Есіркепова Әсемкүл

Рейтинг:
Мәртебелі ұстаз

      «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» демекші, көп тіл меңгеру – қабілеттілік және бүгінгі заманның басты талабы. Әсіресе, әлемдік деңгейде алдыңғы орында тұрған ағылшын тілін білу қажеттіліктен туындап отыр. Десе де, туған ана тіліміздің қадір-қасиетін ұмытпай, тілімізді құрмет тұту әр азаматтың парызы. Міне, сол сияқты заман ағымына сай ағылшын тілін терең меңгеріп, қызығушылығын танытып, бүгінде өзі секілді жан-жақты шәкірт тәрбиелеп жүрген ұлағатты ұстаз – Есіркепова Әсемкүл Кәжденбекқызы.Ол ағылшын тілі пәнінің ұстазы, жүрегі ізгілікке толы басшы. Өзге тілді үйрете жүріп, өз тілін де құрмет тұтуды шәкірттерінің санасына сіңіре білген кемеңгер маман. Салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмаған, қонақжай өлке Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүние есігін ашады. Мектепті белсенді аяқтаған Әсемкүл Кәжденбекқызы білімін одан әрі дамыту үшін, арман қуып, 2007-2012 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтап шығады. Жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз ұстаз Әсемкүл Есіркепова ең алғашқы еңбек жолын 2002 жылы №99 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастайды. Жұмысына алғыр, өте тиянақты, білікті маман жеткен жетістіктерімен көзге түсіп, 2012 жылы сол орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. Жалпы, оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, еңбек ету үлкен жауапкершілік пен зор міндет. Міне, осындай қиын да әрі жауапкершілігі үлкен қызмет сеніп тапсырылған Әсемкүл әрдайым өз жұмысына ешқандай да сын келтірмей, абыроймен атқара білді. Ұжыммен бірлікте, тіл табысып, ұстаздардың мәртебесі мен жаңалығын асырып, қиын кезде қолдау көрсетіп отырды. Зор сенім мен үмітті ақтаған Есіркепова Әсемкүл 2012-2013 оқу жылында №99 орта мектебінің директоры міндетін уақытша атқарушы болды. Ерінбей, талмай жинақтаған іс - тәжірибесінің молдығы мен алға деген мақсатының айқындығының арқасында 2013 - 2014 жылдары №99 орта мектебінің мектеп басшысының бейінді бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, сапалы, өнімді еңбек етті. Талай жылдық көргенді тәлімі мол ұстаз 2014-2015 жылдары өзі қызмет етіп келе жатқан орта мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне қайта кіріседі. Өмірдің бір орнында тұрмайты белгілі. Сондықтан да қызмет те, атақ та, даңқ та ауысып, жылжитыны анық. Әрине, ол әр адамның лайықты еңбегінің құны мен сапасына байланысты беріліп отырады. Міне, осындай лайықты әрі табанды еңбегінің арқасында 2015-2016 жылы №279 орта мектебіне директор міндетін уақытша атқарушы болып ауысады. Мұның бәрі Әсемкүл Есіркепованың шыдамды да, қайсар әрі іс - тәжірибесінің молдығынан еді. 2016 жылы  17 ақпанда №279 орта мектебіне директор қызметіне тағайындалды.
      Жауапты қызметін абыройлы атқарып жүрген Әсемкүл Есіркепова бір шаңырақтың үлгілі келіні, аяулы жар, ардақты ана. Ата-енесінің тәлімін алып, құрмет тұтып, үлкендердің өнегесімен өсіп-өнген отбасы көпбалалы. Жолдасы Итибаев Мейрамбек Ержанович те білім саласында еңбек етіп, озық ойлы шәкірт тәрбиелеп келеді. Үш қыз және 1 ұл тәрбиелеп отыр-
ған бақытты отбасының болашақтан күтер үміті мен жетістігі көп. Тұла бойы тұңғыш қызы 
Ержанова Зарина 10-сыныпта білім алып жатса, алтын асықтай ұлы Ержанов Досымжан мен аяулы қызы Ержанова Ақбота 8-сынып оқушылары. Ал, тәтті қылығымен ата-әжесінің, ата-анасының еркесіне айналған кішкентай бүлдіршін Еркежан – 2 жаста.
      Бүгінгі таңда білім мен тәрбиені ұштастырып, оқушы, ұстаз, ата-ана сабақтастығын жаңғыр-
тып, бірлік пен тұрақтылықта өзіндік басшыға тән адамдыққа толы қасиетін көрсетіп отырған абыройлы ұстаз, кемеңгер басшы. Асулар мен белестерді бағындырып, ұстаздарды қамқорлап, шәкірттерін алға жетелеген Әсемкүл Есіркепованың жеткен жетістіктерінің қатары аз емес.
Соның бірегейі 2016 жылы «Әл - Фараби» төсбелгісін иеленіп, ел құрметіне бөленуі еді. Ол үшін үлкен жетістік – абыройлы еңбегімен ел алғысына бөленіп, еліміздің білім саласын дамыту.
Оставить комментарий
  • Ваше имя*:

    E-Mail*:

  • Комментарий*:

  • Подтвердите что вы не робот - [] *:

Последние новости