен еңбек ете білді. Атап айтқанда,«Аға пионер вожатый», «Комсомол комитетінің секретары», сонымен бірге, өте ұқыпты әрі тия- нақтылығы үшін «Педагогикалық және методикалық кеңестің хатшысы» болып сайланады. Озық іс- тәжірибесімен танылып, әр баланың жүрегінен жол тауып, ата-ана, мектеп, оқушы байланысын нығайта білгені үшін «Бастауыш класс бірлестігінің жетекшісі»және «Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіскері» болып, өзінің әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, жас мамандарға қолдау көрсете де білді. Осындай қызметте адал әрі ұйым- шылдықта әріптестерімен жұмыс атқара білгені үшін «Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы» қызметіне тағайындалады. Саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған аяулы ұстаз Батима Сагингалиевна мектептегі атқарған өнімді жұмысы мен жауапкершілігі үшін мектепішілік мадақтамаларға ұсынылып, марапатталды.( 2000ж. 2001ж. 2002ж. 2004ж. 2005ж. 2006ж. 2013ж. 2014ж. 2015ж. 2016ж. 2017ж. 2018ж.) Сонымен бірге, ұзақ жылдық ұстаздық еңбегі үшін Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің «Мадақтамасымен» 2018 жылы марапатталады.
      Шәкірттерін білім мен тәрбиелеуде еткен елеулі еңбегі үшін Байғанин аудандық білім бөлімінің «Мақтау Қағазымен» 2003 жылы және 2010 жылы «Мадақтама Грамотасын» иеленеді. 2012 жылы білім берудегі үздік жетістіктері үшін «Алғыс Хат» иеленеді. Білім беру жүйесімен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, өзіндік пікірлерімен дараланған маманды 2016 жылы “Нұр Отан” партиясы Байғанин аудандық филиалының «Алғыс Хаты» және Ақтөбе облысы кәсіподағынан «Сертификат» иеленеді. Шеберлігі мен ізденісі терең, тағылымы мол ұстаз 2017 жылы республикалық «SABAQTAR» әдістемелік сайтының ұйымдастыруымен өткен байқауға үздік сабақ жариялап, нәтижесінде, «Алғыс Хатпен» марапатталады. Қашан да терең білімін көрсетіп, зор жетістікке жетіп жүрген ұстаз 2017-2018 оқу жылында «IQ center urker им. Ф.М.Достаевского» сайтының диломына ие болады. Білім көшін алға жылжытып, шәкірттерін жан-жақты азамат етіп өсірген аяулы ұстаз Батима Сарсенгалиевна 2019 жылы Ақтөбе облыс- тық білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталады. Ұстаздық жолы мен отбасын қатар алып жүрген ұлағатты ұстаз үлгілі шаңырақтың ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана, қамқор әже. Отағасы Алманбаев Серік Канатұлы екеуі 2 ұл, 2 қызды дүниеге әкеліп, өнегесін көрсеткен үлгілі ұстаз Батима Сарсенгалиевна – 5 немере, 2 жиен сүйіп отырған бақытты отбасы. Үлкен ұлы Ерсейт –Ақтөбе Мемлекеттік Жұбанов атындағы университеттің инженер-механик бакалавры мамандығын бітіріп, ТОО «РусКазДорСервис -те» жұмыс жасайды. Келіні Гүлнұр – Ақтөбе мемлекеттік Жұбанов атындағы университеттің «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығын иеленіп, Бұлақтыкөл орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жасайды. Үлкен немересі Арсыланбек – Ақтөбе жоғары политехникалық колледждің 2 -курс студенті. Қалғандары мектеп жасында. Аяулы қызы Алтынзер – Ақтөбе медициналық училищесін сан.эпидимолог мамандығы бойынша бітіріп, жемісті еңбек етуде. Кіші ұлы Аманбек ата-анасынан көрген тәрбиені жалғап, «Леопард» компаниясында абыройлы қызмет атқарып жүр.
      Алдындағы бүлдіршін баланың өмірді танып, қалам алып, үлкен қадамға жол бастауына себепші болатын бастауыш сынып ұстаздарының еңбегі ерен. Өйткені, олар әрбір үйдің бір-бір тентегін тәрбиелеп, қанат қақтырады, самғатады. «Білім негізі – бастауышта» демекші, ең алғашқы білім сабағы, нәрі бастауыштан қаланады. Ендеше, Батима ұстаз – шәкірттерінің шырағын жағып, өмірге қадам бастырған құрметті маман иесі!
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
6 апреля 2021 10:08
калдыгуль каршигаевна избасарова8

Кутты болсын апатай.Енбегиниздин жемисин коре бериниз.Тил козден аман болынызагыныз.

Последние комментарии

13 апреля 2026 12:45
Салиха
Саламатсызба доктор сізге анамды көретейін деген едім. Қабылдауыңыз қалай жазыламыз...
12 апреля 2026 00:26
Майра
Біздің ең үлкен мақтанышымыз — ата-анамыз. Олар бізге өмір сыйлап, ақыл мен тәрбие беріп, әрдайым қолдау көрсеткен асыл...
12 апреля 2026 00:20
Майра
Әкеміз Арапов Қаби мен анамыз Арапова Күмісжан – біздің жүрегіміздегі ең асыл жандар. Біз олармен әрдайым мақтан...